Материалдар / Жүгіріп келіп ұзындыққа секіру.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жүгіріп келіп ұзындыққа секіру.

Материал туралы қысқаша түсінік
дене шынықтыруға көмек болар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қырқүйек 2018
1145
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті.

11 «Балапан» бөбекжай – балабақшасы

Исмамбетов Берик Жолдасович

ІІ – санатты

Білім беру саласы:Денсаулық

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Дене тәрбиесі

Тақырыбы: Жүгіріп келіп ұзындыққа секіру.

Мақсаты: 1. Жүгіріп келіп ұзындыққа секіруді үйрету.2. Балаларды достық қарым –қатынаста болуға үйрету. 3. Гимнастикалық қабырғада өрмелеу дағдыларын қалыптастыру.

Көрнекілігі: Бала санына қарай текшелер, 2 бағана (немесе жіп), кішкентай шығыршық.

Методикалық әдісі: түсіндіру, көрсету


Әрекет кезеңдері

Жаттықтырушының іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті



Мотивациялық

қозғаушы

Балалар өз бетінше бір қатар тізбекке тұру.

Балалармен сәлемдесу.

Балалар жүріс барысында тоқтап, бұрылыстар жасау.

Балалар жіпті ұстап, шеңбердің бойымен жүгіру.

Балалар қозғалыстардың ауысуына қарап, балалардың жауаптарын бақылау.

Жаттықтырушы бұрылып, шашырап тоқтау.









Іздену

Ұйымдас-

тырушы


1. Текшемен орындалатын Ж.Д.Ж:

Б.қ: Н.т: текше оң қолында. 1-2- қолдарын екі жаққа созып жоғары көтеру, текшені сол қолына ауыстыру. 3-4-б.қ:

Б.қ:Аяқтың арасын ашып тұру, текше оң қолда. 1- екі қолды екі жаққа созу, 2- алға иілу, сол аяқтың ұшына жақындатып текшені қою, 3-тік тұру, екі қолды созу, 4- иіліп, текшені сол қолға алу. Дәл солай сол қолмен жасау.


Б.қ:Н.т:Текше оң қолда.1- отыру, текшені алға созып, сол қолға ауыстыру.2-тұру, текше сол қолда.


Б.қ: Тізерлеп тұру, текше оң қолда.1-оңға бұрылу, текшені аяқтың ұшына жақындатып қою.2- түзу тұру, қолдарын белге қою.3- оңға бұрылып, текшені алу.4-б.қ оралу, текшені сол қолға ауыстыру. Дәл солай сол жаққа қарай жасау.


Б.қ: Н.т: қолдарын еркін ұстау, текше еденнің үстінде. Текшенің айналасында кідірістермен оң және сол аяқпен секірулер.

1-ден 8-ге дейінгі санау арқылы орындалады.


2.Қиғаш қойылған гимнастикалық қабырғада өрмелеу. Одан түсіп, жүгіріп келіп ұзындыққа секіру.





3. «Аш қасқыр» қимыл – қозғалыс ойыны. Шарты:

Ойынға қатынасушыларға шек қойылмайды. Алдымен ойынға балалардың бірін «аш қасқыр» деп белгілейді. Сонан соң алаңның бір шетінен шеңбер сызып, оны қасқырдың апаны деп атайды. Осының бәрін орындап болған соң, ойыншылар өздеріне басқарушы (Түйе) етіп бір ойыншыны тағайындайды. Қалған ойыншылар басқарушының артынан тізіліп тұрады да бірінің белдігінен бірі ұстасады. Ойын басталады. «Аш қасқыр» шабуылға шығады. Ойын басқарушы екі қолын жайып, оның қарсы алдынан шығып, кес-кестеп, бөгет жасайды. «Қасқыр» қайтсе де «боталарды» ұстауға тырысады. Егер бұл «аң қасқырдың» қолынан келсе, ұстаған «боталарды» өзінің апанына «апарады», олар сол «апанда» ойын біткенше қала береді. Ойын соңғы ойыншыға дейін ойнала береді де, қайта басталады


Жаттығулар жатықтырушының көрсетуімен қайталанып орындалады



4-5 рет жаттығуларды қайталау.





Балалар бірінен соң бірі жаттығуды 2-3 рет орындайды (немесе топтасып).Бір – бірімен соқтығысып қалмау үшін өрмелеуге тырысады.

Жаттығуды 5-6 реттен орындайды.









Қорыту, рефлексия

«Тезірек тап» қимыл - қозғалысы аз ойын.

Ойыншылар екі топқа бөлінеді. Бірінші топ мүшелері бір – біріне бір затты ыммен, қимылмен көрсетеді. Екінші топ мүшелері жұмбақ затты тауып айтады.

Мысалы: тік ұшақ, ұшақ.құстар, доп тебу, қоян, автомобиль








Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Жүгіріп келіп ұзындыққа секіруді.

Қандай түсініктерді игерді: Негізгі жаттығуларды орындай білу шарттарын.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Гимнастикалық қабырғада өрмелеу дағдыларын.









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!