«Жүсіпбек із қалдырған Сарыарқа»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Жүсіпбек із қалдырған Сарыарқа»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Жүсіпбек із қалдырған Сарыарқа» Ел арасында кеңінен тараған Алаш Орда көсемдерінің ықпалымен шыққан басылымның бірі-«Сарыарқа». Шығарушылары басқа болғанымен, түрлі қоғам қайраткерлер редакторлық еткенімен , Жүсіпбектің «Сарыарқа»газетіндегі орны үлкен әрі, қайталанбас екендігін атап өткен жөн секілді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Жүсіпбек із қалдырған Сарыарқа»

Ел арасында кеңінен тараған Алаш Орда көсемдерінің ықпалымен шыққан басылымның бірі-«Сарыарқа». Шығарушылары басқа болғанымен, түрлі қоғам қайраткерлер редакторлық еткенімен , Жүсіпбектің «Сарыарқа»газетіндегі орны үлкен әрі, қайталанбас екендігін атап өткен жөн секілді.

  «Сарыарқа» үшін жазылған Аймауытовтың бірнеше мақалалары болған, соның алғашқысы «Тұр, бұқара! Жиыл, кедей! Ұмтыл, жастар»  деп  аталады.  Бұл мақаланың мәнін ашып, кеңінен тарқатар болсақ елде монархия құлап, Жүсіпбектің жұртшылыққа теңдік, демократия идеясын ұғындыру мақсатында «теңдік», «бостандық» деген сөздерді ұран қып , олардың тарихи мән-мағынасын қара халыққа ашып бергісі келгенінде.  Халықтың бостандық, теңдік ұғымын түсінуі үшін не керек? Әрине, осы тұста Аймауытов алдымен сөз бостандығы болуы қажет деген тұжырымын жасайды. Жүсіпбек бұл ойын сөздің патшасы ретінде қоғамдық-саяси тұрғыдан дәлелдеп береді. 

Ресей ешкімді аямады. Саяси атқару билігімізді түп-тамырымен қоса жоюды мақсат тұтты.  Мемлекеті отар болған , қалың ел қазағымның басынан бағы тайды да қалды. Мұны көрген көз бен естіп, білген құлақ үнсіз қалғаны болмас еді. Осы тұста пікір білдіргендердің бірі де бірегейі-асыл ер Жүсіпбек болатын. Ол өзінің пікірін «ақыл айтар билердің дәурені өтіп, мал мен адамды ақшаға сатып алатын хәлдеміз»-деп жалғады. Шынында халқымыз ел билеу құқығынан айрылып , отарлаушы саясатқа бағынуға мәжбүр болды. Сәйкесінше пұлы барлардың көсемдік білдіріп, халық құқығын таптап, намысын жығу өршіген заманға айналуын меңзеп жазады. 

Ол кісі халыққа сөз бостандығы келді, тиісінше үндеріңізді тыңдайтын жандар бар дегенді насихаттауға тырысады. Сонымен қатар ұрыларды тиып, қолы қысқалардың ақысын алып беру, халықтың мұң-мұқтажын ескеру -бұл Жүсіпбектің халық үшін жасаған жақсылықтарының бірі.

 Сондай-ақ елді ашаршылық жайлаған заманда -халықтың саны азайып, мал басы қырылып , күнкөріс сапасының төмендеуі , Жүсіпбек жеткізбек болған «топалаң» яғни, ел басына түскен ауыртпашылық. Осы орайда қайраткер халықпен бірге екендігін, халық қиналып жатқан тұста сьезд құрамыз деген көптің ойында жүрген дүниенің, 

халықтың мүшкіл күйінің үстіне , той қылып жатқандай есеп деп білдірген. Жүсіпбекте әйел теңдігі, жастар тұрмысы, шаруа жайы, әкімшілік сот тақырыптарында өткір ой қозғайды. Газетте өтірік, өсектің болмауы оның басты талаптарының бірі . Халықты адасушылыққа бағыттаудан басқа сорақылық жоқ екендігін айналасына үнемі ескертіп отырған жанашыр ер.

  Жүсіпбектің қараңғы күнде қолшам бола білген мақалалары қазіргі кездегі журналистика үшін де маңызы зор. Неліктен? Өйткені оның «Тілшілерге»-деген атаумен жарыққа шыққан мақаласы әлі күнге дейін маңызын жоғалтқан жоқ. Ол мына біз журналистерді өзі айтқан «сөз бостандығына »сәйкес ар сақтап, шыншыл болуға шақырады. Халықты өтірік, өсекпен газеттен алыстатқанша ,қызықтыра алуды, ізденісте жүруді дәріптеп, ескертпе ретінде қалдырады.

 Ендеше «Қазақтың ізін жалғаған , Сарыарқа болса», Сарыарқаны гүлдендірген Жүсіпбек емес пе?


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Журналистика 101 топ студенті: Бақберген Дилназ Сәуірбекқызы.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.02.2022
306
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі