Кітап оқудың
пайдасы
Кітап
оқудың пайдасы зор екендігінде сөз жоқ. Жақсы кітапты оқу арқылы
адамның білім көкжиегі кеңейеді, сақтау қабілетін арттырады,
ақылдырақ болады.
Кітап оқу арқылы
адамның сөздік қоры көбейіп, ойлау қабілетін арттырып, өз
пікірін еркін жеткізе алады. Мысалы бір классиктің шығармасын
оқысаң-ақ болды, бұрын екі сөздің басын құрамайтын адам, өз
ойын жеткізе алатындай дәрежеге жететініне күмән жоқ.
Сондай-ақ
оқу логикалық ойлауды дамытады. Оқығаныңды іштей талдасаң, адам
психологиясын жетік түсіне бастайсың.Көңіл-күйің болмаса да кітап
оқу бір сәт жабырқаудан арылтады, тіпті уақытша болса да уайымыңды
басады.Кітап оқудың тағы бір пайдасы адам ағзасының қартаймауына
септігі бар екен «Егде адамдар үшін кітап оқу пайдалы екендігіне
бірнеше себеп бар. Біріншіден, оқылған сөзді санада бейнеге
айналдыру қабілеті когнитивті қызметке жақсы әсер етеді. Екіншіден,
оқу ойын жинақтауға көмектеседі. Сондықтан оқудың қартайғанда
да белсенді ақыл-ойды сақтап қалуға пайдасы бар екен».Сонымен
келтірілген дәлелдер арқылы, сіздерді кітапты ең жақын досы етеді
деп үміттенемін. Жақсы жазатын қаламгердің шығармасы оқылып қана
қалмайды, одан қалса, сізді жақсы сөйлеуге үйретеді.Кітап оқыған
жандар теледидар көретіндердің төбесінен қарап отырмақ.Кітапты көп
оқыған сайын соғұрлым еліктеу де азая түседі.Тиыннан теңге
құралғандай оқылған әр кітаптан білім жиналады.Ми үшін кітап оқу -
бұл да денеге жасалған физикалық жаттығу секілді.Кітаптарға сену
керек! Олардан артық жақынды таппассың. Ғаламдық мəдениеттің
бір бөлігін кітап құрайды. Кітап оқу-білімге ұмтылысты, дүниетанымды
кеңейтуді, адамның өзін тануын білдіреді. Күнделікті өмірде кітап
оқитын кісі мен оқымайтын кісінің айырмашылығын тез байқауға
болады. Кітап оқитын адам ақыл-парасат, таным, білім, елмен
қарым-қатынас, тіл байлығы, сыпайылығы мен мəдениеттілігі секілді
бірсыпыра ізгі қасиеттерімен ерекшеленіп тұрады.Өмірде кітап оқудың
адамға берері көп. Шындап келгенде, əр кітап бір-бір тəжірибелі
ұстазға, ақыл қалтаға ұқсайды. Басқалардың қанша жылғы
білген-түйген нəрселерін, ізденісін біз сол кісінің жазған кітабын
оқу арқылы-ақ үйрене аламыз. Демек, кітап оқу өмірде қателеспеу
үшін басқалардың тəжірибесімен танысу дегенді де білдіреді. Кітап –
адамға таптырмайтын пайдалы дос. Ол жай уақытта ешкімнің мазасын
алмайтын, қажет кезде үнемі қасыңнан табылатын, кез келген сəтте
кеңес беруге əзір, ақылына ақы сұрамайтын, жан сарайымызды
серпілтіп, көңілге түрлі шабыт сыйлайтын, үнсіз тұрғанмен оқысаң
өзінің сырлы əлеміне ертіп ала жөнелетін, дұрыс жолды көрсететін
жанашыр əрі адамды жалықтырмайтын серік деуге болады. Кітап оқу –
білімділікке баулиды. Ал білімсіздік– адамның опа бермес дұшпаны.
Көп қателік білімсіздіктен туатыны даусыз. Білімді адамға өмірде
қашанда жол ашық болады. Ел де білімді адамды құрметтейді. Өйткені
білімді адам əрқашан елге пайдасын тигізеді. Оны маңайына жарық
түсірген шамға ұқсатуға болады. «Кітап – көзі жұмыққа арзан, көзі
ашыққа маржан». Күнделікті өмірде үзбей кітап оқуды əдетке
айналдыра білу керек. Айталық, жол жүргенде, аялдамада немесе
қоғамдық көлікте отырғанда, жұмыста, үйде т.б. қол қалт еткен кез
келген сəтте өзіңмен бірге ала жүріп газет, журнал, кітап ашып
оқып, сол уақыттарды да ұтымды пайдаланудың берері көп. Өркениетті
елдерде халық бұл əдетті бойға жақсы сіңіре білген. Ғалымдардың
айтуынша, кітап оқығанда, «Оқығанды көңілге ықыласпен тоқып» (Ы.
Алтынсарин) сол кітаптың нəрін сарқып алуға тырысу керек. Қажет
болса, кітаптың өзіне ең түсінікті жерінен бастау да сөкеттікке
жатпайды. Кітап оқу барысында іштей мынадай сұрақтарға жауап
іздеген жөн: «Кітаптың атауына ішкі мазмұны сай ма?», «Автордың
ізденісі, баяндау мəнері қандай?», «Қай тұстары ерекше көңілге
қонымды?», «Кітап қанша тарауға бөлінген?», «Жалпы алғанда мен
өзіме не түйдім?» т.б. Бұл қолға алған кітапқа толық көңіл бөліп,
мазмұнын жақсы есте сақтауға көмектеседі. Адамгершілігін арттыру,
шын мəнінде оқыған азамат, зиялы мұсылман болу жолында кітаптың
берері мол. Тарихта əлі күнге есімі ел есінде келе жатқан
тұлғалардың бəрі де жастай ерінбей-жалықпай
оқуды өздеріне əдет
еткендер. Айталық, «Артық ғылым кітапта ерінбей оқып-көруге» деген
Абай атамыз жас кезінен қаладан ауылға қатынаған адамдардан
қоржын-қоржын кітаптар алып оқуды өзіне əдет еткен. Абай
атамыз оқыған кітаптар арасында батыстың да, шығыстың да ең озық
əдебиеттері болғаны белгілі. Бүкіл пəлсапалық еңбектері Ислами
дүниетанымға негізделгенін ескерсек, əрі аятхадистерден мол
хабардар болғанына қарасақ, əлемдік классикалық еңбектермен қатар
Абай атамыздың əсіресе рухани азық боларлық дүниелерге көбірек
көңіл бөлгенін аңғару қиын емес.Шəкəрім де кезінде Ыстамбұл
кітапханаларына дейін барып, сарыла кітап іздегенін білеміз. Артына
30 томдық мол мұра қалдырған Мəшһүр Жүсіп бабамыз да жасынан
зейінді, өте көп оқыған жан болған. «Ағаштың жемісі бұтақта болса,
сөздің жемісі кітапта». Осы орайда, бұрынғы дана, ойшылдармен
сырлас, мұңдас болып, солармен əңгімелесіп, пікір алмасуға бүгінгі
күні де жол ашық. Ол – сол кісілердің еңбектерін оқуда жатыр.
Л.Н.Толстой бұл туралы «Жақсы кітап ақылды адамның əңгімесімен
бірдей», – деген. Кітап оқудың ағзаға қандай пайдасы бар? Кітап оқу
өмірді 2 жылға ұзартады Кітап оқығанда ми жасушалары арасындағы
байланыс күшейеді. Бұл өз кезегінде нейродегенеративті аурулардың
пайда болуын тежейді. Кітап оқу есте сақтау қабілетін жақсартып,
депрессиямен күресудің жақсы әдісі болып табылады.
Көптеген адамдар жатар алдында планшет пен телефонды қолданады.
Олардан шығатын көк түсті жарық ағзадағы мелатонин (ұйқы гормоны)
гормонының шығу қабілеттін әлсіретеді. Ал кітап оқу жатар алдында
ұйқы шақырады екен.
Ғылыми зерттеулер кітап оқудың қоғамдық қабілеттерді
жоғарылататынын көрсеткен. Кітапты көп оқыған адамдарға басқалармен
тіл табысу, қиын жағдайлардан шығу, тіпті сүйген адамын
түсіну де жеңілірек.
Үлкендермен бір дастархан басында отырғанда кітап оқудың
пайдалы екенін көп айтады.
Біріншіден, кітапты көп оқыған адамның ми қыртысы күрделеніп ұзақ
жасайды.
Екіншіден, адамның тіл байлығы артады. Осы орайда атам қазақ «Кітап
білім қазығы, адамзаттың азығы» деп бекер айтпаған.
Үшіншіден, біздің би-шешендеріміз дала мектебінен өткен. Түрлі дау
-дамайларда бағын сынаған және сол дауларға әділ төрелік еткен.
Және кітап оқып оның қатарына көз жүгіртіп отырған сайын ол көзге
жаттығу болады екен.
Орта есеппен алғанда, адам минутына 200-250 сөз, яғни 2 бет оқып
шығады екен. Ал
әлемдегі адамдардың 5 пайызы өте баяу оқитындықтан олар минутына
180-220 сөзді ғана оқып үлгереді.
Бір қызығы, асықпай оқу барысында адам кітапта жазылған дүниенің 60
пайызын ғана қабылдай алады екен. Жылдам оқығанда, керісінше,
туындының 80 пайызын түсінуге мүмкіндік туады. Жылдамдыққа сай
ақпарат тез қабылданып, тез сіңетін көрінеді. Ойымды қорыта келе,
баршаға айтарым, гаджеттерді қоя тұрып, бір мезгіл кітап оқыңыздар.
Ол өздеріңізге пайдалы.Көркем мәнермен сөйлейміз десек, кітап оқып,
«артық білім-кітапта» екендігіне үгіт жүргізейік.