Жылдык есеп

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Жылдык есеп

Материал туралы қысқаша түсінік
Антиплагаиттан тексерилген эссе
Материалдың қысқаша нұсқасы

Замануи мұғалімнің келбеті

Мұғалімдік – көнеден келе жатқан мамандық. Ыбырайдың ілімімен, А.Байтұрсыновтың білімімен қазақ балалары алғашқы әліппелерін қолдарына алып, тұңғыш рет қаріп таныған. Есімдері ескілікпен байланысса да елінің ертеңі үшін атқарған ерен еңбектері ескірмес, ағартушылық жолы тарихында аттары тайға таңба басқандай жазылып қойған ұлы ұстаздар – бұлар. Аға буынның ақылынан аттамай, жаңа буынның жаңашылдығын қабылдап, кешегі мен бүгінгіні байланыстыра алатын заманауи ұстаздар – мына біз, оған ешкімнің таласы бола қоймас. Алайда, келбетіміз қандай немесе қандай болуы керек? Міне, бұл эссенің басты сұрағы – осы.

Сонымен, заманауи мұғалім деген кім? Оған қойылатын талаптар, жалпы келбеті қандай? Заманауи мұғалім – мемлекеттік стандартты сақтай отырып, оқу бағдарламалары мен мақсаттарын орындауда әлемнің озық тәжірибелеріне сүйеніп білім беретін мұғалім. Мұндай ұстаздың сабағы дайын мәтінді оқып, мазмұндап беруден немесе дәптерге көшіріп жазудан тұрмайды. Оның оқушылары мәтіннің негізгі ойын анықтап, ол ойды қазіргі уақытпен байланыстырады. Мәселен, мен тарих сабағында ежелгі мемлекеттерді, хандықтарды оқытқанда, олардың құрылу мақсатын, құлдырау-құлау себептерін қайталай сұрап, «Бұл мәселені қандай жолмен шешуге болатын еді?», «Біздің қазіргі мемлекетімізбен, тұрмысымызбен қандай ұқсастығы немесе айырмашылығы бар?», «Бұрын қорғаныс күші қандай еді, қазір қалай өзгерді?» секілді сұрақтармен ойландыруыма болады. Өйткені функционалды сауатты ұрпақ тәрбиелеу – заман сұранысы. Ақпараттарды тест үшін ғана жаттап алып, тесттен кейін ұмытып қалатындай білім берілмеуі керек.

Заманауи мұғалім – жоқтан бар жасайтын, жаманнан жақсыны көретін мұғалім. Оқушының ортасына айналып бара жатқан әлеуметтік желіні де тиімді пайдаланып жүрген әріптестеріміз көп. Жаңа нәрсенің бәрін жамандай бермей, дұрыс мақсатта қолдана білуіміз керек. Тик-ток желісі арқылы тіл үйретіп, тарихпен таныстырып, формулаларды түсіндірген мұғалімдердің видеоларының астына «Мектекте осылай түсіндірсе ғой» деген мағынада қалдырылған пікірлерді байқап қаламыз. Мұнда мәселе мектептегі мұғалімде емес, ақпараттың ұсынылу тәсілінде. Мектепте оқушы «міндеттімін» деп қана қабылдап, бірақ назары басқа жақта болуы мүмкін. Ал әлеуметтік желіде ешқандай міндеттеу жоқ, оқушы өз еркімен қарайды, сәйкесінше, ойы да бір жерге шоғырланады. Ал айналып келгенде, үйретуші мұғалім өз мақсатына жетті – пәнін кішкене бөлмедегі санаулы ғана оқушыға емес, кең аудиторияға таратты. Өйткені ұстаздық – белгілі бір топқа үйрету емес, күллі жұртқа қызмет ету.

Заманауи мұғалім – бірнеше тіл білетін, шетелде тәжірибесін нығайтуға ұмтылатын, саясат, мәдениет – бәрінен хабары бар мұғалім. Өйткені ақпарат бұрынғыдай теледидар арқылы ғана таралмайды. Оқушылардың жаңалықты бізден бұрып естіп, тосыннан қоятын сұрақтарына дайын жүруіміз керек. Сондықтан шәкірт алдында беделің биік болып, білім беремін десең, заманнан қалыспа, әріптес!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.08.2024
132
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі