400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 22 материал табылды

Кітап-адамзаттың асыл қазынасы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала барлық жанға арналады.Себібі қазіргі қоғамда кітап мәселесі өзекті.
Материалдың қысқаша нұсқасы
Кітап – білімнің қайнар көзі, шабыт, жұбаныш және шексіз мүмкіндіктер
әлеміндегі жол көрсетуші жұлдыз. Ол адам өмірінде қандай рөл атқарады?
Алғашқы кітап мәтіндері қалай және қайда жазылды? Бұл сұрақ әрқашанда
адамзатты қызықтырады.Және де мен осы мақалада сол туралы айтып
өтетін боламын.
Кітаптардың пайда болғанына бірнеше мың жылдықтан астам уақыт өтті
және осы уақыт ішінде олар әртүрлі формада болды. Ал кітаптың тарихына
келетін болсақ, шумерлер, вавилондықтар, ассириялықтар саз балшықтан
кітап жасаған екен. Қытайда олар жұқа бамбук тақтайшаларына жазылып,
мықты жіптерге байланған. Кейін қытайлықтар оларды жібекке сиямен
бояған. Ежелгі Египетте мәтіндер тас тақталарға қашалған, содан кейін
папирус ойлап табылған. Біздің эрамызға дейінгі екінші ғасырда Пергамон
патшалығында жануарлардың терісінен пергамент жасалған. Ежелгі
кітаптардың барлығы қолмен көшірілгендіктен жасалуы ұзаққа созылып және
өте қымбатқа сатылды.Тек он бесінші ғасырда ғана баспа машинасы ойлап
табылды.
Адамзаттың өз қолымен жасалған ең үлкен өнертабысы – кітап. Олардың
арқасында біз барлық сұрақтарға жан-жақты жауап таба аламыз. Кітаптар
бізге адамзат тарихындағы маңызды оқиғаларды, жер бетіндегі
халықтардың әдет-ғұрыптарын, атақты саяхатшылар туралы, сондай-ақ
ғарышты игеру және Ғаламның құпиялары туралы айтады. Және де кітаптар
бізді ежелгі өркениеттерменде таныстырады.Осылайша, кітап білім мен
ақпаратты жеткізіп қана қоймай,сонымен қатар біздің ішкі әлемімізді
түрлендіруге және байытуға қабілетті.Кітап өзін-өзі жетілдіру және қоршаған
әлемді тану жолында сенімді досқа айнала отырып,ол бізді жаңа
жетістіктерге шабыттандырады,қиын сәттерде бізге жұбаныш береді және
күнделікті өмірде позитивтілікке де қуат береді.
Кітап оқу арқылы бала сауатты, белгілі бір дәрежеде тәжірибелі болады.
Бірақ қазіргі қоғамда бәрі басқаша. Жасөспірім кітапты компьютерге
айырбастаған. Және ол барлық бос уақытын соған арнайды. Бала бірте-бірте
оған тәуелді бола бастайды. Бірақ кітапқа тәуелділік әлдеқайда қызықтырақ.
Әлдеқайда жақсы! Жас ұрпақтың жартысы – «компьютерлік зомби». Және бұл
мені қатты қынжылтады. Әлемдегі барлық компьютерлер электр қуатына
тәуелді екенін адамзат түсінбейді. Егер ол өшірілсе, оқу тоқтайды. Француз
педагогы Дидро: «Адам оқуды тоқтатқанда ойлауды да
тоқтатады».-дегендей.Ал, электр қуатынсыз-ақ шырақпен оқитын, әдемі де
эстетикалық безендірілген кітапты ешбір компьютер алмастыра да
алмайды.Сондықтан кітап оқу- қиялдың қанатына көтеріліп, керемет
шытырман оқиғалар, жаңа идеялар мен терең эмоциялар әлеміне сүңгумен
бірдей. Мысалы, әртүрлі жанрдағы әдебиеттерді оқу эмпатияны, логикалық
ойлауды дамытуға, адамның ой-өрісін кеңейтуге және қарым-қатынас
дағдыларын жақсартуға көмектеседі. Бірақ кітап оқу өнері шыдамдылықты,
зейінді, сөзді сүюді қажет етеді.

Әр адамның әдебиетте өз талғамы мен қалауы бар,сондықтан шынымен
қызықтыратын және шабыттандыратын кітаптарды таңдау өте маңызды.
Мысалы,әдебиет оқитын оқырмандар сыни тұрғыдан ойлауға бейім және
аналитикалық қабілеттерге ие болады, ал көркем әдебиетті сүйетіндер
эмоциялық әлемін байытып, қиялын дамытады. Дегенмен, зорлық-зомбылық,
тойымсыз тұтыну немесе стереотиптерді қамтитын теріс кітап таңдауы
оқырманның психикалық жағдайына кері әсер етіп, жағымсыз көзқарастардың
қалыптасуына, тіпті мінез-құлқының өзгеруіне әкелетінін де ескерген жөн.
Сондықтан қандай шығармалардың қолымызға тиетініне баса назар аударып,
рухани өсіп-өркендеуімізге ықпал ететіндерін саналы түрде таңдап
алғанымыз абзал.
Қорытындылай келе, кітап әлемі шексіз бай және алуан түрлі және де осы
дүниені ашқан әрбір адам шынайы сөз өнерімен тілдесудің қайталанбас
тәжірибесін алады.
Материалды PDF форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19.06.2024
229
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі