Кәсіби – педагогикалық қарым-қатынас дағдылары
мен коммуникативтік біліктерді дамыту.
«Өрлеу» БАҰО филиалы ҚР ББЖ ҚБАРИ
–
«Білім беру үдерісін
психологиялық-педагогикалық қолдау»
кафедрасының аға оқытушысы Жақсым Орынбек
Исаұлы.
Оқу-тәрбие үдерісінің табыстылығы педагогтер,
оқушылар мен ата-аналар арасында орнаған қарым-қатынасқа тікелей
байланысты. Ата-ана мен педагог алдында тұрған міндет ортақ
болғандықтан, олардың арасындағы одақ неғұрлым берік болған сайын
оқу-тәрбие нәтижесі де соғұрлым табысты бола
түспек.
Ол үшін үштік одақтың басты тұлғасы педагоктың
жауапкершілігі анағұрлым жоғары болары сөссіз. Мұнда педагоктың
мазмұндық білімі, біліктілік дағдысы, рухани адамгершілік
қасиеттері, ізденімпаздығы мен тұлғалық ерекшелігі
бағаланады.
Атақты орыс халқының педагог-ғалымы А.С.Макаренко
былай дейді: «Педагогикалық шеберлік тәрбиешінің дауысынан
да, беті-әлпетін меңгеруінен де көрінеді, мен «бері кел» деген
сөзді 15-20 түрлі реңкпен айтып үйренген кезде ғана шеберлікке қол
жеткіздім деп ойлаймын» деген екен. Осылайша Ұлы педагог
оқытушының педагогикалық шеберлік, педагогикалық
қарым-қатынас техникасын меңгеру қажеттігін атап
көрсетеді.
Жалпы адамдар арасындағы қарым-қатынастың басты
мақсаты – өзара түсіністікке қол жеткізу. Қарым-қатынас жасауда қатынасқа түскен адамды
тыңдап, түсіне білудің маңызы зор.
Көздеген мақсатқа жету үшін қарым-қатынас орнауда
төмендегі ережелердің орындалуы өзіндік пайдасын
береді:
-
Барлық адамдармен тең дәрежеде, дөрекілік пен
жағымпасдықсыз қарым-қатынас жасау;
-
Сұхбаттасушының жеке пікірін
сыйлау;
-
Бұйрық емес, өтініш деңгейінде қарым-қатынас
жасау;
-
Басқа адамның пікірін сыйлау және тәжірибесін
қабылдай білу.
Кез келген мұғалім алдымен балалармен дұрыс
қарым-қатынас орнатуы үшін ең алдымен оқушының аты-жөні,
мекен-жайы, отбасы, денсаулығы, жеке ерекшеліктері, оқуға, еңбекке
бейіні, адамдармен қарым-қатынасы, ақыл-ойы мен дарындылық қасиеті
туралы деректерді білуі қажет. Қысқа айтқанда қажеттілікке қарай
әрбір оқушыны терең зерттеу керек.
Бүгінгі күні оқушы жастардың бұқаралық мәдениет
құндылықтарына, сапасы төмен бұқаралық ақпарат құралдары ақпаратына
және интернет сайттарға бағдарлануы; қатыгездікті насихаттау,
балалар мен жасөспірімдердің темекі шегу, алкоголь және есірткі
қолдануға әуестенуі; еңбек тәрбиесі рөлінің төмендеуі; отбасылық
құндылықтар мен отбасылық тәрбие дәстүрлері рөлінің төмендеуі;
әлеуметтік жетімдік, балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицид,
нашақорлық, бүлдіргіш секталарға қатысу және т.б. проблемалар
байқалады. Осындай проблемалар бала тәрбиесіне жаңа көзқарас, жаңа
ұстанымдар қажет екенін көрсетіп отыр. Тәрбие кешеуілдеуді немесе
үзіліс жасауды кешірмейді, ол баланың күнделікті өмірінде,
тұрмыста, ойын үстінде, оқу, еңбек ету барысында жүре
береді.
Сондықтан, тәрбие проблемаларын білім беру
ұйымдар мен отбасы арасында тығыз байланыс орната отырып шешу
қажет. Ол үшін мұғалім күнделікті жұмыс қызметінде педагогикалық
әдеп нормаларымен бірге қарым-қатынасқа негізделген әдіс-тәсілдерді
щебер пайдалана отырып кәсіби білімін жетілдіріп жүруі
тиіс.
Айталық мұғалім мен тұлға арасындағы қарым – қатынаста
төмендегідей қарама – қайшылықтар мен кедергілер жиі
кездеседі:
-
Ұстаздардың өз ісіне немқұрайлықпен қарауы,
сондай – ақ олардың оқу орнындағы білімге сәйкес алға қойған
міндеті, мақсаттарын дер кезінде орындамауы салдарынан туындайды
(олар нашар оқытады, нашар қарым – қатынасқа түседі және нашар
тәрбиелейді). Бұл
дегеніміз оқушының сабаққа деген қызығушылығының төмендеуінен,
білімдерінің төмен болуынан т.б. көптеген қасиеттерінен
көрінеді.
-
Ұстаздардың шәкірттермен қалыпты, іскерлік,
адамдық қатынасты, өзінің жұмысына, балаларға деген ерекше
махаббаты, жоғарғы білімі болса да орната алмауынан туындайды.
Мұндай жағдайда оқытушының өзі де зардап шегеді. Онда өзінің
педагог ретінде шыңдалмағанын сезіну, өзінің күшіне сенбеушілік,
кәсіпке деген жағымсыз қатынастар туындайды.
Мұдай жағдайларға жол бермес үшін мұғалім
оқу-тәрбие әдістерін пайдаланып тың ақпараттар алып көп ізденуіне
тура келеді. Ал қазіргі таңда педагогикалық шеберлікті шыңдайтын
тиімді әдістемелік құралдар мен нұсқаулықтарды оңай-ақ табуға мол
мүмкіндік бар.
Тәрбие әдісі – тәрбиеші мен тәрбиеленушінің
педагогикалық тұрғыдан мақсатты өзара әрекеттесуі, тіршілік
әрекетін, қарым-қатынасты, сондай-ақ тәрбиелік ықпалдар құралдары
мен тәсілдерінің жиынтығын ұйымдастыруға ықпал етеді, тәрбие
мақсаттарын анықтауға бағытталады.
Тәрбие әдістерін таңдау оқушылар қызметінің
мақсаты, міндеті және мазмұнымен келісілуі, ал әдістер қоғамның
тәрбиеге қоятын талаптарын көрсетуі тиіс. Кей зерттеушілер өз
еңбектерінде (Сидоркин А.М. және Керкис С.С.) келесі әдістер
тобының тиімділігін атап көрсетті:
-
қызметтер мен қарым-қатынас түрлерін өзгертуге
бағытталған;
-
сыныптағы, отбасындағы қарым-қатынасты өзгертуге
бағытталған.
Жас ерекшеліктерін ескере отырып қызметтер мен
қарым-қатынастың жаңа түрлерін енгізу әдістері: өзіндік талдау
әдісі, рефлексия әдісі; рөлдік ойындар, әлеуметтік жобалау және
т.б.
Сол сияқты сыныптағы, отбасындағы қарым-қатынасты
өзгертуге бағытталған әдістер: жаттығу, тапсырма, жеке бас үлгісі;
иландыру, сын; тәрбиелік жағдаят әдісі; іскерлік ойындар;
ынталандыру және жазалау әдістері; қоғамдық пікір әдісі; жаңа
дәстүрлер жасау әдісі және т.б.
Өзім оқытушы ретінде, тиімді қарым-қатынасты
анықтау үшін курс тыңдаушыларына жасаған эксперименттің нәтижесіне
тоқталайын.
Мұғалім мен мұғалім, мұғаліммен ата-ана,
мұғаліммен оқушы арасында кенеттен болатын өзгерістерге байланысты
туындайтын қарсылық реакциясын зерттеуге байланысты «өзгерістерге
қарсылық циклі» тәжірибесін жасадым. Бұл әдісте, тыңдаушылар (білім
алушы) арнай берілген сөздерді бірінші қадамда сол қолымен жазса,
екінші қадамда сол қолымен теріс жазу ұсынылады. Мен жәй қарапайым
«НОВАТОР», «КОНСЕРВАТОР» сөздерін қолданып көрдім. Шынында жазу
кезіндегі қиындық туындаған сәтте-ақ, тыңдаушылар эмоциясын көрсете
отырып тапсырманы орындауда қарсылық реакциясын байқатты. Осылайша
мұғалімдер өзгерістерге қарсылық циклінің алгоритімдік мазмұнын
ұғына білді. Жалпы білу мен түсінудің бір бөлек екендігін, ал оны
(білгенін, түсінгенін) қолдана білудің бір бөлек екендігіне толық
көз жеткізді.
Бұдан шығатын қорытынды, әрбір пән мұғалімі
немесе сынып жетекшісі күнделікті жұмыс қызметінде түрлі
жағдайлардың орын алатындығын ескеріп нағыз педагог тұлғасына
лайқты қарым-қатынас жасай білуі тиіс. Қиындық туғызатын осындай
мәселелерді қарым-қатынасқа негізделген: «Кейкілжіңді-кейкілжіңсіз
тарансакация», «Амортизизация» және «Қайталанғыш пластинка»
әдістері арқылы шешкен тиімді. Бұл әдістерді қолдану мұғалімнің
коммуникативтік дағдыларын дамытуға оң ықпалын
тигізеді.
Ия педагок туындаған мәселені ешқашан өзінің
өктемдігімен, қаталдығымен немесе өзінің басшы ретінде күш
қолдануымен шешпеуі керек. А.С.Макаренко былай дейді:
«Ешқашан педагог пен басшылық өз тарапынан
тілге ерік берулеріне болмайды. Екінші жағынан, педагог пен
басшылық тәрбиеленушілер алдында айқайшы, ашуланшақ болуына жол
жоқ».
Олай болатын болса жайлы психологиялық климат құруға және оқу
іс-әрекетін, педагог пен тұлға арасындағы, топ ішіндегі
қатынастарды психологиялық тиімді етуге бағытталған оқытушы мен
тұлғаның сабақтағы және сабақтан тыс уақыттағы кәсіптік
қарым-қатынасын тиімді әдістермен шеше білуі керек. Педагогикалық
мақсатты түрдегі қатынас мұғалім мен оқушы арасындағы өзара
сыйластыққа құрылады. Әрбір оқушыны тұлға ретінде сыйлау,
құрдастары алдында өзіне сенуіне жағдай жасау, тұлғаның жағымды
жақтарын дамытуға қолдау көрсету қажет. Педагок баланың өз күшін,
кең эрудициясын көрсетуге қамқорлық жасау керек. Қырағылықты
дамыту, эмоциялық жағдайларды түсіну, жағдаяттарға қорытынды
шығаруда шығармашылық жол табу, оқушылар, ұжымдастар, ата-аналар
алдында білімділікпен шешім қабылдау қажет.
Ұстаз бен шәкірттер арасындағы қарым – қатынаста
қайшылық туындауына ұстаздың методикалық тұрғыдан қате жіберіп
жаңылысуы не оқу материалын тиянақты тусіндіре алмауы да себеп
болады. Сабақты тартымды, қызықты етіп өткізу -
мұғалімнің шеберлігі, білімділігі, дарындылығы деп
білемін.
Егер, мұғалім бір тақырыпты оқытуда оқушыларды
ойландыруға, ізденуге, тәжірибе жасап, істеген жұмысын қортылындай
білуге, сөйлеу мәдениетін дамытуға, ғылыми тілде сөйлеуіне қолдау
жасаса және құндылықтар негізінде ұлттық дәстүрді қадірлей білуге,
адамгершілікке, ізгіліктілікке, ұлттық тәлім-тәбие жайлы ақпараттар
беруі керек. Ал ата-аналармен тиімді қатынас орнатуда, мұғалім
жүзеге асыруы тиіс: ата-аналар қауымдастығын құру; сыныптан тыс
шараларға ата-аналарды көптен тарту; сыныптағы имандылық сағаттарын
атаналармен бірге жүргізу; ата-аналардың бала тәрбиесіне деген
жауапкершілігін арттыруға ықпал жасауы сыйласымдық қарым-қатынас аясын кеңейете түсері
сөзсіз.
Осылайша педагогикалық атмосфера стильге
байланысты орнығады, барлық педагогикалық үдеріске қатыстыларға
эмоциянальды игілікті тілей отырып, егер педагог жоғарыда
келтірілген кеңестерге көңіл аударса, онда қарым-қатынас
үдерісіндегі көптеген қиыншылықтар мен проблемалардан айығуға
болады деп ойлаймын. Жалпы ұстаз, ата-ана, оқушы арасында
ынтымақтастық орнатып, жемісті жұмыс жасау – бүгінгі күннің кезек
күттірмес мәселесі.