Материалдар / Жусан иісі. Сыныптан тыс сабақ. Интеллектуалды сайыс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Жусан иісі. Сыныптан тыс сабақ. Интеллектуалды сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл жерде Сайын Мұратбековтың "Жусан иісі" шығармасы бойынша интеллектуалдық сайыс жоспары берілген. 4 кезеңнен тұрады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Ақпан 2024
232
1 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Тапқыр достар»

Мақсаты:
1. Оқушылардың
«Жусан иісі» шығармасы бойынша алған білімдерін тексеру, саралау;
2.
Оқушыларды ойын нақты, дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге үйрету.
Көрнекілігі: қанатты сөздер жазылған плакаттар, шарлар.

Өтілу барысы:
Құрметті оқушылар! Бүгін біздің сыныбымызда «Тапқыр достар» ойыны өткелі тұр. Бұл сайысқа 3 топ қатысады:


1. «Сұңқар» тобы.
2. «
Тұлпар» тобы.

3. «Болашақ» тобы


Олай болса, құрметті ұстаздар мен оқушылар, әділ-қазылар алқасымен танысып алайық.


Біздің мақсатымыз - оқушының білімге деген құштарлығын, ізденімпаздығын, оқу деңгейін және ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге салмақты ой айтуға үйрету болып табылады. Ендеше біз бүгінгі сайысымызды бастайық. Сіздерге ойын ережесін таныстырайын.

Біреу озса сайыста,біреу артта қалады,

Ренжімей тараса,озбағандар жарады.

Жарыс заңы ежелден-жеңімпазды анықтау,

Озат болу шарты сол - еңбектену,жалықпау.


Ендеше ортамызға 6-сыныптың білгір де алғыр оқушыларынан құралған топтарды шақырамыз.Ойынды бастамас бұрын әр топ өзін және ұранымен таныстырады.

І-топ. Топтың аты – «Сұңқар»
Ұранымыз: Білім алып бүгін алтын ұяда,
Ертең әлі шарықтаймыз қияда.

ІІ-топ. Топтың аты – «Тұлпар»
Ұранымыз: Асау тұлпар желдей ескен арынды,
Оқу менен еңбекке сал барыңды.

ІІІ-топ. Топтың аты – «Болашақ»
Ұранымыз: Болашақтың ұл-қызымыз
Көркейтеміз елді біз.

Сайысымыз 4 кезеңнен тұрады:

1- кезең. Кім жылдам? «Тарсия»

2- кезең. Топбасшылар сайысы. «Кахут» ойыны түрінде өтеді

3- кезең. «Жанды сөз»

4- кезең. «Шешен сөйле...»


Әр ойын сайын алдыңғы кезеңде көбірек ұпай алған топ бірінші болып бастайды.

1- кезең.

-Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан жеткізер,-деп сайысымыздың алғашқы «Кім жылдам? » кезеңін бастаймыз.. Топтарға Тарсия ойыны түріндегі қималар беріледі. Тапсырмалар бірдей. Қай топ алғашқы болып бітсе, сол топқа көбірек ұпай беріледі.

  1. Есікбай қандай бала еді? Төбелесқор, сотқар

  2. Балаларды оқытқан ұстаздың аты-жөні. Иманжанов

  3. Аянның тобығы қалай тайды? Семіз бұзау мөңкіп-мөңкіп жығып кетті.

  4. Аян ертегіні қай кезде айта бастады? Әжесі қайтыс болған соң

  5. Әжесі қайтқан соң Аян қайда көшті? Бапай шалдың үйіне.

  6. Аянның ертегілері қай жерде айтылды? Ат қорадағы шөп ішінде.

  7. Аян ағасының пальтосынан ненің иісі шықты? Жусанның иісі

  8. Аян ертегісіндегі қай жануарға тіл бітті? Қотыр тайға

  9. Аянды соққыға жыққан бригадир. Тұржан

  10. Аянның соңғы естіген қаралы хабары. Ағасынан қаралы қағаз келді.

  11. Ә
    ңгіме соңында Аянды қайда әкетті? Балалар үйіне әкетті.

Бірінші болып біткен топқа 10 ұпай, тиісінше екінші біткенге 9, үшінші боп бітірген топқа 8 ұпай беріледі.



2- кезең. Білікті білім жинап кәсіп етер,

Білімнің дәмін татып,өсіп өнер.

Білдірер білім елге білім сырын,

 Біліксіз білімді аттап,бөсіп өтер,-деп Ахмет Йүгінеки айтқандай бұл кезеңде «Кахут» сайты көмегімен білімімізді көрсетеміз. Әр топтан тек бір телефонмен бір оқушы (топбасшы) кіреді, бірақ жауап беру кезінде барлық топ мүшелері қатысады.

(Әр топтың топбасшысы телефон арқылы Кахутқа кіреді. Сұрақтарға жауап береді. Кахут топбасшылардың жауап бергендері бойынша жеңімпазды анықтайды. 1-орын алғанына жоғары ұпай беріледі)

https://create.kahoot.it/details/978aea42-f39c-4a1e-b27e-adac3ff99a6a

3- кезең. «Жанды сөз»

Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Бүгін осы сайыста жеңіске жет.
Білімді, әрі білікті жас жеткіншек,- демекші, келесі «Жанды сөз» кезеңін бастаймыз. Бұл кезеңде Әңгімеден бір үзінді сөйлем алынады, ішінен бір сөз алынған, сол сөзді тауып орысша, ағылшынша аудармасын айтады. Әр табылған сөзге 10 ұпайдан беріледі. Толық жауап берсе 30 ұпай. Әр топқа кезекпен жауап беру ұсынылады. Таппай жатса, келесі топ жауап беріп ұпай ала алады.

(Әр топқа кезекпен немесе бірден 3сұрақты бірден берсе болады)

1. Әуелде біз – балалар оның..... айтатынын білгеніміз жоқ. (Ертегі, сказка, fairy tale)
2. Менің көкем де, атам да жоқ, сондықтан төбелессем...... ұрысады ғой. (әже, бабушка, grandmother).
3. Шіркін, ағама.... жазар едім (хат, письмо, letter).
4. Ал, жүріңдер мен кешегіден де........ (ертегі айтамын. (қызық, интересный, interesting)
5. ...... иісі сіңіп қапты (аға, брат, brother ).
6. Аян ..... жақтағы темір пештің түбіне төселген құрым киіздің үстінде кір – кір жұқа құрақ көрпе жамылып жатыр екен. (есік, дверь, door).
7. Ертеде бір жетім .... болыпты (бала, мальчик, boy)

8. Мал дегеннен, тек бұзаулы .... сиыры бар еді (қоңыр, коричневый, brown)

9. Түнде қотыр тайға қанат бітіп, асқар ... ұшып өтеді. (тау, гора, mountain)

4 - кезең. «Шешен сөйле...»

Көш бастау қиын емес –

Қонатын жерде су бар.

Қол бастау қиын емес –

Шабатын жерде жау бар.

Шаршы топта сөз бастау қиын –

Шешімін таппас дау бар, –демекші, келесі «Шешен сөйле...» кезеңіне кезек берейік. Әр топқа сыни түрде жауап беретін сұрақтар беріледі. Әр топ қағазға жазылған сұрақтар ішінен таңдайды, жауапқа 5-10 балл арасында беріледі. Балл қоюда оқушының сөйлеу мәнері мен шешендігі есепке алынады.

  1. Аянның тобығы таймаса, тағдыр қандай болатын еді?

  2. Аянның ағасы соғыстан аман-есен оралса, жағдай қалай болар еді?

  3. Неліктен Аян әжесі қайтыс болса да, қайғысын көрсетпей ертегі айтуға крісіп кетті.

  4. Неліктен Аян достарына ертегі айтып беруден жалықпайтын?

  5. Аянның балалар үйіндегі тағдыры мен болашақ өмірі туралы не айта аласың?

  6. Неліктен Бапай шалдың кемпірі Аянды балалар үйіне әкетіп бара жатқанда «жақсыдан қалған тұяқ ең» деп айтты.



Болмасын ешбір сын – өкпе,

Әсері қалды жүректе.

Қазылар берген бағалар,

Ұштассын айтар тілекке!

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші бүгінгі сайысымызды таразылап, әділ бағасын береді деген оймен келесі сөзді әділ қазылар алқасына береміз.


(Қорытынды ұпайлар айтылып, жеңімпаз топ анықталады, марапатталады)


Демеңіз біз өнерді аяп келді,

Уақыт біраз жерге таяп қалды.

Көріскенше қош сау болып тұрыңыздар,

Осыменен сайысымыз аяқталды!










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!