Конспект Әдеп-дәстүр

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Конспект Әдеп-дәстүр

Материал туралы қысқаша түсінік
кітапханашыларға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Әдеп – дәстүр

Әдеп – қоғамдағы адамдар мінез – құлқына қойылатын этикалық талаптардың жиынтық атауы. Әдептің қоғамдағы басты қызметі тұлғалық қатынастарды адамгершілік талаптарына сәйкес ретке келтірумен байланысты. Әдеп мәдениеттің іргелі бір құрамдас бөлігіне жатады. Мәдениеттің қалыптасу барысында ізгі мінез – құлық белгілері әдептілік талаптарына айналып отырған. Әдеп өлшемдері арнаулы қаулы арқылы жарияланбайды және олар данышпан адамдардың ойлап тапқан құндылықтары емес. Әдеп ережелері өркениет пен мәдениеттен сұрыпталып алынған. Мәдениеттің өзегін салт – дәстүр, әдеп құрастырады. Дәстүрлі қоғамдағы әдептің қарапайым түрін имандылық қағидалары алмастырды. Қазақ халқының ұлттық әдеп жүйесі сонау көшпенділер мәдениетінін нәр алады. Ол қазіргі заман талаптарына сәйкес жаңара түскенімен, бастапқы негізін сақтап келеді. Әдептілік – адам бойындағы жағымды қасиет, оның қоғамда қабылданған әдеп талаптарын мінсіз орындауы. Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымда әдепке ерекше мән беріледі. Әбу Наср әл – Фараби еңбегінде әдепті әрбір жеке тұлғаның рухани байлығы деп есептейді. Педагогика ғылымында әдеп - гуманистік әдеп, демократиялық әдеп және діни әдеп болып бөлінеді. Гуманистік әдеп оқу – ағарту жүйесін және жоғары мәдениеттілікті арттыруға негізделген . Демократиялық әдеп - қоғамның рухани дамуы мен экономикалық жетілуінің басты мәселесі ретінде шешуші рол атқарады. Діни әдеп - гуманистік және демократиялық әдепті жүзеге асырудың бір тірегі болып табылады. Дәстүр - белгілі бір ұлттың немесе халықтың ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын, тарихи қалыптасқан, олардың әлеуметтік ортасында ұзақ уақыт бойы сақталып отырған әлеуметтік – мәдени құндылықтар жиынтығы. Дәстүр өз ішіне қоғамды басқару жүйесін , әлеуметтік қарым - қатынас пішімдерін, шаруашылық жүргізу тәсілін, әлеуметтік мұра нысандарын , оларды ұрпақтан - ұрпаққа қалдыру үрдістері мен тәсілдерін қамтиды. Белгілі бір қоғамдық тәртіптер, мінез – құлық нормалары, құндылықтар, идеялар, салт – жоралғылар дәстүр ретінде қаралады. Қазақ халқы да дәстүрге бай халық. Ұлтымыздың тамаша дәстүрлеріне үлкенді сыйлау, қонақжайлылық, қайырымдылық, бауырмалдық, балажандылық, төзімділік жатады. Қазақ халқының ұлттық дәстүрлерін басқа жұрт өкілдері де әділ бағалаған. Қазақтардың басқа Азия халықтарына қарағанда қайырымдылық, адамды аяу, қарттарға құрмет көрсету , баланы аялап, жанындай жақсы көруі – айырықша қасиеті. Дәстүр кең мағыналы ұғым . Қазақтың ою – өрнек, сәулет, ән – күй өнерінде де тамаша дәстүр сабақтастығы сақталған. Түркі тектес халықтардың ішінде поэзиялық қабілеті жағынан қазақ халқы бірінші орын алады. Қазақ халқында ақындық творчество аса дамыған. Жастарды ұлттық рұхта тәрбиелеуде дәстүрдің орны ерекше. Дәстүрлі қоғам – саяси, әлеуметтік және мәдени дамуы дәстүрлі құндылықтарға , салт – санаға, ата – баба мұраларына негізделетіндігімен ерекшеленетін әлеуметтік орта. Ұрпақтар сабақтастығы, олардың арасында қарама – қарсы себеп – салдарлардың болмауы, сан ғасырлық мәдени құндылықтарды ардақ тұтып, рухани – имандылық қасиеттерді қастерлеу, дәстүрлі қоғамның жағымды қырлары болып табылады. Дәстүрлі қоғам қазіргі жаһандану жағдайында, әмбебап құндылықтардың, техника мен технологиялардың өрәстеп, қанат жаюына орай өзінің томаға тұйықтығын жоғалта бастады. Ұзақ жылға созылған отарлық езгі барысында қазақтардың дәстүрлі қоғамына тән өзіндік болмысын жоюға бағытталған қыруар әкімшілік шараларға қарамастан, халқымыз өзінің әлеуметтік мәдени құндылықтарының негізін сақтап қала алды. 20 ғасырдың соңында дербес мемлекеттігін қайта орнатқан халқымыз қазіргі заманғы әлемдік өркениет үрдістерін өзінің дәстүрлі мәдениетімен ұштастырып, әлемдегі қауымдастыққа өзіндік бітім – болмысымен біріге бастады.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
521
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі