Материалдар / Көсемшенің жасалу түрлері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Көсемшенің жасалу түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспар оқыту қазақ тілінде 6-сынып оқушыларына арналған. Көсемшенің жасалуы мен түрлері жайында түсінік беру. Сабақтың мақсаты көсемшенің жасалуын меңгерту және түрлерін ажырата білуге үйрету, оқушылардың жүйелі ойлауларын жетілдіру және ауызекі сөйлеу тілдерінің дамуына ықпал жасау. Сабақ кестелер арқылы түсіндіріледі. Қазақ тілі мұғалімдеріне көмегі тиеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Маусым 2018
783
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

СЫНЫП: 6 « » ӨТІЛЕТІН КҮНІ: САБАҚ РЕТІ:

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ. Көсемшенің жасалуы мен түрлері.

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: Көсемшенің жасалуы мен түрлері жайында түсінік беру.

1. БІЛІМДІЛІК: Көсемшенің жасалуын меңгерту және түрлерін ажырата білуге үйрету.

2. ДАМЫТУШЫЛЫҚ: оқушылардың жүйелі ойлауларын жетілдіру, ауызекі сөйлеу тілдерінің дамуына ықпал жасау.

3. ТӘРБИЕЛІК: ұйымшылдыққа, тәртіптілікке шақыру.

САБАҚ ТҮРІ: аралас сабақ.

ӘДІС –ТӘСІЛДЕРІ: түсіндіру жолымен ой қозғау, талдау.

КӨРНЕКІЛІГІ: оқулық, таратпа қағаздар, грамматикалық кестелер, тірек-сызбалар.

САБАҚ БАРЫСЫ:

САБАҚ КЕЗЕҢДЕРІ:

ЖҰМЫС МАЗМҰНЫ:


I . ҰЙЫМДАСТЫРУ

КЕЗЕҢІ:






II. ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН

СҰРАУ:


III. ЖАҢА САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫН, МАҚСАТЫН ХАБАРЛАУ :













































* КҮРДЕЛІ ТАПСЫРМА:



































ІV. САБАҚТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ:



V. ҮЙГЕ ТАПСЫРМА

БЕРУ:


VІ. ОҚУШЫЛАР-

ДЫ БАҒАЛАУ:

Оқушылармен амандасу:

  • Сәлеметсіңдер ме, балалар!

  • Отырыңдар.

Кезекшімен сөйлесу әрекеті:

  1. Сыныптағы оқушыларды түгендеу.

  2. Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеріп шығу.

  3. Үйге берілген тапсырманы сұрау.

Үйге: 130 – беттегі, 265 – жаттығуды орындау, ереже оқу.

  • Көсемше дегеніміз не екен?

  • Көсемше қандай жұрнақтар арқылы жасалады?

Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Көсемшенің жасалуы мен түрлері.

Сабақтың мақсаты:Көсемшенің жасалуын меңгеру және түрлерін ажырата білуге үйрену.

Мұғалімнің жаңа сабақты түсіндіруі:

Көсемше етістік түбірлеріне (негізгі және туынды) немесе етіс, болымсыз етістік тұлғаларына мына жұрнақтар жалғану арқылы жасалады:

    1. а, -е, -й жұрнақтары арқылы ауыспалы осы шақ көсемше жасалады. Дауыссыз дыбысқы біткен сөздерге жуан буыннан кейін – а, жіңішке буыннан кейін – е, дауысты дыбысқа біткен етістікке –й жұрнағы жалғанады: жаза- а, күл-е, айт-а, сөйле-й, қара-й т.б.

    2. ып, -іп, - п жұрнағы арқылы өткен шақ көсемше жасалады. Дауыссыз дыбыстарға біткен етістіктерге жуан буыннан кейін –ып, жіңішке буыннан кейін -іп, дауысты дыбысқа біткен етістікке –п жұрнағы жалғанады: жазып, күліп, айтып, сөйлеп, қарап т.б.

    3. ғалы, -гелі, қалы, -келі жұрнағы арқылы көсемшенің үшінші түрі жасалады. Дауысты, үнді, ұяң дауыссыз дыбыстарға біткен етістіктерге жуан буыннан кейін –ғалы, жіңішке буыннан кейін –гелі жалғанады да, қатаң дыбыстарға біткен етістіктерге жуан буыннан кейін –қалы, жіңішке буыннан кейін –келі жалғанады: жазғалы, бергелі, қарағалы, сөйлегелі, айтқалы, кеткелі т.б.

-а, -е, -й және –ып, -іп, -п тұлғалы көсемшелер жіктеледі де, -ғалы, -гелі, -қалы, -келі тұлғалы көсемшелер жіктелмейді.

Көсемше тұлғасына көптік, септік, тәуелдік жалғаулар жалғанбайды.


Көсемшенің –а, -е, -й түрінің жіктелу үлгісі

Жақ

Жекеше

Көпше

І

ІІ


ІІІ

аламын

аласың

аласыз

алады

кетемін

кетесің

кетесіз

кетеді

сұраймын

сұрайсың

сұрайсыз

сұрайды

аламыз

аласыңдар

аласыздар

алады

кетеміз

кетесіңдер

кетесіздер

кетеді

сұраймыз сұрайсыңдар

сұрайсыздар

сұрайды


Көсемшенің –п, -ып, -іп түрінің жіктелу үлгісі

Жақ

Жекеше

Көпше

І

ІІ



ІІІ

алыппын

алыпсың

алыпсыз


алыпты

кетіппін

кетіпсің

кетіпсіз


кетіпті

сұраппын

сұрапсың

сұрапсыз


сұрапты

алыппыз

алыпсыңдар

алыпсыздар


алыпты

кетіппіз

кетіпсіңдер

кетіпсіздер

кетіпті

сұраппыз

сұрапсыңдар

сұрапсыздар


сұрапты


Дәптермен жұмыс:

257 – жаттығу. 1.Мәтінге ат қойыңдар. Қазақтың ұлттық ат ойындарын атаңдар. 2. Көсемшелерді теріп жазып, тұлғалық талдау жасаңдар.

Үлгі: 1. Мәтіннің тақырыбы: «Бәйге». Қазақ халқының ұлттық ойындары: «Көкпар», «Қыз қуу».

2. желпісіп – көсемше, желпі - негізгі етістік, -с – ортақ етіс жұрнағы, -іп-көсемшенің жұрнағы; көтеріліп қалды – көсемше, көтер - негізгі етістік, -іл-ырықсыз етіс жұрнағы, -іп – көсемше жұрнағы. т.б.

Белес басына шыққанда, жұрт киімдерін желпісіп, бір көтеріліп қалды. Пысық жігіттер той мерекесін өткізудің тәртібін кеңесіп жатты: алдымен бәйгенің аттары жіберіледі. Аттың шабатын межесіАлакөлдің арғы белесіндегі қара жол болады.

  • Ау, қара жолдың осы арадан он бес шақырым екенін білесіңдер ме? Мына ыстықта ат жазым болмай ма? – деп айтқандар болып еді.

  • Шаппай бәйге алайын деп пе едің? Он бес шақырымсыз аттың бауыры жазылмайды, - деп сенгендер киіп кетті. Сақадай іріктелініп жиырма ат шықты. Он бес – он алтыдағы балалар бастарына ақ орамал байлап алып, жүйріктердің басын шұлғытып, жеке топтың қатарына қосылып жатты.


Тақтамен жұмыс:

258-жаттығу. Көсемшелерді тауып, сұрақ қойып, сөйлемде қандай мүшенің қызметін атқарып тұрғанын айтыңдар.

Үлгі: ысып кетеді – қайтеді?, сөйлемде баяндауыштың қызмет атқарып тұр, ашқызбайды – қайтеді?, сөйлемде баяндауыштың қызмет атқарып тұр, амандасып, сөз қатысып қаламыз – қайтеміз?, сөйлемде баяндауыштың қызмет атқарып тұр, қараймын – не істеймін?, сөйлемде баяндауыштың қызмет атқарып тұр, мініп алып, қарап отырамын –не істеймін? сөйлемде баяндауыштың қызмет атқарып тұр, көрінеді – қайтеді?, сөйлемде баяндауыштың қызмет атқарып тұр, келеді – не істейді? сөйлемде баяндауыштың қызмет атқарып тұр, т.б.


Сұрақ –жауап:

  1. Біз бүгін сабақта нені білдік?

  2. Көсемше қалай жіктеледі? Мысал келтіріңдер.

  3. Көсемше сөйлемде қандай мүшенің қызметінде жұмсалады?


Үйге: 132 бет, пысықтауға арналған тапсырмаларды орындау. 133 бет, 259 – жаттығу.


Сабаққа жақсы, белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау, бағалау.








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!