Материалдар / Жүгіру, жүгірудің тәсілдері мен әдістері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жүгіру, жүгірудің тәсілдері мен әдістері

Материал туралы қысқаша түсінік
Жүгіру, жүгірудің тәсілдері мен әдістері
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қараша 2020
1112
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Жүгіру, жүгірудің тәсілдері мен әдістері


Жоспар:

1. Жүру түсінігі.

2. Жүгіру – жеңіл атлетиканың негізгі түрі.

Мақсаты: Балаларға жүрудің түрлерін көрсету және оларды  үйрету. Балалардың денсаулықтарын нығайту. Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.



  1. Жүру

Жүру табиғи қолданбалы жаттығу. Жүру механизмі ңозғалысты тікелей реттеуші тері, бұлшық ет түйсіктеріне белгі беретін тітіркендіргіштер болып табылады. Жүрудің дұрыс дағдысын қалыптастыратын жаттығудың міндеті баланың тұлғасының біркелкі өсуіне, аяғын ілгері қарай икемділікпен басуға, қолдары мен аяқтарын үйлесімді ұстауға тәрбиелеу болып табылады.

Жүру кезінде үлкен бұлшық ет топтары, қызметке түсіп, тыныс алу, қан айналу жүйелерінің қызметін күшейтеді.

Сапта жүру оқушыларды тәртіптілікті ұйымдастыруға көмектеседі.

Мектептің негізгі міндеттерінің бірі оқушыларды дұрыс, көркем, ұқыпты жүруге үйрету. Жүруге үйрету сапқа тұру және қайтадан сапқа тұру кезінде арнайы ұйымдастырылады.

Оқушылар жүруге дұрыс дағдылану үшін, оларды 1-сыныптан бастап, қимылды ырғақ арқылы сол аяқтан бастап жүруге үйретеді. 1-сыныпта оқушылармен еліктеу сипаттағы жаттығулар қолданылады "қаздар қайтіп жүреді?!" "аюға ұқсап жүріңдер!", т.с.с.

Жүруге үйрету барысында аяқтың ұшымен, еңкейіп, үлкен адыммен, бөксені жоғары көтеріп, тіркеме адымдар, аяқты қайшылап, аяқтың ішкі-сыртқы қырымен жүру ұсынылады. Бұл тапсырмалар әр түрлі екпінде орындалады. Дұрыс жүру: денені еркін ұстау; денені, басты тік ұстау; иық артқа қарай ашылған, қолмен аяқтың қимылдары еркін (егер оң аяқ алда болса, сол қол алда болу керек).

Жүруге бірте-бірте үйрету әдісі

  1. Еліктеп жүру әдісі.

  2. Аяқтың ұшымен, еңкейіп, тығылып жүру.

  3. Аяқтың ұшымен аяңты тік ұстап жүру.

  4. Аяқтың сыртңы қырымен жүру.

  5. Қолды әр түрлі қалыпта ұстап жүру (қол белде, иықта, баста, артта, арқада, алда, жоғарыда, жанда).

  6. Қолды әр түрлі қалыпта ұстап аяқтың ұшымен жүру.

  7. Жай жүрісті аяқтың ұшымен жүруге ауыстырып жүру.

  8. Жай жүрісті аяқтың үшымен жүруге ауыстырып, қолды әр түрлі қалыпта ұстап жүру.

  9. Кең, еркін адым жасап, тұлғаны дұрыс ұстап жүру.

  10. Мүғалімнің санауы бойынша ырғақпен жүру.

  11. Мұғалімнің санауы бойынша ырғақпен қолды шапалақтап жүру.

  12. Ұжымның санауы бойынша ырғақпен жүру.

  13. Екпінді өзгертіп жүру (санау, шапалақтау).

  14. Ені 20 см белгілі сызық арқылы жүру.

  15. Бөксені көтеріп жүру.

  16. Белгіленген сызықтың ортасымен бөксені көтеріп жүру.

  17. Аяқтың ұшымен бөксені көтеріп жүру.

  18. Аяқтың ұшымен белгіленген сызықтың ортасымен бөксені көтеріп жүру.

  19. Белгіленген сызықтың ортасымен екпінді өзгертіп жүру.

  20. Үлкен адымдар жасап жүру.

Денеге түсетін салмақты қолмен жасалатын қосымша қимылдар, сонымен қатар жүруді, жүгірумен алмастыру, қосымша тапсырмалар арқылы үлғайтуға болады.

Мұғалім денеге түсетін салмақты әр сыныптың бағдарламасы арқылы ұлғайтуға болады және соған сәйкес қолданады.


2. Жүгіру

Оқушыларды дене шынықтыруға тәрбиелеуде жүгіру жаттығуларының алатын орны зор. Жүгіру табиғи қолданбалы жаттығулар.

Жүгіру ішкі ағзаларға жүрек, өкпе, буындарға айтарлықтай күш түсіреді, зат алмасу жүйесінің қызметін күшейтеді. Жүгіру арқылы жылдамдық, төзімділік, қозғалыс үйлесімділігі, қайсарлық, табандылық қасиеттері тәрбиеленеді. Жүгіру жаттығуларына үйрету барысында төмендегі міндеттерді шешу қажет: оқушыларды дұрыс жүгіруге үйрету, ағзаға гигиеналың әсер етуші құрал ретінде қолдану.

Сабақта оқушыларға жеңіл жүгіру, жүруді жүгірумен ауыстыру, бірінің артынан бірі жүгіру, қарама-қарсы жүгіру, түлғаны дұрыс үстап жүгіру, аяқтың ұшымен, өкшелеп жүгіру, екпінді өзгертіп жүгіру, қарапайым кедергілерден жүгіру, жоғары мәреден жүгіру, ырғақты дем алу үйретіледі.

Жүгіру жаттығуына үйрету барысында жеңіл атлетика ережесіне сәйкес "аяқты итеру”, аяқты сермеу түсініктерін білуге үйрету. Жүгіруге үйрену кезіндегі жаттығудың міндеті қол мен аяқтардың жақсы үйлесімімен жеңіл, тез, еркін, ілгері қарай үмтылған қозғалысты қалыптастыру болып табылады.

Жүру жаттығуларының дұрыс орындалу техникасының негізі: жүгірушінің денесі сәл алға шығыңқы (денені тік ұстау немесе алға еңкею ңолайсыз); бас пен дененің бір сызықтың бойында, иық көтерілмейді; итерілетін аяқ, аяқтың үшына қойылады, итерілу кезінде толық түзіледі, сермейтін аяқ, тіземен бүгіліп, бөксе алға, жоғары көтеріледі; қолдың шынтағы (90°-қа дейін) бүгіледі: аяқ пен қол қайшыланған әдісте бір екпінде қозғалады, саусақтар жартылай бүгілген (оң қол, сол аяқ).

1-сынып оқушыларымен жүгіру жаттығулары көбіне ойында қолданылады, өз еріктерімен іскерлік дағдылары жағдайына байланысты жүгіреді. Сондай-ақ, бірінші сынып оқушылары жүру мен жүгіруді әр түрлі қимылдар арқылы екпінді өзгертіп, жүгіру арқылы үйретіледі. Бірінші сынып оқушыларын жүгіруге үйрету барысында мұрын арқылы дем алуды қадағалау қажет. Ал жоғары бастауыш сынып оқушылары әр 2-3 адымда дем алуын, сондай-ақ, дем алумен дем шығару сандар үйлесімділігімен тең келуі қажет.

Сабақта ырғақты жүгіруге көңіл бөлу қажет. Ырғақты жүгіруге үйрету барысында мүғалім сапты өзі бастап, жүгіру екпініне, ырғағына қажетті жағдайды ұстауды ұсынады.

Окушылардың еркін, жеңіл жүгіруі аяңтың үшымен орындалады. Алғашқыда жүгіру бір багытта, кейіннен жан-жаққа жүгіру ұсынылады.

2 - сынып оқушыларымен жүгіруді жарыс топ, жұптасқан түрде өткізіледі. Жеңіске жеткен балалар анықталмайды.

  1. - сынып оқушыларымен жылдам жүгіру өткізіледі. Бұл жүгіру түрлерін өткізу үшін жүгіретін жол 10-15 м- ден үш-төрт бөлікке бөлінеді. Бірінші бөліктегі оқушылар (топтағы 3-4 бала) жай, екінші - жылдам, үшінші - өте жылдам жүгіреді, содан кейін қайтадан жай жүгіреді, жай жүгіруді жылдам жүгіруге ауыстырады.

Оқушылар жүгірудің негізгі техникасын дұрыс меңгергеннен кейін, жүруді жүгірумен алмастыра отырып, кедергілерден өту әдісі қарастырылады (үрленген доптар, секіртпелер, тіректерге байланған жіптер, т.с.с.). Алғашқы кезде кедергі бір түрде болса, бірте-бірте түрленеді.

Жоғары сөрені төмендегідей әдістер бойынша үйретеді:

а) мұғалім көрсетеді және түсіндіреді;

ә) жоғары сөреде жүгірудің жеке бөліктері, бөлшектерін көрсетеді, түсіндіріледі;

б) бүйрық барысында қандай қалыпты үстауы;

в) 2-3 оқушыға түсінгенін көрсетуі ұсынылады;

г) сыныптағы барлық оқушыларға үйретіледі.

"Сөреге!" бұйрығы бойынша оқушылар сөрелік сызықтың алдына тұрады; бір аяқ сызықта, екінші аяқ жарты адым артта, аяқтар бірінің артында бірі, "Көңіл аудару!" бұйрығында денені алға сәл еңкейтіп бір қол бүгілген, екінші қол артта, аяқтар тізеден сәл бүгілген, бүкіл дене салмағы алда тұрған аяққа түседі. "Жүгіріңдер!” бұйрығында оқушылар жүгіре бастайды. Жүгіру аяқтың ұшымен орындалады. Адым жылдамдыққа байланысты ұлғаяды.

Оқушыларға бір қолға тіреліп сөреге тұру әдісі де үйретіледі. Бұл сөреге тұруда сол (оң) сөрелік сызықтан 20-25 см қашықтықта қойылған, оң аяқ (сол) бірінші аяқтың артына 20-25 см қашыққа аяқтың ұшымен қойылады. Бұйрық бойынша жүгіру басталады (1-сурет).

1-сурет



Бірте-бірте үйрету әдістері

  1. Ойын барысында еркін жүгіру.

  2. 15 м арақашықтықта шағын топтардың жүгіруі (бес, алты).

  3. Көлемі 80-40 см екі сызықтың ортасымен жүгіру.

  4. Көлемі 60-80 см жүгіру кедергілерден жүгіру.

  5. Жүруді жүгірумен алмастыру. Жүру 50 м дейін, 15 м жүгіру, 20 м жүгіру, 15 м бірте-бірте жай жүру.

  6. Үлкен адыммен жүгіру.

  7. Аяқтың ұшымен жүгіру.

  8. Көлемі 40-50 см жолақтан жүгіру.

  9. Екі сызықтың ортасынан аяқтың ұшымен жүгіру.

  10. Көлемі 70-100 см сызықтың ортасынан жүгіру.

  11. Қолды әр түрлі қалыпта (белде, иықта, жанда, шынтақты бүгу) үстап жүгіру.

  12. Қойылған заттар арқылы бағытты өзгертіп жүгіру.

  13. 100 метрлік қашықтықта жүруді жүгірумен алмастыру.

  14. Бөксені жоғары көтеріп жүгіру.

  15. 80-110 см сызық бойынша жүгіру.

  16. Белгіленген арықтан секіруді жүгірумен алмастыру.

  17. Доптар арқылы екі-үш адым жасап жүгіру.

  18. Жылдамдата жүгіру: 10 метр жай жүгіру, 15 метр жылдам жүгіру, қалған 150 метрде барлық күшін салып жылдам жүгіру, бірте-бірте тез жүгіруге ауыстыру.

  19. 40 метрге жылдамдықпен жүгіру.

  20. 150 метр қашықтықта жүруді жүгіруге алмастыру.

  21. Кедергілерден жүгіру.

  22. Жоғары сөреден жүгіру.

  23. 50 метрге жоғары сөреден жылдамдықпен жүгіру.

  24. Төбеге жүгіру, төменге жүгіру.

  25. 200 метр қашықтықта жүруді жүгірумен алмастырып жүгіру.


Үйге тапсырма

  1. Платонус платформасында «Жүгіру, жүгірудің тәсілдері мен әдістері» дәріспен танысу, оқу.

  2. Қысқа тезис лекция жазу.

  3. Жоғары сөре әдісін үйрену.

  4. Сілтеме бойынша «Жүгіру және оның түрлері. Жеңіл атлетика» видеоны көру https://youtu.be/oxWol11TLh4

  5. Тапсырманы орындап кері байланыс орнату.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!