Тақырыбы: Күз ханзадасы мен ханшайымы. Мақсаты: 1) Алтын күз мерекесін өткізу. 2) Күз туралы түсініктерін кеңейту.3) Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.Көрнекілігі: «Күз ханзадасымен ханшайымы» жазуы бар қағаз, әр түрлі суреттер, үнтаспаЖоспары:Жүргізуші: Көк аспаным мөлдіреп,Шуақты көзім елжірепАсыр салып жүретінАйтшы кане балаларБұл қай мезгілдің келгені? Жауабы: Жайдары күз, жарқын күзАяулы күз, алтын күзДәнге толы ен даламДариядай шалқар күзБалалар, бұл Алтын күз!Жүргізуші: Қайырлы күн! Армысыздар құрметті ата - аналар мен балалар. Ел байлығын арттырған берекелі күз айы да келді. Бүгінгі Алтын күз мерекесінде күз ханшайымы мен күз ханзадасын тағайындауымыз қажет. Ендеше, берекелі де мерекелі Алтын күз мерекелеріңіз құтты болсын! Бүгінгі «Күз ханзадасы мен ханшайымы» атты байқауымызға қатысатын үміткерлерді қошеметпен ортамызға шақырамыз.1 - жұп: Саят Әдемі2 - жұп: Әлинұр Малика3 - жұп: Ерасыл Жасмин4 - жұп: Ернар Гүлназ5 - жұп: Исмайыл Ақбота6 - жұп: Дилияр Жансая7 - жұп: К.Ислам АяжанКімдер жүйрік өнерпазды білейікші«Ханзада мен Ханшайым» деп жүрейікшіӘділқазы алқасынан әділдіктіБалаларға сәттілік тілейікші - дей келе сайысымызға әділ бағасын беріп, төрелік жасайтын әділқазы алқасымен таныстырайық. Ендеше бүгінгі кешіміздің бағдарламасымен таныс болыңыздар. Бағдарламамыз 3 кезеңнен тұрады.1 - кезең: «Кел танысайық» (жұптар өздерін таныстырады)2 - кезең: Өнерлі бала – елдің көркі» (әртүрлі жанырда өнер көрсетеді)3 - кезең: «Сұлулық сыры» (жарасымды киім үлгілерін көпшілікке ұсынады) Құрметті көпшілік көрерменім Жақсылыққа әрдайым артқан сенім Ақжол тілеп үкілі үміттерге Таныстыру шартына кезек бердім.Ендеше бірінші шартымыз жұптарымыз өздерін таныстырады.- Әділ қазылар алқасы әр кезен сайын ұпай сандарынызды көрсетіп отырсаңыздар.1 - жұп: Саят Әдемі2 - жұп: Әлинұр Малика3 - жұп: Ерасыл Жасмин4 - жұп: Ернар Гүлназ5 - жұп: Исмайыл Ақбота6 - жұп: Дилияр Жансая7 - жұп: К.Ислам Аяжан«Алтын күз» әні. Хормен оқушылар орындайды.Ал кімнің өнері бар қаншалықты,Би - билеп, ал біреуі ән салыптыБүгінгі сайыста бәйге алуғаСайыскерлер аянбай жан салыпты,- деп «Өнерлі бала – елдің көркі» сайысына кезек беремізАл, ендеше қазылар алқасының ұпай санын көрсек1 - жұп: Саят Әдемі2 - жұп: Әлинұр Малика3 - жұп: Ерасыл Жасмин4 - жұп: Ернар Гүлназ5 - жұп: Исмайыл Ақбота6 - жұп: Дилияр Жансая7 - жұп: К.Ислам АяжанКүз туралы тақпақтарға кезек береміз. Амирулла Аңсар: Алтын, сары, қызыл, көк,Алуан-алуан жапырақ,Күзгі бақта күлімдеп,Көз тартады атырап. Далабаева Аягоз: Астық жеміс жиылды,Қамбамызға құйылды,Ардақты күз мың алғыс,Алдық өнім сыйыңды. Куликеш Кенжалы: Көбейді құт-береке,Астық толы қоймамыз.Құтты болсын мереке,Алтын күзді тойлаймыз.Жумашев Адиль:Күзім-ау, күзім-ау!Мінезің бұзық-ау,Жаңбырың сіркіреп,Келгенің қызық-ау!Бау-бақша тосады,Тосады достарым.Дастархан толған дәм,Жайдары аспаным. «Күзгі жапырақтар» ойыны. 10 оқушы шығып, жапырақ жинап жарысады. Ата-аналарға арналған жұмбақтар: Ақ түсті,Көк түсті,От түсті,Тот түсті-Төрт түсті жер үсті. (Қыс, көктем, жаз, күз)Бұлттар төніп, жерге төгіліп,Дымқыл тұман басады.Шөп сарғайып, өңі тайып,Дала нұры қашады.Ойнай алмай,Денең мұздап тоңады. (Күз )Көк жиекті шай табақта,Алтын алма тербеледі.Кейде бүркер алма жүзін,Ұлпа мақта перделер. (Күн)Түндегі көп шырақты жағып кеткенКім келіп таң алдына алып кеткен? (Жұлдыздар)Топтық жұмыс. Түрлі-түсті қағаздар тарату. Олардан күзгі аппликация құрастыру. Сымбатына сән киім жарасатын,Аспандағы айменен таласатынӨнеріне сай келіп, дайын тұрғанЖұптарымызға қызығып қарасатын«Сұлулық сыры» кезеңі бойынша, сән үлгісін тамашалаңыздар. Бірінші жұпты қошеметпен ортаға шақырайық!Ендеше осы кезең бойынша қазылар алқасы не дейді екен, ұпай сандарыңызды берсеңіздер!1 - жұп: Саят Әдемі2 - жұп: Әлинұр Малика3 - жұп: Ерасыл Жасмин4 - жұп: Ернар Гүлназ5 - жұп: Исмайыл Ақбота6 - жұп: Дилияр Жансая7 - жұп: К.Ислам Аяжан КҮЗГІ ВАЛЬС. Келешекте әрі талай сайыстар бар,Өнерлерің шыңдалсын қалыспаңдарӨнерлілер көбейсін күннен – күнге Өмір күрес әлі талай жарыстырар - дей отырып, «Күз ханзадасымен ханшайымы» байқауының нағыз ханзадасы мен ханшасын жариялау үшін сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.Марапаттау. Қымбатты көрермендер! Жемпаздарымызға биік шыңдарды бағындырып, қонар тұғырлары биіктей берсін дей отырып, кешімізді осымен аяқтаймыз.