Материалдар / Керқұла атты Кендебай ертегісі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Керқұла атты Кендебай ертегісі

Материал туралы қысқаша түсінік
қысқа мерзімді сабақ жоспары,қазақ әдебиетінен жоспар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қараша 2020
260
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы:

«Керқұла атты Кендебай» ертегісі. Кендебайдың ерліктері

Күні, айы:

Мұғалімнің аты-жөні;Мурзахметова Гульнар Жангабыловна

5-сынып

Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

5. Т/Ж 3. Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу.

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар орындай алады: Ертегідегі негізгі кейіпкерлердің портретін жинақтайды.



Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Кейіпкердің образына қызмет етіп тұрған маңызды әрекеттерін талдайды.



Кейбір оқушылар орындай алады:

Жинақталған ақпараттар негізінде кейіпкер образына қатысты өз көзқарасын білдіреді

Тілдік мақсаты

Диалог құруға/ шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Шоқпар; дат, тақсыр; ерте, ерте, ертеде; Қаратаудың ойында, қара судың бойында; құралайды көзінен тигізген мерген

Талқылауға арналған сұрақтар:

Кендебайдың бойында үлгі боларлық қандай қасиеттер бар деп ойлайсыңдар?

Кендебайға ұқсағың келе ме?Қай қасиеті көбірек ұнайды?

Кендебайдың ерлік істерге баруына не себеп болды?

Кендебайдың ерлік істерге баруына не себеп болды?

Не себепті .... деп ойлайсыз?

Кендебайдың болашақ ерлік істеуіне не себепші болды?

Ишара:

Алдыңғы оқу:

«Ұшақтар» әдісі арқылы сұрақтарға жауап береді:

( қағаздан жасалған ұшақтардың қанаттарында сұрақтар жазылып, сыныпқа үшырылады, ұшақты оқушы)

  1. Ертегі кейіпкерлерін ата

  2. «Керқұла атты Кендебай» ертегісі қандай ертегіге жатады?

  3. Ертегіде қандай мәселелер қозғалған?

  4. Ертегіге байланысты қандай мақал-мәтелдер айтар едіңіз?

Бағалау

Ресурстар

Қалыптастырушы бағалау

Кері байланыс


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

(2-5 минут)

«Ми шабуылы»

«Лотерея барабаны» әдісі ширату жаттығулары:

Қобдишадан сөздер жинағы ішінен сөзді суырып алып, ол туралы не білетіндері жайлы айтады

«Батыр», «Ер жүрек» сыныпты 2 топқа бөлемін.

Түрлі-түсті стикерлер арқылы бөлемін.

Сабақ тақырыбы: «Керқұла атты Кендебай» ертегісі. Кендебайдың ерліктері

Қалыптастырушы бағалау

Сиқырлы қобдиша мен сөздер жинағы


Сабақтың ортасы

25-30 минут

  1. Тапсырма: Т.Ж. «ДЖИГСО» әдісі

Ертегі мазмұнымен және ертегіге сай тақырыпты белгілеңіз.

1-топ . Ердің атын ел шығарады.

2-топ Көз – қорқақ, қол - батыр.


2-тапсырма: Берілген ертегіні оқи отырып, Кендебайдың ерлігін суреттейтін абзацтарын тауып, топ ішінде оқып түсіну. Кейіпкердің ең маңызды 3 әрекетін жазу. Кестені толтыру.(Кендебай және Керқұла бейнелері)

Кейіпкер

Ертегідегі портреті

Кейіпкердің ең маңызды 3 әрекеті

Кейіпкер образына қатысты көзқарасым






3-тапсырма: Т.Ж. Берілген сұрақтарды топ ішінде талқылау

  1. топ. Кендебайға ұқсағың келе ме?Қай қасиеті көбірек ұнайды?

2 – топ. Қазіргі өмірдің Кендебайлары туралы ойың қандай?

Бағалау критерийлер

1.Ертегідегі негізгі кейіпкерлердің портретін жинақтайды.

2.Кейіпкердің образына қызмет етіп тұрған маңызды әрекеттерін талдайды.

3.Жинақталған ақпараттар негізінде кейіпкер образына қатысты өз көзқарасын білдіреді

Дескрипторлар

1.Әр оқушы ертегіден өзіне тиісті кейіпкерлердің портретіне қатысты сөз тіркестері мен сөйлемдерді анықтайды.

2.Әр оқушы кейіпкердің ең маңызды үш әрекетін анықтайды

5 сынып оқулығы

Авторы: Ә.Дайыр, Қ. Айтқалиев, Ш. Беркімбаева, Г. Құрманбай



Сабақтың соңы

10 минут

4-тапсырма: Ж.Ж. шығармашылық жұмыс. Шығарманы өз ойыңмен дамытып жаз.

«Сен автор болсаң, осы шығарманың сюжеттік желісінің қалай жалғасқанын қалар едің?»

Рефлексия: «Блоб» ағашы

Портрет пен маңызды әрекеттер негізінде кейіпкер образына қатысты өз пікірін 5-6 сөйлеммен жеткізеді.

«Блоб» ағашы

Қосымша ақпарат

Қорытындылау

.

1. Сабақ барысына өзгертулер енгіздіңіз бе? Неге?

2. Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?

1.Сабақ жоспарлауымда 1 тапсырмада оқушылар тек қана мәтінмен жұмыс жасап, алған ақпаратты толығымен меңгеруі үшін кесте толтыруды ұсындым, себебі жазылым дағдысы оқушылардың есте сақтау дағдысын қалыптастырады.

2. Сабақта қолданылған топтық, жұптық, ұжымдық жұмыс түрлері оқушылардың білім ЖАДА дағдыларын қалыптастырады.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не?

1:Түсіну және жауап беру дағдыларының әдіс-тәсілдерінің ішінен «Жазайық» атты шығармашылық жұмыс сәтті болды, оқушылаодың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін және функционалдық сауаттылықтарын дамытады.

2: Ширату жаттығулары

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?

1:Бейнелік әдісті тиімді қолдансам, сабағым нәтижелі болар еді.

2:Аудио, видео жазбаларды қолдансам, оқушылардың тыңдалым дағдыларын қалыптастырады.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!