Латын әліпбиіне
көшу
Соңғы кезде жаңалықтар
лентасын шулатқан тақырыптың бірі - латын әліпбиіне көшу. Бұл
ұсыныс алғаш 5 жыл бұрын сөз етілгенде, алынбас қамалдай
көрінгені рас. Енді, міне, жаңа әліпбидің бірнеше нұсқасы ұсынылып,
халық арасында кең талқылану
үстінде.
Қазіргі уақытта еліміздің басты проблемасына
айналып отырған ең өзекті тақырыптардың бірі – әліпбиіміздің
өзгеруі, яғни қалыптасқан дәстүрді бұзып, кириллицадан латын әрпіне
көшу. Қазақстан халқы өз тәуелсіздігін жариялағаннан бері бүгінгі
қолданыста жүрген кириллицадан латын әліпбиіне көшу мәселесі
жөнінде пікірлер жиі айтылып
келеді. Осының есебінен басқа тілдерді
үйренуге мүмкіндігіміз артады. Әрбір жаңа тіл – жаңа әлем.
Оның үстіне, латын тілі – жаңа технология тілі, ғаламтор
тілі. Қазіргі таңда қолданыста
жүрген жазу үлгілері аз емес. Солардың ішінде латын әліпбиін дүние
жүзі елдерінің көбісі қолданатын деректерден белгілі. Ал, «латынның
бізге берері не?» дегенде, толып жатқан тиімді тұстарын көрсетуге
болады. Мысалы, «Үш тұғырлы тіл» саясатын жүзеге асыру бағытында ел
бойынша ағылшын тіліне көп назар аударылып келеді. Жасыратыны жоқ,
бүгінгі таңда ағылшын тілін меңгеру дегеніміз – ғаламдық ақпараттар
мен инновациялардың ағынына ілесу дегенді білдіреді. Оған қоса,
ағылшынша білсең – әлемдегі ең үздік, ең беделді жоғары оқу
орындарында білім алуға мүмкіндігің
мол.
Қазіргі таңда қолданыста
жүрген жазу үлгілері аз емес. Солардың ішінде латын әліпбиін дүние
жүзі елдерінің көбісі қолданатыны деректерден
белгілі. 1929-1940 жылдары латын
әліпбиінде жаздық. Сол замандағы ұлы тұлғаларымыздың шығармалары
мен қолжазбаларын келер ұрпақ қиындықсыз оқи алуы керек. Бүгінде
әлемнің әр түкпірінде 5 миллионға жуық қазақ тұрады. Оның 80 пайызы
латын әліпбиін қолданады. Қандастарымызбен жақындасудың маңызы
айтпаса да түсінікті. Әліпби өзгерту төл сөздерімізді жазуда
кеткен олқылықтарды жөнге келтіруге көмектесіп, қазақ
сөздерінің дұрыс айтылуына ықпал етеді. Бүгінде латын әліпбиі сәнге
айналып үлгерді десем, артық айтқандық емес. Әлеуметтік желілерде
латын қаріптерімен жазатын жастар жетіп артылады. Осы уақытқа дейін
ұсынылған әліпбидің бірнеше нұсқасы қазір біршама реттеліп, жөнге
келді. Әлі де қосып-алуды, толықтыруды қажет етеді,
әрине. Латын әліпбиін қолдану- озық техника мен
компьютер тілін меңгеруге жол ашады дегеннен бөлек, мемлекеттік
тілдің қолданылу аясын кеңейтеді, шет елде жүрген қандастарымыздың
осы жазу арқылы қазақ жеріндегі барлық жаңалықтан хабардар қылады
деген де әңгімелер айтылып жүр. Мүмкін, бұл бастама, шынымен,
еліміздің әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ену жолына ашылар есік
болар.
Қорыта келгенде, латын
әліпбиіне көшу- ұлтымыздың санасын бұғаудан босатады, түркі және
жаһандық әлімімен ықпалдасуға, қазақ халқы ертеден қолданған
әліпбиімізге қайтадан оралып, ұлттық санамыздығң қайта жаңғыруына
жол ашады.