Материалдар / КӘСІБИ МАМАН ДАЯРЛАУДЫҢ НЕГІЗІ-БАРШАҒА АРНАЛҒАН ТЕГІН КӘСІПТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

КӘСІБИ МАМАН ДАЯРЛАУДЫҢ НЕГІЗІ-БАРШАҒА АРНАЛҒАН ТЕГІН КӘСІПТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал барлық кәсіптік-техникалық білім алатын мамандарға керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Мамыр 2018
626
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

КӘСІБИ МАМАН ДАЯРЛАУДЫҢ НЕГІЗІ-БАРШАҒА АРНАЛҒАН ТЕГІН КӘСІПТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ

СЛАНБЕКОВА КАРЛЫГА БОРАНКУЛОВНА,

Бақанас аграрлы-индустриалдық

колледжінің тарих-география пәндерінің оқытушысы.

Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылы



Техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлау елдің тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз ететін орта буынды кәсіби мамандар даярлау үшін негіз қалайды. Еліміздің индустриялық-инновациялық даму міндеттері ауқымының жедел қаркынымен өсуіне байланысты техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлауда сапалы ұмтылыстың қажеттілігі туындап отыр.Осыған байланысты елімізде заман талабына сай білімді, озық технологияларды жетік меңгерген,кәсіби білікті жұмысшы мамандар даярлауда техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарына үлкен міндеттер мен талаптар жүктеліп отырғаны белгілі.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда ерекше рөл атқарады. Қазіргі таңда кәсіптік салада жан-жақты білімді,білікті, бәсекеге қабілетті маман даярлау олардың әлеуметтік, кәсіптік, өзіндік жұмыс жасай алу қабілеттерін дамытумен белгіленеді.

Елбасы кәсіптік-техникалық білім беру саласын еш уақытта назардан тыс қалдырған емес. Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев 2017 жылғы 31 – қаңтардағы Қазақстан халқына арнаған "Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты дәстүрлі жолдауында «Кәсіптік білім беру жүйесінде, мен айтқандай, экономикадағы жаңа өндірістер үшін мамандар дайындауға ден қою керек. Ол үшін кәсіптік стандарттар еңбек нарығының талаптарына және ең үздік әлемдік оқу-өндірістік тәжірибелерге сәйкес жаңартылуы қажет.» деген болатын. Себебі, мемлекетіміз үшін әлемнің 30 дамыған елінің қатарына қосылуда жастарға тегін кәсіптік-техникалық білім беру, адам капиталы, азаматтардың денсаулығы мен әл-ауқаты ерекше маңызды. 2017 жылдан бастап Елбасының «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы іске асырыла бастады. Жобаның мақсаты – алғашқы жұмысшы мамандығын тегін алуға жағдай жасау. Тегін оқытумен ең әуелі жұмыссыз және өзін өзі тиімсіз жұмыспен қамтыған жастар, сондай-ақ кәсіптік білімі жоқ ересек адамдар қамтылуы тиіс. Мемлекет басшысы баса назар аударып отырған баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру жобасы үкіметтің қаулысымен жылдам қолға алынып, ол үшін жоспарлы жұмыстар жүзеге асырылуда. Жастардың білімін жетілдіру үшін қажетті жағдай жасау туралы «Қазақстан – 2050» стратегиясында: «Біздің жастарымыз оқуға, ғылым-білімді игеруге, жаңа машықтар алуға, технологияны күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалануы тиіс. Біз бұл үшін барлық мүмкіндікті жасап, ең қолайлы жағдаймен қамтамасыз етуіміз керек. Біздің басты мақсат – 2050 жылы мықты мемлекет, дамыған экономика және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру» деп көрсетілген болатын.

Қазақстанда кәсіптік және техникалық білім беретін колледждерде тегін білім алуға мүмкіндік пайда болды.Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру – бұл азаматтардың қайта білім алуы мен тегін оқу курсынан өтіп, өз кәсібін бастауға жол бастайтын үлкен мүмкіндік. Ақысыз негізде мектеп түлектері, колледждер мен ЖОО шығып қалған оқушылар және білімі жоқ өзін өзі жұмыспен қамтитын категориялардың өкілдері оқи алады. Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі ең жақсы әлемдік практикаға сүйене отырып, несиелік жүйе бойынша үш тектес мамандыққа дейін меңгеруге мүмкіндік беретін, білім беру бағдарламасын әзірленді. Ол мамандарға еңбек нарығында талап етілеуге, қажет кезде қанша уақыт өтседе оқуды жалғастыруға мүмкіндік береді.

Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру ” жобасы білікті жұмысшы кадрларды даярлаудың көлемін 40% арттыруға және барлық тегін білім алуға тілек білдіретін адамдарды қамтуға, жұмыспен қамтуды арттыруда жастар арасында әлеуметтік ортаны жақсартуға, барлық тілек білдіретін адамдарды тегін жұмысшы біліктілігімен және орта буын мамандығымен толық қамтуға, жұмыссыздық көрсеткішін қысқартуға, көбірек табыс табуға, кәсіпорындарда кадрлар тапшлығының мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

Осы ретте аудан орталығындағы іргелі білім ордасы, кәсіптік-техникалық білім берудің қара шаңырағы, қырық жылдан астам тарихы бар оқу орны – Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжі де мемлекет басшының нәтижелі саясатын іске асыруда ауқымды жұмыстарды атқаруда. Биылғы 2017-2018 оқу жылынан бастап «1201000- Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету жәндеу және пайдалану», «1504000 - Ферма шаруашылығы», «0508000- «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «1114000-Дәнекерлеу ісі» мамандықтары бойынша «Баршаға арналған кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы аясында 100 студент қабылданды. Білім алушы студенттер қазіргі уақытта колледждің материалдық-техникалық базасын, инженер-педагогтар әлеуетін тиімді пайдалана отырып, білім стандарттарына сәйкес сапалы білім алуда. Өткен жылы Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары  бөлімі мен  Алматы облыстық кәсіпкерлер палатасының мемлекеттік тапсырысы негізінде «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік дамыту» бағдарламасы бойынша көптеген азаматтар Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжінде  қысқа мерзімді курсын оқып, қайта кәсіптік даярлаудан өткен болатын. Бағдарлама бойынша білім алушылар «Ауыл шаруашылық техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу шебері», «Дәнекерлеу ісі», «Аспазшы», «Шаштараз » мамандықтары бойынша өз білімдерін жетілдіріп, кәсіп ашуға ынталанды.

Кәсіптік-техникалық білім беру сала­сына, яғни колледждерге айрықша маңыз берілу себебі, кәсіпорындардың сұра­нысына ие жұмысшы мамандықтары бойынша білікті кадрлар арнайы дайын­да­лады. Білім ордасынан алып шыққан білімдерін өндірістің әр алуан салаларында шыңдайтын жастар, өндіріс орнының табысты еңбек етуіне әсер етуші фактор. Олардың арасында құрылыс, ауыл шаруашылығы техникасы, темір жол, байланыс, көлік және коммуни­кация мамандарын әзірлейтіндер бар. Бұл – өмір жолын жаңа бастаған жастардың белгілі бір мамандық иесі атануы үшін игілікті іс атқарылып жатқанының дәлелі. Бір құптарлығы, кәсіптік білім беру мекемелерінде білім беру ісі әлеметтік серіктестіктермен мен жұмыс берушілердің тікелей қатысуымен жүргізілуде. Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжінде «Ферма шаруашылығы», «0508000- «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша «Дуальды оқыту технологиясы» негізінде білім беру тәжірибеге енгізілген.

«Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасын одан әрі жалғасыру туралы үстіміздегі жылдың 10 – қаңтарындағы «Төртінші революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауында да айтылған болатын. Жолдау жүктеген міндеттерге сәйкес қарымды қызметтер мен табысты жұмыстар атқару басты міндет. Алдағы уақыттар еншісінде де кәсіби маман даярлау мен бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыруда «Баршаға арналған кәсіптік-техникалық білім» жобасы жалғасын таба түседі деп сенеміз.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Басты бағыт-жас қазақстандықтарды дербес өмірге, бастамашыл еңбекке бейімдеудің тиімді жүйесін құру... Қазақстандық жастардың кең келемін техникалық және кәсіптік білім алуға және индустрияландыру бағдарламасына қатысуға ынталандыру мен тартудың шараларын әзірлеу маңызды» -деп атап көрсеткендей, баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру жүйесі еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлауға мүмкіндік беріп, әрбір түлектің оқу орнын бітіріп шыққан соң жұмысқа орналаса алуына кепілдік береді.



Қолданылған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың

2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;

2.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы;

3. «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың жолдары», Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы № 4 (13) 2007ж;

4.«Қазіргі білім беру технологияларының әдіснамалық негіздері» ,Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы №4 (20) 2017ж;

5. «Әлеуметтік әріптестік жағдайында техникалық және кәсіптік білім беру», Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы №2 (26) 2009ж;



















































 





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!