Материалдар / Кәсіптік білім беруде құзіретті маман даярлаудың инновациялық жолдары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Кәсіптік білім беруде құзіретті маман даярлаудың инновациялық жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
"Кәсіптік білім беруде құзіретті маман даярлаудың инновациялық жолдары" тақырыбындағы баяндама
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
975
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Кәсіптік білім беруде құзыретті маман даярлаудың инновациялық жолдары»

Г.Т.Хайредденова

Теректі колледжінің математика және информатика пәнінің оқытушысы

Білім беру модернизациясы – даму үрдісі және тұрақты алға ұмтылу, білім беруді біртіндеп жүзеге асыратын және алынған нәтижені нақты талдау және қолдау. Осы жағдайда қазақстандық қоғамның айқын проблемасы бәсекеге қабілетті, бүгінгі күні әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүрумен қатар, қазіргі кезеңде әсер етіп қана қоймай, оны жақсы жағына өзгеруге ықпал жасау арқылы тұлға қалыптастыру. Бұл жоспарда оқытушыға үлкен роль бөлінеді. Оқытушы мамандық өндірісіндегі қарқынды өзгерістерді бақылап, зерттеп қана қоймай, жаңа технологияларды меңгеруі тиіс.

Бүгінгі таңда педагогтардың негізгі мақсаты мен міндеттері сабақ сапасын көтеру, оның түрлерін жетілдірудің жолдарын іздеу, іздене отырып оқушының пәнге қызығушылығын арттыру, танымдық іздемпаздығын белсендіру. Осыған орай өзекті мәселелердің бірі сабақтың жаңаша оқыту түрлерін дамыту болып табылады. Сабақ – біртұтас  жүйе, ол педагогикалық шығарма сондықтан да ол біртұтастығымен бөлімдерінің ішкі өзара байланысымен оқытушы мен оқушының қызметтерін кеңейтудің бірыңғай логикасымен ерешеленуі керек. Жүсіпбек Аймауытовтың « Сабақ беру бұл үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол- жаңадан жаңаны табатын өнер»,- деген екен. Сол пікір бүгінде жүзеге асып жатқандай. Әрине ізденіс нәтижесінде жүзеге асатын тиімді оқыту әдісі оқушыларды алғырлыққа, байқампаздыққа, шығармашылыққа еңбекке, ең бастысы, ғылыми негізде ынтасын арттыруға мүмкіндік береді. Оқытушының мақсаты – оқушының бойындағы қабілеттерін дамытып, рухани күшін нығайтып, шығармашылық қабілетін дамыту, алған білімін тәжірибеде қолдана білуге баулу. Сабақта инновациялық технологияларды пайдалану болашақ мамандардың кәсіптік дағдылары мен шеберлігін, кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мүмкіндіктерін арттыруға бірден бір себеп. Қазіргі кездегі барлық білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерінің алдына қоятын басты мақсаты – білім алушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылығын қалыптастыру болып табылады. Жалпы оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды сабақтарымда қолданып, белгілі бір нәтижеге қол жеткізуге тырысамын.

Оқушылар оқытуда пайдаланылған жаңа технологиялар мен үйретілген бағдарламаларды меңгере отырып, оны өз беттерімен дамытып, түрлі шығармашылық жұмыстар жасайды. Мысалы: бағдарламаларды оқып біле отырып, смартфон телефондары арқылы берілген тапсырмаларды орындау, өз қолымызбен жасаған голаграмма, «смартфон үшін usb адаптері» арқылы смартфон телефондарын пернетақтамен және тінтуірмен басқару т.б. Нәтижесінде оқушылардың бойынан мынадай өзгерістер байқалды:

·        Ынтымақтастыққа үйренеді,

·        Жеке, жұппен, топпен жұмыс істеуге үйренеді,

·        Өз ойларын еркін жеткізуге үйренеді,

·        Өзіне өзі баға беруге, өзгені бағалауға үйренеді,

·        Бір-бірін тыңдауға, талдауға, салыстыруға, сабақты қорытындылауға, қорғауға үйренеді.

Шығармашылық жұмыстың қорытындысы әр қашан жаңа білім, жаңа ақпарат, жаңаша оқу. Адам жаңа заман талаптарына сай өзгеріп, жаңарып отырса, эммоциялық сезім – түйсіктеріне әсер ететін ізденістерден пайда болатыны түсінікті. Сондықтан үнемі өз білімін жетілдіру, ізденісте болу, заманауи әдіс - тәсілдерді, ақпараттық құралдарды қолдану тәсілдерін меңгеру, шығармашылықпен жұмыс жасауды мақсат ете білуі керек. Шығармашылық жұмыстар арқасында жаңа ойларды, туындаған идеяларды тартымды етіп көрсетуге болады.  Түрлі үйренген бағдарламаларды лабораториялық тапсырмалар арқылы компьютерде орындап, өндірістік оқыту сабақтарында тереңдетіп отырамыз. Сабақта, сабақтан тыс оқушылардың ізденімпаздық қызметтерін жан-жақты ашып көрсетуге мүмкіндік беретін шағын жобалық жұмыстар орындалады. Жобалық, лабораториялық жұмыстар орындау ақпараттық-коммуникациялық құзырлықты қалыптастыратырады. Осы бағытта «CorelDraw бағдарламасы» тарауына арналған лабораториялық тапсырмалар жасалып жинақталды және әдістемелік нұсқау ретінде облыс деңгейіне таратылды. «Photoshop», «Macromedia Flash» бағдарламаларынан орындаған тапсырмаларымыз «үздік» деп танылып Республикалық «Әрі ғажайып, әрі оңай» интернет-байқауына жіберіліп, ІІ дәрежелі Дипломмен мараппатталды.

Елдің ертеңі білімнің тереңдігімен өлшенеді демекші, үздіксіз өзгеріп тұрған әлем адамнан да қабілет пен қажеттіліктерді үздіксіз дамытуды талап етеді. Оқушыларды шығармашылық қажеттілікке, өз бетімен білім алуға, өз білімін ұдайы жетілдіруге, материалды терең және шығармашылық тұрғыдан меңгеруге үйрету жобалық жұмыстарға деген қабілетін шыңдау. Осы аталған мақсат-міндеттерді жүзеге асыруда топ оқытушылары бірнеше жылдан бері түрлі конференцияларға қатыстырып жүр.

Облыстық «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл: жасампаздығы мен жарқын болашағы» атты студенттік ғылыми-конференцияға №41 топ оқушысы А.Жургалиев «Жаңарған Қазақстанның жаңа маманы» тақырыбындағы баяндамасымен қатынасты.

Педагогикалық тәжірибені бүгінгі даму деңгейінде белгілі болып отырғандай оқытудың озық әдіс тәсілдерінің бәрін еркін игеріп, әрбір нақты жағдайларға орай ең тиімді әдісін таңдап алу, олардың жиынтығын түрлендіре отырып пайдалану, әрі шығармашылықпен өзіндік білімді жетілдіре отыру негізінде ғана жүзеге асатын іс. Өз білімін көтеру негізінде – оқу–тәрбие үрдісін ұйымшылдықпен жүргізуде оқытушы басты тұлға. Осындай талапқа сай қызмет атқару үшін оқытушы бірінші кезекте өзінің әдістемелік, психологиялық, дидактикалық  білімін ұдайы толықтырып үздіксіз іздену үстінде өз мамандығы бойынша білімін жетілдіріп отыруы керек. Сонымен қатар психология мен педагогика ғылымдары жайындағы жаңалықтармен озық тәжірибелерді үнемі пайдаланып отыруы шарт.

Әрбір пән оқытушысы ешкімге тәуелсіз кәсіби бағыты болуы керек. Сонда ғана оқытушының оқу-тәрбие жұмысының нәтижесі бүгінгі күннің талабына үлес қоспақ.

Оқытушы шеберлігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі методика саласындағы ғылыми жаңалықтар мен озық алдыңғы қатарлы тәжірибені жетік игеру. Демек сапалы, тиімді, нәтижелі ізденіс ұстаздың тынымсыз еңбегінің айғағы болса керек. Оқу тәрбие үрдісінің дұрыс жүргізілуіне сабақта оқытушының әр алуан оқыту әдіс-тәсілдерінің тиімдісін оқушылардың мүмкіндіктеріне және жағдайларына қарай таңдап алуы да ізденістен жүзеге асатын шара болмақ.

Оқушыларға саналы білім, сапалы тәрбие беруді жүзеге асыру үшін оқытушы шығармашылық ізденісте, жаңа педагогикалық технологиялардың жетістіктерін пайдалана отырып, өзінің кәсіби шеберлігін дамытуды кезек күттірмес мақсаты деп есептеуі керек.

Әрбір күн өзгеріске толы қазіргі жауапты кезеңде заман көшінен қалмай, уақыт талабына сай болу, білімді өз бетінше үйрену, оны оқушыларға үйрету ұстаздықты мұрат еткен әрбір кәсіп иесінің ең қасиетті борышы, абзал парызы. Қазақ санасының шамшырағы Ахмет Байтұрсыновтың «Мектеп жаны мұғалім» деген қанатты сөзінің мағынасы бүгінгі күн талабын күшейтіп отыр. Оқушыларды Отанды сүюге, адамдыққа, адалдыққа ізгілікке баулу ұрпақ тәрбиешілерінің  абыройлы парызы. Ол үшін оқытушы қазіргі заманға лайық өзінің білімін беру ісінде рухани, парасатты шығармашылық ізденіспен жұмыс істеп, өмірге еніп жатқан жаңа технологияны меңгерген білігі мен білімі жоғары ұлағатты тұлға болуы тиіс. Алдағы уақытта жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде өз үлесімді қоса бермекпін. Тыңдағандарыңызға рахмет!





















Әдебиеттер


1. Раджерс Э. Инновация туралы түсінік. – //Қазақстан мектебі, №4, 2006.


2. Қабдықайыров Қ. Инновациялық технологияларды диагностикалау. – А., 2004


3. Жүнісбек Ә. Жаңа технология негізі – сапалы білім. – //Қазақстан мектебі, №4, 2008


4. Нағымжанова Қ. Инновациялық технологияның құрылымы. – А.:Өркен, 2007


5. Көшімбетова С. Инновациялық технологияны білім сапасын көтеруде пайдалану мүмкіндіктері. – А.: Білім, 2008.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!