Материалдар / Көбейту мен бөлу
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Көбейту мен бөлу

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар көбейту мен бөлуді ауызша және жазбаша орындай алу дағдысына қалыптасады және ауызша көбейту мен бөлу тәсілдерін игереді. сыни тұрғыдан ойлай отырып тапсырмаларды орындауға дағдыланады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Желтоқсан 2017
543
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні: 14/04

Пәні: математика 3 класс

Бекітемін:

Сілтеме

Күнтізбелік жоспар, оқулық, Оспанов Т.Қ, Құрманалина Ш.Х, Қайыңбаев Ж.Т

Сабақ тақырыбы

Көбейту мен бөлу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

242*4 және 968:4 түріндегі көбейту мен бөлуді ауызша және жазбаша орындай алу дағдысына қалыптасады және ауызша көбейту мен бөлу тәсілдерін игереді

Оқушылардың басым бөлігі:

Сыни ойлай отырып есеп шығару, шамалармен жұмыс жасау қабілеттерін дамытады

Кейбір оқушылар:

Қосымша берілген тапсырмаларды орындай алуы және барлық тапсырманы жылдам әрі дұрыс орындап үлгермеуші жолдасына көмек беруге машықтануы

Ресурстар

Оқулық, стикер, маркерлер, деңгейлік тапсырмалар

Жазылым бойынша ұсыныстар


Алдыңғы оқу

Көбейту кестесін қайталау. 7 –жаттығу

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жұмыстар

Ресурстар

Басталуы


*3 минут














*7 минут

Психологиялық атмосфера қалыптастыру

Тренинг: «Кедергілер» өткелі

- Яғни, балалар, өмірдің ақ пен қарасы, қиындығы мен қызығы, түсіну мен түсінбеу қатар жүреді екен. Ол өмірдің аз ғана кедергілері, қорқыныштары, кім сол қиындыққа мойымай тек алға нық қадам басып талаптанса мол алдыға қойған мақсатына жетеді екен. Ендеше, біз бүгінгі сабаққа талпынған құстай, жаужүрек батырлардай және қызығушылықпен сабаққа қатысып отырыйық.

Класс қушыларын төрт топқа көктемнің алғашқы гүлдері етіп «Қызғалдақ», «Жауқазын», «Бәйшешек», «Сарғалдақ» бөлу

Жайнатамын даланы,

Қуантамын ананы.

Қызыл, жасыл гүлмін,

Бақыт сыйлап жүремін.

Әр топ өз басшыларын сайлайды, ол оқушылар білімін гүлдер мен смайликтер арқылы формативті бағалап отырады.

Үй тапсырмасын дәптерлерінен оқытып, оқушылар білімін мадақтап өтемін, қызығушылығын оятамын

«Ыстық орындық» әдісі бойынша сұрақтар қойылып оқушы оған жылдам жауап береді











Гүлдер, смайликтер

Ортасы

*25 мин













Сергіту сәті


1. 242*4 және 968:4 түріндегі көбейту мен бөлуді ауызша орын-дауды түсіну, қадам бойынша жазбаша орындауға үйрену.

Жаттығудың б) нұсқасын тақтада түсіндіре тұрып орындаулары.


2. Есепті талдай отырып тақтада орындау:

Сүтқоректілер – 172 түрі

Құстар - ? 3 есе артық

Бауырымен жорғалаушылар - ? 4 есе кем

172*3:4=129

Жауабы: Қазақстанда бауырымен жорғалаушылардың 129 түрі кездеседі

ә) «Кластер» әдісі:

129*4:3 өрнегіне сәйкес есеп құрастыру және оны шығару. оқушылар есеп құрастырып оны кластер жасау арқылы қорғайды.


3. Теңдеулерді топ ішінде шеше отырып орындайды, көшбасшы оқушы үлгермеуші оқушыға көмектесіп, түсіндіреді.

42 : х = 63 : 3

42 : х = 21

х = 42 : 21

х = 2

42 : 2 = 63 : 3

21 = 21

4. «Стикердегі диалог» әдісі: өз бетінше орындалатын жаттығу

b * 208 – 208 b = 1; 2; 3; 4.

1*208 – 208 = 0

2*208 -208 = 208

3*208 – 208 = 416

4*208 – 208 = 624


5. Берілген теңсіздікті есептемей-ақ сыни тұрғыдан ойлау арқылы салыстырады.


Жазба үлгісі




Сурет







Топтық жұмыс

Кластер












Өрнектің мәнін тауып стикерге жазып, «білім ағашына» іледі

Аяқталуы

* 5 мин

Рефлексия – бүгінгі сабақтан алған әсерлерің қандай?

Бағдаршам сигналдары

Қосымша ақпарат №7 үлгі бойынша орындау 103-бет

*5 минут


Саралау- Деңгейлік тапсырмалар беріледі:

Шығармашылық тапсырма

тест жұмысы


Бағалау- топ басшысының формативті бағалауы

Мұғалімнің суммативті бағалауы

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс.

Қорытынды бағамдау

Оқушылар сабақ барысында мадақталып отырса олардың сабаққа деген ынтасы артады. Мадақтау әдісі арқылы оқушы өзінің мінез-құлқы қандай болуы керектігін түсінеді, жағымды мінез-құлықты дамытып, ісінің дұрыстығын көріп, өзіне сенімділігі артады, жақсы істерді жалғастыруға тырысады. Мадақтаудан алған әсері оқушыны теріс әрі келеңсіз істерден сақтандырып отырады.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!