Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1- бөлім: Жүгіру, сегіру, лақтыру техникасын жетілдіру I-тоқсан
Күні: Мектеп:
Сыныбы: 9 Мұғалімнің аты-жөні:
Сабақтың тақырыбы: Лақтыруды жетілдіруге арналған жаттығулар құрастыру.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу
мақсаттары (оқу бағдарламасына
сілтеме)
9.1.1.1 Үлкен ауқымдағы арнайы спорттық қимыл әрекеттерінің дәлдігін бақылауды
және үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалысты салыстыру.
Бағалау критерийлері лақтыру барысында, лақтыру дағдысын дамытып жатқандығын орындап
көрсетеді;
физикалық жаттығулардың денсаулыққа тигізетін әсерін бағалай білетіндігін
көрсетеді;
Тілдік мақсат Оқудың тілдік мақсаты
Оқушылар:
Жеңіл атлетикадағы қозғалыс әрекеттерін, ағазадағы функционалды өзгерістерді
көрсете және талқылай алады қауіпсіздік техникасы, қадамдар, аттау.
Пәндік лексика және терминология
Мыналарды қамтиды:
Лақтыру
Лақтыру мен секіру кезеңдері
Диалогқа арналған пайдалы сөз тіркестері
Талқылауға арналған сұрақтар:
Сіздің ойыңызша бұл жаттығуды орындау қаншалықты жемісті болды?
Лақтырудан кейін қол, иық бұлшық еттерің өзін қалай сезінеді?
Құндылықтарды дамыту • Оқушының төзімділік, жылдамдық, күш, ептілік және икемділік сияқты қозғалыс
дағдыларын дамытады;
• Ұлтжандық, құрмет, командада жұмыс, жауапкершілік пен өзара түсінушілік
қалыптастырады;
• Оқушыларды өмір бойы салауатты өмір салтын ұстануға бағыттай отырып, алынған
дағдыларды қолдануға ынталандырады;
Пән аралық байланыс Биология (лақтыру жаттығуларын орындау барысында дене бұлшық еттерінің әсерін
анықтайды)
Физика (оқушылар өз лақтыру қашықтықтарын есептеп бағалайды)
АКТ қолдану дағдылары
https://www.youtube.com/watch?v=0GalavwdShs
https://www.youtube.com/watch?v=NMm3qkpxoHQ
Бастапқы білім Оқушыларың жеңіл атлетика бойынша білімдері бар және алдыңғы сыныптарада және
оқудан тыс уақытта танысқан жүгіру, секіру, лақтыру дағдыларымен таныс.
САБАҚ БАРЫСЫ
Сабақ кезендері Сабақтағы іс-әрекеттер Құрал-жабдықтар (ресурстар)
Сабақтың басы:
10 минут
Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Спорттық киімдеріне назар
аудару. Қауіпсіздік ережесін таныстыру, қайталау.
Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру. Алдағы жұмыстармен
таныстыру.
- Жүру жаттығуларын орындау;
- Жүгіру жаттығуларын орындау;
- Жылдамдыққа жүгіру;
- Тынысты қалыпқа келтіру жаттығуларын орындау;
Одан кейін шеңбер бойына тұрып ЖДЖ орындайды.
Қимыл-қозалыс ойындарын ойнату.
Бос кеңістік,
түрлі түсті
конустартар.
Үлкен, бос кеңістік әр қызмет
үшін. Ысқырық, секундомер.
Сабақтың ортасы
25 минут
1-тапсырма
Оқушылар жұптарға бөлінеді. Бастапқы қалып (исходное
положение) отырып, аяқтар бөлек, бір -біріне бетпе-бет.
Толтырмалы доп (салмағы 2 кг) бір серіктестің төс маңайында,
алақандар алға қарай, шынтақтар жан-жаққа.
Допты біріне-бірі лақтыру, қолдардың шапшаң түзетілуіне назар
аударылсын. Серіктестер арақашықтығы олардың дайындығына
сәйкес бекітіледі.
2-тапсырма
Оқушыларды бірнеше топқа бөліп допты әр түрлі секторға
лақтыруды ұсыныңыз.
Алысқа екпінмен кіші допты (150 гр.) лақтыру техникасы:
Орында, допсыз көрсету, қолмен лақтыру қимылдарына еліктеу,
дұрыс алақандау мен орнынан лақтыруды үйрену.
5-6 қадамдық екпінді үйрену.
Допты алысқа лақтыру.
3-тапсырма
Дабыл бойынша оқытушы волейбол добын жоғары лақтырады, ал
оқушылар кезек бойынша теннис добымен әуедегі нысанаға
тигізуге тырысады. Әр нысанаға тигізу үшін, ойыншыға ұпай
қосылады.
8-10 талпыныс ішінде ең көп ұпай жинаған ойыншы жеңімпаз
болыа саналады.
Үлкен, бос кеңістік әр қызмет
үшін. Ысқырық, толтырмалы доп
(салмағы 2 кг)
Үлкен, бос кеңістік әр қызмет
үшін. Ысқырық, кіші допты (150
гр.)
Үлкен, бос кеңістік әр қызмет
үшін. Ысқырық, волейбол добы,
теннис добы.
Сабақтың соңы:
5 минут
Құрал-жабдықтарды жинау. Бүгінгі сабақты қорытындылау.
Соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім.
- нені толық түсінбедім.
Ашық сұрақ-жауаптар
Үйге тапсырма Жеңіл атлетика бөліміндегі ҚЕ білу. Лақтыру техникасын игеруді жетілдіру.
Дене қабілеттерін дамыту жаттығуларын орындау.
Саралау-оқушыларға көбірек қолдау
көрсетуді жоспарлайсыз: бір оқушыдан
күтілетін нәтиже, дербес қолдау көрсету,
уақытты ұтымды пайдалануды есепке
ала отырып, сабақтың кез-келген
кезеңінде қолданыла алады.
Жұптық және топтық жаттығуларды,
сонымен қатар қозғалыстың құрамдас
элементтеріне сараптау жүргізу, көрсету,
талқылау және мәлімдеу
Бағалау-оқушылардың сабақ барысында
үйренгенің бағалау үшін қолданылатын әдіс-
тәсілдер арқылы бағалай алады. Мадақтама,
марапаттау
Осы бөлімде оқушылар жеңіл атлетика бойынша
түрлі жаттығулар орындайды, лақтыру әдісін
танып біледі, сонымен қатар өз денсаулықтарын
жаттығулар арқылы бекітеді.
Денсаулық және қауіпсіздік ережелерінің
сақталуы. Денсаулық сақтау әдістері,
сергіту сәттері мен белсенді
іс-әрекет түрлері.
Оқушылар басқа оқушылардың
жаттығуларының реттілігін оқиды және
кері байланыстың құрамдылығын
көрсетеді. Оқушылар секіру қабілеттерін
құрамдас жаттығулардың дамуына
себепкер болатын топтық жұмыстарды
орындау кезінде біріктіріп жібереді.
Сабақ бойынша рефлекия:
1.Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба?
Оқушылар нені үйренді?
2.Оқушылардың барлығы ОМ қол
жеткізді ме?
3. Сабақта саралау дұрыс жүргізілді
ме?
4. Сабақта уақыт кезеңдері сақталды
ма ?
Жалпы оқушыларды бағалау:
Сұраңыз: Лақтыруды орындау кезінде неліктен реттілікті сақтау қажет?
Екпін алып лақтырудын қандай сатыларын білесіңдер?
Оқушы қашан лақтыра алады? (ақ жалаушаны көтергеннен немесе «рұқсат» жауыс белгісінен
кейін)
Біздің ағзаға икемділік не үшін керектігін айта аласыңдар ма?
Сабақтың жақсы екі аспектісі (оқытуға, үйренуге қатысты.)
1. Жеңіл атлетика тарауындағы қауіпсіздік ережесін сақтайды және әдістерді орындай алады.
2. Өзін-өзі шыдамдылыққа, шымырлыққа, ептілікке баулиды.
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту және үйрену)
Сабақты жақсартуға оқушылардың сол сабаққа берген кері байланысы. Сол арқылы оқушылардың қажеттілігіне қарай келесі сабақты
жүйелі жоспарлау.
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістігі (қиындықтары туралы нені
білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?)