Материалдар / Күлмеңіздер кәріге. жұлдыздар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Күлмеңіздер кәріге. жұлдыздар

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ жоспары жеке тұлға ретінде адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға, интеллектуалдық деңгейі биік, дүние танымы қалыптасқан азамат етіп тәрбиелейді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
844
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

әдебиеттік оқу 2 сын

Мерзімі: 23.01.17

Мұғалім: С. Балабекова

Сабақтың тақырыбы

Күлмеңіздер кәріге. Жұлдыздар

Мақсаты

Мәтін мазмұнын түсініп оқу, халқымыздың әдет-ғұрпына тән үлкенді құрметтеу керектігін мәтін арқылы аша түсуге мүмкіндік жасау

Нәтижесі

Мәтін мазмұнын өмірмен байланыстыра отырып әңгімелейді, үйренеді.

Әдіс-тәсілдер

Диалогтік оқыту, сын тұрғысынан ойлау, оқу үшін бағалау

Әңгіме кестесін толтыру.

1.Әңгіме тақырыбы

2.Авторы

3.Оқиға орны

4.Негізгі кейіпкерлер

5.Негізгі ой

6.Оқиға қалай анықталды?

Дерек көздер

Флипчарттар, ақ парақтар.

Топқа бөлу

қайырмдылық, қамқорлық, жақсылық

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

ынтамақтастық атмосфера

Балалар бір-біріне «сиқырлы таяқшаны» бере отырып, өздерінің игілікті тілектерін айтады:

Мен бәріңе Денсаулық тілеймін!

Мен бәріңе Қуаныш тілеймін!

Мен бәріңе Мейірім тілеймін!

Мен бәріңе шуақты күн тілеймін!

Мен бәріңе көңілді ойын тілеймін! Және т.б.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Білу

(3 мин)

-«Капитан, маяк, cудағы адам, түcкi аc» тренинг.

-Топтық ережені еске түсіру.

(Ой түрткі) 
-Бір үлкен адам және бала 
-Кішірек, бірақ ұзынша зат 
-Суда қалқып тұр сөздері жазылған

Сұрақ: Балалар бұл сөздердің сендердің ойыңызша бүгінгі сабақпен байланысы бар ма? «Серпілген сауал» әдісі арқылы өткен тақырыпты еске түсіру.(Жоғары дәрежелі сұрақ қоюға ағдыландыру)

Қозғалысқа түсіп мұғалім нұсқауымен 4-топқа бірігеді.. 
Оқушы ойланып жауап береді..

Түсіну

(5 мин)

Баласының жақсы қылығын көрген әкенің көңіл күйін жазушы қалай суреттеген?(Әкесі Нодардың қайырымдылығына сүйсініп кетті
Міржақып Дұлатұлы (1885—1935) — қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы. Қазіргі Қостанай облысының Жанкелдин ауданына қарасты «Қызбел» ауылында туып өскен. Әкесі шебер адам, ер тұрман жасап, етік, мәсі тіккен. Шешесі — Дәмеш әнші кісі болған. Әкесі балаларын жастайынан оқуға береді. Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Міржақып анасынан екі жасында, әкесінен он екі жасында айырылып, ағасы Асқардың қолында тәрбиеленеді.

Қайырымдылық сөзінің мағынасын ашу, топтастыру Қайырымдылық - көмекті қажет етушілерге (адам және барлық жандыларға) білдірілетін сүйішпеншілік пен нақты көмек. Қайырымдылық айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін, адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді. 

Оқушылар өз ойларын айтады. Жауаптарына қарай сабақтың мақсатын ашады

Сөзге ассоциация жасап, топтастырды.


 Оқушылар топтарда мәтінді оқып, бірге талқылайды, алдына қойылған сұрақтар төңірегінде ойларын біріктіреді.

Оқушылар екінші тақырыпшаның мәтінін оқып, бірге талдап, қойылған сұрақтарға жауап береді.

Ертегіні рольге бөліп оқиды.

Сергіту сәті

(2 мин)

Ішке тартып ауаны,

Деміңді алшы тереңнен.

Денсаулықтың  жауабы,

Қайталасаң менімен.

Ой сергітеді, шаршағандары

басылады

Қолдану

(15мин)

Оқулықтағы мәтінді оқып, «ойлан-жұптас-бөліс» әдісі бойынша талқылатуды ұйымдастыру. (Абзацтарға бөліп оқытамын)

Топтарға мынадай тапсырмаларды беру: /топта талдау/ 
1 топқа: Көршілерінің сөзін тауып оқы. Келемеж қылуды өз сөзіңмен басқаша қалай айтуға болады айтып берші?(«мнемоника» техникасы) 
2 топқа: «Уәде беру» дегенді қалай түсінесің? (адамды өзінің адал ниетіне салтанатты түрде сендіруі,уәде беруі, куәлік етуі. Қазақ дәстүрінде нан, Құранды ұстап адалдығына ант беру) 
3 топқа: Мәтіннен әкесінің сөзін тауып оқы. (Оқушылардың ішкі сезімдерін білу) 
4 топқа: Мәтіннің негізгі ойы неде? 
«Көршіңді бағала» әдісі арқылы топты бағалау
1-Жарайсын 
2-Маған сенің сабақта жұмыс істегенің ұнады. 
3-Сен әлі де жақсыжұмыс істей аласың.

әр топ тапсырма

ларын орындайды

Талдау

(6мин)

«Жұлдыздар» удмурт халық ертегісімен таныстыру, тақырыптың мағынасын ашу. Удмурт республикасы Ресей федерациясының құрамында. Ұлттық-мемлекеттік құрылым болып табылады, өздерінің конституциясы бар және өздерінің мемлекеттік тілі бекітілген. 
-Оқушылар ертегіні жұпта, топта оқып талдайды. 
- Ойлануға түрткі сұрақтар: Қораптағы сұрақтар-әдісі 
/Ертегі мазмұнына байланысты сұрақтар./

-Қыздың жасы нешеде?,

-Көнетоз деген сөз нені білдіреді?

- Қыздың тұрмысы қандай?

-Тұл жетім деген мағына нені білдіреді?- 
Осы ертегілерді оқығанда қандай сезімде болдыңыз?

Ертегі басында сезім аянышты сосын оған нан бергенде көңіл көтеріледі, ол қарияға бергенде ашығып қалама деп көңіл түседі. Сосын оған алтын теңгелер жауғанда көңілім қайта көтерілді.)

Дәптермен жұмыс. Күннің жадын жазу 
- Ертегіні рөлге бөліп оқиды.

жазушы туралы білгендерін айтады, қосымша мәлімет алады.

Нағыз құзыреттілікті қалыптастырудағы рольдік ойынды тамашалайды.

Жинақтау

(3 мин)

Бүгін біз «Күлмеңіздер кәріге» шығармасымен таныстық.

Нағыз құзыреттілікті қалыптастыруда рольдік ойын әдісін қолдану. Күлмеңіздер кәріге М.Дулатов – рольдік ойын

Зерттеушілік әңгіме: 
Ойлануға түрткі сұрақтар:

-Бұл көріністен не көрдіңіз?

-Балалар кімге күлді?

-Әкесі не деп ескертті?

-Әкенің қандай сөзі балаларға батты, яғни күлулерін қойды.

-Мәтіндегі балалардың қылықтарын үлгі етер ме едің?

-Әдептілікті адам кімнен үйренеді деп ойлайсын? Неге? 

-Осындай жағдай сенің өміріңде орын алды ма?

-Өмірде осындай балалар бар ма, болса сен оларға не дер едіңдер?

- Венн диаграммасы арқылы екі шығарманы салыстыру. 
Күлмеңіздер кәріге жұлдыздар 
Қыз, жас, қайырымды жан , көмек береді, жоқшылық, молшылыққа кенеледі 

Бала, әке

қария, кәрі, күледі, баршылық, мазағын қояды

Екі шығарманың ұқсастығы неде?/ үлкендерді сыйлап, кішіге қамқор болу,әдептілік туралы/ 
-Әңгіме кестесін толтыру. 
Әр топқа бөліп беру І,ІІ-топ—Күлмеңіздер кәріге, ІІІ,ІV-топ –Жұлдыздар мәтіні бой-ша.

1.Әңгіме тақырыбы

2.Авторы

3.Оқиға орны

4.Негізгі кейіпкерлер

5.Негізгі ой

6.Оқиға қалай аяқталды? 

«Автор орындығы» Әр топтан үздік деп танылған шығарма Автор орындығында оқылады. (Әр топтан біреу
- Мақал- мәтелдің жалғасын тап...

*Әдепті бала-арлы бала,

Әдепсіз бала-сорлы бала.

*Әдепті  бала  ата-анасын мақтатар,

Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.

*Әдепті бала- арлы бала,

Әдепсіз бала- сорлы бала. 
*Әдептілік белгісі, 
Иіліп сәлем бергені. 
«Алғыс айту» әдісі. Бүгін сабақта өзіңе ұнаған оқушының іс-әрекетін мақтан тұтып, алғыс айту

Сабағымызды қорытындылай келе: қартайса қарт бабаңды сыйлай біл. Күндердің күні болғанда кімдерде кімнің белі дейсің бүгілмес, деп Бұқар жырау данамыз айтқан екен.

Қайырымдылық бар жерде қатыгездікке жол жоқ. Өзгелер үшін жасалған жақсылық адам жанын нұрландырады, адамдық мәртебесін көтереді. Қайырымды бала қашанда ата-анасының мақтанышы болады.

Рефлексия: ВАК-әдісі
-Көзіммен не көрдім? / топтық жұмыс,автордың орындығы т.б. 
-Құлағыммен не естідім?\ мәтінді оқыдық,жұпта талдау жасадық, сұрақ-жауап, мұғалімнің мадақтауын, т.б. 
Ішкі жан дүниеммен не сезіндім? \ қарияларға деген аянышты сезім, екі баланің қылығына қысылу, өкіну, қызға деген сүйіспеншілік, мақтан тұту т.б. 
«Қайырымдылық менің қолымнан келе ме? 
- Ия, бұл менің қолымнан келеді. 
-Мен тырысамын. 
-Мен бұны жасамаймын. 
(Үлкен плакатқа оң қолының суретін қиып жапсырады. )

Оқушылар топтарда мәтінді оқып, бірге талқылайды, алдына қойылған сұрақтар төңірегінде ойларын біріктіреді.

Оқушылар екінші тақырыпшаның мәтінін оқып, бірге талдап, қойылған сұрақтарға жауап береді.

Ертегіні рольге бөліп оқиды






Оқушылар формативті бағалап отырады (шапалақтау арқылы)


Мақалдың жалғасын табады

Бағалау (2 мин)

Бағалау парақшасы, смайликтер

Үй жұмысы (2мин)

105-107 бет

Рефлексия (2 мин)

Көңіл күйлерің қандай?

Сабақты талдау

Не сәтті өтті


Не сәтсіз өтті


Нені дамыта аласыз? Нені өзгерткіңіз келеді?



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!