Материалдар / lesson Study сабағына талдау
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

lesson Study сабағына талдау

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Мамыр 2021
2461
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Lesson Study зерттеу сабағында үлгірмеушіліктің төменгі деггейіндегі

С оқушының 6 кезеңнен тұрған сабақ барысындағы іс – әрекетіне талдау



«Ақпараттық жүйелерді меңгеруде алгоритм құру әдісін қолдану» зеттеу тақырыбы бойынша 7 ә сыныбында информатика пәнінен тізбектелген зерттеу сабағы өтілді. Зерттеу сабағы 6 кезеңнен тұрды. Үлгірмеушіліктің төменгі деңгейіндегі С оқушы ретінде сыныптағы Жарас Бауыржан таңдалып алынды.

Бұл оқушыны бақылаудан бұрын, бақылаушы ретінде ең алдымен сабақта:

  • Не жасай алады?

  • Бұрынгы білімдерін қолдана алама?

  • Сабақ барысындағы өзін ұстауы;

  • Топтық жұмыстағы іс – әрекеті;

  • Өз –өзіне сенмі т.б.

Осы сұрақтар негізінде 1- сабақ бойы С оқушының нақты деңгейін аықтауға тырыстым.

Бақылау барысында С оқушының теориялық білімін практикамен ұштастыруда қиналатындығын, айтайын деген ойын ортаға салуға ұялатындығын яғни, өзін еркін ұстауға, ойын еркін жеткізуге дағыланбағанын компьютерлік вирус пен биологиялық вирустың ортақтығымен айрмашылығын айтқандағы жауабынан байқадым. 1- сабақта түйгенім С оқушының сабаққа үлгірмеудің басты себебі: өзіне – өзі сенімсіздік танытуында.

2- кезең бойынша С оқушыдан төмендегідей нәтиже күтілді:

  • Қарапайым сұрақтарға жауап бере алады(Электронды кесте дегеніміз не? Электондық кестенің негізгі элементері. Т.б);

  • Копьютерде жұмыс істеу алгоритмін біледі(Мs Excel программасын іске қосып, ұяшықтарға мәлімет енгізеді);

  • Топтық жұмыста топ мүшелерімен пікір алмасады;

  • Топтық жұмысты қорғауда өзіне міндет жүктейді;

  • Кері байланыс кезінде өз ойын ортаға салады.

Алдын ала күтілген нәтижеге сүйене отырып бақылау жүргізгенімде С оқушы қарапайм сұрақтарға жауап қайтаруға дағыдыланғанын, егер сұрақ күрделенсе толық жауап қайтаруға қиналатындығын үй жұмысын тексеру тапсырмасынан білдім. Мs Excel программасын іске қоса алды. Бірақ орындалу алгоримін айта алмады. Топтық жұмыста бейтарап болыды. Керісінше кері байланыста оқушы өзіне қызық болған ақпараттар мен құнды ақпаратты және қиын тұстарын нақты көрсетті. 1- сабаққа қарағанда С оқушыда өз ойын білдіруге талпынғанын, сабаққа қызығушылығы оянғанын көруге болады.

3 – кезең. Бұл кезеңдеде бақыламас бұрын, С оқушыдан қандай нәтиже күтемін деген сұрақ негізінде мынандай міндеттер қойдым:

  • Оңайдан күрделікке қарай талпынысы;

  • Топтық жұмыстағы белсенділігі;

  • Практикалық жұмысты өз бетінше орындай алуы;

  • Сабақтағы негізгі ақпаратты анытай алады.

Өтілген сабаты еске түсіру мақсатында «Ақиқат, жалған» әдісі арқылы қойылған сұрақтарға жауап беру барысында берілген пікірлердің ақиқат, жалғандығын анықтай алды, бірақ себебін түсіндіре алмады. Мұғалімнің нұсқауы бойынша өз ойын дәлелдеуге тырысты. Топтық жұмыста өз ойын шамалы болсада ортаға салып отырды. Атап айтсам диаграмма түрлерін қалай таңдау керектігін сыныптастарымен бөлісті. Практикалық тапсырманы толыққанды аяқтамағанымен алдынғы сабаққа қарағанда жұмысқа икемділігін көрсетті. Бірінші және екінші сабақтармен салыстрғанда сабақтағы белсенділігі көрінді. Кері байланыс кезінде 2- сабаққа қарағанда сабақтағы негізгі ақпаратты әлі толық түсінбегенін сездім. Өйткені диаграмманың өмірдегі қолданысына талдау жасай алмады.

4- кезеңдегі тақырыпқа келер болсақ, математика пәнімен тығыз байланыстағы сабақ. Оқушының алгоритмдік ойлау дағыдысын осы сабақта нақты көрініс табады.

Осы пәнаралық байланысты негізге ала отырып, С оқушыдан келесідегідей нәтиже күтілді:

  • Сабақа қызғушылығы;

  • Белсенділігі;

  • Алгоритмдік ойлау дағыдысы;

  • Ториалық білімді практикада қолдана алуы;

  • Алған ақпаратты өмірмен байланыстра алуы.

Алдынғы үш сабаққа қарағанда сабаққа қызығушылық танытқанын үй жұмысын сұрау ретінде берілген «Сұраққа жетіп ал!» әдісі арқылы берілген тапсырмадан көрінді. «Мәліметтер типтері» тақырыбында оқушының бастауыш сыныптан бастап оқып келе жатқан сандарға амал қолдану және 5 – 6 – сыныптардағы математикада алған білімдері негізіндегі нақты және бүтін сандар жиыны туралы мәліметтер берілгендіктен, қарапайым есептерді орындауда қиындық болмады. Деседе, математикалық өрнектерде айнымалылардың типін ажыратуда, орындалу алгоритмін жазуда жаңылысулар болды. Алдынғы үш кезеңмен салыстрғанда оқушының пәнге қызғығушылығы оянды.

5 – кезең. Информатика курысы бойынша қиын тақырыптардың бірі- ол программалау тілдері. 5- кезеңдегі сабақ тақырыбы «Сызықтық алгоритмді программалау». Осы тақырып оқушылардың алгоритмдік ойлауын, алгоритмдік ойлау дағыдысының қандай деңгейде екенін айқын көруге болатын тақырыптар.

Өйткені оқушы программа құрудан бұрын алдымен есептің берілісіне, одан кейін орындалу қадамына, содан соң нәтиже алуды көздейді. Міне осы алгоритмге сүйене отырып, С оқушы мына нәтижеге қол жеткізе алады деп жоспарланды:

  • Берлген тапсырмалар негізінде сызықтық алгоритмнің блок – сызбасын құра алады;

  • Берілген есепке сызықтық программа құра алады;

  • Сызықтық алгоритмге күнделікті өмірден мысал келтіреді және оған баға бере алады;

  • Топтық талқылауға қатысады.

Бұл кезеңдегі сабақта С оқушы алған ақпаратын өмірмен байланыстыра алды. Оны сызықтық алгоритмге мысал келтіруінен көруге болады. Бұл оның осы сабақтағы жетістігі. Ал, блок – сызба мен программаны әлі ажырата алмайтындығын топтық жұмысты қорғау барысында көрініс тапты. Алдынғы 4 сабақпен салыстрғанда айтарлықтай өсу болмады.

6 – кезең. Lesson Study зерттеу сабағының соңғы кезеңі. 6- кезең шешуші кезең деуге болады. Бұл кезеңде алдынғы сабақтарда көрініс таппаған, оқушының бойындағы болуға тиіс деген дағыдылармен ерекшеліктерді ескере отырып төмендегідей нәтижелер күтілді:

  • Сабақтағы белсенділігі мен қызығушылығы;

  • Ақпараттық технологияларды қолдана алуы;

  • Тапсырманы өз бетімен орындау деңгейі;

  • Теориялық білімді практикада қолдана алу деңгейі;

  • Өз ойын еркін жеткізе алуы;

  • Топтағы өзін еркін ұстауы.

6- сабақ қазіргі кездегі ең бір сұраныстағы копьютерлік графиканың бір саласы. «Үшөлшемді моделдермен жұмыс» тақырыбы қиын әрі қызықты , ауқымды тақырып. Сондықтандама С оқушыда бұл кезеңде мен күткен нәтижелер өз деңгейінде болмады. Сабақтағы белсенділігімен қызығушылығы 1- сабақтағыдай бейтарап күйде болды. Топтық жұмыстада өзін еркін ұстамады. Дегенмен, 3д графиканың қазіргі қолданысын жақсы көрсете алды.

Қорта келгенде, С оқушыға барлық пәндерде көбірек көңіл бөлу керектігін, тіл байлығын дамытуға, өз ойын айтуға көбірек мүмкіндік жасау керектігін түсіндім.









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!