Материалдар / Көркем шығарманы оқушыға музыкалық білімділік жүйесі арқылы ой – санасына толық . Ашық сабақ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Көркем шығарманы оқушыға музыкалық білімділік жүйесі арқылы ой – санасына толық . Ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсаты: Жаңа сабақты толық меңгерту. Білімділігі: Музыкалық білім,біліктілігін дамыту жүйелі еркін сөйлей білу, оқушының бейімділігін ояту. Тәрбиелігі: Рухани адамгершілігі, өз ісіне сенімі мол,мейірімді, өнерлі заманына сай тұлға етіп тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Ақпан 2019
261
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Сабақтың тақырыбы: Көркем шығарманы оқушыға музыкалық білімділік жүйесі арқылы ой – санасына толық жеткізу.Сабақтың мақсаты: Жаңа сабақты толық меңгерту.Білімділігі: Музыкалық білім,біліктілігін дамыту жүйелі еркін сөйлей білу, оқушының бейімділігін ояту.Тәрбиелігі: Рухани адамгершілігі, өз ісіне сенімі мол,мейірімді, өнерлі заманына сай тұлға етіп тәрбиелеу. Дамытушылығы: Танымдық іс-әрекетін дамыту. Бейімділігін, ізденімпаздығын,еңбексүйгіштігін дамыту.

Сабақтың түрі: Жеке аспапта үйрету сабағы.

Сабақтың әдісі: Айтып түсіндіру,аспапта ойнап көрсету.

Сабаққа қажетті құралдары мен көрнекіліктері: Оқулықтар,нота,плакаттар,буклет.

Сабақтың жоспары: 1. Ұйымдастыру. 2. Үй тапсырмасын тексеру. 3. Жаңа сабақ: а) теориялық б)практикалық 4. Сабақты қорытындылау. 5. Үйге тапсырма беру. 6. Бағалау.

Сабақтың жүрісі:

1.ҰйымдастыруКабинетті ашық сабаққа дайындау. Оқушының оқу құралдарын тексеру,журналға белгілеу. Оқушының аспаптағы отырысын, қол қойылымын тексеру.2. Үй тапсырмасын тексеру.Оқушыдан өткен сабақта не берілгенін сұрау,дайындалуға қандай қиындықтар кездескенін сұрап отыру. 1.Г. Пёрсел. Ария - соңғы 2 жолын жаттау. 2. Д.Шостакович. Шарманка - шықпай тұрған жерлерді бөлек жаттау. Үйге берілген тапсырмалардың ішінен оқушыға түсініксіз тұстары болса, ауызша айтып та, аспапта ойнап көрсетемін. 3. Жана сабақ. Көркем шығарманы оқушының музыкалық білім жүйесі арқылы ой – санасына толық жеткізу. Музыкалық білім жүйесі арқылы шығармалармен жұмыстану – бұл орындау әдістері мен шығарманың мазмұндық мағынасын аша отырып,музыканы мәнерлеп орындаудың әр түрлі тәсілдерін үйрету, аспапта орындаудың әдіс амалдары арқылы көркем образдардың сырын ашу. Оқу әдістемелік құралдарды пайдалана отырып белгілі бір мақсатқа жету. Өз бетінше жұмыс жасай біліп, кез – келген қиыншылықты жеңуге ұмтылу. Ауыз әдебиеті – сан жылдар бойы ұрпақтан- ұрпаққа ауызша жетіп, кейін жазбаша дамыды. Музыкалық білім жүйесі де солай көру, есте сақтау, есту, қабілеті арқылы атадан – балаға жетіп, кейін нота сауаттылығы дамыды, оқу арқылы музыка сауатын үйрене бастаған. Жаңа сабағымызға байланысты қазақтың халық әні «Қызыл құмда ауылым» әнінен үзінді қараймыз. Алдымен жалпылама халық әндері жайлы қысқаша мағлұмат бере кетейін. Данышпан Абай атамыз айтқандай: Туғанда дүние есігін ашады өлең, Өлеңмен жер қойнына кірер денең, деген жолдарында әннің өмірдегі орнын нақ суреттейді. Ән – қазақ өмірінің айнасы. Халық өзінің қуанышын да, қайғысын да, мұңын да әнмен жеткізіп, айнымас серік еткен. Қазақтың халық әні – деп өзі аты да айтып тұрғандай ерте заманнан ауыздан ауызға тарап келе жатқан ауылдың алты ауызына айналған әндерді – халық әндері деп атаймыз. Ертеде жазу – сызу болмаған заманда, өнер деген тұншығып жатқан емес. Бірінің айтқан өлең – сөзін бірі жаттап үйреніп, одан келесі адам..., солай жалғасып тарала бергендіктен, халық әні болып атанып кеткен Белгілі бір авторы болмай бізге халық әні атауымен жеткен әндер халық мұрасында өте көп. Айта кететін болсақ: «Ақжайнақ», «Сәулем-ай», «Бір бала», «Қамажай», «Ақбақай», «Ақдариға». Міне осылардың ішінде бүгінгі біздің өтетін шығармамыз қазақтың халық әні «Қызыл құмда ауылым» әніне тоқталайық. Алдымен оқушыға мына жайтты ескертемін бүгінгі сабағымызда біз ойнайтын шығарманы толық емес тек әннің үзіндісі - 8 тактіні алып отырмыз. Енді сол 8 тактіні талдайтын болсақ шығарма қай тональдікте, өлшемі қандай қандай нота ұзақтықтары бар екенін сұрап анализ жасаймын. Таспадан тыңдату немесе аспапта ойнап көрсетемін. Оқушының нотаны бірден оқып ойнатуына көңіл аудару керек.4. Сөзжұмбақ шешу: 1.Саусақтардың орналасу тәртібі.2. 7- ші дыбыс.3. Үш дыбыс үндестігі.4. Екі немесе оданда көп орындаушы.5. Интервал атауы.

5.Қорытындылау. Оқушыдан жаңа сабақты қалай түсінгендігіне анализ жасау. Қызыл құмда ауылым - өлшемі, кілт белгісі, саналуы т.б. Оқушыдан сұрақ – жауап алу.

6.Үйге тапсырма. 1. Ария - тоқтамай бір қалыпты жатқа ойнау. 2. Шарманка - шықпай тұрған жерлерді әлі де бірнеше рет бөлек ойнап жаттау. 3. Қызыл құмда ауылым – 8 тактысын 2 қолмен қосу.

7. Бағалау. Оқушының үй тапсырмасын орындалуына, жаңа сабаққа қатысына байланысты бағалау.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!