Материалдар / Латын әліпбиіне көшу-уақыт талабы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Латын әліпбиіне көшу-уақыт талабы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл доклад жас мамандарға,мұғалімдерге ,студенттерге көп көмегі тиеді деп ойлаймын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Наурыз 2021
333
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«Қостанай қаласы білім бөлімінің физика-математикалық лицейі» КММ













Мұғалім: Сагунбаева Ә.Ш.

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі






Қостанай-2021


Қазақ тілінің латын қарпіне көшуін Елбасы 2008 жылы көтерген болатын. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында 2018 жылдан бастап осы мәселеге кезеңдеп көшу туралы өз пікірін айтқан болатын. Соңғы екі айда қоғамда осы мәселе көп талқыланды. Мысалы, көрші елдердің тарихына жүгінсек. КСРО құрамында болған көршілес Әзірбайжан мен Өзбекстанды мысалға алайық. Осы елдерде латынға көшу мәселесі халықтық талқылауға түспеді. Олар жоғары жақтың тапсырмасымен латын қарпіне көшті. Бұл елдерде қазірдің өзінде аудармаға, әріптерге қатысты кемшіліктер байқалады. Сондықтан да, Елбасының саясаты латынға асықпай, зерделеп көшу болатын. А.Байтұрсынов атындағы тіл институтының ғалымдары елдердің тәжірибесін зерделеп, өзіндік латын әліпбиін Парламент Мәжілісіне ұсынды. Оның тәуірлеуі таңдалып алынып талқыланды. Қоғам да бұл мәселеге қатысты өз пікірлерін айтты. Халық талқылауынан кейін Елбасы екінші рет жұмыс тобын тағайындап, қазақ тілінің төл дыбыстарына қатысты көптеген өзгертулер енгізіп екінші нұсқаны қабылдады. Осыған орай, Елбасы латын қарпіне көшу туралы Жарлыққа қол қойды. Ол 2025 жылға дейін кезеңдеп жүзеге асырылады.

Бірінші кезеңде латын қарпіне көшу бойынша комиссия құрылады. Олардың мақсаты латын қарпін қолдану бойынша әдістемелік құралдарды дайындау. Қазақстан аймақтарын аралап, латын қарпін түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізу. Латын қарпіне көшкеннің алдында мектептің төменгі сыныптарына латынды енгізу қажет. Бірінші-екінші сыныптардағы оқушылар латын қарпімен оқулары тиіс, оған дейін оқулықтар латынға аударылады. Одан бөлек, мектепке қатысты әдебиеттер латынға көшіріледі. Ол белгілі бір уақытты алады. 2023 жылдан бастап барлық мемлекеттік іс-қағаздар міндетті түрде латын қарпіне көшірілуі керек. Демек, 2025 жылдан бастап Қазақстандағы мемлекеттік тіл кириллицадан арылып, латын қарпіне көшеді. Қоғамда да латын қарпіне көшуге қарсылық білдіріп, кереғар пікір айтты. Оларға сын айтуға болмайды. Себебі, әр азаматтың пікірі бар. Осыған дейін Қазақстан өзінің әліпбиін дербес түрде таңдамады. Жоғарыдан, Мәскеуден нұсқау арқылы жасаған болатын. Кирилл әліпбиіне біз де үйреніп қалдық. Кириллицада жазылған миллиондаған шығармалар бар. Олар кирилл әліпбиінде жарияланды. 2025 жыл деген уақыт тез келеді. Ол уақытқа дейін киррил әліпбиі де қатар жүре береді.

Мәселен, Африкада Алжир деген мемлекет бар. Олар бұрындары Францияның коллониясы болды. Оларда қазіргі кезге дейін дейін екі әліпби бар. Бірі өздерінің араб әліпбиі, екіншісі латын әліпбиі. Бүгінде әлемде кирилл әліпбиі 12 елде бар. Оның 8 славян тілдес болса, 4-і түрік, парсы тілдес мемлекеттер болып отыр. Моңғолияда да кирилл әліпбиі, олар да қазір латын қарпіне көшуді қарастырып жатыр. Ал, Тәжікстанда да бұл мәселе көтеріліп жатыр. Олар араб тіліне өткілері келеді. Қазақстін өзінің қандай әліпбиде болатынына толық құқылы. Бұл жерде ешбір саясатты іздеудің керегі жоқ. Латын қарпіне көшу «Рухани жаңғыру» аясында болған өте ауқымды оқиға. Латын қарпіне көшудің басымдығы - түркітілдес халықтарына толыққанды ортақтасу. Орыс тілі үлкен тілдердің бірі болғанымен, ол бәрібір шектеулі. Әлемдік жаңалықтар ағылшын тілінде жазылады. Бұл өскелең ұрпақтың әлемдік тілді меңгеруіне септігін тигізеді.

Тіл мамандарының айтуы бойынша, осы күнге қазақ тіліне енген артық дыбыстар көп. Мәселен, - ю, -я, -ъ, -ь сынды дыбыстар бар. Бұл әріптер латынға көшкенде алынып қалады. Ал, қазақ тілінің төл дыбыстары латынға көшу арқылы сақталады. Тіл реформасындағы мәселе бір реформамен тоқтамайды, әлі де жетілдіреді. Өзгертіледі. Кей мәселелерді тек мемлекет бекітеді. Бұл жүргізіліп жатқан реформалардың дұрыс екенін болашақта тарих көрсетеді. Латын әліпбиіне көшу үрдісін Тіл конституциясы деп айтуға болады. Елбасының елмен, мамандармен талқылап, 26 жыл бойы зерттеп, саралап алып латын енгізуі даналық.

Біз көпұлтты мемлекетпіз, елде шоғырланған славян халықтары да баршылық, сондықтан да кириллді де бірден алып тастауға болмайды. Біз моноел болғанда ғана толық өту үрдісі жүзеге асырылмақ. Ал, ұйғырша, қырғызша, өзбекше білім беретін мектептер әрі қарай жұмыс істей береді. Латын қарпіне көшу тек қазақ тіліне ғана қатысты.

Әсемгүл Сагунбаева.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!