Алматы облысы, Жамбыл
ауданы
«Қайназар ауылындағы №1
орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік
мекемесі
Бастауыш сынып мұғалімі:
Курмангалиева Жулдыз Талгатовна
Сабақтың
тақырыбы: М. Әуезов
«Көксерек»
Мақсаты Білімділік: М.Әуезовтың
«Көксерек» әңгімесінің мазмұнын
қорытындылау , шығарма мазмұнына, идеясына,
тақырыбына талдау жасау;
Дамытушылық: Шығарманы талдау
арқылы өз ойын қорғай білуін, сөздік қорын
молайту;
Тәрбиелік: Әңгіме мазмұны арқылы оқушылар
бойында адамгершілік, жанашырлық қасиеттерді қалыптастыру.
Табиғатты, қоршаған ортаны қорғауға, оның заңдылығын бұзуға жол
бермеу;
Түрі:Бекіту
сабағы
Әдісі: СТО әдіс-тәсілдері,
сұрақ-жауап, талдау, іздену
Сабақтың көрнекілігі
:М.Әуезов портреті, қасқыр
суреті, көксерек кинофильмінен үзінді, интербелсенді
тақта
Ұйымдастыру
кезеңі
Оқушылармен амандасу,түгендеу,
сынып тазалығына көңіл бөлу, назарын сабаққа аудару . Оқушылар, біз
сіздермен өткен сабақтарда әлем мойындаған әйгілі жазушымыз М.
Әуезовтің бәрімізге көркем фильм арқылы жақсы таныс, адамзатқа
үлкен ой саларлық көркем туындысымен танысқан болатынбыз. Ал бүгін
сол алған білімімізді, түйгенімізді жинақтап
қорытындылаймыз.
«Адам», «қасқыр», «табиғат»
деп түрлі -түсті қималар арқылы топтастыру. 3 топқа «Адам»,
«Қасқыр» «Табиғат» сөздері жазылған плакат беріледі. Осы сөздер
бойынша ойыңызға келген сөздер мен сөз тіркестерін
жазу.
Адам — тірі ағза, еңбектенеді,
сөйлейді, ойлайды, оқиды,қоректенеді.
Қасқыр
– жыртқыш, ит — құс, бөрі,
қомағай, табиғат перзенті, дала тағысы, дала
санитары
Табиғат-құбылыстар,тау,тас,күн,ай,жер,жануарлар,өсімдіктер
Қай жазушының шығармасын алсақ
та, табиғат мәселесі назардан тыс қалмайды. Балалар, мына сөйлемге
назар аударайық.
Табиғат – күллі тіршілік
атаулының құтты қоныс-мекені, алтын ұя,
талбесігі.
1.
Осы сөйлемді оқығанда еске, ойға алдымен не
түседі?
Табиғат дегеніміз не?
Табиғат --------- Қоршаған орта
-------- Халық қазынасы
2.
Табиғатқа шабуыл жасау, оның тылсым тыныштығын бұзу мәселесіне
қалай қарайсыңдар?
Олай болса кеше ғана оқып
танысқан бәріміз көркем фильм арқылы жақсы білетін Көксеректен
үзінді көрейк.
«Еске түсіру
стратегиясы»
Әңгіменің басты кейіпкерлерін
жүйелейік.
Олар: әжесі,Құрмаш, Көксерек,
Қасен.
Қамбар Уәлиев- «Көксерек»
фильміндегі Құрмаш. 1963 жылдың 7 қарашасы күні ( төлқұжат бойынша
9 қыркүйек) Алматы облысы Жамбыл ауданы Үңгіртас ауылының жанындағы
Көкқайнар деген ауылда дүниеге келген.
«Талқылау»
кестесі.
Берілген
мағына
Көксерек
Адамдар ауылға әкелген
күшік.
Құрмаш асыраған қасқырдың
күшігі.
Құрмаш
Көксеректі асыраған
бала.
Басты кейіпкер. Көксерек
құрбаны.
Қасен
Көксеректі ұстаған Aққасқа
иттің иесі.Аңшы.
Әже
Құрмаштың әжесі.Немересінен
айырылып, зарлап қалған жазықсыз жан.
Кубизм
әдісі бойынша мына кубикті үш топқа
кезекпе — кезек лақтырамын. Қай қырының сұрағы түссе соған жауап
бересіз.
1. Суретте. Көксеректің портретін суреттеңіз.
2. Салыстыр. Дала қасқыры мен Көксеректі салыстырыңыз.
3. Зертте. Қасқыр туралы тағы қандай шығарма білесіз?
4. Қолдан. Көксерек туралы ел адамдары не дейді?
5. Дәлелде. Көксеректі жауыздыққа итермелеген де, Құрмашқа ауыз
салдырған да қандай жағдай?
6. Талда. Көксеректің қатыгездігін қай тұстарда байқадыңыз?
1.Көксерек бейнесін суреттейді.
2. Дала қасқыры мен Көксеректі салыстырады.
3.Қасқыр туралы жан-жақты зерттейді.
4.Көксеректің жыртқыш аң екенін дәлелдейді.
5.Көксеректің қатыгездігін талдайды.
Сергіту
сәті
«Көк бөрілер» әнін
тыңдау
«Болжау
стратегиясы»
1.Егер адамдар қасқыр апанын бұзып,
бөлтіріктерін өлтіріп, Көксеректі алып
кетпегенде, оқиға әрі қарай қалай дамуы мүмкін еді?
Көз алдыңызға елестетіңіз.
2. Сен Құрмаштың орнында
болсаң қасқырдың күшігін бағар ма едің?
3.Өзің мәпелеп өсірген
Құрмашты танымай, Көксеректің жауыздық істеген себебін қалай
түсінесің? ( 1-шіден ол аш, 2-шіден адамдарға деген өшпенділік және
ол бөрі, тағы аң, оның иесі болмайды)
Хайуанатқа жасаған
қиянатың,
Адамзатқа жасаған
опасыздық
Қадыр
Мырзалиев
Топтау
Адам
Қасқыр
-Қасқырдың басқа да қандай атауларын
білесіңдер?
- Арлан - ірі, күшті
қасқыр.
-Абадан- еркек, көсем
қасқыр.
-Бөрі– қасқырдың
аталығы
-Қаншық-қасқырдың
аналығы.
Шығармашылық
жұмыс
1. Қасқырға байланысты
мақал-мәтелдер айту
2. Қасқыр туралы қысқаша
мәлімет
3. Қасқыр туралы 5 жолды өлең
құрастыр
«Соңғы сөзді мен
айтамын»
1. Көксерек әңгімесі қай жылы
жазылған? ( 1929 ж)
2. Қасен деген кім? ( белгілі
аңшы)
3. Құрмаштың елі? (
Қараадыр)
4. Көксеректі жеңген иттің
аты? ( Аққасқа)
5. Көксерек әңгімесінің
тақырыбы? ( Адам-Табиғат-Қасқыр)
Адамдар табиғат заңдылығын
бұзса, ол өзіне қатер төндіреді.
Балалар сабағымызды табиғат
пен бастап едік, табиғат пен аяқтайық. Қасқырдың болмысы адам
тәрбиесіне көнбейді екен, түз тағысы да өмір сүруге
құқылы. Сүйінбай Аронұлынын "Бөрілі менің
байрағым..." жырынан, Мұхтар Әуезовтің "Көксерек", Олжас
Сүлейменовтің "Бөлтіріктер", Жанат Ахмадидің "Ажал аузында"
туындыларынан халқымыздың қасқырға ерекше мән бергенін аңғаруға
болады. Өжет адамды "қасқыр екен", "нағыз көкжал екен" деп қасқырға
теңеген.
Табиғат –
Ана!
Табиғаттың сырын танып
білейік,
Табиғаттың тілін ұғып көрейік.
Тыныштығын сақтап өмір - өзеннің,
Ізгіліктің шамын жағып жүрелік!
Жер бәріміздің ортақ үйіміз..Ол аңға да, адамға да жетеді.
Сондықтан сыйысып-сыйласып тату өмір
сүрейік.
Үйге
тапсырма Оқу, талдау. «Адам және
табиғат»эссе жазу
Бағалау
Кері
байланыс «Бағдаршам»