Материалдар / ЛӘЙЛІК
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

ЛӘЙЛІК

Материал туралы қысқаша түсінік
Ләйлік құс түрі(Дегелек)
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Құстар класына жалпы сипаттама. Негізгі топтар. Құс шаруашылығының ресурстанудағы орны.


Құстар жер шарындағы кең таралған, ұшуға бейімделген омыртқалы жануарлар. Дүние жүзінде 8600 жуық түрі таралған. Қазақстанда 500 ден астам түрі мекендейді. Дене құрылысына және тіршілік әрекетіне байланысты 3 топқа бөледі:

Қыртөссіздер (безкилевые) немесе жүгіретін құстар. Төс сүйегі жалпақ және оның қыры болмайды. Ұшалмайды бірақ жылдам жүгіреді. Құрлықтағы барлық кездесетін түйеқұстар жатады.(африкалық,америкалық, австралиялық).

Жүзетін құстар ( пингвиндер) – алдыңғы аяқтары ескекке айналған. Төссүйегі жақсы жетілген. Аяқтары қысқа, денесін тік ұстайды.

Қыртөстілер (килевые) ұшатын құстар. Бұған құстардың басым көпшілігі жатады. Қанаттары ұзын, қаңқасы жеңіл.

Ұшатын құстарды тіршілік ететін ортаға байланысты бірнеше топқа бөлінеді.

Сулы батпақты өңірдегі құстар: Оларға тән белгілері: саусақтарының арасында жүзу жарғағы бар. Көпшілігінің тұмсықтары жалпақ (майда тісшілерімен қапталған).

Үйректер, қаздар, дауылпаздар (буревестники), шағалалар (чайки), сұқсырлар (ноганки), бірқазандар (пеликаны), дегелектер ( аисты), қоқиқаздар (фламинго), тырналар (журавли) су жағалауымен батпақты алқаптарда мекендейтін құстар.

2. Орман құстары – денелері шағын, тұмсықтары мықты, үшкір, қанаттары сүйірленген. Тоқылдақтар (дятлы), көкектер (кукушки), тотықұстар (тетерева), жапалақтар (совы) және торғайлардың көпшілігі жатады: (үрпекбас абдырақ, бұлбұл, суықторғай, жаурауық).

3. Ашық далалы алқаптардың құстары. Қанаттары кең, қалықтап ұшуға бейімделген, тұмсықтары қысқа, иіліп келген өткір. Бұлар тазқара (могильник) бүркіт, жұртшы, ақсұңқар, ителгі, құмай, кезқұйрық (коршун)- күндізгі жыртқыш құстар. Тауықтәріздестерге: бөдене (перепел), тотықұстар ( тегарав), кеклик, алтай ұлары, тарғақ, қырғауыл. Дуадақтарға- безгелдек (дрофа), жорғадуадақ (стрегет), кептерлерден –бұлдырықтар, бозторғайлар, ақбауыр, қарабауыр да ашық далаларда жиі кездеседі. Маусымдарға байланысты құстарды 3 топқа бөледі.

1. Жыл құстары-қара торғайлар, тырналар.

2. Көшпелі құстар –помостік үкі, кейбір жыртқыш құстар.

3. Қыстап шығатын құстар – қарғалар, торғайлар, сауысқандар (сороки), кептерлер, шымшықтар.

Қазақстанда 11 отрядқа жататын 56 құстардың түрі Қ.К. енген. Қызғылт және бұйра бірқазан (пеликан) Каспий, Арал теңізде, Балқаш, Алакөл, Зайсан, Марқакөл суларында кездеседі. Қара және ақ дегелек (аист) Қазақстанның оңтүстік өңірінде ғана ұялайды. Сары және кіші құтан, қараша қаз (гусь –сухонас) кіші аққу (лебедь кликун), қоқиқаз (розовый фламинго) дүниежүзілік мәні бар құстар.


Құс шаруашылығы

Асыранды құстарды қолда өсіруді – қ.ш деп атайды. Еті, жұмыртқасы-тағам, қауырсыны (мамығы) тұрмысқа қажетті зат, саңғырығы –саналы тыңайтқыш, ішкі мүшелерінің қалдықтары – үй хайуанаттарға қорек. Асыранды құстардың арғы тегі – жабайы құстар. Олардың 10 астам түрі белгілі.

Тауықтәріздестерден – тауық, күркетауық (индейка),мысыр тауығы (цесорка), тауыс (павлик) және жапон бөденесі.

Үйректәріздестерден – үйрек пен қаз жатады.

Кептертәріздестерден – көгершін.

Кейде құстарды экзотикалық, эстетикалық мақсатпен асырайды. Феникс құсы ( Жапонияда,Қытай) тауыс, көгершін, баққұнақ (канарейка) әсемдік үшін арнайы торда өсіріледі.

Ең алғаш рет қолға үйретілген құс – асыранды қаз – еті үшін өсіріледі. 2,5 – 3 айлық қаздарды союға жібереді. Орташа 3-4 кг ет береді ( Қытай, Кубань, Холмогор, италиялық рейн, үлкен сұр қаз деп аталатын қолтұқымдары көп өсіріледі.

Қ.ш ең көп өсірілетін үй тауығы. Оның жабайы тегі Оңтүстік-Шығыс Азияның өңірінде кездесетін банкив тауығы. ( Үндістанда, Ява, Сумагра, Цейлон аралдары). Денесі шағын, 600 – 800 гр. салмағы бар, ұясын жерге салады, жылына 12 жұмыртқа береді. (яғни кәзіргі үй тауқ. – банкив тауықтары ұзақ жылдар бойы сұрыптау нәтижесі.

Үй хайуанаттар үшін – қолтұқым ұғымы қолданылады. Қ.Т – қолдан сұрыптау нәтижесінде алынған бір түрге жататын үй хайуанаттар тобы. Қ|Т негізгі бағыттары.

Қ. Т негізгі бағыттары:

Жұмыртқалағыш-жылына 220-250 ж береді. (лигорн, микорка, андалуз, орыстың ақ тауығы, орлов, павлов, воронеж).

2. Етке өсірілетін қ.т – балапандары тез өсіп жетіледі. 7-8 аптада – 1,8 - 2 кг салмақ құрайды. Бройлерді өсіруге шығын аз болғандықтан шаруашылыққа тиімді. (Виандот, род айленд, шантеклер, доминикан, дисерсен,корниш.

3. Жұмыртқа мен еті үшін өсіріл қ.қ плимутрок, ақ плимутр. Үй үйректің арғы тегі - жабайы барылдауық үйрек (утка кряква). Бұдан 6-7 мың жыл бұрын Қытайда ол қолға үйретілген, еті жұмсақ, майы аз. Мускусты үйрек-Оңтүстік Америка.

Үй құстарының ең ірісі күркетауық (индейка).Алғаш рет Мексика мен Оңтүстік Америка өңірінде қолға үйретілген, орташа салмағы – 9-12 кг.

Үй құстың бірі цесорка (мысыр тауығы) еті нәзік,дәмді. Батыс, Солтүстік Америкада алғаш рет қолға үйретілген. Қазір Европа елдері, АҚШ, Австралия көптеп өсіреді. Жапонияда үй құсының бірі бөдене (перепел) жұмыртқасы мен еті - шипа. Өте өсімтал.5-6 апталық дара жұмыртқа салады (жылына 250-300 ) Қоразының салмағы - 200 . Аналығының салмағы – 250 г . АҚШ, Италия, Франция, Германия - Фараон деген қ.т өсіріледі.

Қазір көптеп өсірілетін құс - Африка түйеқұс, Қостанай, Алматы облысында, Есік қаласында жеке шаруашылық қожалықтарда өсіріледі.

Сүтқоректілер. Жалпы сипаттама.Ресурстық маңызы. Реттеу мәселелері

Сүтқоректілер жануар дүниесінің жоғары сатыдағы тобын құрайды. Ұрпағын тірі туып,сүтімен асырайтын жылы қанды жануарлар. Жер бетінде 5000 ға жуық түрлері бар. Қазақстанда – 178 түрі таралған, олар 8 отрядқа жіктеледі. 40 түр 1996 ж Қ.К. енген.

Басқа жануарлармен салыстырғанда түрлі орташа тіршілік етуге бейімделген. Сондықтан бірнеше экологиялық топтарға бөлінеді.

1. Құрлықта мекендейтін

2.Жер бетінде

3.Суда тіршілік ететін

4.Ұшатын сүтқоректілер

Cүтқоректілер адам үшін маңызы ерекше. Үй хайуанаттар көбісі – сүтқоректілер. Олардың жүні, терісі, еті, мүйіздері, үлбірі қымбат бағаланады.

1.Бунақденеқоректілер отряды:

Ертеден келе жатқан сүтқоректілер миы нашар дамыған.Дене температурасы тұрақты емес көзі нашар иіс сезу жақсы. Кірпілер (ежик), жұпартышқан (выхухаль), жертесерлер (земперойки), көртышқандар.

2.Кемірушілер отряды – күрек тістері жақсы жетілген сүтқоректілер жатады. Жер бетінде 2500 жуық түрі бар. Қазақстанда – 80 түрі оның 8 қ.к. енген.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!