Материалдар / Көлік түрлері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Көлік түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім алушылар бойына көліктер туралы ұғым қалыптастырып, өздеріне таныс көлік түрлерін салыстырып, ажыратып, айтып беруге үйрену, Әртүрлі көлік құралыдарынан түрлі мамандық иелері туралы білімді кеңейту. Олардың еңбегін бағалауға , құрметпен қарауға үйрену.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Желтоқсан 2017
1675
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін:

Білім беру саласы: «Әлеумет»

Оқу іс-әрекеті: «Қоршаған ортамен танысу»

Тақырыбы: Көлік түрлері

Мақсаты: Көліктер туралы ұғым қалыптастырып, өздеріне таныс көлік түрлерін салыстырып, ажыратып, айтып беруге үйрену, Әртүрлі көлік құралыдарынан түрлі мамандық иелері туралы білімді кеңейту. Олардың еңбегін бағалауға , құрметпен қарауға үйрену.

Әдіс – тәсілдері: Шаттық шеңбер, ғажайып сәті, таныстыру,түсіндіру. көрсету үйрету, бағыттау, сергіту сәті, сұрақ- жауап, мадақтау, қорытындылау.

Көрнекілік құралдар: тақырыпқа қатысты көліктер суреттер, ақ бет, түрлі-түсті бояулар , слайд, үлестірмелі материалдар , компьютер, инрерактивный тақта, қағаздан жасалған кеме, шағын ыдысқа құйылған су.

Сөздік жұмыс: көліктер, ұшақ, кеме, поезд,бағдаршам.

Билингвальді компонент: көліктер- машины, ұшақ- самалет, поезд-поезд, кеме –параход.


Әрекеттердің кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Ұйымдастыру-шылық-оятушылық

Шаттық шеңбер:

Балалар, бүгінгі оқу іс- әрекетіміз ерекше болғалы тұр, бәріміз тұрып амандасайық, шаттық шеңберіне жиналайық.

Аспанға қарап ай көрдім,

Төменге қарап жер көрдім.

Оңға, солға бұрылып,

Мен Мәңгілік ел көрдім.

Балалар шеңберге тұрады

Балалар өлең жолдарын қайталап, қимыл іс-әрекетімен көрсетеді

Ұйымдастырушылық-ізденушілік




Ғажайып сәт:

- Балалар, сендер ауылға барып тұрасыңдар ма?

- Ауылдан қандай көліктерді көресіңдер?

- Ал үлкен қалаға барғанда қандай көліктерді көресіңдер?

- Айырмашылығы неде?


Көрсетілім: «Көлік түрлері»


-Ендеше бүгінгі сабағымыз не туралы? Сабағымыздың мақсаты: көліктер туралы ұғым қалыптастырып, көлік ерекшеліктері туралы айтуға үйрену. Осы видеоны көре отырып, өз қаламызда кездесетін қандай көлік түрлерін көрдіңдер, соны мына суреттер ішінен тауып, жабыстыру арқылы топтық жұмыс жасай қойыңдар.


Постер жасау


- Балалар, көліктердің төрт түрі кездеседі екен. Олар әуеде ұшатын көліктер, суда жүретін көліктер, жерде жүретін көліктер және темір жолмен жүретін көліктер деп бөлінеді. Әуеде ұшатын көліктерді ұшақ деп атаймыз екен.Ұшақ – самолет – аэроплан. Оладың кең қанаты, екі дөңгелегі болады екен, және олар, жүк таситын, адам таситын және әскери деп бөлінеді. Сумен жүретін көліктер кеме, қайық деп аталады. Ал енді темір жолмен жүретін көліктер олар, поезд деп аталады. Поездың бірнеше түрлері бар, олар адам таситын, жүк таситын, метро деп аталатын түрлері бар. Жерде жүретін көліктердің түрлері өте көп. Олар, велосипед, мотоцикл, жеңіл машина, жүк көліктері, автобустар деп бөлінеді.


-Балалар кәне шаршаған шығармыз келесі тапсырмаларымызды орйындамас бұрын сергіту жаттығуларын орындап алайық

Сергіту сәті.


Оқулықпен жұмыс.

Мына мәшинелердің қайсылары «Арнайы көліктер» деп аталады? Белгілеңдер. Себебін түсіндіріңдер.


Жекелей жұмыс.

Көлік түрлерін тиісті орынға жапсыр, әр көлік түрін не үшін пайдаланады?


Иә, балалар, жедел қызметте жұмыс істейтін өрт сөндірушілер мен дәрігерлердің қызметі ауыр болады, олар күн-түн демей адамдарға қызмет етеді, сондықтан олардың жұмысын бағалауымыз керек.


Дидактикалық ойын: « Көлік түрлерін ата» ойыны


Ойынның шарты: Балаларға бірнеше көліктің суреттері бейнеленген слайдтар көрсетіледі. Балалар сол көрсетілген суреттер бойынша сұрақтарға жауап береді.

-Қазір жылдың қыс мезгілі

- ат арба, ат шана...

- траллейбус, трамвай, автобус, ...


  • Балалар жауабы.


-Балалардың қызығушылық танытады.



  • Иә




  • Көліктер туралы мағлұматты тыңдайды.

  • Ұшақ сөзін үш тілде айтады.








Балалар сергіп алады.





  • Балалар тапсырманы орындайды.




Өрт сөндіру машинасы өрт бола қалған жағдайда өрт сөндіруге асығады.

Жедел жәрдем машинасы ауырып жатқан адамдарға көмекке келеді.

Автобус қала ішіндегі адамдарды тасымалдайды.

Рефлекстік-түзету

Сабақты қортындылау:

-Қандай көлік түрлерімен таныстық?

-Көліктің маңызы қандай?

-жол жүру ережесін не үшін сақтау керек?

-автобустан түскенде не істеу керек?

- Сонымен балалар біз көп нәрселермен таныстық, сабақ сендерге ұнады деп ойлаймын қазір сабаққа рефлексия жасайық.


Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау.


  • Сабақ ұнады

  • Көңіл күйіміз жақсы.


Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Көлік түрлері, олардың қызметіне қарай бөлінуі, айырмашылығы мен ұқсастығын, олардың қоғамдық деп аталатындығын, көлік бірнеше топқа деп бөлінетінін, көлік жүргузу үшін де арнайы мамандық болатындығын.

Игеру керек: автобус, трамвай, ұшақ, кеме, пойыз, өрт сөндіруші мен жедел жәрдем көліктерінің әуе көлігі, суда жүзетін, темір жолмен, жолмен жүретін деп бөлінетіндігін, оларды жүргізетін адамдарды жүргізуші, капитан, мишинист, ұшқыш деп аталатындығы туралы.

Меңгереді: көлік түрлерін сыртқы құрылысы мен қызметіне қарай ажыратуды, жүргізушілер еңбегін бағалауды.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!