«Lesson Study» тәсілінің тиімділігі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Lesson Study» тәсілінің тиімділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Зерттеу сабақтары арқылы мұғалім өзінің шеберлігін шыңдайды,әдіс-тәсілдерді іздене отырып,басқа мұғалімдермен өтілетін сабақты талқылайды.Әдістерді түрлендіре отырып,сабақ өтсек оқушының қызығушылығы артары сөзсіз.Lesson Study мұғалімге әрбір жеке оқушының оқуына қатысты өзінің оқыту тәжірибесі туралы ойлануға, сабақтың оқушылар қажеттілігіне сәйкес келуі мақсатында мұғалімдерге инновациялық педагогикалық тәсілді жетілдіруге немесе оның сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Материалдың қысқаша нұсқасы



 «Lesson Study» тәсілінің тиімділігі

С.Қ.Оңғарбай

А.Иманов атындағы жалпы білім беру мектебі, Темірлан селосы, Ордабасы ауданы, Түркістан облысы, Қазақстан, Ongarbay74@bk.ru

Lesson Study – бұл сыныптағы іс-әрекеттегі зерттеу жұмысының ерекше түрі, ол мұғалімдер топтарының Lesson Study –ді бірлесіп жоспарлауын, оқуын, қадағалауын және талдауын көздейді.Lesson Study-дің тарихына көз жүгіртсек, бізге Жапониядан келген. АҚШ –қа бұл әдістемені «дзюгекенкью» деген жапон сөзін «Lesson Study» деп аударған Макота Йошида болды, бұл мектептегі оқуды жетілдірудегі жапондық тәсіл.1970 жылдан бастап «Lesson Study» барлық  жапон мектептерінде мұғалімдердің біліктілігін арттырудың негізгі тұғыры болып есептеле бастады.ХХІ ғасырда американдық зерттеушілер «Lesson Study» жапон мұғалімдеріне педагогикалық біліммен қатар, өздерінің пәндік білімдерін де тереңдетуге көмектесетінін, пәндік білімнің тереңдеуі жапондық оқушылардың, американдықтармен салыстырғанда, білім көрсеткіштерін жақсартуға ықпал еткенін білгеннен кейін «Lesson Study» әдістемесі Батыста да кеңінен тарады.

Енді бұл тәсілдің қалай іске асатындығын көзімен көріп дәлелдеу үшін зерттеу сабағын жүргізетін топ мүшесі болуға өзімнің оқу тобымдағы мұғалімдерге ұсыныс жасадым. Бұдан әрі жоспар бойынша зерттеу сабақтары жүргізілді. Біз үш мұғалім болып 8 «Б»сыныбын, оның ішінде үш А, В, С деңгейіндегі оқушыларды таңдап алдық. А деңгейіндегі оқушы «Үлгерімі жақсы» оқушы Сапарәлі Аружан, В деңгейінде «Үлгерімі орташа»  оқушы Сыздыков Ырысдәулет, С деңгейінде «Үлгерімі төмен» оқушы Сұлтанбек Біржан деген оқушыны таңдап алып, талдау жұмыстарын жүргіздік.Осы үш сабақты зерттеуде оқыту мен оқудағы тәсілді «Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру» деп алдық.Бірінші сабақ химия пәнінен «Оттек-химиялық элемент және жай зат. Қасиеттері, алу жолдары мен қолданылуы» тақырыбында сабақ өткіздім. Үш оқушы үшін оқу нәтижелерін анықтап алып, сабақты өз деңгейінде өткіздім. Бұны мұғалімдердің пікірінен байқадым.Сабаққа өз тобымдағы жас мамандар мен мұғалімдерімді де шақырдым. Қалған топтағы мұғалімдер бақылау жүргізіп отырып, сабақтан кейін талдадық. Сабақта тиімді болған тәсілдер: «Кластер» әдісі, «Сандарды сөйлетейік» және деңгейлік тапсырмалар мен есептер берілді.Яғни оқушылар топпен жұмыс жасау арқылы, диалогтік әдісті пайдалану негізінде сабақтың мақсатына, нәтижесіне жеткендігі аңғарылды. А деңгейіндегі оқушы Сапарәлі Аружанға зерттеуші мұғалім Утемисова Разия ғылыми жұмыстар мен олимпиадаға қатыстыру керек екендігін айттты.Енді екінші сабақты өзін-өзі тану пәні мұғалімі Утенбаева Надира «Өнеге отбасыдан» тақырыбында өткізді. Бұл бірінші сабақта топпен жұмыс жасау тиімділігі, диалогтік оқыту әдісінің тиімділігі анықталып, келесі сабақ жоспарланып іске асты. Әр сабақта 3 баланы үнемі бақылауда ұстап, сабақтан соң талқылау болып отырды. Бізге топпен оқыту әдісінің тиімді екені белгілі болып, келесі сабақты оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ойын түрінде өткізуді жоспарладық.Ол сабағында «Гүл терейік», «Стикердегі сауал» және ата-аналармен де бірге ойындар ойнап,сабақ қызықты өтті.Сабақта байқағанымыз С деңгейдегі оқушы Сұлтанбек Біржанның өзінің және досының жақсы қасиеттерін өте жақсы айта білді. «Екеуміз де сегіз қырлы бір сырлы жігіттерміз» деп айтып,көңілімізді көтеріп тастады. Біржанның сөзге шешен,тапқыр,өз тобында белсенді қатысқанын байқадық.Зерттеуші мұғалім Данабекова Нұргүл жұмысымыздың нәтижесі Біржанның сабаққа деген ынтасы артқанын айтты.Үшінші сабақты физика және химия пәнімен кіріктірілген сабақ түрінде өттік.Сабақтың тақырыбы: «Ерітінділердегі электр тогы.Электролиз заңы». Физика сабағында «Крестиктер мен нольдіктер», «Құпия зат» әдістері қолданылды.Зерттеу сабағының нәтижесінде С деңгейіндегі оқушы Сұлтанбек Біржанның сабаққа деген ынтасы жоғарыласа,В деңгейіндегі оқушы Сыздыков Ырысдәулет есепті шығара білді,бірақ сабаққа қатысып отырғанымен талпынып жауап бере қоймайды. Яғни бұл тәсіл бойынша өткізілген зерттеу сабақтарының нәтижесінде біз мынаны ұқтық. А деңгейіндегі оқушы берілген тапсырманы орындап тастап, қасындағы оқушыларға көмектесе бастағаны және үнемі өз тобының көшбасшысы бола білді. В деңгейіндегі оқушы да топпен жұмыс кезінде есептерді шығара білді, не болғанда да қатарынан қалмауға тырысып бақты. Ал С деңгейіндегі оқушының ауызша сұрақтарға еркін жауап бере алатынын көрсетті,берілген тапсырмаларға қызығушылық танытып, сабаққа араласқандығын байқадық және өзінің ойын,пікірін ашық айта алатынын байқадық.

Қорыта келгенде, бұл тәсілдің нәтижесінде біз оқушылардың білімдерін  жаңа тәсілдер арқылы кеңейте алдық. Бағдарламаның жеті модулін ықпалдастыра отырып, оқушылардың сұрақтарға толық жауап беруіне, ойларын ашық айтуына дағдыландырдық. Топтық жұмыс арқылы ойларын ортаға салып талқылау, талдау, өз пікірін ашық айтуға дағыдыландыра отырып, оқуға деген қызығушылығын арттырдық. Болашақта осындай әдіс - тәсілдерді қолдана отырып өткен сабақтарымызбен оқушының білім, білік дағдыларын арттыруды көздеп отырмыз және үлгерімі "С" дәрежесіндегі оқушылармен әлі де жұмыстар жасап "В" дәрежесіне жеткізуге, "В" дәрежесіндегі оқушыларды "А" дәрежесіне жеткізуге тырысамыз. Ендігі жоспарымыз: 10 сыныпты зерттеу.Химия пәнінің мұғалімі Аухатова Гүлзейнет және математика пәнінің мұғалімі Утемисова Разия сабақ өтуді жоспарлап отыр.Зерттеу сабақтары арқылы мұғалім өзінің шеберлігін шыңдайды,әдіс-тәсілдерді іздене отырып,басқа мұғалімдермен өтілетін сабақты талқылайды.Әдістерді түрлендіре отырып,сабақ өтсек оқушының қызығушылығы артары сөзсіз.Lesson Study мұғалімге әрбір жеке оқушының оқуына қатысты өзінің оқыту тәжірибесі туралы ойлануға, сабақтың оқушылар қажеттілігіне сәйкес келуі мақсатында мұғалімдерге инновациялық педагогикалық тәсілді жетілдіруге немесе оның сапасын арттыруға мүмкіндік береді.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.05.2024
151
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі