Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Кіші жүзде Жоламан Тіленшіұлы жетекшілігімен болған қозғалыс" . 8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары 8-сыныптың Қазақстан тарихы пәні материалын қамтиды. Білімділік мақсаты: Ұлт-азаттық қозғалыстың себебі,мақсаты мен барысы туралы білім бере отырып, тарихи маңызына назар аударту. Сабақтың тәрбиелілік мақсаты- Оқушыларды туған жерге деген сүйіспеншілікке, ерлікке,батылдыққа баулу және тарихи тұлғалар үлгісінде тәрбиелеу. Дамытушылық мақсаты:оқушылардың тарихи -танымдық қабілетін арттыру, ой-өрісін кеңейтуге, оқиғаға талдау жасай білуге, басқаның ой-пікірін тыңдай білуге дағдыландыру Сабақ жоспары Жоламан батырдың жеке тұлғасын аша отырып, оның ұлт-азаттық күресті бастап шығуының бүгінгі біздің тәуелсіздігімізге тигізген әсері туралы оқушылардың ойланып, қорытынды шығаруына әкелуге құрылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырып: Кіші жүзде Жоламан Тіленшіұлы жетекшілігімен болған қозғалыс.

Мақсаты:

Білімділігі:Ұлт-азаттық қозғалыстың себебін,мақсатын және барысын түсіндіру.

Тәрбиелілігі: Оқушыларды туған жерге сүйіспеншілікке,ерлікке,батылдыққа баулу және тарихи тұлғалар үлгісінде тәрбиелеу.

Дамытушылығы: танымдық қабілетін арттыруға, ой-өрісін кеңейтуге, оқиғаға талдау жасай білуге, басқаның ой-пікірін тыңдауға дағдыландыру 

Пән аралық байланыс: география

Көрнекілігі : Қазақстанның саяси-әкімшілік картасы, «ХІХ ғ. Қазақстан» картасы

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдісі: тірек-сызба, әр түрлі тапсырмалар орындау

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Үй тапсыпмасын сұрау:

1.Сызбаны толтыр

Сырым Датұлы бастаған көтеріліс________________________________

Мерзімі ___________________________________________________

Қозғаушы күші ________________________________________________

Мақсаты______________________________________________________

Негізгі шайқастар______________________________________________

Тарихи маңызы________________________________________________

3. Жаңа тақырыпты түсіну үшін оқушыларға :

  • Жоламан Тіленшіұлы кім?

  • Көтерілістің себептері?

  • Қозғаушы күштері?

  • Қатысқан рулар?

  • Көтеріліс болған аймақ?

  • Көтерілістің жүрісі, негізгі оқиғалар?

  • Нәтижесі ?

*туралы қажет материалды тауып, жүйелеуге тапсырма беру. Картамен жұмыс.

Сабаққа қажетті қысқаша мәлімет:

Жоламан Тіленшіұлы – қазақ халқының 19 ғасырдың 20 – 30-жылдарындағы Ресей империясының отаршыл саясатына қарсы ұлт-азаттық көтерілісі басшыларының бірі, халық батыры. Кіші жүз құрамындағы Жетіру тайпалары бірлестігінің табын руынан шыққан. 19 ғасырдың 20-жылдарының басында Ресей империясының Орынбор әкімшілігі Елек өзенінің бойындағы табын руының жерлерін тартып алып, бекіністер сала бастайды. Орал,Елек,Бердянка,Құраты өзендерінің бойында29 бекініс бой көтеріп(1810-1822ж) Жаңаелек шекара шебі салынды. Қазақтардан 600 мың десятина жер тартып алынды.Елек өзені бойында салынған бекіністер (Изобильная, , Боранды Жаңаелек , ЛиневКөмірлі , Витлянская, Бердянская) ол Жаңа Елек шебі деп аталды. Ресей империясы әкімшілігінің мұндай отарлау саясатына қарсылық білдіріп, Жоламан бастаған бір топ табын руының адамдары 1823 жылы, 3 қыркүйекте Орынбор генерал-губернаторы Эссенге хат жолдайды. Қазақтардың жер мәселесін қарайтын комиссия төрағасы Шерғазы хан олардың бұл талаптарын заңсыз деп танып, наразылық қимылдарына қарсы әскер күші қолданылатынын ескертеді. Мұндай өктем жауап Жоламан батыр бастаған табын руы қазақтарының қарулы көтеріліске шығуына түрткі болды. Ол Бөгенбай батырдың немересі болатын.3 мыңдай көтерілісшілермен Елек өзені бойындағы жерлерді қайтарып алу үшін күресті.1825 ж құрамында 500 Орынбор казагы бар жазалаушы отряд көтеріліс болған ауылдарды аяусыз жазалады. Көтеріліс уақытынша тоқтап,1835 ж қайта бастады.. 1835 жылға қарай олардың қатарына Алшын нын: Байұлы( Адай, Жаппас, Алтын, Шеркеш және тб), Жетіру (Табын, Жағалбайлы, Тама) , Әлімұлы (Төртқара, Шекті) және Орта жүз Арғың, Қыпшақ тайпаларының адамдары қосылып, көтерілісшілер саны 4500 жетті. Көтерілісшілерге қарсы Орынбор әкімшілігі арнайы әскери бөлімдер жіберіп, көтерілісті басып тастауға күш салды. 19 ғасырдың 30-жылдарының ортасынан бастап Жоламан батыр Кенесары Қасымұлы жасағымен бірігіп, отаршыл саясатқа қарсы күрес жүргізеді. Кенесары қолы оңтікке қарай бет алғанда Жоламан батыр бастаған көтерілісшілер тобы ыдырай бастайды. 19 ғасырдың 40-жылдарының басында Жоламан батырдың өзі Бұхараға қоныс аударады. Одан кейінгі тағдыры белгісіз.[1]

Жаңаелек шекара шебіндегі бекіністердің құрылысы аяқталғаннан кейін 1835 ж 5 наурызда министерлер кабинетінің «Орынбор губернаторының қырғыз даласымен шекарасында жаңа шекара шебін құру туралы» ережесі бекітілді.Ор мен Троицк бекінгістері арасындағы Орынбор шекара шебі қазақ даласының ішкі жағына жылжып,қазақтар тағы да 4 млн десятина жерінен айырылды.

« Дұрыс » « Бұрыс » ойыны:
1.Патша өкiметi Елек өзенiнiң бойындағы Кiшi жүз қазақтарының жерiн тартып алды.

Дұрыс 
2. Бұл аймақ ежелден берi байбақты руларының көшiп-қонып жүретiн дәстүрлi мал жайылымы болатын. Бұрыс 
3. 1810 жылы патша өкiметi Жаңаелек шебiн жасауға кiрiстi. Дұрыс 
4. Қазақтарға 600 мың десятинаға жуық жерi бөлiп берiлдi. Бұрыс 
5. Жаңаелек шекара шебiнiң құрылысы 1822 жылы аяқталды. Дұрыс 
6. Жоламан Тiленшiұлы бастаған көтерiлiс (1822–1825). Дұрыс 
7. Жоламан Тiленшiұлы табын руының батыры әрi биi Дұрыс 
8. Кiшi жүздiң ханы Әбілқайыр толқуды басуға дәрменсiз болды. Бұрыс 
9. Жоламан Тiленшiұлы бастаған қозғалыс отаршылдықты жақтады Бұрыс 

Жаңа сабақты бекіту 

1.Жоламан Тіленшіұлы кім?  Топтастыру. (қосымша деректермен жұмыс).
2.Жоламан Тіленшіұлы көтерілісінің себебі 
3. Жоламан Тіленшіұлы көтерілісінің қамтыған уақыты 
4.Батырлық,батылдық,Отан туралы мақал-мәтел айтып бер 
5. Көтерілістің сипаты  қандай?
6. Проблемалық сұрақ:

-Егер Ж.Тіленшіұлы бастаған көтеріліс болмаған болса, не болар еді? (оқушылар сұраққа ойланып, өз тұжырымдарын айтады, оның бүгінгі тәуелсіздігімізге қосқан үлесі туралы ой қозғайды).

Қорытындылау. Бағалау.

Үйге тапсырма : - Материалды мазмұндау. - «Ата-бабам аңсаған тәуелсіздік » тақырыбына шағын эссе жазу.


.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.12.2017
2169
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12