Материалдар / Кіші мектеп жасындағы балалармен жүргізілетін дамыту ойындары
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Кіші мектеп жасындағы балалармен жүргізілетін дамыту ойындары

Материал туралы қысқаша түсінік
Педагог- психологтар, бастауыш сынып мұғалімдеріне кіші мектеп жасындағы балалармен жүргізуге арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қаңтар 2019
1531
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Кіші мектеп жасындағы балалармен жүргізілетін дамыту ойындары

1. «Қауымдастықтар» ойыны. Ассоцияция ойыны. Ойынның мақсаты – байқағыштығын тәрбиелеу, қиялын дамыту, ым-ишара арқылы адамды бейнелеу дағдысын қалыптастыру. Ойын барысы: бала ыммен, ишаралармен, мимикамен басқа баланы, оның ерекшеліктерін, әдеттерін көрсетеді. Басқа балалар оның кімді бейнелеп тұрғанын табады. 2. «Қорқынышты ертегілер» ойыны. Ойынның мақсаты – батылдықты, өзіне деген сенімділікті дамыту, алаң даушылықты жою, топқа біріктіру. Ойын барысы: жарық сөндіріледі немесе перделер түсіріледі. Балалар кезекпен қараңғылықта қорқынышты ертегілерді айтады. Егер топтағы сенімділік деңгейі жоғары болса, онда балалар өздерінің шынайы қорқыныштарын суреттейді. Оларды осы жерде, қараңғылықта ойнап бітіру пайдалы. 3. «Турнир» спорттық ойыны. Ойынның мақсаты – ерікті бақылауды тәрбиелеу жан күйзелістерін түзеу, батылдықты, өзіне деген сенімділікті дамыту, әртүрлі әлеуметтік ұстанымдарды меңгеру: жарысушылар, төрешілер, көрермендер. Ойын барысы: балалар төрешілер мен спортшыларды таңдайды. Спорттық ойындар өткізіледі: «Кегельге тигіз». Балаға отырып, арт жағынан қолдарына тіреніп, аяқтарын бүгу ұсынылады. Аяқтарының алдына доп қойылады. Бала үш-төрт қадам қашықтықта қойылған кегельге допты тигізу үшін аяқтарын жазып, допты итеріп жіберулері керек. «Қолдар арқылы өрмелеп өту». Екі қолдың саусақтарын айқастырып, олар артта болатындай етіп қолдар арқылы өрмелеп өтуге әрекет жасау керек. Әрі қолдар бұл жағдайда ажыратылмауы тиіс. «Әтештер шабуылы». Ойнаушылар бір аяқтарымен секіре жүріп, бір-бірін оң немесе сол иықтарымен итеріп, бір-бірін тепе-теңдік жағдайынан шығаруға тырысады. Жерге екінші аяғын тигізген ойыншы жеңілген болып табылады. Балалар қолдарын белдерінде ұстайды. Бір қолдарымен бүгілген аяқтың ұшын ұстауға болады. Бір аяғымен секіріп, ең көп уақыт тұра алған ойыншы жеңіске жетеді. «Отыр-тұр». Аяқтарын айқастырып, қолдарымен иықтарын құшақтап, шынтақтарында бүгілген қолдарды алға қарай жоғары көтере отырып, өзіне қолдарымен көмектеспей отырып - тұру керек. 4.«Бип» ойыны. Ойынның мақсаты – жағымды эмоционалды орта жасау, алаңдаушылықты жою, топты біріктіру. Ойынның барысы: балалар орындықтарда отырады. Жетекші жұмулы көзбен шеңбермен жүріп, кезекпен балалардың тізесіне отырып, кімнің алдында отырғанын табады. Егер ол дұрыс тапса, сол бала «Бип» дейді. 5.«Отбасылық портрет» ойыны. Ойынның мақсаты – балалардың ойын топтарының социометриясы, отбасыда қалыптасқан жағдайларды талдау. Ойын барысы: отбасына отбасылық портрет жасау үшін фотограф келеді. Ол топтың барлық мүшесіне отбасылық ролдерді береді, әрі бұл отбасында кім-кіммен дос екендігін айта жүріп, оларды отырғызады. 6.«Айна» ойыны. Ойынның мақсаты – енжар балаларға белсенділік көрсетуге мүмкіндік беру. Ойын барысы: бір жүргізуші тағайындалады, қалған балалар – айналар. Жүргізуші айнаға қарайды, олар оның қимыл-қозғалысын көрсетеді. Психолог көрсетілген бейненің дұрыстығын бақылайды. 7.«Туған күн» ойыны. Ойынның мақсаты – топты біріктіру, балалардың мәселелерін эмоционалды елеп-ескеру. Ойын барысы: туған күн иесі таңдалады. Барлық балалар оған ыммен, мимикамен сыйлықтар береді. Туған күн иесіне өзі ренжіткендерді есіне түсіру және оны түзеу ұсынылады. Балаларға қиялдап, туған күн иесінің болашағын болжау ұсынылады. 8.«Бекініс» ойыны. Ойынның мақсаты – агрессияны бейнелеу. Ойын барысы: балалар тобы екі командаға бөлінеді (балалардың өз қалаулары бойынша). Әр команда жиһаздардан бекініс салады. Бір команда бекіністі қорғайды, екіншісі – шабуыл жасайды. Негізгі қару-үрмелі шарлар, доптар, жұмсақ ойыншықтар. 9.«Заттарды бейнелеу» ойыны. Ойынның мақсаты – байқағыштығын тәрбиелеу, қиялын дамыту, басқаны көру дағдысын қалыптастыру. Ойын барысы: бала мимикамен, ыммен затты бейнелейді, қалған балалар оны табады. Кім дұрыс тапса, сол жүргізуші болады. 10. «Қалқан мен семсер» ойыны. Ойынның мақсаты – агрессиядан арылту, эмоциялық шиеленісті алу.Ойын барысы: психолог қалқанды ұстап тұрады, балалар оны доппен ұрады. 11. «Жалмауыз кемпір» ойыны. Ойынның мақсаты –ашу сезімін түзеу, балалардың бір-біріне әсер ету қабілеттерін жаттықтыру.Ойын барысы: балалар бір-біріне қарап, шеңбер бойында орындықтарда отырады. Психолог ересектердің (аналар, әкелер, әжелер, тәрбиешілер) балаларға ашуланғандағы бет-әлпеттерін, кейіптерін, қылықтарын көрсетуді сұранады. «Не үшін көбіне ересектер сендерге ашуланады?» (Балалар 2-3 сценка ойнап көрсетеді). Сендерге өте қорқынышты болғанда, ересектер қалай ұрсады? Жазамен қорқытып, белбеулерін алады? (Балалар айтады және көрсетеді.) Сендер қалай жауап бересіңдер: жылайсыңдар, күлімсірейсіңдер, төбелесесіңдер, қорқасыңдар?(2-3 сценка ойналады.) 12. Спортық ойындар. « Айдаhар өз құйрығын тістейді ».Ойнаушылар алдыңғы тұрғанның белінен ұстап бірінен кейін бірі тұрады. Бірінші бала – айдаhардың басы, соңғы бала – құйрығы. Д.Нуриевтің « Шығыс биі » музыкасы ойнап тұрғанда бірінші ойыншы соңғы ойыншыны ұстап алуға тырысады –айдаhар өз құйрығын аулайды, қалған балалар бір-бірін берік ұстап тұрады. Егер айдаhар құйрығын ұстай алмаса, келесі жолы айдаhардың басы рөліне басқа бала тағайындалады.« Ақ аюлар ». Ақ аюлар тұратын жер белгіленеді. Екі бала қолдарымен ұстасады – бұлар ақ аюлар. «Аюлар аң аулауға шықты » деген сөздермен, ойнаушылардың бірін ұстап алу үшін олар жүгіреді. Сосын тағы да аң аулауға шығады. Барлықтарын ұстап лағанда, ойын аяқталады.« Күзет қою »Балалар Ф.Шуберттің « Марш » музыкасымен бірінің соңынан бірі сап түзеп жүреді. Командир алдында жүреді. Командир алақанын ұрғанда соңғы келе жатқан бала тез тоқтау керек. Осылайша командир балаларды ойластырған тіртіппен ( сызық, шеңбер, бұрыш т.б.) орналастырады.13.« Даусынан таны » ойыны. Ойынның мақсаты – назарды, бір-бірін даусынан тану дағдысын дамыту.Ойын барысы: балалар шеңбер құрып тұрады, жүргізуші сайланады. Ол ортаға тұрып, балаларды даусы бойынша тануға тырысады. 14. «Шеңбер бойынша жібер» ойыны .Ойынның мақсаты-- өзара түсіністікті, бірігуді дамыту.Ойын барысы: балалар шеңбер бойымен жүріп, ыстық картопты, мұзды, көбелекті (пантомимика) береді.15. «Тату отбасы» ойыны.Ойынның мақсаты—қолдың эмоциялық- мәнерлік қозғалысы мен ишараны сәйкес қолдануды дамыту.Ойын барысы: балалар шеңбер бойына қойылған орындықта отырады. Әркім қандай-да бір іспен айналасып отыр: біреуі сазбалшықтан шар жасап, біреуі тақтайшаға кішкентай шегелерді қағып кіргізіп, біреуі сурет салып немесе тоқып отыр және т.б. Барлығы ынтымақты түрде жұмыс істеп отырған отбасыға қарау жағымды. Балалар қолдарында қиялдағы емес, ал шынайы заттар тұрғандай қозғалыстар жасау керек. Ойын Р. Паулстың «Золотой клубочек» музыкасымен сүйемелденеді.16. «Бос уақыт»Балалардың эмоциялық жақындасуы мен өзара әрекеті үшін психолог бірлеске жұмысты орындауды ұсынады: еденге төселген үлкен қағазға ортақ сурет салу. Суреттің тақырыбы: «Біздің тату топ» Сурет салудағы мақсат: балалардың мінез-құлқына әсер ету – олар салмақтырақ және кішіпейіл бола түседі. Ойын құрбылармен қатынасты жақсартуға әкеледі. Суретте ойыннан алынған әсерлер беріліп, қорқыныштары айқындалады.17. «Төрт күтпеген апат» ойыны. Ойынның мақсаты—есту аппаратымен және қозғалыс анализаторларымен байланысты назарды дамыту.Ойын барысы: ойнаушылар шеңбер жасап отырады. Жүргізуші олармен келіседі, егер ол «жер» десе олар қолдарын төмен түсіреді, «су» десе қолдарын алға созалы, «»ауа десе қолдарын жоғары көтереді, «от» -- шынтақ бұынында қолдарын айналдырады. Кім қателессе, жеңілген болып саналады.18. «Досыңмен кездесу» этюді.Этюдтің мақсаты – басқа адамның эмоциялық жағдайын түсіну қабілеттері мен өзінің жағдайын соған сай көрсете білу дағдысын дамыту; мәнерлі қозғалысты дамыту.Этюд барысы: психолог балаларға бір әңгіме айтады: «Баланың досы бар еді. Жаз басталды да, оларға айырылысуға тұра келді. Бала қалада қалды, ал оның досы ата-анасымен бірге оңтүстікке кетті. Досынсыз қалада көңілсіз еді. Арада бір ай уақыт өтті. Бірде бала көшеде келе жатып, аялдамада автобустан түсіп келе жатқан досын көріп қалды. Олар бір-біріне қалай қуанды десеңізші». Қалаулары бойынша балалар осы сценканы ойнап көрсетеді. Мәнерлі қозғалыстар: құшақтау, күлкі, мұң, қуаныш сезімі.19. «Кішкентай кеме» ойыны.Ойынның мақсаты -- өзіндік бағалауды, өзіне деген сенімділікті арттыру.Ойын барысы: екі ересек адам (психолог және педагог) көрпені ұштарынан ұстап тербетеді—бұл кішкентай кеме. «Тынық, тыныш ауа райы, күн шығып тұр» сөзінде – балалар жақсы ауа райын бейнелейді.«Дауыл» сөзінде олар шулап, кішкентай кеме қаттырақ шайқалады. Кемедегі баланың «Мен даулдан қорықпаймын, мен ең мықты матроспын!» дауысы дауылдан басым шығуы керек. Бұл ойынды түсіндіру үшін бірінші кемеден сапар шегуге ойыншықты жіберуге болады.20. «Айналар дүкенінде» ойыны.Ойынның мақсаты—байқағыштығын, назарын, жадын дамыту, жағымды эмоциялық орта құру; сенімділікті және басқалардың талабына бағына білу дағдысын дамыту.Ойын барысы: дүкенде көп үлкен айналар тұрды. Дүкенге иығында маймыл отырған адам кірді(алдын ала тағайындалады). Ол айналардан (айналар-- балалар)өзін көрді де, оны басқа маймылдар деп ойлады. Оларға бет-аузын тыржита бастады. Маймылдар оған да тұра солай жауап қайтарды. Ол оларға жұдырығын түйіп еді, оған да соны көрсеті, ол аяғымен жерді теуіп қалды, барлық маймылдар да аяқтарымен жерді тепті. Маймыл не істесе де, қалғандары айнытпай оның қимылдарын қайталады.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!