Материалдар / Жүсіпбек Аймауытов мұрасының насихатталуы жайы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Жүсіпбек Аймауытов мұрасының насихатталуы жайы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қоғамның болашағы да, тірегі де және әлсіз, қорғансыз буын да бала екенін көне дәуірден сезінген халқымыз, олардың дені сау, парасатты, білімді, адамгершілік қасиеттері жоғары деңгейде болуына аянбай күш салған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Мамыр 2022
235
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЖҮСІПБЕК АЙМАУЫТОВ МҰРАСЫНЫҢ НАСИХАТТАЛУЫ ЖАЙЫ

 Тұнғышбаева Самал Қасенқызы

С.Аманжолов атындағы ШҚУ «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының магистранты

Ғылыми жетекші – Картаева Айжан Маратбекқызы

Өскемен, Қазақстан


Қоғамның болашағы да, тірегі де және әлсіз, қорғансыз буын да бала екенін көне дәуірден сезінген халқымыз, олардың дені сау, парасатты, білімді, адамгершілік қасиеттері жоғары деңгейде болуына аянбай күш салған.

Ж.Аймауытов мектептегі оқу-тәрбие үрдістері туралы арнайы еңбек жазып, мол мұра қалдырған жан. Ол кешенді оқыту мәнін «Бұл өмірдегі құбылыстарды, нәрселерді, бір тақырыпты, бір пікірдің төңірегіне жинап, қосып түйіндеп, біріктіріп оқыту-комплекстік оқыту дегеніміздің мәні де осы», - деп дәйектеп түсіндіреді/1/.  Оқыту үрдісінің жай-жапсарына орай «Оқыту баланың табиғатына, жеке дара ерекшелігіне орай жүргізілуі тиіс. Ол сонда ғана шәкірттің жай қуаттарының өсіп, жетіліп, қалыптасуына жағдай жасайды. Баланың табиғатын ескеріп оқыту дегеніміз – оның бұрынғы тәжірибесіне, азды-көпті біліміне сүйену деген сөз. Өткені жаңа білім әр кез адамның бұрынғы білетіндеріне сүйенбейінше тиянақты болмайды», - деп талдау жасайды/2/.

     Ж.Аймауытұлы дидактика мәселесінде Я.А.Коменский (Коменский Я. А. «Великая дидактика», изб. пед. соч. М., «Педагогика», 1982, 656 – б) заманынан келе жатқан «оқыту жақыннан алысқа, жеңілден ауырға, оңайдан қиынға... жылжып отыратын  болсын» деген принципті қолдайды. Ол ылғи да оңай оқыту дұрыс емес, өйткені, оқу үнемі оңай болып отырса, балаға ойландырарлық ешнәрсе қалмайды, ал шәкірттің ойы қозғалып, өз бетімен жұмыс істемесе, жан қуаттары жетілмей, ол жөнді біле де алмай қалады дейді. Сондықтан баланы оңай ұғуға әуес қылмай, оны ойландыратындай қылып оқытуымыз қажет. …Бала оқытудың ережелерін, заңдарын, оқытудың дұрыс жүйесін тауып, білімге тез жету шарттарын көрсететін педагогика бөлімі –дидактика.… Жалпы дидактика барлық пәндерге тиісті оқытудың жалпы заңдары, жолдары, оқыту жайындағы жалпы мәселелер туралы сөйлейді. Жеке дидактика яки методика дидактиканың жалпы ережелерін жеке  пәндерді  оқытқанда  қалай жанастыру, қандай әдіс қолдану туралы баян етеді… Оқыту жүзінде білім мен тәжірибе бірімен-бірі астасып, айқасып (реакцияласып),  бірін-бірі толықтырып, бірге өркендеуге, бірге кемелденуге тиісті. Мұғалімнің айналысатыны үнемі қозғалып, өзгеріп өсетін, өркендейтін тірі адам болғандықтан, алғашқы бір алған білім мен оған қосымша іс жүзінде тапқан біркелкі әдіспен қанағаттанып, табан аудармай, бір орында тұрып қалуы мүмкін емес. Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер.… Дидактика мұғалімге жалпы жол-жоба көрсетіп, жетекшілік етеді, әйтпесе осы жолдан тайма деп оқытушыға міндет есебінде еш нәрсе ұсынбайды. Ол тек сыннан өткен ұтымды жолдарды ғана нұсқайды.

      Ж.Аймауытұлы «Тәрбиеге жетекші» /3/ еңбегінде оқытудың басты түрлеріне сөйлеу және сұрау түрлерін жатқызады. Алғашқысында мұғалімнің сабақтағы кездерін шәкірттер алаңсыз тыңдап жазып отырса, бұл сөйлеу түрі болады. Ал мұғалім мен шәкірттер арасындағы сұрақ, жауап төңірегіндегі диалог сұрау түріне жатады. Алғашқы түрде мұғалім жаңа сабақты жалықтырмайтындай алуан әдіс-тәсілмен, бай дерек-дәйектермен әспеттеп қызықты өткізуге тиіс. Ал екінші түрде – маңызды мағлұматтар бере отырып, қызықты сұрақтар беру арқылы пікір алысуға кең жол ашу мақсат етіледі/3/.

      …Бала оқытудың ережелерін, заңдарын, оқытудың дұрыс жүйесін тауып, білімге тез жету шарттарын көрсететін педагогика бөлімі –дидактика.… Жалпы дидактика барлық пәндерге тиісті оқытудың жалпы заңдары, жолдары, оқыту жайындағы жалпы мәселелер туралы сөйлейді. Жеке дидактика яки методика дидактиканың жалпы ережелерін жеке  пәндерді  оқытқанда  қалай жанастыру, қандай әдіс қолдану туралы баян етеді… Оқыту жүзінде білім мен тәжірибе бірімен-бірі астасып, айқасып (реакцияласып),  бірін-бірі толықтырып, бірге өркендеуге, бірге кемелденуге тиісті. Мұғалімнің айналысатыны үнемі қозғалып, өзгеріп өсетін, өркендейтін тірі адам болғандықтан, алғашқы бір алған білім мен оған қосымша іс жүзінде тапқан біркелкі әдіспен қанағаттанып, табан аудармай, бір орында тұрып қалуы мүмкін емес. Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер.… Дидактика мұғалімге жалпы жол-жоба көрсетіп, жетекшілік етеді, әйтпесе осы жолдан тайма деп оқытушыға міндет есебінде еш нәрсе ұсынбайды. Ол тек сыннан өткен ұтымды жолдарды ғана нұсқайды.

    …Ынталану  жемісті  іске  сүйрейтін  көңілдің көтеріңкі бір халі. Адамдағы  бар ынта жетіліп, тәрбиелене берсе, жаңа ынта  туа бермек. Ынта қазіргі істі жеңілдеткеннің үстіне, келешек іске де құмарландыратын нәрсе болу керек… Ынтаны қоздыратын жаңа мен ескісі аралас нәрсе. Баланың ынтасын тарту үшін оқытылатын нәрседе бір жаңалық болу керек. Ол жаңалық бұрынғы ойда бар нәрсені не толықтыратындай, не дәлелмен бекітетіндей, не бұрынғыны бекерге шығаратындай, болмаса күшейтетіндей бір өзгеріс кіргізетін болу керек… Әр нәрсеге ынталанушылық адам өміріндегі бұлақтың көзі. Сондай көздерді көбірек ашу, бөгетсіз саулатып ағызу – міне, адамның өмір күштерін өркендету өнері, онымен бірге әлеуметтің рухын сіңіру өнері…

     Қызықты мағлұматпен сабақты шабыттандырып, ынтасын сүйреп, мейір қандырып оқыта білген мұғалім баланың ерікті ілтипатын күшейтуге жол ашады. Ілтипат дегеніміз ойдың бір нәрсеге қадалып түйілуі яғни ойды ұзақ сол нәрсеге тоқтатып, ол нәрсеге керексіз ойларды кетіру. Оқытудың берік негізін салу үшін оқу деректеріне ілтипатты ояту керек. Ол үшін оқытушы төмендегі жобаларды есінде тұтқаны жөн. 1.Жаңа берілетін сабақты баланың білетін мағлұматымен ұштастыру. 2.Тиісті таныстыру арқылы сабақтың мазмұнына ынталандырып, ілтипат аудару. 3.Сабақтың алдын ала даярлайтын сұраулар қою арқылы ынтасын арттыру, ілтипатын сақтау. 4.Қажетсіз мағлұматтардан сақтанып, баланың ілтипатын қоздыратын қызықты нәрселерді ғана сөйлеп, үйрету. 5.Баланың ішін пыстыратын біркелкі мағлұматтардан сақтану; лайықты салыстыру, теңестіру, ұқсастыру түрлі әдіс, оңтаймен оқытуды жандандыруға тырысу. 6.Алғашқы кездегі оқыту деректі, көрнекі болу. Оған сай жобаларды дұрыс қолдану. 7.Өзгелерді ынталандыру үшін оқытушы үйрететін нәрсесіне өзі де ынталану, өзі де жақсы көру; оқытушы сүйген нәрсені оқушылар да сүйеді.

     Ой жүйесі  мұғалімді ойлау өнеріне үйретеді, шәкіртті ой дағдысына жаттықтырады. Педагогика, оның бер жағында дидактика пәні ой жүйесінің негіздерімен жақсы таныс, оның ережелерін кемел, жетік білетін мұғалімдерге арналалы. Мұғалім ойлау жүйесіне жетік болса ғана оқытуы дұрыс жүріп, шәкірттері білімді, ойшыл адам болып шығады…

     …Дұрыс тәрбие беретін мектептің бір үлгісі: қасында бақша болады… Бау, бақшаның әр жақтан пайдасы көп: бақшаның көз тойдырып, көңілге рахат бергені өз алдына, балалардың саулығына пайдасы тағы бар, мінез-құлық, тәрбие жағына әсері тағы бар. Шәкірттердің, мұғалімнің кеңесіп, шүйіркелесіп, бірігіп еңбек ететін орны, көбінесе, бақша болу керек…

      Ондай шаруашылықтың шәкірттердің саулығына, тәрбиесіне, шаруаға үйренуіне тиетін пайдасы бір болса, жалпы халықтың тұрмысына да зор пайдасы екі бар екенін/3/ өз кезінде Ж.Аймауытов болжағанының куәсі болып отырмыз.

      Қорыта келе бүгінгі және келер ұрпақтың елінің, туған жерінің тарихын, халқының өнер-білім, рухани дәрежесін, дәстүрлерін білуі - кісіліктің негізі. «... Озған ел тарихын таспен жазады...», жер, ел, ер тарихы - толассыз келер ұрпақ, туар тарих елшісі демекпіз.

 

Пайдаланған әдебиеттер

1.Елікбаев К.Ғұламалар тағылымдары.//Қазақстан мектебі 1991.№5

2.ҚалиевС., Орынбаева Р.Нәзипа Құлжанова және Ахмет Байтұрсынов. //Қазақстан мектебі,1997,№7

3.Аймауытұлы Жүсіпбек «Тәрбиеге жетекші», Алматы, 1984.

 

 

 

 

 


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!