Материалдар / Кіріспе: Компьютермен танысу. «Техника қауіпсіздігі және компьютерде жұмыс істеу ережелері».
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Кіріспе: Компьютермен танысу. «Техника қауіпсіздігі және компьютерде жұмыс істеу ережелері».

Материал туралы қысқаша түсінік
Кіріспе: Компьютермен танысу. «Техника қауіпсіздігі және компьютерде жұмыс істеу ережелері».
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Ақпан 2023
370
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Кіріспе: Компьютермен танысу.

«Техника қауіпсіздігі және компьютерде жұмыс істеу ережелері».

Мақсаты: ДК-мен, оның негізгі блоктарымен, және олардың міндетімен таныстыру. ЭЕМ

мүмкіндіктерін көрсету. Жүйелік блоктың ішіндегіқұрылғылармен және

олардың міндетімен таныстыру. Компьютердің негізгі құрылғылары –

процессормен, ЖЖҚ-мен, ТЖҚ-мен таныстыру.



Білімділік :Тәрбиеленушілерді жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып

кәсіпке бейімдеу , меңгерген материалын қолдануға дағдыландыру.


Тәрбиелігі: Жауапкершілікке баулу.

Дамытушылығы: Тәрбиеленеушілердің әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін

біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.


Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық

Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, т.б.б.

Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.



Сабақтың өту барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі:


1.Сәлемдесу, түгелдеу.

2. Тәрбиеленушілердің құрал-жабдығын тексеру.

3.Тәрбиеленушілердің назарын сабаққа аудару.


ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

(Практикум жұмыстарын талқылау)

Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:


1.Компьютер дегеніміз не?
2.Компьютер деген сөзді қалай түсінесіндер ?

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Кіріспе: Компьютермен танысу.

«Техника қауіпсіздігі және компьютерде жұмыс істеу ережелері».

    • Мұғалімнің рұқсатынсыз кабинетке кіруге, шығуға болмайды.

  • Су киіммен, суы бар ыдыспен компьютегрге отыруға болмайды.

  • Темір құралдармен компьютерді шұқлауға болмайды.

  • Мониторды, монитор экранын қолымен ұстауға болмайды.

  • Компьютердің артындағы порттаған, жалғастыратын кабельдерге,

  • ұштарына тиісуге болмайды.

  • Мұғалімнің рұқсатынсыз компьютерді қосуға, өшіруге болмайды.

  • Тәрбиеленушілер бір – біріне кедергі жасауға болмайды.

  • Жұмыс кезінде экраннан 60-70 см қашықтықта отыру керек .

  • Найзағай кезінде компьютерді қосуға болмайды.

  • Компьютер бұзылған жағдайда мұғалімге ескерту керек.

  • Дискетаны, CD- дискіні,флешканы жылытқыш құралдарға

  • және магнитті заттарға жақындатуға тыйым салынады.

  • Компьютермен жұмыс істеп отырғанда ары – бері жүруге болмайды.

  • Ұқыпты болу, тәртіпті болу, абайлап отыру керек.

  • Мұғалімнің нұсқаларын мүлтіксіз орындау керек.

  • Сабақ соңында жұмыс орнын ретке келтіріп кету керек.

Жұмыс алдында:

1. Жұмыс киімдерін тәртіпке келтіру.

2. Жұмыс орнындағы артық заттарды алып тастау.

3. Бөлмедегі жүретін жолдарды алып қою.

Жұмыс кезінде:

1. Компьютерді қосып, ақаулықтың жоқ екеніне көз жеткізу.

2. Ақаулықтар бар болса, компьютерді тоқтан айырып, өндірістік оқыту шеберіне хабарлау.

3. Техникалық үзілістер кезінде саусақтарға арналған жаттығулар орындап отыру.

4. Жүйелік блок қораптары ашық жағдайда жұмыс істеуге, өз бетімен компьютерді ашып қарауға, ақауларды жөндеуге тыйым салынады.

Жұмыс аяқталғанда:

1. Компьютерді дұрыс сөндіру.

2. Құжаттармен жеке заттарды жинастыру.

3. Жұмыс орнын тәртіпке келтіру.

Өрт кезінде:

1. Компьютерді тоқтан айыру.

2. Күш қорғауышын айыру.

3. Жағдайды әкімшілікке немесе өндірістік оқыту шеберіне хабарлау.

4. Көмірқышқылды өрт сөндіргішті жедел пайдалану.

5. 101-ге хабарлап.


Компьютерде жұмыс істеу ережелері.


Монитор мен пернетақтаны биіктігі бойынша дұрыс орналастырудың маңызы зор. Монитор ыңғайсыз тұрған жағдайда арқа және мойын бұлшықеттеріне салмақ түсуі салдарынан бас ауруы мүмкін. Қарапайым бір қағида бар: монитордың жоғарғы шеті көзбен бір деңгейде болуы, ал осы деңгей мен бейне беттің орталығы арасындағы бұрыш 15 градусты құрауы тиіс.

1. Арқаңызды тік ұстаңыз. Ежелгі кеңес; құныспай тік отырыңыз деген осы жерде орынды!

2. Иықтарыңызды бос ұстаңыз, шынтақтарыңыз тік бұрыш жасап бүгілген болсын. Басыңызды сәл алдыға еңкейтіп тік ұстаңыз.

3. Орындығыңыздын отырғышы жұмсақ болуы, тізелеріңіз тік бұрыш жасап бүгіліп, табандарыңыз жерге толықтай тіреліп тұруы тиіс.

4. Арақашықтықты сақтаңыз. Көз бен монитор экраны арасындағы қашықтық 70 см-ден аз болмауы тиіс. Басқаша айтсақ, сіз қолыңызды алдыға созып, бейне бетке әрең жетуіңіз тиіс.


Компью́тер (ағылш. computer — «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) — есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина. Компьютер дәуірінің бастапқы кезеңдерінде компьютердің негізгі қызметі — есептеу деп саналатын. Қазіргі кезде олардың негізгі қызметі — басқару болып табылады.

Негізгі принциптері: Өзінің алдына қойылған тапсырманы орындау үшін компьютер механикалық бөліктердің орын ауыстырылуын, электрондардың, фотондардың, кванттық бөлшектердің ағынын немесе басқа да жақсы зерттелген физикалық құбылыс әсерлерін қолданады. Көбімізге компьютерлердің ең көп таралған түрі — дербес компьютер жақсы таныс.Компьютер архитектурасы алға қойылған мәселені, зерттеліп отырған физикалық құбылысты максималды айқын көрсетіп, модельдеуге мүмкіндік береді. Мысалы, электрондық ағындар бөгеттер салу кезіндегі су ағынының үлгісі ретінде қолданылуы мүмкін. Осылай құрастырылған аналогтық компьютерлер ХХ ғасырдың 60-жылдары көп болғанымен, қазір сирек кездеседі.

Қазіргі заманғы компьютерлердің басым бөлігінде алға қойылған мәселе әуелі математикалық терминдерде сипатталады, бұл кезде барлық қажетті ақпарат екілік жүйеде (бір және ноль ретінде) көрсетіледі, содан кейін оны өңдеу үшін қарапайым логика алгебрасы қолданылады. Іс жүзінде барлық математикалық есептерді бульдік операциялар жиынына айналдыруға болатындықтан, жылдам жұмыс жасайтын электронды компьютерді математикалық есептердің, сонымен қатар, ақпаратты басқару есептерінің көпшілігін шешу үшін қолдануға болады.

Бірақ, компьютерлер кез-келген математикалық есепті шеше алмайды. Компьютер шеше алмайтын есептерді ағылшын математигі Алан Тьюринг сипаттаған болатын.

Орындалған есеп нәтижесі пайдаланушыға әр түрлі енгізу-шығару құрылғыларының көмегімен көрсетіледі, мысалы, лампалық индикаторлар, мониторлар, принтерлер және т.б.

Компьютер — жай ғана машина, ол өзі көрсетіп тұрған сөздерді «түсінбейді» және өз бетінше «ойламайды». Компьютер тек қана бағдарламада көрсетілген сызықтар мен түстерді енгізу-шығару құрылғыларының көмегімен механикалық түрде көрсетеді. Адам миы экрандағы көріністі қабылдап, оған белгілі бір мән береді.


















IV. Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:


1.Компьтерде қалай дұрыс отыру керек ?
2. Компьютердің жадының қандай түрлерін білесіңдер?
3. Компьютердің негізгі құрылғыларын ата.


Сабақты қорытындылау: Балалар, біз компютердің болашақ өмірде бізге қажет екенін, барылық құжаттар, ақпараттар, анықтамасын компьютер арқылы берілетін көріп жүресіндер сондықтанда біз компьютерді сауатты түрде біле отырып, іс - жүзінде сауатты жазуға үйренеміз деп сенемінЖаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!