Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Логопедиялық тексеруді комплекстік өткізудің технологиясы ( дислалия, ринолалия, дизартрия, кекештену )
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Логопедиялық тексеруді комплекстік өткізудің технологиясы
( дислалия, ринолалия, дизартрия, кекештену )
Дислалия гректің dis –бұзылу, logos сөйлеу деген сөздерінен құралған. Қазіргі уақытта дислалия дегеніміз есту қабілеті дұрыс және сөйлеу тілі аппаратының иннервациясы сақталған қалпында сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуының бұзылуы. Этиологиялық себептері бойынша дислалия механикалық /органикалық/ және функционалдық болып екі түрге бөлінеді. Механикалық /органикалық/ дислалия дегеніміз сөйлеу тілі аппаратының сыртқы органикалық, оның сүйегі мен бұлшық еттері құрылысы ақаулықтарының салдарынан сөйлеу тіліндегі дыбыстарының дұрыс айтылмауы. Тіл астындағы сіңірдің қысқалығы механикалық дислалияның біршама жиі кездесетін себептеріне жатады. Бұл ақаулықта тілдің қалыпты деңгейден нашар қимылдауы себебінен өте қысқа тіл асты желбезегі оның жоғары көтерілуіне мүмкіндік бермейді. Одан басқа, тілдің ауызға зорға сиып тұратын өте үлкендігінен, жөнді бұрыла алмауынан да, дыбыс шығарудағы сөйлеу тілі мүшелерінің әрекеті бұзылады. Жақ сүйектері құрылысының ақаулықтары үстіңгі және астыңғы тістердің ауытқуына себеп болады. Үстіңгі тістер астыңғы тістермен қабысқанда дәлме-дәл қиюласып түйіскенде тістену дұрыс болып шығады. Тістенудің ауытқуларының бірнеше түрлері болады. Кемиек /прогнатия/ – үстіңгі жақ сүйегі алға қатты шығып тұрады. Осының салдарынан үстіңгі тістер астыңғы тістермен тістенбейді. Опырауыз /прогения/ – астыңғы жақ сүйегі сойдиып алға шығып кетеді де, қабысқанда үстіңгі тістер астыңғы тістердің жағына түсіп тұрады. Тістердің қабыспауы – үстіңгі және астыңғы жақ сүйектеріндегі тістер қабысқанда тістенбей, аралары ашық қалады. Кейбір жағдайларда тістенбей қалу тек тістердің арасында болады. Азу тістердің қабыспауы – сол жақтың, оң жақтың және екі жақтың болуы мүмкін. Тістердің орналасу құрылысы дұрыс болмай, қатарларының бұзылуынан сақаулануы мүмкін. Мысалы, тістердің арасының алшақтығынан және ретсіздігінен сөйлегенде тілдің ұшы сыртқа шығып кетіп, сөздің анықтығы бұзылады. Стомотолог – дәрігерлер арнайы шина қою арқылы тістерді және жақ сүйектерін реттейді. Сүйегі әлі қатаймаған 5-6 жастағы кезінде қойылған шинаның әсері өте күшті болады. Сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуына дұрыс қалыптаспаған таңдай құрылысы да зиян тигізеді. Тар, өте жоғары немесе керісінше аласа, тегіс таңдай сөйлеу тіліндегі дыбыстардың көпшілігінің дұрыс айтылуына кедергі келтіреді. Еріннің қалыңдығы, астыңғы еріннің салпиып тұруы, немесе қысқа әрі қимылдайтын үстіңгі ерін, ерін және ерінтісті дыбыстарының анық айтылуына кедергі келтіреді. Функционалды дислалия дегеніміз дыбыс шығару аппаратында ешқандай кемістік болмаса да, сөйлеу тілі дыбыстарының дұрыс айтылмауы. Басқа сөзбен айтқанда ешқандай органикалық негіз жоқ. Функционалды дислалияның көп тарауының бір себебі баланың сөйлеу тілін үйде дұрыс тәрбиелемеуден. Кейде ересектер, баланың былдырлаған сөзін қызық көріп, ұзақ уақытқа дейін оған өзі де бейімделіп шолжыңдасып сөйлесетін болады. Қортындысында көп уақытқа дейін баланың сөйлеу тіліндегі дыбыстардың дұрыс айтылуының дамуы кешеуілдеп калады. Баланың сақаулығы еліктеуден де болуы мүмкін. Қағида бойынша балаға сөйлеу тіліндегі дыбыстарды әлі дұрыс қалыптаспаған жас баламен әрдайым қатысып, сөйлесіп жүрудің де зияны тиеді. Бала үйдегі ересек адамдардың сөйлеу тіліндегі дыбыстардың бұрмалауына жиі еліктейді, балаға әсіресе сөзі түсініксіз, тілі мүкіс немесе өте жылдам сөйлейтін адамдардың арасында көп болып, сөздерін тыңдаудың да ерекше зияны тиеді. Балаға үйдегі адамдардың екі тілде сөйлеуі де кедергі болады. Бала әр тілде сөйлеу кезінде бір тілдің айтылу ерекшелігінен екінші тілдің айтылу ерекшелігіне жиі ауысып отырады. Балалардың дыбыс айту кемшіліктері өнегесіз тәрбиенің себебінен де жиі пайда болады, баланың сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуына жанында жүретін ересек адамдар мүлде көңіл аудармайды. Сөздегі дыбыстардың қателігін түзетпейді, өз сөзімен түсінікті етіп анық айтудың үлгісін көрсетпейді. Басқаша айтқанда баланың сөйлеуге дағдылануның дұрыс ересектердің жүйелі ықпал жасауы тиіс. Баланың сөйлеу тіліндегі ақаулық есту қабілетінің жетілмеуінен де болуы мүмкін. Айтылуы бір-біріне ұқсас дыбыстарды ажыратуда баланың қиналатындығы байқалады. Мысалы: ұяң және қатаң дауыссыздарды, жіңішке және жуан, ысқырық және ызың дыбыстарды айтқанда. Қортындысында, дыбыстардың дұрыс айтылуының дамуындағы бұндай қиыншылықтар ұзақ уақытқа кешігеді. Сонымен бірге дыбыстардың сөйлеу тіліндегі кемшіліктері, әсіресе сөздердегі алмастырулары мен шатастырулары уағында фонематикалық есту қабілетінің қалыптасуына зиянын тигізуі мүмкін., ал егер олай болса, қалған жағдайда, оның салдары жалпы сөйлеу тілінің толық дамымауына және жазуы мен оқуының бұзылуына себебін тигізетіні сөзсіз. Сақаулық сонымен қатар дыбыс шығарудағы сөйлеу мүшелері: тілдің, еріннің, төменгі жақ сүйектерінің нашар қимылдауларынан да болуы мүмкін. Соның салдарынан бала тілін қалыптағы жағдайда дұрыс ұстап тұра алмайды немесе қажетті қимылдарды тез арада орын алмастыра алмайды. Дислалия сонымен бірге есту қабілетінің нашарлығынан да болуы мүмкін. Керең балалардың 10% -не дейінгілерінің сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуы бұзылған. Бұндай жағдай ызың мен ысқырық, ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстарды бөлшектеп мүшелегенде байқалады. Дислалияның ауыр және ұзаққа созылуына баланың ақыл-ойының жеткіліксіз дамуы да себеп болуы мүмкін. Іштен туа біткен ақыл-ойы кеміс балалардың 55% – тен көпшілігі сөйлеу тіліндегі дыбыстарды дұрыс айта алмайтындығы белгілі. қатысуын онша керек етпейтін м,н,т,п дыбыстары сирек бұзылатыны, ал басқа дауыссыз дыбыстардың кезе келгені жиі бұзылып айтылатындығы байқалады. Әсіресе сөйлеу тілі мүшелерінің қиын айтылатын р,л тіл дыбыстары, ысқырық (с,з,ц) және ызың (ш,ж,ч,щ) дыбыстары жиі бұзылады. Әдетте қатаң және ұяң дауыссыздар сыңарларын мен қоса бірден бұзылады. Мысалы: бала, с,з, дыбыстарын дұрыс айтпаса, онда олардың жңішке сыңарларының да ақауы болады. Р,л дыбыстарының ғана жіңішке сыңарлары көбінесе дұрыс айтылады, өйткені бұл дыбыстардың жіңішке сыңарлары сөйлеу тілі мүшелерінің ыңғайына қарай келіп тұрады. Баланың сөйлеу тіліндегі дыбыстардың бұзылуы түрліше болады, мысалы, кез келген бір дыбыс сөз ішінде айтылмай түсіп қалса, ал қайсы бірі оларды бұрмалап немесе басқа дыбыспен алмастырып айтуы мүмкін. Бұзылудың осы түрлерін жеке-жеке қарастырып көрейік. Сөйлеу тіліндегі дыбыстардың түсіп қалуы сөздің басында, ортасында және аяғында кездесуі мүмкін. Мысалы: ракета-акета, тарақ-таақ, батыр-баты. Сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуын бұрмалаған кезде тіл дыбыстарының жүйесінде болмаған түсініксіз дыбыстарды шығарады. Мысалы: Р дыбысын айтқанда жұмсақ таңдайдың артқы жағының шеті дірілідеп, қырылдаған дыбысын немесе кішкентай тіл тербетіліп, көмейден ырылдаған тұрпайы «р» дыбысы, тілін шайнап «с» дыбысын, тілін бұрап езуін «ш» дыбысын, еріндерін үрлеп «л» дыбысын шығарды. Тіл дыбыстарының жүйесіндегі бір дыбыс екінші дыбыспен алмастырылып айтылады. Алмастырулардың мынадай түрлері болуы мүмкін: 1.Жасалу жолдары жағынан ұқсас, сөйлеу тілі мүшелеріндегі айтылуында айырмашылығы бар дыбыстар алмастырылады, мысалы тіл артық түзелмелі (шұғыл) дыбыстарын тіл алды т.д шұғыл дыбыстарына алмастырылады. (Кәмила – Тәмила, гүл – дүл); 2. Сөйлеу мүшелеріндегі айтылуы ұқсас, жасалу жолдарының айырмашылығы бар дыбыстар алмастырылады, мысалы, тіл алды «с» дыбысы тіл алды «т» дыбысына алмастырылады. (сабын-табын); 3. Жасалу жолдары ұқсас, ал сөйлеу тілі мүшелерінің әрекеті бойынша айырмашылығы бар «с» дыбысына алмастырылады. Мысалы: Самат- фамат ж.т.б. 4. Сөйлеу тілі мүшелеріндегі айтылуы мен жасалу жолдары ұқсас дыбыстар дауыстың қатысуымен шығатын дыбыстармен, мысалы, ұяң дыбыстар қатаң дыбыстармен алмастырылады. (болат-полат, қозы-қосы); 5. Жасалу жолдары ұқсас дыбыстар мен сөйлеу мүшелерінің белсенді әрекеттері бойынша шығатын дыбыстар жуан және жіңішке белгілерімен айқындалатын дыбыстармен, мысалы: жіңішке дыбыс жуан дыбыспен, жуан дыбыс жіңішке дыбыспен алмастырылады: (пяз-паз, ерік-ерык): Сөйлеу тілінде айтылуы бұзылған дыбыстардың мөлшері бойынша дислалия қарапайым және күрделі болып бөлінеді. Егер сөйлеу тілінің айтылуында бұзылған дыбыстардың саны төртке дейін болса, оны қарапайым, ал одан көп болса күрделі дислалия дейді. Егер сөйлеу тілінің айтылуында бұзылған дыбыстардың ақаулықтары дыбыс шығарудағы сөйлеу тілі мүшелерінің әрекетіндегі бір топтағы (мысалы, ысқырықтар) дыбыстарда болса, оларды мономорфиялық дислалия дейді. Егер бұндай ақаулықтар дыбыс шығарудағы сөйлеу тілі мүшелерінің әрекетіндегі бірнеше топтардағы /мысалы, ротацизм, сигматизм және ламбдацизм/ дыбыстарда болса, оларды полиморфиялық дислалия дейді. Белгілі бір топтағы дыбыстардың айтылуындағы ерекшеліктеріне қарай дислалия мынадай түрлерге бөліндеі: 1.Сигматизм – гректің сигма деген әрпінің дыбысталуымен ысқырық /с,сі, з, зі ,ц/ және ызың /ш,ж,ч,щ/ дыбыстарының айтылу мүкістіктерін білдіреді. Мүкістіктер – сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуында ең көп тараған түрлері. 2. Ротацизм – гректің ро деген әрпі р дыбысын білдіреді, /р,рі/ дыбыстарының сөйлеу тілінің айтылуында болатын мүкістік. 3.Ламбдацизм – гректің ламбада деген әрпі л дыбысын білдіреді, /л, лі/дыбыстарының сөйлеу тілінің айтылуында болатын мүкістік. 4. Сөйлеу тіліндегі айтылуында болатын таңдай дыбыстарының ақаулықтары; Каппацизм – к, кі, дыбыстары; Гаммацизм – г, гі, дыбыстары; Хитизм – х, хі, дыбыстары; Йотацизм – й дыбысы; /гректің капп, гамма, хи, йота деген әріптері к,г,х,й дыбыстарын білдіреді/. 5.Ұяң дауыссыз дыбыстарының ақаулығы – сөйлеу тіліндегі ұяң дауыссыз дыбыстарының айтылуындағы ақаулықтар. Бұндай ақаулықта ұяң дауыссыздар өздерінің қатаң дауыссыз сыңарларымен орын алмастырады: в-п, д-т, в-ф, з-с, ж-ш, г-ғ, к-қ. Бұндай ақаулықтар құлағы нашар еститін керең балаларда жиі кездеседі. 6. Жіңішке дауыссыз дыбыстардың ақаулықтары. Сөйлеу тіліндегі жіңішке дауыссыздардың өздерінің қатаң дауыссыз сыңарларымен орын алмастыру ақаулықтары: ді – д, пі – п, кі –к, рі –р. Өздерінің жіңішке сыңарлары жоқ ш, ж, ц дыбыстары мен қатаң сыңарлары жоқ ч,щ,й дыбыстарында бұндай ақаулықтар кездеспейді. 2. ДИЗАРТРИЯҒА ШАЛДЫҚҚАН БАЛАЛАРДЫ ТЕКСЕРУ Дизартрияға шалдыққан балаларды оқытудың алдында сөйлеу тілі мүшелерінің қозғалуын, дыбыстарының айтылуын және жалпы сөйлеу тілін егжей-тегжейлі мұқият тексереді. Логопед оқушылардың сөйлеу мүшелерінің және ымдау бұлшық еттерінің жансыздану дәрежесімен таныс болу керек, себебі сөйлеу тілі мүшелеріндегі тиісті дыбыстардың бұзылуы осымен анықталады. Тексеруді мимикалық бұлшық еттердің тыныштық қалпында тұрғандағы жағдайын бақылаудан бастайды. Бұндай кезде құрамы еріндерінің жиектерінің сипаты мен олардың бір тұтас жымқырылып қабысатыны анық көрінеді, мимикалық бұлшық еттерінің күштеп қимылдауының гиперкинезі бар-жоқтығы анықталады. Баланың аузын жауып тұруына, алдымен екі көзін бірдей, сосын кезек-кезек қысуына, қасын жиыруына шамасының қаншалықты жететіндігін тексереді, біріккен қимылдардың пайда болуын белгілейді. Қимылдардың қызметтерін тексеруді әртүрлі жүктеме салып бірнеше рет қайталап жүргізу қажет. Бұндай тексеруде әрбір қимылдың сапалылығы жағын, оның құндылығын немесе құнсыздығын белгілейді. Осы тексеруде қимылды іске қосылған уақытын, қимылдық әлсіреуін, оның шапшаңдығы мен ырғағының көлемінің өзгеруін, сондай – ақ біріккен қимылдардың пайда болуын жазып тіркейді. Қимылдардың бірнеше рет қайталауы кезінде әлсіздіктің көмескі түрлеріне айқындалуы мүмкін. Бұндай жүктеме кезінде дизартрияда байқалатын сілекей ағуының пайда болуы мүмкін. Логопед баланың қою және сұйық тағамды қалай шайнайтынын және қалай жұтатынын, жиі шашалатын – шашалмайтынын, нәрестені жас кезінде қалай тамақтандырғандарын ата-анасынан сұрап біліп анықтау керек. Сөйлеу мүшелерінің қозғалуын тексеруге кіріспес бұрын оның құрылысын ерекшеліктерін және анатомиялық сипатын белгілеу қажет. 1.Еріндері: үстіңгі еріннің жарылуы, хирургиялық емдеуден кейінгі тыртығы. 2.Тістері: дұрыс тістенбеуі және тістердің орналасуы. 3.Тіл: добал және тіл асты сіңірлерінің қысқалығы, тілі үлкен жіңішке. 4.Қатты таңдай: тар, дөңес қатты таңдайдың жарылуы, шырыш асты тестік. 5.Жұмсақ таңдай: қысқа жұмсақ таңдай, кішкентай тілдің айырылуы, оның болмауы. Логопед содан кейін сөйлеу мүшелерінің қозғалуын тексереді. 1.Еріндердің қимылдары: қабысу, керілу, алға созылуы. 2.Астыңғы жақтың қимылдауы: ауызды ашу және жабу. 3. Тілдің қимылдары: алға-артқа, жоғары – төмен, оңға-солға тілді жалпайту, сүйірлей шығару. 4.Жұмсақ таңдайдың жағдайы: а дыбысын екпіндетіп айтқан кезде таңдай шымылдығының көтерілуі, дауысты дыбыстарды айтқан кезде ауа ағыны мұрын жолынан өте ме жоқ па, ауа ағынының бір қалыптылығы, жұтқыншақ рефлексінің бар – жоқтығы /жұмсақ таңдайға қалақшаны жеңіл ғана тигізгенде лоқсу қимылының пайда болуы/. Жалған сопақша ми қатты сал болып қалған жағдайда еріндері, тілі және сөйлеу мүшелерінің басқа да бөліктері өз беттерінше еркін қимылдай алмауы мүмкін, сонда да кейбір рефлекторлық қимылдарды анықтау қажет. Мысалы: жымиып күлген кезде еріндерін кереді, тағамды ауызға апарғанда еріндері алға созылады, қалақшаны тигізген кезде тілді тартып қалады, жақ керілген кезде жұмсақ таңдайды қимылдатады, есінейді және басқалар. Дауыс құрлымының және жұмсақ таңдайдың паретикалық жағдайы оның тыныс алуына дауыстың пайда болуына әсерін тигізеді. Дауыстың мұрыннан маңқаланып, қарлығып, әлсіреп сарыны өзгеріп есітілетіні байқалады. Тынысы әдеттегідей жеңіл, біркелкі емес демді сыртқа шығаруы қысқа. Сонан кейін жалпы қабылданған тәсіл бойынша дыбыстардың айтылуы тексереледі. Бұнда сөйлеу мүшелерінің ерекшеліктерін, сөйлеу мүшелерінің міндетіне кіретін дыбыстардың қимылдарының анықталғанын, бір дыбыстан дауыссыздардың қатар келгенде екіншісіне өтуіндегі бір қалыптылығын түсініксіз пайда болуын көрсетеді. Айтылуындағы ақаулықтардан басқа сөздің буындық құрамын меңгеру деңгейіне де назар аудару керек. Сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айырмашылықтарындағы ерекшеліктерін анықтайды. Балаға логопедтің соңынан қарсы дыбыстың буындар тізбегін қайталауды ұсынады. Мысалы: та-па, ша-са, ла-ра-ла және басқалары. Балалар бұл дыбыстарды жай айтатын болғандықтан, дұрыс айтылатын дыбыстарын қоспай тек тексерілетін дыбыстарды біліп және бөліп алуға есептеп балаға тапсырма беріледі. Сонымен, көп буындарды дауыстап атай бастағанда ол солардың арасынан белгіленген дыбысты немесе буынды естісімен қолын көтеру керек. Мысалы: керекті са буынын ша-ча-ца- буындарының арасынан бөліп алады. Сонымен бірге айырмашылығы бір дыбыспен бөлінетін сөздерді айыруды тексереді. Мысалы: қора-қоға, мал-май, есік-етік, қазық-қасық. Мектеп жасындағы балалардың дыбыстық талдаудағы дағдылануын анықтайды. Оқушыларға мынандай тапсырмалар беріледі: 1.Сөздің басынан екпінді дауысты бөліп алу; 2. Тексерілетін дыбысы бар сөзді табу; 3.Тексерілетін дыбыстан басталатын сөздерді іріктеп алу. 4. Аты тексерілетін дыбыстан басталатын бейнелі суреттердің іріктеп алу. Топтағы бейнелі суреттердің ішінде аттары тексерілетін дыбыстармен жиі шатастырылатын дыбыстардан басталатын суреттер де бар. 5. Аттары қатаң және ұяң, ызың және ысқырық, р және л және басқалары сияқты жиі шатастыратын дыбыстардан басталатын суреттерді бөлу. 6.Дыбыстардың сөздің ішінде қолданылатын ретін және олардың әр қайсысының орнын анықтау. Дизартрияға шалдыққан балаларды тексеру кезінде тек жиі шатастыратын дыбыстардың айырмашылығындағы ерекшеліктерін ғана емес, сонымен бірге сөйлеу мүшелеріндегі олардың нашар ажырататын дауысты дыбыстарын да анықтау керек. Оқуға барып сауатын ашып жүрген балалардың жазуы мен оқуына дағдылануын тексереді. Оқушыларға әріптерден, сөздіктерден және жекелеген сөйлемдерден жат /диктант/ жазу жазғызады немесе қиылған әріптердің ішінен керекті дыбыстарды атауын ұсынады. /… «мынау қандай әріп?», «а,с әріптерін көрсетіңдер…»/. Содан кейін бейнелі сурет бойынша сөз және сөйлем құрастырып оны жазу, бейнелі суреттің мазмұнын баяндап шығу сияқты күрделірек тапсырма берілуі мүмкін. Анықталған қателерді талдайды, сосын дыбыстардың және буындардың алмасулары, түсіп қалулары, орын ауыстырулары сияқты ерекше қателерді; септік жалғаулардың дұрыс жалғанбауы, жалғаулықтардың түсіп қалуы немесе алмастырулары, сөздердің қиысуындағы және меңгеруіндегі қателер сияқты оқушылардың жалпы сөйлеу тілінің дамуындағы көрінетін кемістіктерді белгілі бір топтарға бөліп жүйелейді. Одан кейін әріптерді, әртүрлі буындық құрылыстарды, арнайы іріктеп алынған сөз тізбегін оқи алатындығын және оқығанын түсінуін тексереді. Сөйлеу тілінің лексико-грамматикалық жағының даму деңгейін жалпы сөйлеу тілі толық дамымаған балалар үшін емделіп жетілдірілген тәсілдердің жәрдемімен тексереді. Лексикасын тексерген кезде дизартрияға шалдыққан балалар үшін заттың аты айтарлықтай қиындық туғызатынын ескеру қажет. Сондықтан егер бала заттың атын атаудан бас тартса, оның онда енжарлық сөздігінде бұндай сөздің бар – жоғын тексеру қажет. Жүргізілген тексерудің нәтижесінде логопед сөйлеу мүшелерінің және оның айтылуындағы дыбыстардың бұзылуы туралы мәлімет алып қана қоймайды, сонымен бірге жалпы сөйлеу тіл дамуының деңгейінен де хабарлар болады. 3. РИНОЛАЛИЯҒА ШАЛДЫҚҚАН БАЛАЛАРДЫ ТЕКСЕРУ Таңдай жұтқыншақтың қабысуындағы қызметінің бұзылуының ерекшеліктеріне байланысты ринолалия әртүрлі болады. Жабық ринолалия. Бітеу ринолалия сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуы кезінде мұрынан жақсы естілудің физиологиясының төмендігін сипаттайды. Мұрын жолды м,н,ң,ц дыбыстарының дұрыс айтылатындығы үндерінің өте ашық естілетіндігі байқалады. Бұл дыбыстардың артикуляциясының барысында мұрын жұтқыншақ ашық қалады да ауа мұрын жолына кіріп кетеді. Егер мұрыннан шығатын үн жақсы естілмейтін болса онда бұл дыбыстар м, м-б, б; н, н-д, д,н, ң-ғ болып ауыздан айтылады. Жабық ринолалияға шалдыққан кезде мұрын жолды дауыссыздардан басқа дауысты дыбыстардың да дұрыс айтылуы бұзылады. Бітеу ринолалияда дауысты дыбыстарды айтқан кезде өлімсіреп мыңқылдаған үн шығады. Жабық ринолалия пайда болуының себебі мұрын кеңістіктеріндегі органикалық өзгерістердің немесе таңдай мен жұтқыншақтың қабысуындағы функционалдық бұзылудың салдарынан болады. Органикалық өзгеріс ауыруға шалдыққан мұрынның ауа өтетін жолы тарылып тыныс алуының қиындап кетуі салдарынан болуы мүмкін. Алдыңғы жабық ринолалия мұрынның артқы бөлігінің төменгі қабыршағының қалыптан тыс ұлғайып кетіп /гипертрофия/ тұрақтап ұзаққа созылуынан /хронический/ кеңсіріктің клегей қабығының қабынуынан мұрын шеміршегінің майысуынан, мұрын жолының ісуінен пайда болады. Артқы жабық ринолалия балаларда жиі кездесетін тамақ, көмекей бездерінің шамадан тыс ісіп кетіп ұлғаюының салдарынан, мұрын жұтқыншақ қабынуынан, мұрын жұтқыншақтың фибромасы немесе басқадай ісіктерінен пайда болады. Функционалды жабық ринолалия балаларда жиі кездеседі, бірақ анықталуы әруақытта дұрыс бола бермейді. Оның бір ерекшелігі мұрын жолының өтімділігі жақсы және мұрыннан тыныс алуы бұзылмаған жағдайда пайда болады. Функционалды жабық ринолалия мұрын және дауысты дыбыстардың әуезділгі органикалық жабық ринолалияға қарағанда күштірек болуы мүмкін. Оның себебі жұмсақ таңдай фонациясының және мұрын жолда дыбыстардың айтылуы кезінде әдеттегісінен жоғары көтеріліп кетеді де дыбыс толқынымен мұрын жұтқыншаққа баратын жолды жауып қалады. Бұл сияқты ауруға шалдыққан балаларда байқалады. Органикалық бітеу ринолалия кезінде ең алдымен мұрын қуысының тарылуын жояды. Мұрыннан дем алуы қалай дұрысталса, ақаулық та солай жоғалады. Егер мұрын жолының таралуын жойғаннан кейін де бітеу ринолалия немесе ринолалия дағдылы тұлғасынан өзгермесе, онда оған функционалды бітеу ринолалияда балаларға мұрын жолды дыбыстарды айтқызуды жүйелі түрде жаттықтырады. Ауаны ауыздан және мұрыннан ішке жұтуды, сосын осы жолмен тысқа шығуды дифференциялау бойынша дайындық жұмысы жүргізіледі. Содан кейін дауыс жаттығуларды арқылы тыныс жолын орнықтыру жаттығуларды қиындатылады. Сондай-ақ қозғалысты жаттығуларды қолданғанда тыныс жолының қимылдарын қолдың, дененің қимылдарымен байланыстырудың пайдасы бар. Балаларға мұрынның желбезегі дірілдейтіндей етіп дыбыстарды созып айтуды үйретеді. Онан әрі мектеп жасына дейінгі балаларды дауысты дыбыстарды аздап мұрыннан естілетіндей етіп па,пе,пу,пе,пи буындарын айтуды талаптандырады. Осы тәсілмен дауыссыз дыбыстарды да мұрын жолды дыбыстардың алдында жаттықтырады. Бала бұл буындарды дұрыс айтуды үйреніп алған соң, енді ішінде мұрын жолды дыбыстарды бар жаңа сөздерді дұрыс айтуға жаттыға бастайды. Мұрын жолды дыбыстарды бар сөздерді мұрыннан анық естілетіндей етіп дауысын созып қатты айтуға тырысу керек. Жаттығу жұмысының қортындысы дауысты дыбыстарды әрі ұзақ, әрі қысқа және қатты айтумен аяқталады. Сонымен қатар бұндай жаттығуды әннің ырғағымен де орындайды. Функционалды жабық ринофонияны түзету жұмысы көп емес. Ал ринолалияны алдын ала болжау қиын болғандықтан түзету жұмысының мерзімі де ұзақтау. Оның себебі функционалды бітеу ринолалияның артикуляциясындағы дыбыстардың ақаулықтарын да жоюға тура келеді. Сондай-ақ ринолалияның бұндай түрлеріне шалдыққан балалардың психикалық дамуына кейбір ерекшеліктер де жиі байқалап қалады. АШЫҚ РИНОЛАЛИЯ Ауыз бен мұрын жолы аралығында қақпа жабық тұрған кезде дауыс дірілі ауыз жолы арқылы өтеді де сөйлеу мүшелеріндегі дыбыстар дұрыс айтылады. Егер ауыз бен мұрын жолының аралығындағы қақпа толық жабылмай бір шеті ашық қалса ауа дірілі мұрын жолына өтіп кетеді. Соның нәтижесінде ауыз бен мұрын жолының аралығындағы қақпа бұзылған жағдайда дауыстың үні жаңғырып естілетін болады. Бұндай жағдайда, әсіресе дауысты дыбыстарды айтқан кезде үннің әуезі өзгереді. Дауысты дыбыстардың ішінде и мен у дыбыстарының үн әуездері көбірек өзгереді, өйткені бұл дыбыстардың артикуляциясында ауыз жолы басқаларына қарағанда көбірек тарылады. Е мен о дыбыстарын айтқанда үн әуездері білінер – білінбес қана естіледі. Ал а дыбысының мұрыннан естілуі тіпті білінбейді десе де болады, өйткені ол дауыстың айтқанда ауыз жолы кең ашылады. Ашық ринолалияда дауысты дыбыстардың үн әуездерінің бұзылуымен қатар кейбір дауыссыз дыбыстардың да үн әуездері бұзылады екен, ысқырық /свистящих/ және ызың /шипящих/ дыбыстарды айтқан кезде қырылдап естіледі. /ф,в,х/ сол сияқты ерін-тіс /п,б,д,т,к,қ,г,р/ және үнді /л,р/ дыбыстарын айтқан кезде де үн әуездері ашық естілуі үшін дұрыс айтылуын қамтамасыз ететін ауыз қуысында ауа қысымы пайда бола алмайды. Ашық ринолалияда ұзақ созып айтқанда шығатын ауа ағынының әлсіздігі сондай, тіпті р дыбысын шығаруға тіл ұшының дірілдеуге шамасы жетпейді. Ашық ринолалия органикалық және функционалдық болып бөлінуі мүмкін. Органикалық ашық ринолалия іштен туа біткен түрлеріне жұмсақ қатты таңдайдың жарылуы жатады. Сыртқы соққының залалына пайда болатын органикалық ашық ринолалия түріне ауыз және мұрын қуыстарының зақымдануы және жұмсақ таңдайдың сыртқы соққының әсерінен сал болып қалуы жатады. Функционалды ашық ринолалияның шығу себептері әртүрлі болуы мүмкін. Бұған баланың сөйлеу мүшелеріндегі дыбыстардың айтылуы кезінде жұмсақ таңдайдың болбырап босаңсуы мысал болады. Функционалды ашық ринолалия талма ауруы /истерия/ ұстаған кезде өздігінен болатын ақау сияқты, ал кейде еліктеу сияқты болып көрінеді. Функционалды ашық ринолалияның бір түрі тамақ, көмей бездерінің ұлғайып кеткен ісігін сылып тастағаннан кейін жұмсақ таңдайдың ұзақ мерзімге дейін қимылдай алмайтындығынан пайда болады. Ашық ринолалияның функционалды түрін тексерген жұмсақ және қатты таңдайдың органикалық өзгерісі байқалмайды. Функционалды ашық ринолалияның белгісі, бұнда әдеттегісінше сөйлеу тіліндегі дауысты дыбыстардың айтылуы бұзылады, ал бұл уақытта тіліндегі дауыссыз дыбыстарды айтқанда таңдай мен жұтқыншақ жақсы қабысады және олардың үндері мұрыннан шықпайды. Функционалды ашық ринолалия болжауы органикалыққа қарағанда едәуір қолайлы. Фонитриалық жаттығудан кейін мұрын жолды әуез жойылады, ал дыбыстардың айтылуының бұзылуын дислалия кемістіктерінде бұрын қолданылған тәсілдерді пайдаланып жояды. Ринолалиядағы таңдай мен еріннің іштен жырық болып туудың себебі логопедия мен бірқатар медицина ғылымы үшін маңызды мәселе болып саналады. /хирургиялық, стомотология, ортодонтия, отоларингология, медициналық генетика және т.б./ Ерін мен таңдайдың жырығы өмірде тараған және іштен дамымаған ауыр кесел. Ерні мен таңдайы іштен жетілмеген бала емшекті өте үлкен қиындықпен сорады. Ерін мен таңдайдың біреуінің жырылуы баланың соруына ерекше қиындық туғызса, ал екеуі бірдей жырылған бала сору қабілетінен мүлде айырылады. Баланың тамақтандырудың қиындығы оның өсуін нашарлатады және ол ауруға шалдыққыш келеді. Жырық балалардың көпшілігі жоғарғы тыныс жолының қабынуы, бронхитқа, қан азаю, өкпенің қабынуы, мешел ауруына бейім болады. Бұндай балалардың лор мүшелерінде: мұрын шеміршегінің қисаюы, мұрын желбезегінің өзгеруі, тамақ көмей бездерінің өзгеруі сияқты потологиялық өзгерістер байқалады. Бұл балаларда мұрындарының ісіп қызаруы жиі болып тұрады. Ісіп қызару барысы мұрынның шырышты қабығына, жұтқыншақтың евстахиев түтігіне ауысып және орта құлақтың қабынуын қоздыруы да мүмкін. Жиі ісулердің созылмалы ауыруға айналуы есту қабілетінің нашарлауына себепші болады. Есту қабілетінің төмендігі әртүрлі дәрежедегі жырық таңдай балалардың шамамен 60-70 % cөйлеу тілін түсінуге аса қиындық туғызбайтын шала еститіндермен айтарлықтай мүкістігі барлар. Ерін мен таңдай құрлысының анатомиялық ауытқуы үстіңгі жақ сүйектің дұрыс дамуына және қиқы-сиқы орналасқан тістердің дұрыс тістенбеуімен тығыз байланысты. Ерін мен таңдайдың құрлысының ақаулығынан пайда болған толып жатқан функционалды бұзылулар дәрігерлердің үнемі бақылап отыруын талап етеді. Қазіргі кезде нәресте өмірінің бірінші жылы бүтіндей педиатардың міндетіне жүктеледі. Ол нәрсетенің күнделікті тамақтандыру ережесін, сақтандыру және емдеу шараларына жетекшілік етеді, қажет болған жағдайда қатынап немесе жатып емдеуге кеңес береді. Үстіңгі ерінді хирургиялық емдеу жолымен қалпына келтіруді нәрестенің дүниеге алғашқы келген күндерінде перезентханада жасалады. Таңдайдың жарығына стоматолог – ортодент әртүрлі аспаптарды, соның ішінде хирургиялық емдеуге дейін тамақтануын жеңілдететін және сөйлеу тілінің дамуына жағдай жасайтын абтураторды қолданады. Отолоринголог құлақтың, мұрын жолының мұрын жұтқыншақтың және көмейкейдің ауруларын анықтайды, өзгерістеріне емдеп алдағы болатын хирургиялық емдеу жұмысына дайындайды. Ой өрісі дамуында ауытқуы бар және жүйке ауруы айқын білініп тұрған балаға невропотолог кеңес береді. Таңдайдың жарығы бар балалар психикасының дамуының жағдайына байланысты психикасына дұрыс дамыған бала, ой-өрісінің дамуы кешеуілдеген бала; ақыл ойы кем бала болып үш түрге бөлінеді. Неврологиялық тексерудің көрсеткеніне қарағанда бас миының зақымданған белгісі әдеттегіше байқалмайды. Кейбір балаларда жекелеген неврологиялық болмашы белгілері бар. Нерв жүйеснің функционалды бұзылуы балаларда едәуір жиі кездеседі, кейде айтарлықтай психогендік әлсіздігі, көтеріңкі қызбалығы да байқалады. Жоғарыдағы айтылғандардан басқа, таңдайдың іштен туа біткен жарығы баланың сөйлеу тілінің дамуына теріс ықпал етеді. Ерін және таңдай жарықтарының сөйлеу тілінің дамымауының қалыптасуына әртүрлі рөл атқарады. Бұл анатомиялық ақаулықтың көлемі мен түріне байланысты. *Жарықтың мынандай түрлері кездеседі: 1. үстіңгі еріннің жырығы, үстіңгі ерін және жақ сүйектер жырығы; 2. қатты және жұмсақ таңдайдың жырығы; 3. үстіңгі еріннің жырығы, тіс түбі қызыл ет өскіні және таңдайдың бір жақты немесе екі жақты жақты жырығы; 4. таңдайдың шырышты қабығы асты жарығы. Жырық ерін мен жырық таңдайда барлық дыбыстар мұрыннан немесе мұрын жолы реңімен айтылып сөйлеу тілін түсініксіз етіп бұзып жібереді. Аузындағы асын жұтқанда мұрын жолына кетіп қалмас үшін бала жастайынан тілінің арт жағын көтеріп мұрын жолын жабатындай дағдыға айналдырған. Бұндай әдет баланың сөйлеу тіл мүшелерінің әрекетін өзгертеді. Сөйлеген кезде бала әдеттегідей аузын аз ашады және тілінің үстін қалыптағысынан жоғары көтерді. Тілдің ұшы осыған байланысты жеткілікті мөлшерде қимылдайды. Бұндай әдет сөйлеу тілінің сапасын нашарлатады, себебі жақ сүйегі мен тіл жоғары көтерілген кезде ауыз қуысы мұрын қуысына ауа өтіп кететіндей жағдайға келеді де мұрын дыбысының реңін күшейтеді. П,б,ф,в дыбысын айтуға талаптанғанда ринолалиясы бар бала өзінің «тәсілін» қолданады. Дыбыстардың жұтқыншақ қағумен алмастырылуы ринолалияның ауыр түрімен шалдыққан баланың сөйлеу тілін өте өзгеше түрде сипаттайды. Көмекей қақпағы тілдің артқы жағына жанасқан кезде қақпақ жабылғандағы дыбысқа ұқсаған қағу пайда болады. Таңдайдың ақаулығының көлемі мен сөйлеу тілінің бұрмалауының бұлай жақын үйлесуі анықталған. Бұл балалардың мұрын және ауыз қуыстарының пішін үйлесімдерінің өзгешеліктеріндегі дербестіктерімен түсіндіріледі және әр бала өзінің сөйлеу тіліндегі дыбыстарды шығару қуысы мен толықтыру /компенсаторлық/ тәсілдерінің байланыстарындағы анықтылығы жасына және психологиялық дербестігіне байланысты. Сөйлеу тілі органдарының жұмыс істеуіне қауыпты өзгерістердің пайда болуынан сақтап қалу үшін баламен логопедиялық жұмысты операцияға дейін бастау қажет. Логопедиялық бұл жұмыста жұмсақ таңдайдың белсенділігін дайындайды, тілдің түбін қалыпты жағдайға дұрыстайды, ерін бұлшық еттерінің қызметін арттырады, ауыздан шығатын ауаның бағытын жөнге келтіреді. Осының барлығы хирургиялық емдеудің және келешектегі түзету жұмысының нәтижелі болып шығуына қолайлы жағдай туғызады. Хирургиялық емдеу жұмыс аяқталғаннан кейін 15-20 күндей арнайы жаттығуларды қайталайды, бірақ сабаққа қойылатын ең негізгі мақсат жұмсақ таңдайдың қимылын одан әрі дамыту болады. Ринолалияға шалдыққан балалардың сөйлеу тілінің қызметін зерттеудің нәтижесінде сөйлеу тілінің жасалу жағдайының анатомиялық – физиологиялық сапасының нашарлығын, сөйлеу тілінің қозғалтушы бір бөлігінің шектелуі тіл дыбыстарының дамуын кеселдендіріп қана қоймай, сонымен бірге көп жағдайларда оның барлық бөлігіндегі жүйелердің аса қатты бұзылатынын көрсетеді. Жасы ұлғайған сайын баланың сөйлеу тілі дамуының көрсеткіші нашарлайды, жазу тілінің әртүрлі үлгілерінің бұзылуы салдарынан ақаулығының құрылымы асқынады. Ринолалиясы бар баланың оқуда және келешекте мамандық таңдауда кедергі болатын қиындықтың алдын алу үшін сөйлеу тілі дамуындағы кемістікті жас кезінде түзетіліп қалпына келтірудің әлеуметтік және психолого-педагогикалық түзету жұмысының міндеті баланы тексерудегі анықтаманың нәтижесінде байланысты. 4.ТҰТЫҒАТЫН БАЛАЛАРДЫ ТЕКСЕРУ Тұтықпа сөйлеу кемістігінің ішінде ең күрделісі болғандықтан тексеруді жан-жақты, комплексті жүргізу қажет. Олар медициналық, логопедиялық және психологиялық. Медициналық тексеруді дәрігер рсихоневролог немесе невропотолог жүргізеді. Мұнда баланың туған кезінен бастап дамуындағы ерекшеліктерді анықтайды. Сөйлеу тілінің дамуына қосалқы әмер ететін баланың ішкі дамуында жағымсыз фактілер жиі байқалады. Дәрігер сол сияқты тұтығудың табиғатын анықтайды. Олар функционалды және органикалық болып бөлінеді. Логопедиялық тексеру мынадай бағытта жүргізіледі. 1. Тұтығудың себептері мен түрін анықтау /түрі, дәрежесі, ілеспелі қимыл-қозғалыстың болуы, болмауы, логофобия, тұтығудың барысы/. 2. Баланың сөйлеу жылдамдығын анықтау /баяулығы, шапшаңдығы, секіріс түріндегісі/. Логопед сөйлеу жылдамдығының шапшаңдығына баса көңіл бөледі, өйткені оны түзету кейін қиынға түседі. Мұндай жағдайда баланың семьясында үлкен адамдардың өте тез сөйлейтіндігі жиі байқалады. Логопед ата-аналармен тиісті әңгіме өткізу үшін арнайы жазылым /запись/ жасауы керек. 3. Ата-анасымен әңгіме барысында баланың сол қолмен ісетуіне тиым салғаны, оң қолымен істеуге үйрету туралы мғлұмат алуға болады. 4. Көңіл бөлудің бұзылуын тексеру. 5. Баланың сөйлеу тілі мен жалпы дамуының тарихын білу: оның алғашқы сөзі қашан пайда болды, қай уақыттан бастап сөйлей бастады, одан әрі даму қалай болды т.б. 6. Баланың айналасындағы сөйлеу ортасын білу: жақындарының ішінде сөйлеу кемістігі бар адамдар бар ма, жанұясындағы екі тілде сөйлейтіндер бар ма, айналасындағылардың сөйлеу жылдамдығы қандай, тұтығатын үлкендер немесе балалармен /байланыс/ қарым-қатынаста болды ма т.б. анықтау қажет. 7. Жанұядағы қарым-қатынас сипаты /баланы шектен тыс еркелету немесе керісінше қатал ұстау, бірде аймалап, бірде жазалап бірде рұқсатетпей, бірде еркіндік беру, бірде ұрыс сияқты жағдайларға көңіл аудару/. Егер логопед бала тәрбиесіндегі жетіспеушілікті анйқтайтын болса, онда әрі қарай үлкендердің баламен қарым-қатынас дұрыстауға ықпал етуіне тура келеді. 8. Семья жағдайымен танысу; /ұрыс-керіс, келіспеушлік жоқ па. Бала оған қалай қарайды/. 9. Тұтығудың басталған мерзімін, дамуын, барысын анықтау. Ата-анасының тұтығудың пайда болуы мен күшеюін қандай жағдаймен байланыстыратынын білу. Тырысудың формасын, орнын, жиілігін анықтау. Сөйлеу қабілетінің сақталуы. 10. Тұтығуына баланың өз реакциясының қалай екендігін білу /тұтығу кедергі жасай ма, қинай ма немесе оны өзі аңғармай ма, сөйлеудің тоқталуынан қорқа ма, әлде көңіл аудармай ма/. 11. Дыбыс шығаруындағы кемшіліктердің пайда болуы. Егер осы кемшілітер табыла қалса, артикуляциялық аппаратының органдарының қозғалысы мен құрылысын қосымша тексеру қажет, сол сияқты барлық фонемалар кемшілігі мен фонематикалық қабылдауын анықтау. 12. Тұтығатын баланың сөйлеу тілі дамуының жалпы деңгейін белгілеу /оның сөздік қоры жасына сәйкес пе, грамматикалық қатарының дәрежесі жеткілікті қалыптасқан ба/.