Материалдар / Көсемшенің жасалу жолдары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Көсемшенің жасалу жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсаты көсемше жайында түсінік беру. Көру, есту, ойлау, есте сақтау қабілеттерінің жетілуіне ықпал жасау. Өз тілін құрметтей білуге ықпал етуіне тәрбиелеу. Көсемшенің жіктелу үлгісі арқылы сабақты түсіндіру. Жекеш,көпше түрлері арқылы жұмыс жасатылған. Сонымен қатар оқулықтағы жаттығулармен және дәптермен жұмыстары да жүргізілген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Маусым 2018
1585
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

СЫНЫП: 6 « » ӨТІЛЕТІН КҮНІ: САБАҚ РЕТІ:

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Көсемше..

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: Көсемшенің жайында түсінік беру.

1. БІЛІМДІЛІК: Көсемшенің түрлену жолдарын меңгерту.

2. ДАМЫТУШЫЛЫҚ: көру, есту, ойлау, есте сақтау қабілеттерінің жетілуіне ықпал жасау.

3. ТӘРБИЕЛІК: өз тілін құрметтей білуге ықпал ету.

САБАҚ ТҮРІ: жаңа сабақ.

ӘДІС –ТӘСІЛДЕРІ: түсіндіру , көрсету, талдау.

КӨРНЕКІЛІГІ: оқулық, грамматикалық кестелер.

САБАҚ БАРЫСЫ:

САБАҚ КЕЗЕҢДЕРІ:

ЖҰМЫС МАЗМҰНЫ:


I . ҰЙЫМДАСТЫРУ

КЕЗЕҢІ:


II. ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН

СҰРАУ:




III. ЖАҢА САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫН, МАҚСАТЫН ХАБАРЛАУ :











































Жаттығу жұмыстарын орындау:













































ІV. САБАҚТЫ ҚОРЫТЫНДЫ-

ЛАУ:




V. ҮЙГЕ ТАПСЫРМА

БЕРУ:


VІ.ОҚУШЫЛАР-

ДЫ БАҒАЛАУ:


  1. Оқушылармен амандасу:

  • Сәлеметсіңдер ме, балалар!

  • Отырыңдар.

  1. Кезекшімен сөйлесу әрекеті.

Үйге: өткенді қайталау.

Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Көсемше.

Сабақтың мақсаты: Көсемшенің түрленуі жайында түсінік алу..

Мұғалімнің жаңа сабақты түсіндіруі:

Көсемше – дегеніміз негізгі қимыл, амалды білдіретін, кейде сол қимыл, амалды айқындап тұратын етістіктің түрі.

Көсемше де есімше сияқты екі түрлі мәнде, екі түрлі қызметте жұмсалады.

    1. Көсемше бірде тікелей жіктеліп немесе күрделі етістіктің негізгі етістік сыңары болып, нақты қимылды білдіріп, үстеу қызметінде қолданылса;

    2. енді бірде қимылдың амалын білдіріп, үстеу қызметінде қолданылады.

Сондықтан көсемше де етістіктің ерекше бір түрі болып табылады. Мысалы: қалаға барамын немесе оқып отыр дегенде көсемше қимылдың өзін білдіріп тұрса, дауыстап оқыды, үйге сөйлей кірді дегенде дауыстап, сөйлей тәрізді көсемшелер оқу және кіру қимылдарының амалын (қалай болғандарын) білдіріп тұр.

Көсемше мына жұрнақтар арқылы жасалады:

  1. -а, -е, -й: айта, бере, ойлай;

  2. -ып, -іп, -п: айтып, беріп, ойлап;

  3. -ғалы, -гелі, -қалы, -келі түрі жіктелмейді.

Көсемшенің жіктелу үлгісі

Жекеше

І ж.

ІІ ж.

с.т

ІІІ ж.

мен жазамын

сен жазасың

сіз жазасыз

ол жазады

сөйлеймін

сөйлейсің

сөйлейсіз

сөйлейді

барыппын

барыпсың

барыпысыз

барыпты

Көпше





І ж.

ІІ ж.


с.т


ІІІ ж.

біз жазамыз

сендер жазасыңдар

сіздер жазасыздар

олар жазады


сөйлейміз

сөйлейсіңдер


сөйлейсіздер


сөйлейді

барыппыз

барыпсыңдар


барыпсыздар

барыпты

ІІІ жақта көсемшеге –ды, -ді, -ты, -ті жіктік жалғауы жалғанады.

Берілген көсемшелерді жекеше, көпше түрде жіктеңдер.

Көріп. Оқып. Біле. Сұрай. Айта.

Үлгі: жекеше: көпше:

І ж. көріппін І ж. көріппіз

ІІ ж. көріпсің ІІ ж. көріпсіңдер

с.т көріпсіз с.т көріпсіздер

ІІІ ж. көріпті ІІІ ж. көріпті

Тақтамен жұмыс:

254-жаттығу: Көсемшелерді көмекші етістіктермен тіркестіріп, күрделі етістік жасаңдар.

Үлгі: жүгіре жөнелді, жүгіріп келеді, жүгіргелі тұр, айтып барады, айтқалы келеді, тауып алды, күрескелі жүр, қарап қалмады, санай береді, алып көрді, көргелі барды.

Дәптермен жұмыс:

255 –жаттығу: Мақалдардан көсемше тұлғалы етістіктерді тауып, олардың қандай жұрнақтар арқылы жасалып тұрғанын айтыңдар.

Ақылсыз адам айқайлай келеді,

Жан-жағын жайпай келеді.

Ақылды адам жай-жай келеді,

Жан-жағын байқай келеді.


Сыпайы киімді киіп тоздырады,

Сараң киімді жиып тоздырады.


Адамды өмір үйретеді.

Үйренбесе, күйретеді.


Жолға шықпай тұрып, жолдасыңды сайла.


Сыпайы сызып айтады.

Шешен қызып айтады.

Шорқақ үзіп айтады.

Жаман бұзып айтады.


Үлгі: айқалай келеді – көсемше, күрделі етістік, айқайла-негізгі етістік, -й –көсемшенің жұрнағы, жайпай келеді –көсемше, күрделі етістік, жайпа-негізгі етістік,–көсемшенің жұрнағы, байқай келеді - көсемше, күрделі етістік, байқа-негізгі етістік,–көсемшенің жұрнағы, киіп тоздырады- көсемше, күрделі етістік, ки-негізгі етістік, -іп –көсемшенің жұрнағы, тоздыр-көмекші етістік, - а- көсем. жұрн.,-ды-ІІІ ж. жікт. жалғ., күйретеді - көсемше, дара етістік, күйрет – негізгі етістік, - е – көсемш. жұрн., - ді - ІІІ ж. жікт. жалғ., тұрып- көсемше, дара етістік, тұр – негізгі етістік, - ып– көсемш. жұрн.


Бекіту:

Сұрақ –жауап:

  1. Біз бүгін сабақта нені білдік?

  2. Көсемше дегеніміз етістіктің қандай түрі екен?

  3. Көсемше қандай жұрнақтар арқылы жасалады?


Үйге:130 – беттегі, 265 – жаттығу, ереже оқу.


Сабаққа жақсы, белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау, бағалау.









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!