Көміртек және оның
қасиеттері
|
Мақсаты: Оқушыларға көміртектің
периодтық жүйедегі орны,атом
құрылысы,табиғатта
таралуы,
химиялық,физиқалық қасиеттері, ашылу тарихы, қолданылыуы,
биологиялық маңызы
туралы түсініктер
беру.Көміртектің химиялық элемен және жай зат ретіндегі
қасиеттерімен оның
аллотропиялық
түрөзгерістері жайлы түсінікті әрі қарай жалғастырып
дамыту.
Күтілетін
нәтиже:
1.Оқушылар
көміртектің ПЖ орны, атом құрылысына сипаттама беріп
үйренеді.
2.Табиғатта
кездесуін, таралуын біледі.
3.Көміртектің
физикалық, химиялық қасиеттерін
үйренеді.
4.Аллотропиялық
түрөзгерістерін,оның маңызын, қолданылуын білетін
болады.
5.Биологиялық, адам
өміріндегі маңызын түсінеді
Көрнекіліктер: Д.И.Менделеевтің периодтық
жүйесі,суреттер,плакат "Көміртектің
қосылыстары",
газтұтқыш, дәрілік
зат "карболен", интербелсенді тақта, слайдтар, карындаш, постерлер,
стикер т.б.
Сабақтың
түрі: танымдық
сабақ
Сабақ
әдістері: сұрақ-жауап,топпен жұмыс,
жұппен жұмыс, диологтық
оқыту.
Қолданылатын
модульдер: сыни тұрғыдан ойлауға
үйрету,АКТ,ОүБ
Сабақтың
байланысы: биология, физика,,математика,
тарих, география,медицина
Негізгі
дереккөздер: 9- сынып оқулығы, ПЖ,
үлестірмелер.Акт материалдары.Есептер
жинағы
9-сынып. Н.Л.Глинка
"Общая химия","Химия мектепте"
журналы.
Тапсырмалар: Мұғалімнің
іс-әрекеті:
1.Ынтымақтастық
атмосферасын құру
2.Топтарға
бөлу
3.Мәтінмен
жұмыс:тапсырма үлестіреді,бақылайды,бағыт
береді.
4.Бағалау түрін
анықтайды
5.Жалпы сабақтың
барысын бақылауда ұстайды.
Оқушының
іс-әрекеті:
1.Топқа бөлінеді,топ
басшыларын анықтайды.
2.Мәтінмен жұмыс
жасап,постер қорғайды.
3.Жұптық жұмыс,өзара
бағалау.
4.Диолог әдісімен
өздерінің пікірін білдіру,бағалайды,оны негіздейді,ұсыныс
жасайды.
5.Жеке
жұмыс,өзін-өзі бағалайды
6.Оқулық,қосымша
мәлімет жинау,неге деген ашық сұрақтарға ойланып жауап
береді,сурет
салады.
7.Қиын тапсырмаларды
орындау, дәптермен жұмыс.
8.Кері байланыс
парағын толтырады.
1.Ынтымақтастық
атмосферасын құру.
2.Сабаққа
дайындықтарын сұрау
3.Топқа бөлу:
химиялық лабороториялық суреттер
арқылы
Ұйымдастыру: Оқу құралдарын дайындау,
оқушылардың сабаққа қатысын
тексеру.
Психологиялық ахуал
туғызу.
Үйгетапсырманы
тексеру: Өтілген тақырыпты еске түсіру.
Лездемелік сұрақтар беру
Тақырыпты
ашу(білу)
|
Сөзжұмбақты
шешу.
-
-
1.Өзім газбын,менімен
демаласың,
Жоқ болсам,ауа жетпей
қиналасың.(оттек)
2.Печте жанамын,шоқ боламын.
(көмір)
3.Машина мен трактордың
жаны,қара металлургияның жаны.(темір)
4.Аспандағы айды осы
элементтпен теңестіреді,
Салмақты адамды мақтауды да
келістіреді.(күміс)
5.Өзі ауыр металға
жатады,
Балалар осы металл құйған
сақамен атады.(қорғасын)
6.Бірінші сөзім көп сөзінің
антонимі,екінші буыным тілсіз жау.
Ал,өзім химиялық
элементпін.(азот)
7.Ең жеңіл элемент
саналады,периодтық жүйе осыдан бастау
алады.(сутек)
8.Осы затпен ескі үйді
аластайды,түсіне қарасаң алтынға
ұқсайды.(күкірт)
Көміртек туралы өлең
шумақтары:
Қала бар "Периодтық жүйе"
деген
Тұрады халқы шексіз көп
элементтер
Қаланың бір көрікті көшесі
бар,
Аталады бұл қөше
«Бейметалдар»
Сол көшеде тұрады бір
ақсақал
Оның аты -Көміртек -Үзын
сақал.
«Үзын сақал» атаудың себебі
бар
Ұзақ жолды жүріпті бұл
ақсақал.
Сол қалаға көшпес бұрын
жүріпті екен,
Аралап талай-талай елді
мекен
Қостанай мен Шығысты,Балқаш
пенен Шымкентті.
Барып келді Ақтауға,
Бір күнде ел-мекенді
аралап,
Кез елді бір қалаға не
ғажап!
Сол қаланың бір көркем
көшесінде,
Ол жайғасты 6-шы
пәтерінде.
Танысты ақсақал
бәріменен,
Күкірт,азот,
фосформен.
Сүреді Көміртек ата өз
өмірін
Сол қалада ең жақын
достарымен.
Мағынаны
тану(түсіну) Топтық
жұмыс
1топ.Көміртктің ПЖ орны, атом
құрылысы,ашылу тарихы.
2топ.Көміртектің
физикалық,химиялық қасиеттері
3топ.Көміртектіңбиологиялық
маңызы,табиғатта айналымы
4топ.Көміртектің
қолданылуы,Қазақстандағы кен орындары
Топтық
жұмыс(қолдану)
1топ.Көлемі 1,12 л.көміртек
(ІІ) оксиді .жану үшін (қ.ж.) неше литр оттек қажет болатынын
есептеңдер.
2топ.Көміртек (ІІ) және
(ІV)оксидтерінің (қ.ж.) ауамен салыстырғандағы тығыздығын
есептеңдер.Берілген газдардың қайсысы ауадан жеңіл,қайсысы ауыр
екенін дәлелдеңдер.
3топ.Массасы 185,52 г. көмірді
жаққанда (қ.ж.) 336 л. көміртек (ІV)оксиді түзілген.Көмірдің осы
үлгісіндегі көміртектің массалық үлесін (%)
табыңдар
4топ.Тақырыптағы теңдеуді
пайдаланып, массасы 1 кг көміртек жанғанда қанша жылу бөлінетінін
есептеңдер.
Сергіту
сәті: Оқушыларға жаттығу
жасату
Жұптық
жұмыс(талдау) Салыстыру арқылы күнделікті
өмірде кездесетін көміртектің пайдасы мен зияны туралы ойланады,
жүйелейді, пікірлерін айтады.
Жинақтау: «Туған өлке байлықтары»
Креативті ойлау және шығармашылықпен
жұмыс.
Жалпы оқушыларға
беріледі.Экологиялық бағытта суретке қарап ойларын
жазу.
Бағалау: Ойланып шешім
қабылдайды,ізденеді.Сынып жұмысына қарай оқушылар өз-өздерін
бағалайды.
Бекіту:
Тест жұмыстарын орындау.
Бір-бірін тексеріп, бағалайды. Жұптық жұмыс
болады.
Кері
байланыс:Оқушылардан бүгінгі өтілген
тақырып бойынша
не түсінгендігін стикер тарату
арқылы білемін.
Үйге
тапсырма: Көміртек және оның қасиеттері.
Қысқаша түсінік беріледі.Дәптермен жұмыс.Есептер жинағындағы тиісті
есептерді шығару.