Материалдар / М. Дулатов "Бақытсыз Жамал" романы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

М. Дулатов "Бақытсыз Жамал" романы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне тәжірибие алмасу үшін қажет. Тәжірибиеден өтуші студенттерге арналған әдістемелік материал.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қазан 2018
5493
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

САБАҚ: М. Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы

Мектеп: Мұнайлы ауданы

11 жалпы білім беру орта мектебі

Күні: 07.03.2018 ж.

Мұғалімнің аты-жөні:

Чоканова Нуржамал Сагынбаевна

СЫНЫП: 8

Қатысқандар саны: 28

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты

Т/Ж 8.1.3. 1 - көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

  • Көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда мінездеулерді табады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

  • Көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура мінездеуді жіктейді.

Кейбір оқушылар орындай алады:

  • Көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеуді жіктейді.

Бағалау критерийі

  • Көркем шығармадағы кейіпкерлер бейнесін ашады.

  • Көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура мінездеуді жіктейді.

  • Көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеуді жіктейді.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады: көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктей алады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: құда түсу, қыз бостандығы, қазақ ғұрпы


Диалог құруға/ шығарма жазуға арналған тіркестер:

менің ойымша... , мен... деп ойлаймын, сондықтан... , қорыта айтқанда...

Талқылауға арналған сұрақтар:

Жамал не себепті бақытсыз болды? Жамалдың өліміне кім кінәлі?

Жамалдың тағдырынан қандай сабақ алдыңыз?

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» идеясы, мейірімділік, адамгершілік.

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы

Алдыңғы білім

М. Дулатов «Бақытсыз жамал» романы

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Басы 5 минут







Ұжымдық жұмыс: Психологиялық ахуал

Сыныптың жағымды ахуалын қалыптастыруда «Сағыныш» ойсергегін ұйымдастыру. Оқушылар көптен көрмеген туысын көрген сәттегі эмоциясын білдіреді.

Топқа бөлу

Үстел үстіне түрлі-түсті пішіндер қоямын, оқушылар ұнаған пішінді таңдайды. Пішіндердің түстері арқылы топқа бөлінеді.

Үй тапсырмасын пысықтау

«Пікірталас әткеншегі» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұраймын

Шығарманың басты идеясы не?

Сәрсенбай Байжанмен неліктен құда болды? Жамал неге бақытсыз болды?











І топ: Жамал тобы

ІІ топ: Ғали тобы

ІІІ топ: Сәрсенбай тобы

Үлестірме нұсқаулық

Ортасы

30 минут












Ұжымдық жұмыс: «Жүзіп шығу» әдісі бойынша оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді.

Жамал бейнесі арқылы автор нені көрсетуді көздейді?

Шығармада Ғали бейнесі қалай берілген? Сәрсенбай бейнесі арқылы не айтпақ болды?

Романда қазақ тұрмысына тән қанай мінез, әрекет кездесті?

Дескриптор

  1. Сұрақтарға нақты жауап береді.

  2. Ойын анық әрі нақты жеткізеді.

ҚБ графикалық


1-тапсырма Жеке жұмыс.

Роман кейіпкерлері туралы кесте толтырыңыз.

тақыры- бы

идея-сы

кейіп-керлер

мінез-деме

портрет-тік сипат-тамасы

іс- әреке-ті







ҚБ жазбаша

Топтық жұмыс. 2-тапсырма. Кейіпкер және мен

Оқушылар кейіпкерлер өміріндегі маңызды оқиғалар мен өз өміріндегі маңызды оқиғаларын жазады.

Дескриптор

  1. Кейіпкер өміріндегі маңызды оқиғаны жазады

  2. Өз өміріндегі маңызды оқиғаларды жазады

ҚБ графикалық

«Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы Үлестірме материалдар





қазақ әдебиеті оқулығы

8-сынып

(Арман ПВ)












































Соңы 5 минут










«Ромбтық жіктелім» әдісі

Ең маңызды элемент





Маңызды элемент



Маңызды элемент








Жеткілікті түрде маңызды



Жеткілікті түрде маңызды





Жеткілікті түрде маңызды







Онша маңызды емес





Онша маңызды емес








Ең бір маңызы аз элемент








Дескриптор

  1. Ең маңызды элементті табады.

  2. Жеткілікті маңызды элементті табады

  3. Онша маңызды емес элементті табады

  4. Ең бір маңызы аз элементті табады

ҚБ жазбаша (жарайсың, өте жақсы, мына жерін өзгертсең қалай болады?)


«ПОПС» әдісі Оқушылар шығарма кейіпкерлері туралы өз пікірін білдіреді.

Бірінші сөйлем: «Менің ойымша, ...»

Екінші сөйлем: «Себебі, мен оны былай түсіндіремін...»

Үшінші сөйлем: «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын...»

Төртінші сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...»

Дескриптор:

  1. Өз пікірін анық әрі нақты білдіреді.

  2. Нақты мысалдар, дәлелдер келтіреді

ҚБ жазбаша ( жарайсың, жақсы )


Рефлексия «Тазалық»

Оқушылар тақырып бойынша алған керекті ақпаратты чемоданға салады. Бүгінгі сабақта алған ақпартты әлі оқуым керек, толықтыруым керек десе ет тартқышқа салады. Сабақта керек емес болған артық дүниені қоқыс жәшігіне салады.

Үй тапсырмасы

«Бұрынғы заман қыз ұзатуы мен қазіргі заман қыз ұзатуы » тақырыбына эссе жазып келу.


Үлестірме материалдар 11-күн 1-үлестірме























Қазақ әдебиеті оқулығы 8-сынып

(Арман ПВ)











Қосымша ақпарат


Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?


Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Оқушылардың қабілетіне қарай, білім деңгейлерін ескере отырып, тапсырмалар оңтайлы беріледі. «Пікірталас әткеншегі», «жүзіп шығу», « кесте», «кейіпкер және мен», «ромбтық жіктелім», «ПОПС» әдістері ұсынылады.

Әр тапсырма нақты критерийлер арқылы жүргізіледі. Оқушылардың тапсырмаларды орындауы «күлдіргіштер», «бас бармақ» арқылы және ауызша,жазбаша кері байланыс беріледі.

Тарих пәнімен байланыстырып, АКТ- ны тиімді пайдалану. Оқушылар бойына ұлттық құндылықтарды, рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату.

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?


Сабақ мақсаты мен оқу міндеттері орындалды. Бүгін оқушылар «жүзіп шығу» әдісі арқылы оқушылардың жаңа сабақ туралы не білетіндерін болжады. Айтылым дағдысын қалыптастыруда «пікірталас әткеншегі», «жүзіп шығу», тәсілдері, роман кейіпкерлері туралы кесте толтыруы, кейіпкер өміріндегі маңызды оқиғалар мен өз өміріндегі маңызды оқиғаларды жазуы оқу мақсатына жетуде тиімді жұмыс болды. Сабақ жоғары деңгейде өтті. Оқушылар кейіпкерлер туралы білімін молайтты. Олардың бұл тақырыпты меңгеруі «тазалық» кері байланысы арқылы жүргізілді. Жоспарланған саралау жұмыстары толық жүргізілді. Әр тапсырмаға берілген уақыт тиімді пайдаланылды.

Жоспарланған саралау жақсы іске асты, жоспарланған уақыт бойынша барлық тапсырмалар орындалды.

Жоспарыма өзгеріс енгізген жоқпын себебі барлық тапсырмалар сараланған, уақытқа сай орындалды.

Қорытынды бағалау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Кейіпкерлерге қатысты кесте толтыру арқылы кейіпкерлер туралы мәлімет алуы;

2: «кейіпкер және мен» әдісі арқылы кейіпкер өмірі мен өз өмірін байланыстыруы;

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Өз көзқарастарын білдіруге, сөйлеу әркеттеріне назар аударылса;

2: Тақырыпқа сай бейнежазба немесе суреттер көрсетілсе, ізденіс жұмыстары арқылы білімдері толығар еді.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

1. Өз бетімен орындайтындербес жұмыстарға назар аудару.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!