Кеңес. "Есту қабілеті нашар балалардың сөйлеу тілін дамыту."

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Кеңес. "Есту қабілеті нашар балалардың сөйлеу тілін дамыту."

Материал туралы қысқаша түсінік
Есті қабілеті нашар балалардың ата-аналарына кеңес
Материалдың қысқаша нұсқасы


Есту қабілеті нашар балалардың сөйлеу тілін дамыту. Адам өмірінде ауызша сөйлеу тілінің алатын орны орасан зор,өйткені ол-адамдар арсындағы қарым-қатынаста қолданатын басты,негізгі құрал. Баланың есту қабілетінің бұзылғандығынан сөйлеу тілі дамымай қалады, сондықтан арнайы үйретіп-оқытпай бала тілі дамымайды.,сөлемейді.Балабақша жасындағы естімейтін балаларды оқыту өте күрделі,жауапты әрі,өзіндік оқыту ерекшелігі бар жұмыс. Естімейтін балаға сөзді түсінікті, анық айтуға үйрету-оқытудың негізгі мақсаты болып саналады. Баланың анық сөйлеуі сөзді меңгеріп,оны оны өз сөз қорындапайдалануы,айтылған сөздің мағынасын түсінуі ерекше орын алады. Саңырау баланың есту қабідлетін дамыту жұмысының нәтижелі болуы: бала тілінің даму деңгейіне,дыбысты дұрыс айта алуына,яғни әр баланың бас ерекшелігіне байланысты. Есту қабілетін дамыту жұмысын жүргізу процесінде оқушының есту және естіп-көру қабілеті пайдаланылады. Мектепке дейінгі жастағы саңырау балалардың тілдесіп сөйлесуі әр түрде қалыптасады: жазбаша,ымдау,дактиль тілінде. Сабақтарды әрқашан ойынтүрінде өткізу балалардың есте сақтау қабілетін арттыра түседі ,мысалы:ширма артына зат жасыру,ғажайып дорба,сыйқырлы қобдиша т.т Әр сабақ алдын-ала дайындалып қойылуы тиіс,қолданатын көрнекі құралдар айқынәрі әдемі болуы керек. Ол баланың сабаққа деген ынтасын арттырады. Сабақ барысында алынатын сөздер көлемін тәрбиеші балалардың жалпы және тілдік даму ерекшеліктерін,олардың қалдық есту қабілетінің қалпын ескере отырып,жоспарлайды. Сөздер біртіндеп енгізіледі,әр заттың қасында сөз жазылған карточка міндетті түрде болуы керек,ол көру арқылы есте сақтау процесі болып табылады. Сөздің дыбыстық және әріптік құрамын анықтау әр тақырыптың бірінші сабағында жүргізіледі,өйткені балалар әріптерді дактильдеуді толық меңгере алмайсөз құрамын толық білмеуі мүмкін. Тәрбиеші сөзіне үлкен маңызды мән беріледі, ол еліктеу үлгісі болады, тәрбиеші сөзді әсерлі,табиғи дауыспен айтуы тиіс. Күнделікті тіршілікте қолданатын тілді тәрбиеші сабақтан тыс уақытта,ойында серуен кезінде,сюжетті ойындар кезінде белсенді қолдану арқылы меңгертеді. Егерде есту қабілеті нашарлаған немесе мүлде естімейтін баланы дер кезінде арнайы балабақшаға орналастырып,білікті де білімді сурдопедагог,тәрбиешілердің қарамағында болмаса ол баламен ата-ананың арасында өзара сөйлесетін ,ойдан шығарылған,ым,тіл пайда бола бастайды, бір қол қимыл сөзін әр бала өзінше көрсетеді.





Есту қабілетін дамыту жұмысы үрдісінің саңырау бала үшін біршама қиындығы бар. Мұндай жағдайда ата-анамен тәрбиеші үнемі бірлесіп жұмыс жасап отыруы қажет. Естімейтін және нашар еститін балалар дыбыстарды дұрыс айтуы үшін әр дыбыстың айтылу артикуляциясын жақсы білуі тиіс. Саңырау баланың есту қабілетін дамыту жұмысының нәтижелі болуы бала тілінің даму деңгейіне,дыбысты дұрыс айта алуына,зеректігіне, істің байыбын болжап ,тез бағдарлай алуына,яғни әр баланың жеке басы ерекшелігіне байланысты.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.02.2019
1129
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі