Материалдар / Кеңістік фигуралары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Кеңістік фигуралары

Материал туралы қысқаша түсінік
1 сынып математика пәнінен ашық сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қараша 2018
847
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Сабақ тақырыбы:

Кеңістік фигуралары

Мектеп: №7 орта

Күні :


Мұғалім: Сагинова Г.

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

жазық фигуралармен (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш) және кеңістік фигу-раларымен (куб, шар, цилиндр, конус, пи-рамида танысады және қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіреді.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

4 адамнан тұратын топтарға арналған көлемді геометриялық фигуралар топтамасы;

пішіндері текше, шар және цилиндр түріндегі заттардың бейнелері салынған кескіндер;ермексаз;

Тірек сөздер

фигура;

цилиндр;

пирамида;

текше;

конус;

шар.

Сабақтың мақсаты:

Кеңістік фигуралардың түрлерімен таныстыру арқылы “фигура” ұғымын түсіндіру, айналадағы заттардан кеңістік фигураларын тауып, оларды түр-леріне қарай ажырата білу дағдысын қалыптастыру.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Сабақ оқушыларды кеңістік фигураларының түрлерімен: цилиндр, конус, пирамида, шар және текшемен таныстыруға арналған. Оқушылар сабақта негізінен кеңістік фигурасы дегеніміздің заттың пішініне байланысты айтылатын ұғым екенін түсінуі қажет. Айналадағы заттарды көріп, байқау арқылы кеңістік фигураларының пішіндерін тани білуге жаттығады. Олардың модельдерін ермексаздан және қатырма қағаздардан құрастыра отырып, әрқайсысының ерекшеліктерін анықтай білуге үйренеді.

Оқушылар фигураның әр түрімен танысу үшін әрбір топқа арнап ашықхаттар топтамасын, жур-налдар мен кітаптарды, альбомдарды дайындап қойыңыз. Оларда геометриялық формаларды анық көрсететіндей заттар бейнеленген болу керек.

Бірінші топтағы оқушыларға цилиндрге ұқсайтын формалары бар заттар: ағаштардың діңдері, зауыт-тың мұржалары т.б. осыған ұқсас суреттері бар (конверттерді) таратыңыз. Mұнда цилиндр, конус және шарды көрсететін заттардың суреттері болуын ескеріңіз.

Екінші топтағы оқушыларға конусқа ұқсайтын формалары бар заттар: мұз сүңгілер, балалардың пирамида тәріздес ойыншықтары т.б. осыған ұқсас суреттері бар конверттерді таратыңыз.

Үшінші топтағы оқушыларға шарға ұқсайтын формалары бар заттар: доптар, шыршаға ілуге арналған ойыншық шарлар, маржандар т.б. осыған ұқсас суреттері бар конверттерді таратыңыз.

Ал төртінші топтағы оқушыларға күнделікті өмірде қолданып жүрген пирамида формасында-ғы сүттің тетрапакеті, мысыр пирамидаларының суреттері, шайдың пирамида тәрізді кішкентай қалташалары, ертедегі үйлердің шатырларының суреттері бар конверттерді таратыңыз. Топтарға суреттерге қарап, мынадай сұрақтар қойыңыз:

Суреттерде не бейнеленген?

Олардың ортақ белгілері қандай? Оқушылардың жауаптарын тыңдаңыз. Суреттер-

дегі зат пішіндерінің атауларын анықтауды өтініңіз. Егер оқушылар пішіндердің атауларын білмесе,

оларға кеңістіктегі геометриялық фигуралардың ішінен оған ұқсасын тауып, сыныптағы барлық оқушыларға көрсетуді сұраңыз. Осы фигуралардың цилиндр, конус, шар және пирамида деп аталатынын айтыңыз және оларға мұқият қарауды ұсыныңыз. Олардың бір-бірінен айырмашылығы туралы сұ-раңыз. Оқушылардың жауаптарын тыңдаңыз.

Суреттен кеңістік фигуралары пішініндегі ғимараттарды тап. Тапсырма бойынша оқулықтағы

Астана қаласының ғимараттарының суреттерінен таныс пішіндерді табуы керек. Интерактивті тақтаны қолданып, ғимараттардың нақты өмірдегі пішіндерін көрсетіңіз. Оқушылармен қысқаша ойын өткізіңіз. Суреттен таныған фигураларын топтаманың ішінен не ермексаздан жасаған фигураларының арасынан тауып, оны жоғары көтеруді ұсыныңыз.

Орындап көр. Сынып ішінен шағын зерттеу жұмысын жүргізу арқылы кеңістік фигураларын табуды ұсыныңыз. Егер жағдай болса, зерттеу жұмысын мектеп ауласында топтық серуен түрінде өткізуге болады. Сонымен қатар үйге қайту жолында немесе демалыс кезінде аулада орындауға болады. Оқушылар өз зерттеуін сурет пен фотосурет түрінде әкеліп көрсетуі керектігін тапсырыңыз.

Шығарып көр. Оқушыларға қолындағы фигу-раларды партаның үстінде домалатып көруді ұсы-ныңыз. Цилиндрдің алға да, артқа да домалай-тынын, конустың тек айналатынын, шардың барлық бағытта домалай алатынын, ал пирамиданың домаламайтынын байқайды. Оқушылардан неге олай екенін сұрап біліңіз. Жауаптарын тыңдаңыз. Цилиндрдің, шардың және конустің бүйір беттері тегіс, ал пирамиданың домалауына оның қырлары кедергі келтіретінін айтқызыңыз. (Оқушыларға пирамиданың қыры деген ұғымды әзір айтпаймыз.) Оқушылармен топтамадағы қалған фигураларды қарастырыңыз. Ол фигура қалай аталатынын сұра-ңыз. Оның текше деп аталатынын айтыңыз. Текшені домалатып көруді сұраңыз. Олар бұл фигураның домалай алмайтынын көреді.

Оқушылардан жасаған тәжірибелері туралы сұ-рап пысықтаңыз:

Неліктен текшені домалатуға болмайды? Себебі неде?

Неліктен бір фигуралар домалайды, ал кей-біреулері домаламайды?

Алдында жасалған қорытындыны қайталап ай-тыңыз. Себебі цилиндр, конус пен шардың бүйір беттері тегіс те, текшенің қырлары бар.

Сынып бөлмесіне зерттеулер жүргізіп, цилиндр, конус, шар, текше пішіндес заттарды тапқызыңыз.

Фигуралардың пішіндері мен ерекшеліктерін естерінде жақсы сақтауы үшін ермексаздан кеңістік фигураларын жасатыңыз. Оқушыларға өзара тексеру жұмыстарын жұппен жүргізуді ұсынып, бір-біріне өздері жасаған фигураларын атап, олардың қалай домалайтындарын көрсетуді ұйымдастырыңыз.


  1. Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

Қосымша тапсырмалар


Оқушыларға ермексаздан жасаған кеңістік фигураларын көрсетуді ұсыныңыз. Әр оқушы өзі жасаған фигурасын көрсетіп, оның атауын айтады.

Кеңістік фигурасы мен оның атауын сызық-пен қос. Оқушыларға өздерін қоршаған ортадан суреттегі олардың мен кеңістік фигуралардың пішініне ұқсас заттарды табуды ұсыныңыз. Тап-сырманы орындау барысында оқушылар фигура-ларға сәйкес келетін тірек сөздерді атайды және заттарға сызықтар арқылы қосады. Оқушылар орындауға қиналса, тапсырманың бір нұсқасын үлгі ретінде көрсетуіңізге болады.

Жауабы:

цилиндр фигурасы — “цилиндр” сөзі — шыны сауыт суреті; текше фигурасы — “текше” сөзі — сыйлық қорап суреті;

конус фигурасы — “конус” сөзі — балмұздақ суреті; шар фигурасы — “шар” сөзі — доп суреті; пирамида фигурасы — “пирамида” сөзі, Астанада-ғы пирамида.

Бағалау

Оқушылар сабақтың соңында:

шар, цилиндр, конус, пирамида, текше сияқты кеңістік фигураларымен танысты, ажыратуды үйренді.

Оқушылардың жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергенін білу үшін мынадай сұрақтар қойып, жауаптарын тыңдаңыз:

Мына фигуралар қалай аталады?

Қандай кеңістік фигураларын білесіңдер?

Қандай кеңістік фигуралары домалайды? Не-ліктен?

Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұ-мыс өткізіңіз.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!