Материалдар / Коучинг-тренинг жоспары: Оқытуда сын тұрғысынан ойлауды пайдалану
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Коучинг-тренинг жоспары: Оқытуда сын тұрғысынан ойлауды пайдалану

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәжірибе алмасу, мұғалімдердің кәсіби дамуын жетілдіру. Мұғалімдерге 21 ғасырда сын тұрғысынан ойлаудың маңызы мен өзектілігі туралы тұжырым жасауға ықпал ету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Маусым 2018
1431
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қостанай облысы, Қарасу ауданы, «Ключевой орта мектебі» ММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, екінші негізгі деңгей, мектеп тренері, жоғары санатты мұғалімі Карбузова Мейрамкуль Туяковна

Коучинг-тренинг сабақ жоспары

Тақырып:

1-сабақ: Сын тұрғысынан ойлаудың мәні.

2-сабақ: Оқытуда сын тұрғысынан ойлауды пайдалану

Апта

11-күн

Күні

Коуч-тренер

Өткізілетін орны

мақсаты

Мұғалімдер 21 ғасырда сын тұрғысынан ойлаудың маңызы мен өзектілігі туралы тұжырым жасайды.



нәтижесі

Мұғалімдер өз сабақтарында сын тұрғысынан ойлауды дамытудың тәсілдерін әзірлейді.


Түйінді идея

Сын тұрғысынан ойлау бақылау, тәжірибе, толғану және пайымдау нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну, бағалау, талдау және синтездеуде қолданылатын әдіс болып табылады, сонымен қатар ол әрекет жасауға негіз,түрткі болуға да мүмкін.


Оқыту барысы

1-сабақ

9.00-10.30

Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық ахуалды туғызу. 5минут.

Зейінді шоғырландыруға арналған жатттығу.

"Құлақ-мұрын" жаттығуы. Шарты: Сол қолыңызбен мұрыныңыздың ұшын ұстаңыз, ал оң қолыңызбен қарсы құлағыңыздан ұстаңыз. Бір уақытта қолды түсіріп, шапалақ ұру. Қолыңызды ауыстырып қайталау.


Топқа біріктіру. 3минут. «Мозаика» әдісі.

(саяхат пен көліктер суретін біріктіру, А4 қағазына жабыстыру) - 4 топ 6 адамнан.


Кіріспе. Ой шақыру: 12 минут "Кинометафора" әдісі.

Визуалды және ауызша көрсеткіштерді талдау.

Ресурстар: Көзбен көретін айғақтар негізінде сын тұрғысынан ойлау (саяхат пен көліктердің суреттері).

Көрген фильм не жайында, ортада талқылау, тақырыпты анықтау.


Негізгі бөлім.

Мағынаны тану. 20 минут

1 жаттығу - Шағын топтардағы қатысушылар іріктелген фотосуреттер мен суреттерді қарастырып, талқылайды. Тарихи немесе географиялық санаттардың тақырыптары бар үлкен қағаз парақтары əзірленеді жəне суреттер əр параққа сəйкес сұрыпталады.

Суреттегі көліктерді, саяхатты түрлеріне қарай арқылы жүйелеу.

  • Миға шабуыл (Мозаика суреттері бойынша әр топ сұрақтарды топтастырады, басқа топқа ұсынады. Әр топ сұрақтардың түрлерін анықтап, зерттеу үшін тиімдісін анықтайды). 20 минут

. Сергіту сәті. 3минут

Бағалау кезеңі. 7минут 3*2*1

Рефлексия. 10 минут «Сыр сандық» стратегиясы.

  1. Бүгінгі тақырыптан есте қалған он сөзді жазу.

  2. Осы аталған сөздердің ішінен өзіңе ұнаған үшеуін белгілеп, үшеуіне толығырақ мәлімет беру не жазу.

Үзіліс. Сергіту сәті. релаксия


2-сабақ

11.00-12.30

Оқытуда сын тұрғысынан ойлауды пайдалану



Ұйымдастыру. 5минут «Ортақ тілек» шарты: шеңбер құрып, әр мұғалім ортаға қолын қойып тілегін айтады, соңында қолдарын жоғары көтеріп, осындай тілектермен бүгін бір шаңырақ астында жұмыс жасайтын боламыз.

Кіріспе. Ой шақыру: 12 минут "Кинометафора" әдісі.

Визуалды және ауызша көрсеткіштерді талдау.

Ресурстар: Көзбен көретін айғақтар негізінде сын тұрғысынан ойлау (саяхат пен көліктердің суреттері).

Көрген фильм не жайында, ортада талқылау, тақырыпты анықтау.

Топқа біріктіру. 3минут. «Мозайка» әдісі.

(саяхат пен көліктер суретін біріктіру, А4 қағазына жабыстыру) - 4 топ 6 адамнан.

  • Саяхат тобы өз суреттеріне байланысты 10 етістік, көліктер тобы 10 сын есім шапшаң 1минуттың ішінде жазып шығу.


Салыстыру, жинақтау және қолдану кезеңі.


2-жаттығу: САЛЫСТЫРУ ЖӘНЕ ЖИНАҚТАУ. 15 минут

1-4 -топ. Эйлердің шеңбері арқылы. Салыстыру, ортақ ұқсастық.

1-тапсырма: Көзге көрінетін және ауызша айғақтардың артықшылығы мен шектеулерін салыстырыңыз. Тақтаға ұшақ және жеңіл көлік суретін ілу.




ұшақ

Жеңіл көлік


Артықшылығы

Ортақ ұқсастығы

Шектеулер

Суреттер




Естелік








Қазақстан жеріне саяхат

Шетелге саяхат


Артықшылығы

Ортақ ұқсастығы

Шектеулер

Суреттер




Естелік





2-тапсырма: 18 минут.

Көліктің ескі түрлерін пайдаланып, ескі заманның адамдары қалай өмір сүргендерін елестетіп көріңіз. Сіздің қазіргі өмір туралы біліміңіздің арқасында қандай өзгерістер болуы мүмкін? [кестені құрған кезде «кейін» жəне «қазір» сөздерін пайдаланыңыз].

(Ескі және жаңа қазіргі заман көлігі суреті беріледі)

1-2-топ: қазіргі буын пайдалаланатын көліктер

3-4--топ: ата-бабаларымыз қолданған көлік түрлері

Өзгерістерді анықтау.

Бағалау. 5 минут


Бағалау критерийлері Бағалау шкаласы: 0 – төмен, 0,5 – 1.


топтар

Тақырыптың ашылуы

Ойдың жүйелілігі

Постердің безендірі-луі

Өзіндік жаңа идея қорытынды


Топтың қатысуы

1-топ






2-топ






3-топ






4-топ












Сергіту сәті «Жүрдек поезд» ойыны. 2 минут. Әнмен мұғалімдерді артына тізбектеп алып шапшаң 1-2 шеңбер айналып, әр аялдамаға топтарды тастап отыру. Тізбекті үзіп алмау керек.

3-тапсырма: 15 минут.

Бүкіл топқа таныстырылым жасау. «Веер» әдісі.

Әр топ іріктелген суреттер мен дәйексөздерді пайдалана отырып, топ мүшелеріне тапқан ақпараттары, таныстырылымды дайындау үдерісі мен жұмыс барысында кездескен қиындықтар туралы және осы шарадан не үйренгендері туралы сұрақтар қояды.

Веердің бір жағына кездескен қиындықтар, екінші жағына не үйренгендері жайында жазып, топта оқып бөліседі.

- жаттығу: 15 минут. Жинақтау және қолдану. Болжау стратегиясы. «Конверт-сұрақ» әдісі арқылы жүргізу.

1-тапсырмада берілген сұрақтарға қиял-ғажайып сұрақтар ұйымдастыру. Бұл «Егер...не болады?» деген сияқты «болжамдық» сұрақтар немесе болашақта саяхаттар мен көліктің қалай дамитыны туралы сұрақтар болуы мүмкін. Бұндай сұрақтар мұғалімдердің елестету көмегімен себептер мен салдарлар туралы түсінігін жақсартуға мүмкіндік береді.

Топта сұраққа барлық мүшелері жауапты жазып, оқиды.

1-топ: Егер ауада саяхат жасау ойлап шығарылса, сіздің кім болғыңыз келеді?

2-топ: Менің өмірімде немесе алдағы 100 жыл ішінде не өзгерер еді?

3-топ:Егер ұшақ әр адамның жеке көлігі болса, не болар еді?

4-топ:Егер Жерде мұнай қоры таусылса, не болар еді?

Топтың бағалауы. 5минут +- дұрыс-бұрыс.






Сабақтан кейінгі рефлексия

10 минут


Рефлексия.

«Адам бейнесі» арқылы . Қатысушылар «Адам бейнесінің»аяғына-нені білемін,қолына-нені үйрендім,басына-нені тәжірибемде қолданамын деген тәсілмен рефлексия жасайды.









Қосымша

Рефлексия

5 мин «Тау рефлексиясы». Бүгінгі коучинг бойынша мына суреттегі тауды «СТО» деп алсақ, сіздер осы тақырып бойынша өзіңізді таудың қай жеріндемін деп есептейсіздер? Міне, осыған сәйкес, алдарыңызда жатқан стикерлерге коучинг бойынша не түсінгеніңізді, екі сәтті кезеңді, бір ұсынысыңызды жазып, таудың суретіне жабыстырыңыз.

Қатысушы мұғалімдер коучинг бойынша түсінгенін стикерлерге жазады. Коучинг кезінде өздеріне ұнаған 2 сәтті кезеңді, 1 ұсыныс-тілегін жазып, таудың суретіне жабыстырады.



Керек ресурстар: рефлексияға адам суреті , критериялдық бағалау кестесі, веер жасау, ұшақ пен жеңіл көліктің суреті, ескі көліктер мен жаңа көліктердің суреті керек 4 топқа үлестіруге, конвер-сұрақ әзірлеу, Эйлер шеңберін алдын-ала салып дайындау тақтаға

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!