Материалдар / Кибербуллинг және жастар арасындағы агрессивті мінез құлық
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Кибербуллинг және жастар арасындағы агрессивті мінез құлық

Материал туралы қысқаша түсінік
Кибербуллинг деген не? Ол туралы қандай пікірлер бар? Кибербуллингпен күрес шаралары әлемде қалай жүргізіледі? Кибер шабуылдың алдын алу үшін не істеу керек? Кибербуллинг туралы ғалымдардың пікірі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қараша 2023
219
1 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Кибербуллинг және жастар арасындағы агрессивті мінез құлық



Кибербуллинг деген не? Ол туралы қандай пікірлер бар? Кибербуллингпен күрес шаралары әлемде қалай жүргізіледі? Кибер шабуылдың алдын алу үшін не істеу керек?

1.Кибербуллинг – әлеуметтік желілерде адамдарды белгілі бір жолмен қорқытып немесе бопсалап, қысым көрсету.Кез келген адам кибербуллингтің құрбаны болуы мүмкін.Алайда,мұндай іспен айналысатындар көбінесе кішкентай балаларды немесе жасөспірімдерді нысанаға алады.Себебі белгілі - кішкентай балалардың мұндай істен хабары жоқ болғандықтан және қорыққандықтан, қысым көргені туралы ешкімге тіс жарып айта алмайды.Көп жағдайда тіпті ешкіммен ашық сөйлесе алмай,интернет шабуылшысының айтқандарын орындайды.

Кибербуллингпен айналысушылар арасында педофилдер көп.Олар алғашында балалар мен жасөспірімдерді алдап,желіге жалаңаш бейнелерін салуға үгіттейді де,артынша сол суреттерді елге жариялаймын деп бопсалап,айтқанын істетеді немесе кездесуге шақырады,тіпті болмаса ақша талап етуі мүмкін.Әрине,мұндай қоқан-лоққыдан кейін бала үрейге тұншығып,өз-өзіне қол жұмсайтын жағдайға жетеді. Мұндай интернет шабуылы басқа сипатта орын алуы да мүмкін.Мысалы,бала интернетте өзі қатарлы баламен танысады,уақыт өте келе ол әртүрлі қызық видеолар мен жалаңаш суреттерді жіберуге үгіттейді.Ал шын мәнінде,бұл жалған атпен парақша ашқан педофилдердің ісі болып шығады.Өкінішке орай Қазақстанда кибербуллингке ұшырағандар саны өте көп.

Бұл тақырып қазіргі таңда бүкіл әлем елдері үшін үлкен мәселе.Айта өткеніміздей,мұндай кибер шабуылға көбіне жасөспірім балалар ұшырайды.Алайда,тек бір жақты пікір қалыптастыруға болмайды. Яғни,әлеуметтік желідегі және цифрлық кеңістіктегі қорқыту тек жасөспірімдерге арналған деген пікір – стереотип.

Стереотип бойынша тек «ақыл-есі кемдер», «өзінің қалауымен жасағандар», «ақымақтар» буллингке тап болады... Іс жүзінде кез келген адам құрбан бола алады”. – дейді Mail.ru group компаниясының ілеуметтік директоры Александр Бабкин.







Статистикаға сүйенсек:

Дүние жүзіндегі ересек тұрғындардың шамамен 40% киберқорқытуға ұшырайды. Америкада интернеттегі қорқытуды бастан өткерген адамдардың үлесі:

Shape2 Shape1

Shape3

Shape6 Shape5 Shape4

30%

49%

64%





Shape7

50-64 жас



Shape8

30-49 жас



Shape9

18-29 жас





Кибербуллингті бастан өткерген адамдардың 23% -ында ұйқы проблемалары болған.Яғни,мұндай қоқан-лоққы адам психологиясына үлкен зардаптар әкеледі.Бүкіл әлемде әлеуметтік желілер онлайн қорқыту үшін ең көп таралған кеңістік болып табылады.

Кибербуллинг туралы әлеуметтанушы Ольга Симакованың пікірі:

«Кибербуллинг – дәл шын өмірдегідей қорқыту, бірақ цифрлық форматта, сіздің әлеуметтік желілердегі, чаттардағы, форумдардағы парақшаларыңыз шабуылға ұшырайтын бопсалау түрі. Өкінішке орай, біз мұндай құбылыспен мектепте, жасөспірімдер мен жастар арасында жиі кездесеміз.Бұл мәселе біздің мектеп жылдарымызда да болған және қазір де бар жағдай ... ».

Кибербуллингпен күресу жолдары:

Анықтамаға сәйкес қазіргі таңда әлемнің 21 елінде кибербуллингпен күресуге арналған арнайы ұйымдар бар.Өкінішке орай Қазақстанда бұл мәселе бойынша статистика жүргізетін ешкім жоқ.Сондықтан, мамандар АҚШ пен Ресейдің тәжірибесінде қолданылған жалпы буллингке қарсы іс-шараларды іске асыруды ұсынды.

Айта кетер болсақ, 2019 жылы ресейліктердің 58%-ы онлайн агрессияға тап болған.Осы мәселе аясында ВКонтакте Ресейде 11 қарашада жыл сайынғы кибербуллингке қарсы күрес күнін өткізуді бастады. Мұндай күн ресейліктердің проблема туралы хабардарлығын арттыру, қорқытумен күресу жолдарын айту және зардап шеккендерге қолдау көрсету үшін қажет.

Желідегі және жалпы қоқан-лоққының алдын алу жолдары: Бұл тақырыпта ең басты жауапкершілік ата-анаға түседі.Ата-ана – баланың өмірі үшін ең басты жауапты жандар,сондықтан баланың басына түскен әрбір жағдай тікелей ата-анамен байланысты.Ең біріншіден баламен көп сырласу қажет және күнделікті проблемаларын тыңдап,шешу арқылы оның арқа сүйейтін отбасы бар екендігіне көзін жеткізу керек.Егер бала проблемасын айтып келсе,оған бас салып ұрысудың қажеті жоқ.Негізсіз кінәлап,ұялы телефонын алып қою да үлкен қателік.Сондықтан,әркез ата-ана баланы өзіне жақын ұстау керек.



2.Агрессия (латын тілінен "agressio" – шабуыл,ашу-ыза).Біреуге немесе бір нәрсеге бағытталған ызалы қимыл немесе сөз әрекеттері.

Уақыт өткен сайын адамдардың бойында сабыр,ұстамдылықтан көрі шыдамсыз,ызалы темпераменттер көбейіп барады.

Мұның себебі неде? Жастардың агрессивті болуына не әсер етеді? Салыстырмалы статистикалар қандай ақпарат береді?

Brand Analytics компаниясы 2021 жылдың қараша айындағы орыс тілді қолданушылардың әлеуметтік желідегі агрессивтілігін зерттеу нәтижелерін жариялады.Зерттеу статистикасы 2018 жылдан бері қолданушылардың агрессивтілігі қалай өзгергенін, олар қазір әлеуметтік желілерде агрессияны қайда және қалай білдіретінін көрсетеді.

Shape13 Shape12 Shape11 Shape10

2021

2018





Shape14

5,53%



Shape15

5,14%











Негізгі тұжырымдардың бірі – әлеуметтік желілердегі агрессивтіліктің аздап төмендегені: орыстілді әлеуметтік желілердегі хабарламалардың үлесі 2018 жылдың қарашасындағы 5,53%-дан 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,14%-ға дейін төмендеді. Пайдаланушылардың агрессивтілікпен жазған 55 миллион хабарламалары 52,5 миллионға дейін төмендеген..

Ер балалар әлі де қыздарға қарағанда агрессивті. 2021 жылдың қарашасында анықталған агрессивті хабарламалардың ең көп санын 21 жасқа дейінгі жас жігіттер жариялады — олардың үлесіне айына 400 мыңға жуық хабарлама келеді.

Жасөспірімдердің агрессивті мінезінің себебі неде?

1.Төтенше қажеттілік ретінде - балада өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін басқа амалдары таусылған кезде;

2."Жатталып қалған" бейненің мінез-құлқы ретінде - бала өзі үлгі тұтатын өнегесіне (ата-аналардың немесе басқа ересектердің, кино және телекейіпкерлердің тұлғасына) еліктеп, агрессивті мінез көрсетуі.

3.Сондай-ақ, агрессивті мінезді танытуға биологиялық факторлар (жүйке жүйесіндегі ерекшеліктер, тұқым қуалаушылық) әсер етеді.

Агрессияның пайдасы неде?

Агрессивті мінезді тек бір жақты қарастырып,жаман деп қарауға болмайды.Оның пайдасы тиетін жерлер де бар.Мысалы,ашу-ыза кей кезде адамның мотивациясын оятатын себепкер болып табылады.Яғни,сыртқы орта адамға қандай да бір менсінбеушілік танытқан кезде адам бойында агрессия пайда болады.Осының арқасында адамдар өз мақсаттарына жетуге одан сайын талпынып,өз дегендеріне талпынады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!