16-36
минут
|
Негізгі бөлім.
Ұзындыққа екпіндеп секіру төрт
сатыға бөлінеді:
-
Екпін. Екпін керекті жылдамдықты
жинап алу үшін қажет. Екпін алғаннан кейін секіруші жүгіріп
жылдамдық алады. Мұндағы жүгіру адымдық жүгіру деп аталады.
Секіруші өзінің әр жүгіру адымын, қозғалысын қадағалау керек және
жүіріп келе жатып оң, солға қозғалмай түзу жүгіру керек, адымы өте
кең болу керек.
-
И
терілу. Итерілуге жақындағанда
секіруші соңғы 3-4 адымдық жылдамдығын көбейту керек. Белгіленген
сызыққа келгенде секіруші сызықтан аспай бар екпінмен жерге түсу
үшін ұшады.
-
Ұшу. Секіруші белгіленген сызықтан
екпін алып секіргеннен кейін ұшу кезеңі басталады. Ұшу кезінде
секіруші өзін бір қалыпта ұстап, мүмкіндігінше алысқа жерге түсудің
тәсілдерін орындайды.
Ұшу кезеңінде тәсілдерді үш
түрге бөліп қарауға болады:
-
ұшу
кезінде бір аяқты бүгу
2)
ұшу кезінде екі аяқты бүгу
3)
ұшу кезінде екі аяқты қайшыландыру, яғни ұшып бара жатқанда екі
аяқты ауада кезек-кезек сермеу
Ұшу
кезіндегі тәсілдер - секірушінің қаншалықты ұзындыққа
секіретінін
көрсететін шешуші
тәсілдер.
-
Ж ерге
түсу. Бұл секірудегі соңғы тәсіл,
секірушінің қанша ұзындыққа секіргенін көрсетеді. Жерге түсу
кезінде екі аяқтың тізесін жазады, иықты, кеудені алдыға қарай
бүгіп, екі қолды төмен немесе алға
жібереді.
Жүгіріп келіп ұзындыққа секірудің көрсеткіштері:
ұлдар – 2,60м. («3»)
3,00м. («4»)
3,20м. («5»)
қыздар – 2,20м. («3»)
2,60м. («4»)
2,80м. («5»)
2. Оқушылар жаңа тақырыпты практика жүзінде
көрсетеді. Оқушылар 2 топқа бөлінеді. Топқа футболшылар мен
олимпиада чемпиондарының суреттерін топтастыру арқылы бөлінеді.
1-топ ұзындыққа секіру тәсілдерін үйреніп жатқанда, 2-топ секіртпе
жіппен секіреді.
3. Эстафета. «Кім алысқа
секіреді?»
Шарты: 2 топ оқушылары кезекпе-кезек бір орында
тұрып, ұзындыққа секіреді. Әр оқушының секірген ұзындықтарын бормен
белгілеп, соңғы оқушы секіргеннен кейін әр топтағы барлық оқушының
ұзындыққа секірген өлшемдері қосылады. Қай топтың ұзындыққа
секірген өлшемі көп, сол топ жеңіске жетеді.
4. Диалогтік әдіс. «Жетістікке қалай
жетті? Әр
топқа үш қарғып секіруден Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың
суреті жабыстырылған плакат беріледі. Белгіленген уақытта плакатқа
Ольга Рыпакова жетістікке қалай жеткендігі туралы өз ойларын
сатылап жазып шығады.
.
Мұғалім оқушыларды өзінің төмендегі бағалау
парақшасына бағалайды.
Секіру техникасын бағалау
ФИО
|
Жүгіріп келіп
секіру,см
|
Бір орында тұрып секіру,
см
|
Ұшу және орнығу,
см
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Ысқырық,
секундомер
|