Б. Мәтінмен танысу
Ұлттық саяси жүйені құру
үрдісі 1990 жылы Қазақ Республикасының егемендігі туралы
декларациясынан басталады. Тәуелсіз Қазақстанның бірінші
Конституциясы1993 жылы қабылданды. Бұл тәуелсіз Қазақстан
тарихында болған ең жарқын оқиғаның бірі еді.
Конституция
құрылымы. Қазақстан
Республикасының тұңғыш
Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданды.
Ол 4 бөлімнен, 21 тараудан
тұрды.
1993 жылғы
Конституцияның мәні мен маңызы. Конституция Қазақстанның
егемендігінің құқықтық субъектілігін көрсетті, осыған байланысты
Қазақстанды әлемдік қауымдастық саяси және заңды түрде мойындады
және халықаралық қатынастарға жеке тәуелсіз ел ретінде қатысуға
мүмкіндік берді. Ел тарихында бірінші рет билік бөлінісі мен адам
құқықтары жөніндегі концепция қабылданды. 1993 жылғы
Конституция өзінің маңыздылығы жағынан мемлекеттің өркениетті
дамуына негіз салды, адам құқығы мен бостандығын қорғауға кепіл
болды. Оны қабылдауымен әлемдік қауымдастық
жаңадемократиялықмемлекет – Қазақстан Республикасын
қолдады.
Кеңестік құқықтар мен міндеттер
концепциясы 1993 жылғы Конституцияда қайталанды да,
нарықтық реформаға апарар жолда кедергіге кездесті.Парламенттіңөзі
бір палаталы болып, оның аты кеңестік терминмен Жоғарғы Кеңес деп
аталды. Жалпы алғанда 1993 жылғы Конституция Кеңестік
Конституциядан құтылу мүмкіндігі болды, бірақ оны жасаған уақытта
кеңестік Конституцияның методологиялық, заңи, идеологиялық
қағидалары негізге алынды.
1995 жылғы Конституция
құрылымы. 1995 жылғы
Конституция 9 бөлімнен, 98 баптан
тұрды.
Мәні: Конституцияның негізіне
адам және оның құқықтары мен еркіндігінің үстемдігі, Қазақстанда
күшті мемлекет құру идеясы алынды. Конституция тарихи жағдайларды,
Қазақстан қоғамының қазіргі бағыттарын, дүниежүзінің алдыңғы
қатарлы елдерінің Конституциялық құрылысының тәжірибесін есепке
алады. Жаңа негізгі Заңда атқарушы, заң шығарушы және сот
биліктерінің функциялары нақты бөлініп
көрсетілген.
Маңызы: 1995 жылғы
Конституцияға сәйкес парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі
Палатадан: Сенат және Мәжілістен тұрды. Парламенттің жоғарғы
палатасы – Сенат бақылау, аймақтық, өкілдік қызметіне арналса,
мәжіліс мемлекет басшысы мен халық арасындағы байланыстырушы
дәнекер болды. Осылайша 90-жылдардың ортасында Қазақстан
тарихында бір палаталы Жоғарғы Кеңестің орнына келген кәсіби
Парламент құрылып, реформаланған мемлекеттік жүйеде атқарушы
биліктің жауапкершілігі мен маңызы артты.Үкімет атқарушы
органдар жүйесінің қызметін өз бетінше жүзеге
асырды.
Тірек сөздер:
Референдум – мемлекеттік маңызы бар
мәселені халықтық дауысқа салу.
Президент – республикалық
елдердегі мемлекет басшысы.
Видео көрсетілім
көрсетіледі
М. Видеоматериалда берілген
ақпарат бойынша 1993 жылғы Конституцияның жағымды және
жағымсыз жақтарын жіктеп, ішінен 2 дұрыс жауапты
таңда.
1993 жылғы
Конституция
Жағымды жағы (+)
1.Бүкіл дүниежүзінде бірінші рет «Қазақстан
халқы» деген әлеуметтік-этникалық түсінік
заңдастырылды.
2.Қазақстан Республикасының саяси жүйесі
түбегейлі өзгерді.
3.Отанымыздың тарихында бірінші рет билік
бөлінісі мен адам құқықтары концепциясы
қабылданды.
4.Конституцияның кемшіліктері
болмады.
Жағымсыз жағы (–)
1.Адам құқықтары мен бостандықтары заңда толық
қарастырылды.
2.Басқару түрі туралы нақты
айтылмады.
3.Еңбек құқығына кепілдік
берілмеді.
4.Жерге жекеменшік алынып
тасталды.
Дескриптор:
1993 жылғы Конституцияның 2 жағымды жағын
көрсетеді
1993 жылғы Конституцияның 2 жағымсыз жағын
көрсетеді
Елімізде құқық бұзушылықтардың орын алу себептері
азаматтардың заңдарды білмеуінен бе, әлде құқықтық мәдениеттің
төмен болуынан ба?
Позиция
(елімізде құқық
бұзушылықтардың орын алу себептері азаматтардың заңдарды білмеуінен
/ елімізде құқық бұзушылықтардың орын алу себептері құқықтық
мәдениеттің төмен болуынан )
Түсіндіру
(себебі.......)
Мысал
(мен мұны мынадай мысал
арқылы дәлелдей аламын....)
Салдар
(айтылған мәселе бойынша
мынандай қорытынды жасаймын....)
Дескрипторлар:
Оқушы бір позицияны
таңдайды
Өз позициясының себебін толық
ашады
Өз позициясына кем дегенде 2 мысал
келтіреді
Өз
позициясына 3 сөйлеммен қорытынды жасайды
|