400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

КОМПЬЮТЕРЛІК ОЙЫНДАРДЫҢ ЖАСӨСПІРІМ ПСИХИКАСЫНА ӘСЕРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
КОМПЬЮТЕРЛІК ОЙЫНДАРДЫҢ ЖАСӨСПІРІМ ПСИХИКАСЫНА ӘСЕРІ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Математика, информатика секциясы

Информатика

КОМПЬЮТЕРЛІК ОЙЫНДАРДЫҢ ЖАСӨСПІРІМ ПСИХИКАСЫНА ӘСЕРІ

Молдагазиева Зере 8 сынып оқушысы,

Сарқан ауданы Екіаша орта мектебі КММ

Жетекшісі: А.Ж.Сабикенова


Гипотеза: Жасөспірім психикасына әсер ететін компьютерлік ойындардан жастарды қорғауға үлес қосу.

Зерттеудің мақсаты: Компьютерлік ойындардың жасөспірім психикасы мен денсаулығына тигізетін әсерлерін зерттеп, ашып көрсету.

Зерттеу әдістері:

1.Зерттеу мәселесі бойынша ғылыми-зерттеуші ғалымдардың еңбектерін зерделеп талдау.

2.Бақылау, сауалнамалар жүргізу, сараптама, әңгіме жүргізу.

3.Тәжірибелік жұмыстардың мәліметтерін сандық жағынан сараптап қорытындылау.

Күтілетін нәтиже: Зерттеу жұмысымыз арқылы компьютерлік ойындардағы мейірімсіздіктің алдын алу, әлеуметтік-кәсіби өнімдердің бала тәртібіне, тәрбиесіне, мінез-құлқына әсер етуін анықтау, кері әсерін зерттеп осы қауымға жеткізу.

Зерттеу бөлімі: Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы мемлекетінде жас балалар мен жасөспірімдер арасында компьютерлік ойындарға деген қызығушылық саны артуда. Компьютер адамзаттың өркениет жолымен дамуына ықпал ететін басты құралдардың бірі екені даусыз. Қай салада болмасын компьютер кеңінен қолданылып, адамдар тіпті онсыз өмір сүруін елестете алмайтындай дәрежеге жетті. Бұл баяндамада бүгінгі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар дамыған заманымыздың басты талабы болып отырған компьютердің, әсіресе компьютерлік ойындардың жасөспірім психологиясының бұзылуына және денсаулығына кері әсер ететіндігі жайлы мәселелер баяндалады. Мектептегі оқушылардың компьютерлік ойындарды ойнау дәрежесін анықтау мақсатында сауалнамалар жүргізілді. Зерттеу жұмысының экспериментіне оқушылар белсене қатысты. Сауалнама қорытындысы жасалып, зерттелді.

Қорытынды: Жасөспірімдер компьютерлік ойындардың құрбаны болып кетпес үшін, оларды кітапханаға немесе спорт залдарына, әртүрлі үйірмелерге қатыстырғанымыз дұрыс болады деп ойлаймын. Жасөспірімдер ата-аналарының бақылауында болып, ұстаздар тарапынан жаңа технологиялардың пайдасы қанша көп болса да, зияны да соншалықты көп екенін әрқашан түсіндіре отыру керек. Сонда ғана ел ертеңін ойлайтын мықты азаматтарымыздың қатары көбейетіні сөзсіз.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1. Компьютерге таңылған ұрпақтың денсаулығы құлдырап барады // «Алтын орда» газеті, 28 қазан 2001 жыл.

2. П.Е.Гальперин / Методы обучения и умственное развитие ребенка. - М, 1985. – 350с.

3. Компьютер баланың қасы ма, досы ма? «Ана тілі» газеті, 1 шілде 2011 жыл.

4. О.С Саңғылбаев «Мектептегі психология» М., 2000.- 145 б

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
791
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі