Латын әліпбиіне көшу-заман талабы

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Латын әліпбиіне көшу-заман талабы

Материал туралы қысқаша түсінік
Соңғы кезеңде қазіргі қазақ жазуында қолданылып жүрген әліпбиді латын әріптерімен ауыстыру мәселесі жөнінде жиі сөз бола болуда. Қазіргі таңда латын әліпбиі үлкен беделге ие болып, қолданыс аясы да мүмкіндігі де зор екендігін танытып отыр.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Латын әліпбиіне көшу-заман талабы


Соңғы кезеңде қазіргі қазақ жазуында қолданылып жүрген әліпбиді латын әріптерімен ауыстыру мәселесі жөнінде жиі сөз бола болуда. Қазіргі таңда латын әліпбиі үлкен беделге ие болып, қолданыс аясы да мүмкіндігі де зор екендігін танытып отыр. Елбасы «2050» стратегиясын жариялаған кезде ол кісі 3 мәселені анық айтты. 2025 жылы Қазақстанның халқы түгел латын әліппесіне көшеді деді.

2025 жылы Қазақстан халқы түгел мемлекеттік тілде сөйлейді деді. 2025 жылы Қазақстан Қазақ елі аталады деді. Латын әліпбиіне көшу мәселесі өз тіліміздегі төл сөздерімізді жазуда кеткен олқылықтарды жөнге келтіруге көмектеседі. Қазіргі заман — жазу заманы. Адам жазу арқылы білім алады, жазу арқылы бір-бірімен байланыс жасап, жүрген-тұрғанын, жасаған жұмыстарын да жазып отырады. Осы жазулар бүгінгі ұрпақтың орфоэпия (айталым) заңдылықтарын ұмытып, айтуы да, жазуы да орфография (жазылым) заңдылықтарымен жүруіне итермеледі. Яғни, жазылым (орфография) күшейіп, айтылымға (орфоэпияға) үстемдік ете бастаған кезең, себебі халық оқымаған кезде тіл бұзылмай келсе, жұрт сауаттанған сайын жазу ісі де белең алып, алға шықты. Сонымен бірге сөйлеу әрекеті де жазудың ықпалымен кетіп, айтылым талаптары көп ескеріле бермейтін болды. Жазудың қызметі айтуымызды дәл таңбалау болу керек еді, яғни жазуымыз біздің айтуымызға қызмет етуі керек еді. Ал іс жүзінде жағдай керісінше болып, тілдің негізгі тіршілігі – орфоэпиясының талаптары ұмытыла бастады. Қазақ тіл білімінде қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі тіліміздің айту нормасын сақтап, қазақ тілінің артикуляциялық базасына сай айту мен жазу арасындағы ерекшеліктерге жете назар аударту, әсіресе, ғылыми қауымды алаңдататыны тіл дыбыстарының айтылу нормасы сақталмауы болып отыр

Мемлекет басшысы қазақ тілінің латын графикасына негізделген жаңа әліпби нұсқасын бекітті. Соған сәйкес төл тіліміздегі әліпбиге 32 әріп енгізілді.

Мемлекет басшысы латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиінің жаңа нұсқасын бекітті. Президентке бұған дейін ұсынылған нұсқадағы апострофтар алынып, оның орнына әріптердің үстіне жіңішке сызық қойылатын болды. Осыған сәйкес, Ә, И, Й, Ғ, Ң, Ө, Ү, У әріптерінің жазылуы өзгереді. Мысалы, «ә» әрпі «а»-ның үстіне белгі қою арқылы жазылады. «Ө» «о»-ның, «Ғ» «г»-ның, «Ң» «н»-ның, «Ү» «ұ» әрпінің үстіне сызықша қоюмен белгіленеді. Сондай-ақ, жаңа нұсқаға «С» мен «Ч» әріптерінің диграфтары қосылды.

Мемлекет басшысы бекіткен төл тіліміздегі әліпбидің бұл нұсқасында 32 әріп бар. Қазіргі қолданыстағысымен салыстырғанда біршама аз әрине. Бірақ, барынша ықшамдалған. Апострофтар алынып тасталып, оның орнына акут ұғымы енгізіліп отыр. Яғни алфавиттегі ә, ғ, ң, ү, ұ, у әріптерінің төбесіне арнайы таңба қойылады. Ал Ч және Ш әріптеріне диграфтар қолданылмақ.

Демек, біздің алдымызға үлкен міндеттер қойылып отыр. Сондықтан, латын графикасына көшу деген мәселе тек қана Тіл комитетінің міндеті емес. Бұл іске бүкіл мемлекеттік органдар атсалысуы тиіс деп ойлаймын,-деп атап көрсетті.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.11.2021
288
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі