Коуч:Макенова Риза Талгатовна
Коучинг тақырыбы:
Шебер мұғалім – білімді, әрі саналы ұрпаққа негіз
болмақ.
Мақсаты:
Еліміздің ертеңі –
білімді,
саналы ұрпақтың қолында екенін айқындай отырып,
қазіргі кездегі әлемдік өзгерістерге сай білім беру саласында ұстаздардың сабақ барысын-дағы әдіс тәсілдерімен тәжірибе алмасу.
Міндеттері:
-
Ұстаздардың жаңашылдыққа,
ізденімпаздыққа,
үздіксіз білім алып,
инновациялық әдіс-тәсілдерді тәжірибелеріне енгізе отырып,
еңбектенуге деген көзқарастарын қалыптастыру; -
Жаңа қоғамдағы адамгершілік,
патриотизм және ұлттық педагогиканың ұйытқысы ретінде нәтижеге бағытталған білім беру іскерліктерін дамыту;
--Ұстаздардың өз кәсібіне деген ынтасын арттырып,
құлшынысын ояту.
Күтілетін нәтиже:
Мұғалімдер оқушыларға сапалы білім бере отырып,
жетістікке жету жолдарын анықтайды және жолға қояды.
Түрі:
пікір алмасу.
Көрнекілігі:
интерактивті тақта,
слайдтар,
үлестірмелі парақтар.
Коучинг барысы:
Кіріспе.
Біз даналықты үш жолмен үйренеміз:
Ойлану -
ең ізгі жол;
Еліктеу –
ең жеңіл жол;
Тәжірибе жолы –
ең ауыр жол. /
Бенедикт Спиноза/
Стратегия -ұзақ уақытты қамтитын кез келген іс-әрекеттің жалпы жоспары және мақсатқа жету тәсілі.
Педагогикалық стратегия –
білім беру мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу үшін сыныпта қолданылатын жоспарланған,
әрі жүйеленген әдістер мен тәсілдердің жиынтығы.
Дүниеде мұғалімдіктен құрметті мамандық жоқ.
Бұл өте қиын,
күрделі міндет.
Нағыз мұғалім өзі оқытатын пәнді,
соған байланысты ғылым саласын терең білумен сол білімін балаларға дұрыс жеткізумен көзге түсіп ерекшеленеді.
Оқушылардың интеллектуалдық дәрежесінің күннен-күнге артуына байланысты мектепте жұмыс істеу барған сайын күрделеніп келеді.
Қазіргі заман талабына сай білімді,
интеллектуалды,
ғылым мен техникадан,
өнер мен саясаттан хабары бар,
жан-жақты мінезге бай мұғалім жоғары бағаланады.
І.Ұйымдастыру.
Ынтымақтастық тренингі.
«Сіздің нағыз мұғалім екеніңізді білдіретін 5
белгі»
Қатысушы коучерлерді топқа бөлу.
Геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлу,
слайд арқылы әр фигураның өзіндік ерекшелігін білдіру
Квадрат.
Сізде төзімділік,
шыдамдылық,
еңбекқорлық дамыған.
Өз айналаңа адамдарды жинап ұйымдастыру,
реттеу және жүйелеу қабілетіңіз баршылық.
Сізден үздік администра-тор шығады
Шеңбер.Сізде адамгер-шілік жоғары дамыған.
Сіз өз әріптесіңізді тыңдай аласыз және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісе-сіз,басқаның ауыртпалы-ғына жәрдемдесу қа-білетіңіз жоғары қалып-тасқан.
Сізге жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес,
өзіңізді олардан аулақ ұстайсыз.
Сізден үздік психолог шығуы мүмкін.
Үшбұрыш.
Сізге басқарушылық қасиет тән.
Өз көздеген мақсатыңызға қол жеткізуге барлық мүм-кіншілігіңізді жасайсыз.
Өзіңе сенімдісіз және жеңіске,
жетістіктерге,
ұтыстарға оңай қол жеткізесіз.
Айтқаныңыз-дан шықпайсыз,
абыройлысыз.Сіз қоғам-да,
өмірде жоғары жетістіктерге қол жет-кізесіз,
жұмысыңызда жоғарыға көтерілуге бейімділігіңіз бар.
II.
Постер қорғау.
Әр топқа тапсырмалар бөлінеді және сол тапсырмалар бойынша постер қорғайды. I
топ.
«Қазіргі кездегі білім берудегі мәселелер».
Мақсаты:
Білім сапасын жетілдіру үшін мұғалімдердің заманауи оқытудағы әдістері мен дағдыларын инновациялық-педагогикалық және сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыру. II
топ.
«Білім берудегі қиындықтар,
оны шешу жолдары».
Мақсаты:
Өз тәжірибесіндегі қиындықтарды анықтай отырып,
мұғалімдердің таным-ізденушілік қабілеттерін дамыту,
кәсібилік пен шеберлікті арттыру. III
топ.
«Мінсіз мұғалім ».
Мақсаты:
Мұғалімнің кәсіби біліктілігін көтеру,
өз ісінің шебері болу үшін алдағы мақсаттарын жаңаша көзқараспен айқындау.
ІІІ.Ұстаздардың сезіміне психологиялық бақылау.
Үлестірмелі суреттер салынған парақтар әр топқа таратылады және ұстаздар сол суреттерге қарап,
суретті сөйлету керек.
1-тапсырма.
Ақ қағазға сызылған төртбұрыш ішінде қара нүкте орналасқан.
2-тапсырма.
Оның болашағы да соншалықты жарқын шуағын төккен күн астына әр ұлттың балалары қол ұстасып тұрғаны бейнеленген<