Кемел Тоқаевтың туғанына 100
жыл
“Маңызды ғой жақсыларды
білуде,
Кейінгілер оларға бас
иуде.
Кемел сыңды атамыздың
еліне,
Шапағаты әлі күнге
тиуде.
Атамыз бар арда
туған-Алаштан,
Қиын кезде ел-жұртына
қарасқан.
Жүз жасқа толған абыз
адамның,
Атағы алты қырды әрі
асқан.
Руы күшік, жалайырда
әйгілі,
Әрқашан да иеленген
бәйгені.
Арттағы
елі екі етпеген бір сөзін,
Жетісуда асып тұрған
айбыны.
Бар және де Жолбарыстай
бабасы,
Туған жерге қызмет қылған
санасы.
Қысылғанға әруағы дем
берген,
Ел сиынған құдыретті
данасы.
Қасым Жомарт танымал ғой
баласы,
Билігінде сөзі жүрген
данасы.
Көлдің орны құр жатпайды
деген бар,
Ат тұяғын тай басқанын
қарашы.
Сөз қозғасаң мұндай асыл
алыптан,
Детективті жанырды алғаш
дамытқан
Қараталдай киесі мол
өңірді,
Бар қазаққа жазғандары
танытқан
Түйіндесек сөз көбейтпей әр
нені,
Ойға оралып толғандырған дәл
мені.
Айтпағым сол рақмет аңыз
алыпқа,
Таудай қылған титтей ауыл
кәлпені.
Тарихы мен тағдыры оның
жарысқан,
Еңбегіне еш бір жан жоқ
таласқан.
Елге елеулі, қалаулы жан
халыққа,
Атамыз бар арда
туған-Алаштан!”-дей келе Кемел атмыз туралы сөз қозғайық. Әне міне дегенше
Кемел атамызға да 100-жыл толып қалыпты. Осы жерде уақыт
зымырап өтеді дегенмен келісуге болады.
Кемел Тоқаев 1923-ші жылы
2-ші қазанда Алматы облысы (қазіргі Жетісу облысы) Қаратал
ауданында дүниеге келген. Жазушы, Ұлы Отан соғысының ардагері,
Қазақстанның қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесі. Ұлы
жүздің Жалайыр тайпасының Күшік руынан.
Әкесі Тоқа ауыр шаруа
еңбегімен айналысқан. Кемел - отбасындағы екінші перзент. Үлкен
ағасы Қасым қазақ дәстүріне сай атасының қолында тәрбиеленіп, сол
себепті тегі Болтаев деп жазылып кеткен. Екеуінің соңынан ерген бір
қарындасы үш жасында қайтыс болған.
1932 жыл бұл шаңыраққа үлкен
қайғы-қасірет әкелген. Қыс күндерінің бірінде Кемелдің әкесі Тоқа
өзінің еңбекақысына алған ескі етікті нанға айырбастау үшін базарға
барады. Қасым мен Жомарт та қала аралап кетеді. Оларды көшедегі
қаңғыбас, бұзақы балаларды жинап жүрген милиция (қазіргі тілмен
айтқанда, полиция) патрулі ұстап алады. Сөйтіп балақайларды күшпен
арбаға отырғызып, жетім балалар үйіне апарып тапсырған.
Сол қасіретті күні сал
ауруына шалдығып, төсек тартып жатқан әжей үйде кішкентай қызымен
ғана қалған. Кемелдің үш жасар қарындасы қатты аяздан жылыну үшін
пештің жанында ойнап отырған екен. Бір кезде аяғы тайып кетіп,
пештегі жанып тұрған оттың ортасына түсіп кетеді. Өкінішке орай,
төсекке таңылған ана сәбиіне қол ұшын да соза алмайды. Туған
перзенті тірідей өрт құшағына оранып, жидіп қалған қасіретті
оқиғаны өз көзімен көруден басқа хәл-дәрмені жоқ ана жүрегі де
осындай жан шошытарлық көрініске шыдас бермей, бірнеше минуттан
кейін мәңгілікке тыныс тапқан.
Бір сұмдықты сезген Тоқа мен
Яков кепешікке жүгіріп жеткен. Үй иесі Тоқаңның зайыбы мен қызын
жерлеуге көмектесіп, одан кейін екеуі жоғалған балаларды іздеп
көшеге шыққан. Ұзақ уақыт іздегенмен, ешқандай нәтиже болмаған. Сол
түні Тоқа ешкімге ештеңе айтпастан із-түзсіз жоғалып кеткен.
Сөйтіп, қос балақай кішкентайынан ата-анасынан тұл жетім қалып,
олардың мейірім-шапағатын сезіне алмай, өмірдің қатал соққысын
бастан өткеруге мәжбүрленген.
Кемел Тоқаев 1942 жылы әскер
қатарына шақырылған. Бастапқы айларда Михаил Васильевич Фрунзе
атындағы сержанттарды даярлайтын жаяу әскерлер училищесінің қысқа
мерзімді курсына жіберілген. Тамыз айының соңында халықтық қорғаныс
комиссариатының бұйрығымен осы әскери училищенің курсанттарымен
бірге Сталинград майданына аттанған. Ұлы Отан соғысында
226-атқыштар дивизиясының бөлімше командирі болған. Сол жылдары
көптеген жастар отбасын қүра алмай соғысқа аттанып қыршыңдай кеткен
еді. Солар мен бірге енді он сегіз жасқа толған Кемелде соғысқа
аттанған.
1945 жылы 21 қаңтарда
Польшаны жаудан тазарту барысында Нарва өзеніндегі күшейтілген
шабуыл кезінде Гвардия сержанты оң аяғынан ауыр жарақаттанған.
Сөйтіп, Гомель, Омбы, Алматыдағы А. Сызғанов жетекшілік жасайтын
әскери хирургиялық госпитальдарда емделіп шыққаннан кейін әскери
комиссия дәрігерінің ұйғарымымен екінші топтағы соғыс мүгедегі
ретінде әскери есептен шығарылған.
Сұрапыл соғыс жылдарын артқа
тастаған Кемел енді оқу-білімге деген ерекше құштарлықпен өз туған
жеріне оралады. Ең алдымен 1940 жылы білім ордасын бітіріп, қолына
кәмелеттік аттестат алаған. Қайсар мінезі мен еңбекқорлық
қасиетінің арқасында Алматыға оралып, ҚазМУ-дегі оқуын ары қарай
жалғастырып жоғарғы білім алған. Осында оған қазақ әдебиетінің
классигі Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің лекцияларын тыңдау бақыты
бұйырған. Студент шағында Саттар Имашев, Мүсілім Базарбаевпен дос
болған.
1948 жылы Қазақ мемлекеттік
университетін бітірген. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш»),
«Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан»), «Социалистік Қазақстан»
(қазіргі «Егемен Қазақстан») газеттері редакцияларында жауапты
қызметтер атқарған. 1960–1977 жж. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі
«Ведомостарының» бас редакторы боп істеген. 1980–1984 жж. Қазақстан
Жазушылар одағының әдеби кеңесшісі болған. Сонымен қатар ұлы
Әуезовтің көзін көрген Кемел Тоқаев өзі жастайынан қалаған
журналистика саласында ұзақ жылдар қызмет етті. Қалың оқырмандарын
қызықтыра білетін тартымды романдар мен повестерін де
жазды.
Ұлы Отан соғысының І және ІІ
дәрежелі ордендерімен, екі мәрте «Ерлігі үшін» медалімен және басқа
көптеген медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет
Грамоталарымен, КСРО Ішкі істер министрлігінің Құрмет Грамотасымен
және омырауға тағатын арнаулы белгісімен марапатталған.
Кемел Тоқаев 1986-шы жылы
6-шы қазанда 63 жасында дүниеден өткен. Қазақ халқы “Ер есімі ел
есінде” дегендей бұл кісіні ұмыту мүмкін емес дүние. Себебі бұл
кісі қазақ халқына еңбегі сінген адам. Елі мен жері үшін жастайынан
соғысқа аттанды. Барша қазақ ұрпақтары Осындай Алаш арыстарынан
үлгі алып, елі үшін жасаған жақсылықтары мен еңбектерін бойларына
сіңіріп өсуі керек деп ойлаймын. Сол кезде қазақ еліде жеріде
көркейіп гүлденеді. Сондықтан қазақтың жастары шет елдің болсын, өз
еліміздің болсын, жұлдыздарына еліктемей осындай кісілерге еліктеп
өсуі керек.