15 – сабақ
Күш
бірлікте
Татулық-табылмас
бақыт.
Халық
мақалы
Мақсаты: «Бірлік» ұғымының
адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу және «достық» адамгершілік
құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- бірлік
туралы түінік беру;
- көпшіл
болу іскерліктерін дамыту;
-
бір-біріне көмектесуге, бірлесіп еңбек етуге трбиелеу.
Көрнекі құралдар: Достық
туы, қайық, «Достық аралы» дельфин, өзен, лақ, құмырсқа илеуі, дәу
қара тас, «Таңбалы тас» суреттері.
Шаттық шеңбері
Оқушылар шеңбер құрып тұрады, сәлемдеседі. Мұғалім өз
қалауында байланысты сабақты саяхат түрінде өткізуіне және мынадай
сөздермен бастауына болады:
-
Балалар, сендер білесіңдер ме, мөлдіреген көк теңіздің ортасында
«Достық аралы» бар. Мәңгілік желбіреп тұратын «Достық туын» көруге
елдің түкпір-түкпірінен балалар Аралға барып қайтады. Ондағы
«Таңбалы тасқа» өздерінің тілектерін жазады. Біз де біздің бүгінгі
«Күш бірлікте» атты сабағымызда «Достық аралына» барып қайтайық.
Саяхатымызды әнмен бастайық.
«Елімізді сүйеміз» әні үнтаспадан естіледі, балалар
бірге қосылып айтады.
Елімізді
сүйеміз
Сөзін
жазған Қ.Мырза Әли
Әнін
жазған Д. Ботбаев
Бал-бұл жанған гүл
шағында
Біз Отанның ұланымыз.
Бақытты елдің құшағында
Білім алу ұранымыз
Қайырмасы:
Біз өнерге, ұлы өмірге,
Гүл өмірге иеміз.
Көгімізді, көлімізді,
Елімізді сүйеміз.
Туған жерде
аунап-қунар,
Біз ұланбыз,
өрімдейміз.
Біз ұланбыз еңбекқұмар,
Өнер десе ерінбейміз.
Қайырмасы.
Қуанышты әніміз де,
Біз ұланбыз жоқ арманы.
Біздер әлі бәріміз де
Боламыз ел қаһарманы.
Қайырмасы.
Өзіммен-өзім
Оқушылардың достық қарым-қатынастары мен достық
сезімдерін арттыру мақсатында релаксациялық тәсіл
жүргізіледі.
Теңіз
толқындарының, қарсы ескен самалдың дыбыстары үнтаспадан
естіледі.
-
Балалар, ыңғайланып отырып алыңдар. Өзіміздің қолымызбен
дайындалған қайық үлкен кемеге айналып кеткендей. Біз бәріміз бірге
сол пароходка отырып «Достық аралына» жүзіп барамыз. Табиғи таза
ауамен терең-терең тыныстаймыз. Қоңыр салқын самал бетімізді желпіп
өткендей. Су сыңғырлары, толқын тербелісі бізді ерекше жақсы
сезімге бөлейді. Біз бір-біріміздің қолымыздан қысып, бірге
екендігімізге мақтанып қоямыз. Теңіз ортасына да жеттік. Бізді әрі
қарай «Достық аралына» жеткізуге көмекке дельфин келді. Дельфин
бізді «Достық аралына» жеткізді. Аралда «Достық туы» желбіреп тұр.
Біз дельфинге рақмет айтып, таңбалы тасқа армандап жүрген бір
тілегімізді жаза алатынымызға қуанып тұрмыз. Сол тілекті жазуға
тапсырмаларды бірігіп орындау рқылы жеткендігімізді ойлап,
сыныптастарымызға ризашылығымызды білдіріп, тағы да бір рет
қолдарымызды қысып қоямыз (қатар тұрған баланың). Енді, бәріміз
бұрынғы қалпымызға келейік.
Сергіту сәті
Мұғалім саяхатты әрі қарай жалғастыратынын
айтады.
-
Балалар, міне тапсырманы дұрыс орындау арқылы лақтың да судан
өтуіне көмектестік (мұғалім тақтаға
лақтың өзеннен өткендегі суретін іледі). Енді мөлдіреген көк теңіздің де жағалауына
(суреті тақтаға ілінеді)
жеттік. Теңіз жағалауында бойымызды сергітіп
алайық.
Біз
өнерлі баламыз. (Өзін
көрсетеді.)
Шырқатып
ән саламыз. (Екі қолды жанына
созады.)
Би
билейміз бұралып, (Би қимылын
көрсетеді.)
Доспыз,
тату боламыз. (Барлығы қол
ұстасып,
Жоғары көтереді.)
Мұғалім оқушыларды бірлесе еңбек етуге баулу үшін
ойын-жаттығу ұйымдастырады. Оны сұрақ беру арқылы
бастайды:
-
«Достық аралына» жету үшін бізге не қажет?
Балалардың жауаптары.
- Әрине,
теңізбен жүзіп баратын қайық қажет.
Ойын-жаттығу. «Қайық жасап алайық»
Ойынның шарты: Мұғалімнің
алдында қайық бөліктері (қағаздан жасалған) жатады. Осы бөліктердің
артқы бетіне тапсырма жазылған. Тапсырмаларды орындау арқылы
қайықты құрастыру керек.
Тапсырмалар:
-
Сыныпта қандай жұмыстарды бірлесе атқаруға болады?
- Егер
сыныптағы қыздар екі топқа бөлініп жүрсе, олардың бірге жүруі үшін
сендер қандай әрекеттер жасар едіңдер?
- Айдос
пен Жандосты сыныптас құрбылары араларына қоспайды. Сендер көпшіл
болсаңдар оларды қалай қосар едіңдер? (Тапсырмалар мұғалімнің
қалауына қарай көбейтілуі мүмкін).
Тапсырма орындалып біткен соң қайық бөліктері бір-біріне
жабыстырылады.
Мәтінмен жұмыс
Мұғалім ңыз-әңгімені оқушылардың өздеріне оқытуына
болады. Қарияның өсиетіне назар аударып, оқушылардың сұрақтарға
берілген жауаптары арқылы, олардың да пікірлерін біледі және бірлік
ұғымының мәнін ұғындырады.
Ырыс алды – ынтымақ
Аңыз
Баяғыда
бір ақылды қария болыпты, оның тоғыз ұлы бар екен. Бірақ балалары
әкесінің ақылын тыңдамай, әрқайсысы өз бетінше жүріп, тұрады.
Олардың бұл қылығын былайғы жұрт күлкі етеді.
Үлкені кішісін аямайды,
кішісі үлкеніне ақшия қарайды. Бірлігі жоқ тоғыз баланы әркімдер-ақ
ұрып кете береді, содан әкесі балаларының қылығы туралы терең ойға
шомады. Айласы таусылған шал таудан бір құшақ тобылғы әкеліп,
балаларын түгел шақырып алады. Содан соң:
- Қане,
балаларым, күштеріңді сынап көрейік, мына тобылғыны тобымен
сындырыңдр,-дейді.
Тоғыз ұл
кезектесіп күштерін сынайды. Буылған бір құшақ тобылғыны ешқайсысы
сындыра алмай, әбден шаршайды.
Қария
тобылғының бауын шешіп:
- Енді
бір-бірден сындырып көріңдер,-дейді.
Балалары
тобылғыны сол заматта-ақ шарт-шарт бөліп:
- «Міне,
сындырдық», - деп мақтанысады. Шал балаларын отырғызып қойып,
нұсқалы сөзін бастайды.
- Мен
сендердің келешектеріңді ойлап қапа боламын. Дұшпандарың көп,
ынтымағың жоқ болса, дұшпан сендерді жаңағы жалғыз тал тобылғыдай
бырт-бырт сындырады. Ал буылған тобылғыдай бірлікте болсаңдар,
сендерді ешкім сындырмақ түгіл, майыстыра да алмайды. Менің айтарым
сол, - дейді.
Көп
ұзамай шал дүниеден өтеді. Балалары ақылға келіп, бірлесіп тіршілік
етіп, кем-кетікке көмектесіп, ынтымақты өмір сүреді. «Ырыс алды –
ынтымақ» деген сөз содан қалған екен.
∙ Қария
балаларына бірліктің мәнін қалай ұғындырды?
∙ Бірлік
болмай, тірлік болмас деген мақалды қалай түсінесіңдер?
Мұғалім: «Бірлік болмай, тірлік болмас» - деген халық
мақалын талдау арқылы өзекті ойды нақтылай түсуіне
көмектеседі.
Дәптермен жұмыс
Мұғалім тақтаға үлкен қара тас бейнеленген суретті
іледі.
-
Балалар, алдымызда кездескен үлкен қара тасты бәріміз бірлесіп
жолдың шетіне шығарып тастай аламыз ба? Оны орындау үшін дәптердегі
ребусты бәріміз бірге шешейік. Оқушылардың барлығы өз дәптерлеріне
қарап, дауыстап айтып отырып, ребусты бірге шешеді.
Ребуста жұмыртқа, бала,
көйлек, дәптер, үкі, киім ілгіш суреттері берілген. Шешуі: Жұмыла көтерген жүк
жеңіл.
Ребус
шешілгеннен кейін, дәу қара тас жолдың шетіне шығарылады (тақтадағы
дәу қара тастың суреті тақтаның шетіне қарай
ығыстырылады).
Жүректен жүрекке
Мұғалім сабақты балалардың бірлік туралы бір-біріне
тілек айтуымен аяқтауына болады.