Материалдар / «Мағжанның мәңгілік мұрасы» тақырыбындағы баяндама
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Мағжанның мәңгілік мұрасы» тақырыбындағы баяндама

Материал туралы қысқаша түсінік
Поэзия əлемінде айрықша із қалдырған, өзіндік үлкен қолтаңбасы бар, терең сырға, ұшқыр қиялға толы өлең дүниесімен азаттықты кейінгіге аманат етіп қалдырған кемеңгер ақын, жалынды қоғам қайраткері Мағжан Бекенұлы Жұмабаев мұраларын өскелең ұрпаққа насихаттау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Желтоқсан 2020
618
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Баяндама тақырыбы:

«Мағжанның мәңгілік мұрасы»



Дайындаған: Омар Қанат Қайратұлы

Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық

техникалық жоғары колледжі,

ЭО-19о оқу тобының студенті

Жетекшісі: Ерғалиева Аида Өткелбайқызы

Исатай Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық

техникалық жоғары колледжінің оқытушысы





Мағжанның мәңгілік мұрасы

Кіріспе

Қазақ халқы қазіргі азаттығына жету жолында небір нəубеттерді, есепсіз қиянат, мехнат- азаптарды басынан өткерді. Азаттық жолы ауыр болды. Қазақ елі талай ұлыларынан айырылды. Солардың бірі — поэзия əлемінде айрықша із қалдырған, өзіндік үлкен қолтаңбасы бар, терең сырға, ұшқыр қиялға толы өлең дүниесімен азаттықты кейінгіге аманат етіп қалдырған кемеңгер ақын, жалынды қоғам қайраткері Мағжан Бекенұлы Жұмабаев.

Мағжан Жұмабаевтың жиырмасыншы ғасырда алар орны алабөтен екені елге аян.Оның поэзиясындағы рухшыл əуен қазақ халқының ой-санасында ғана шектеліп қоймай, бүкіл Түркі дүниесіне жол тартқаны көңілімізге əдемі мақтаныш сезімін құяды. Өйткені Түркі поэзиясында рухтық космосты, ғалам отын біріктірген ақын жалғыз Мағжан болғаны ақиқат. Бұны біз, əсіресе, оның «Пайғамбар» деген тамаша өлеңінен [1; 51,52] айқын аңғарамыз.Əлем əдебиетінде айшықты орын алғандар: А.Пушкин, Л.Толстой, Н.Рерих, Е.Бловацкая, У.Шекспир, Гете, Гейне, Данте, А.Бизинт, А.Хооф, Ш.Биндолар болса, бойларына рухтың отын зілдеген бұлардың қатарында Мағжан Жұмабаевтың да орны бар. Қасиетті Түркіге, өзі сүйген Қазақ халқына ақиық ақын рухшыл поэзияны көркем түрде жеткізе білді. Ол өзінің отты, патриоттық жырларымен сол кездегі елін, оның бүгінгі ұрпағын үгіт-насихат өлеңдерімен өткен ғасырда-ақ бүгінгі бостандыққа дайындап кетті.

Қазақтың түрікшіл ұлы ақыны Мағжанның поэзиясындағы түрік тақырыбы

Ақын түрік тақырыбын бірінші рет «Шолпан» жинағына 1912 жыл шамасында енгізілген «Орал тауы» деген өлеңінде қарастырған. Бұдан кейінгі уақытта бұл тақырып сан жағынан да, сапа жағынан да дами түскен. Олар — «Алыстағы бауырыма», «Жер жүзіне», «Қазақ тілі», «Тез барам!», «Түркістан», «Тұранның бір бауында», «Орал» өлеңдері.Мағжан Бекенұлы өзінің жырларында қазақ халқының өткен тарихи жолына көп көңіл бөлген. Өз халқының ежелден келе жатқан батырлық, намысқойлық, елін, жерін шексіз сүйетін, қорғай білетін қасиеттерін «Жер жүзіне...» деген толғауында ерекше айтып өткен.Ол өз халқының көне тарихын жетік білуі қазақ елінің алыптары Ш.Уəлиханов, А.Құнанбаевтардан кем түспейді. Тіпті, бұл жөнінен оны солардың ізбасары деуге кəміл болады. Ақынның жүрегі сергек, ақылы сара, қиялы өткір. Оны біз «Қызыл жалау» жырынан [1; 188–189] байқаймыз:

-Жалынды жалау кімдікі?
-Тұрағы тарғыл тас қия,
Арбаңдаған Азия -
Жалындай жалау соныкі,
Ендеше, қазақ, сенікі!

«Қызыл жалау» неге қазақтікі болды? Мағжан осы сөздің астарын қазады. Оның дəлелдеуінше, «Жалынды жалау» — Азиянікі. Өйткені қазақ өзі от жаққан отауы, мемлекеті болуын аңсады. Сол үшін жаулармен жағаласып, «шикі қан жұтысты», «ақ табан шұбырынды» болды. Ұлан-байтақ қазақ сахарасы жесірлердің көз жасымен, ерлердің қанымен жуылған. Сондықтан жалаулары «қанды жас жалау», «өртенген жалау», «азаттық жалау» да — қазақтікі.

Мағжан қазақ халқының шығу тарихын «Түркістан» деген публицистикалық-философиялық дастанында [1; 173–176] тереңнен тартады. Ертедегі түріктің даңқты тарихы мен ұлы қайраткерлерін асқақтата жырлаған бұл шығарма тек қазақ емес, күллі түрік халықтары əдебиетінде де ерекше құрметті [3]. «Түркістан» — түрік дүниесін ынтымаққа шақыратын еңбек. Бұл толғауда қаншама түрік тарихы қозғалып, нешеме астарлы ой айтылған:

1.Алғашқы шумақтың өзінен-ақ Түркістан аталған ұлы елдің де, қаланың да мəні бірігіп, тұтастыққа ие болғаны байқалады.

2.Ақын «Түркістан» деген термин-сөздің түсінік шеңберін келесідей анықтайды.

3.Дастанда «Тұранның» тарихы, көлемі мен көркі былай сипатталады.

4.«Тұранның» ұлы перзенттерін бүгінгі қауымға өнеге етіп көрсету Мағжанның ел еңсесін көтерсем деген өр мақсатына, асыл мұратына орайлас.

5.Адамзаттың ақыл-ой алыптарының қатарында тұратын ғалымдар туралы да ақын мынадай айшықты сөздер төгеді.

6.Қазақ хандығының құрылуы жəне халқымыздың өз егемендігі үшін күрескені, оны бастаған ел басшылары туралы деректерді дастанның мына шумақтары дəлелдейді.

7.Шығармасының ақырында М.Жұмабаев «Тұранның» бел ортасындағы Сарыарқа, қазақтың қаһарлы хандары, Алаштың астанасы жөнінде арнайы тоқталады.

Белгілі жазушы, ғалым Қ.Ергөбек Түркістанды жырлаған қазақтың ұлы ақыны туралы өз ойын былай тұжырымдайды: «...Түркістан мұхтариятын» (мемлекетін) құрушының бірі — Мағжан Жұмабайұлы! Мағжан Жұмабайұлының «Түркістан» аталатын өлеңі — өлең өнерінің бір биік шыңы...» [4]. Күллі түрік дүниесінің тағдыр жолдарын шолған осы керемет шығармасымен М.Жұмабаев өзіне өшпес мұнара соғып кетті. Жер бетінде түрік баласы аман тұрғанда (қазақ — түріктің бел баласы) Мағжандай ұлы ақынның атойлаған туындысы өлмейді, мəңгілік жасай береді.

Мағжанның махаббат лирикасы

М.Жұмабаевтың махаббат лирикасын дамытудағы еңбегі ерекше. Оның осы тақырыпқа арнаған өлеңдері өзінше бір төбе. «Сүй, жан сəулем», «Төгілген шашы», «Гүлсім ханымға», «Гүлсімге», «М-ға», «Ф-ға», т.б. өлеңдерінде ақын аса шабытпен үзілте жырлаған. Мысалы, «Сүй, жан сəулем» деген өлеңінде [1; 94]:

Сүй, жан сəулем, тағы да сүй, тағы да!

Жылы, тəтті у тарады қаныма.

Бұл лəззаттың бір минутын бермеймін

Патша тағы, бүкіл дүние малына, —

дейді Мағжан ағынан жарыла.

М.Жұмабаевтың махаббат тақырыбында жазған өлеңдерін оқып қаныққан адам

нағыз нəзік лиризмнің сиқырын сезінері анық.

Қазақ əдебиетінде табиғат лирикасын ақынның ерекше жырлауы

Мағжан Бекенұлы өмірде бəрі өзгереді, өзгермейтін — табиғат деп білген. Оған еш

нəрсені теңгермейді. Теңгерсе тек аса қадірлі жоғарыда айтылған махаббаттай асыл

қасиетті теңгереді. Ол табиғатты жырласа, пəк нəрестеге, болмаса сүйген жарға

теңеп жазады. Ақын табиғатқа жан бітіреді.«Жазғы таң» деген өлеңінде [1; 20, 21]:

Жып-жылы түн маужырап,

Көтерілген жерден бу.

Саф күмістей жарқырап,

Тыныш жатыр тұнық су.

Көкке тиген биік тау

Құшақтасқан тұманмен, 

Қосылысып есен-сау

Бал алысқан құмармен.

Ақырын ескен жылы жел

Маужыратып, тербетіп, 

Таң атсын деп жайнап гүл

Өсіп балам ер жетіп.

Шырылдап торғай аспанда,

Бытпылдығы əн қосып

Шала-жансар жатқанда

Табиғатқа жан қосып...

деп, тау мен тұманды ғашық жарларша құшақтастырып қояды. Біздің қазақ əдебиетінде Мағжан табиғатты өзінше жырлаған.Ақынның жырларында табиғат пен адамның жан дүниесі бірге астасып жатады. Сұлу, сырлы, тіпті кейде ақыл-ойға сыймайтын фантастикалық суреттер көз алдыңа келеді. Сөз шеберінің құдіретті шабытымен кестеленген түпкі мағына сурет болып санаңа еніп, сезіміңді қалай билеп алғанын білмей де қаласың.Табиғаттың төрт мезгілін жырлаған өлеңдерінде ақын өзінің сыршылдығымен, нəзік толғағымен, биік парасатымен, сүйсіне біткен сұңғыла, қиялшыл қасиетімен көзге түседі. Табиғатты Мағжаннан көп, онан артық суреттеген қазақ ақыны кем де кем. Ақынның қай өлеңінде болса да лирикалық қаһарман табиғатпен астасып кетеді. Барша тамылжыған табиғат оның көңіл-күй сандығының пернелерін басқандай сайрайды.

Мағжанның философиялық лирикасы

Ақиық ақынның поэзиялық бағынан философиялық лириканың үздік үлгісін де кезіктіреміз. Əсіресе, оның 1920 жылы жазған «Жан сөзі» деген керемет өлеңінде [1; 151–154] өз аяулы тағдырының қандай трагедиямен аяқталатынын күні бұрын болжап білгендей сияқты ертеңгі күні мені ел білер ме дейді.

Мағжанның бұл туындысы бүгін де оны оқыған жанның сай-сүйегін сырқыратады. Мағжан Бекенұлының ерекше бір өлеңі — «Қазақ тілі» деген туындысы [1; 59, 60]:

Күш кеміді, айбынды ту құлады;

Кеше батыр — бүгін қорқақ, бұғады.

Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде,

Қан суынған, жүрек солғын соғады-дей келе,.

Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп,

Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!-дейді.

Мағжанның тұрмысқа көңілі толмаған. Ол өмірден көп қиындық көрген. Мұң-зарға көп салынған. Сондықтан да тіршілікте қызық бар деп сенбеген. Бұл туралы «Алдамшы өмір» деген өлеңінде толғанған .Мағжанның  осындай философиялық  лирикасында күйректілік  сарын басым. Мысалы, «Толқындап ойнап» атты шығармасында [1] ақын өмірді асау толқын етіп суреттейді:алайда Мұнда да өмірінің соңы — өкініш. Дүлей толқын ішінен шығар жол жоқ.

Мағжан атамыыздың дүние, болмыс жайлы өлеңдерінің қайғылы мұңды болып келу себебін түсіну қиын емес. Ақын өмірі тұнып тұрған трагедия. Жастайынан туған əкесінен «теріс бата» алған ол өмірден не қызық көреді, «қайда барса Қорқыттың көрінің» кебін киген ақынның өмірге риза болуы мүмкін бе еді? [7; 183].Бірақ біз «Мен кім?» атты өлеңіндегі [1; 79–80]:

Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?

Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?

Көкте — бұлт, жерде — желмін гулеген,

Жер еркесі — желдің жөнін кім сұрар?– деген романтикалық шумақтарынан ақынның өз күшіне, өз дарынына — керек десеңіз, өзінің өмір тағдырына кəміл сенгенін байқаймыз. «Өмір» деп аталатын толғауында (екінші өлең) [1; 131]:

...Өмір осы — бірде ол болар бұлтты,

Қатты желді, дауылды, кейде отты.

Құрып дымың, қайғырып жас төгерсің,

Бұлт ашылар — қайғының бəрі бітті, – дейді ақын. Мағжанның осы өлеңінің философиялық лирикадағы басқа өлеңдерінен өзгешелігі, мұнда ақын — оптимист. Ол өмірде бақытты күндерінің боларына сенеді.

Ақынның символистік мəнерде жазылған өлеңдері

Ұлт азаттығы күрескеріне қажет өрлік, батылдық, өжеттік қасиеттерге Мағжанның символистік мəнерде жазылған өлеңдері тіптен мəрт.Бұған мысал ақынның «Күншығыс» атты өлеңі.Мағжанның бұл еңбегі — қазақ поэзиясының тарихындағы жаңа сөз, соны белес.Орыс, араб, парсы, түрік тілдерін жетік білетін Мағжан ақын туған əдебиетімізді əлемдік əдеби процеске қосқан Абай жолын онан əрі дамытып, кеңейте түсті. Мысал ретінде оның «От» атты шығармасын [1; 49–50] келтіруге болады:

Күннен туған баламын,

Жарқыраймын, жанамын.

Күнге ғана бағынам.

Өзім — күнмін, өзім — от,

Сөзім, қысық көзімде — от,

Өзіме-өзім табынам.

Жерде жалғыз тəңірі — от.

М.Жұмабаев 1923 жылдан 1927 жылға дейін Мəскеудегі көркемөнер институтының В.Брюсов шеберханасында оқиды. Ол мұнда əлем əдебиеттерімен танысып, Гейне, Гёте, Шиллердің өлеңдерін аударады. Бальмонттың, Блоктың, Есениннің поэзияларына еліктеп өлеңдер жазады. Мəскеуде жүргенде ол «Алқа» əдебиет бірлестігін құру бағдарламасын жазып, онда əдебиет дамуының мəселелерін қалай шешуді жəне насихаттаудың жолдарын түсіндіреді [8].

Аударма жасау тұсында, еліктеу сəттерінде Мағжан орыс символистерінен өзіне жаңа өрнек, үлгі іздегені аңғарылады. Жаңашылдыққа құмар ақын қазақ құлағына тосын естілетін жаңа тақырыптарды, сөз тіркестерін, ішкі мағынаны іздеп табады. Ол «Біраз Фетше», «Александр Блок», «Мені де, өлім, əлдиле» өлеңдерін символизммен əуестеніп жүрген кезінде жазады.

Нəзік жанды сыршыл ақын орыс лириктерінің озықтарының бірі Фетті сүйіп оқыған. Ал,«Александр Блок» деген өлеңіне [1] қарағанда, Мағжан орыстың осы ғажайып саналатын ақынын түгел сүзіп оқып шыққан сияқты көрінеді.Мағжанның түсінігінше, Блок символизм деген ағымның сипатына сыймай, сыртқы кеңістікке кетіп қалған ақын.

М.Жұмабаев өлеңдерінің ішінен ерекше оқшау көрініп тұратындарының бірі — «Мені де, өлім, əлдиле» [1; 154–156]. Бұл туындысында ақын Бальмонттан бастапқы бес-алты жолды олжалайды да аржағын өзінше алып кетеді:

      Бетімнен тəтті бір сүйіп,                             Балқиды жаным бұл күйге.                       Мені де, өлім, əлдиле...      

       Алдыңа алшы əлдилеп...                           Əлдиле, өлім, əлдиле!

Ақынның осы толғауын талдай келе, филология ғылымдарының докторы Ө.Күмісбаев өз ойын былай тұжырымдайды: «Мағжандағы жас қайың, жас ұлан, жалғыз жан, жас сұлу, жаңа нəресте, ақ отау, жалғыз жолаушы Бальмонтта жоқ, бұл детальдер қазақ ақынының өлім тақырыбына əкеп қосқан өзіндік олжасы...» [9].

Өкінішке орай, қазақ халқының озық ойшыл, шексіз ұлтжанды, нəзік жүректі ақыны Мағжан өмір сүрген тарихи кезең еліміздің басына түскен зардабы 75 жылға созылған зұлмат дəуір болды. Сондықтан ол «таза поэзиямен» ғана шұғылданбай, заманның сұраныстарына қарай тамаша толғаулар жазды. Оларға саяси мағына, тарихи-қоғамдық кескін берді. Ол заманның толқынын түсініп, оқырманын тəрбиелеуге тырысты. Бірақ оның жаны зұлымдық құрбаны болды. Ғұлама ақын тоталитарлық жүйенің құрбаны болып, оны жалынды жырымен жеңе алмады.Қазақ халқының жарқын болашағына тек жастардың күш-қуаты, бірлік-қайраты арқылы ғана жетуге болатындығын жария етті.Содан бері қаншама су ақты. Уақыт өтті. Қазақ халқы патша үкіметінің де, одан кейінгі «қызыл империяның» да темір бұғауын үстінен сілкіп тастап, ғасырлар бойы аңсаған армандарына жетті. Сол кездегі, ақиық ақын Мағжан мен Алаш зиялылары армандағандай, қазақ жастары халыққа басшы болып, ел билеу дəрежесіне жетті.

Түйін

Өзінің қайталанбайтын ерекшелігімен, жаңашылдығымен айқындалатын қазақ поэзиясының перзенті, ардақты ұлы Мағжан Жұмабаев поэзиясы — қазақта Абайды, орыста — Б.Пастернак, А.Блок, А.Ахматоваларды еріксіз еске алдырады. Өйткені ол қайбір тақырыпты да жалпы — адамзаттық биіктен жырлады. Оның үстіне нені өлең етсе де, шеберліктің шегіне жете игерді. Өзінше көруі — өзгеше көруге ұласып, ұдайы жаңалық танытты. Бір ғажабы — қай өлеңін алмайық, көз көріп, көңіл жететін басы ашық шындық — ешкім де Мағжанға дейін бұлай жырламаған.

Айта берсек, Мағжан Жұмабаев мұраларының қыр-сыры өте көп. Кемеңгер ақынның әрбір туындысы біздер үшін баға жетпес мәңгілік өшпес асыл мұра. 

Пайдалынлған әдебиеттер тізімі

1.Жұмабаев М. Шығармалары: Өлеңдер, поэмалар, қара сөздер. — Алматы: Жазушы, 1989. — 448 б.

2.Əлиева Б. Армысың, азаттығым, қыран қанат // Алтын тамыр. — 2010. — № 1. — 191-б.

3.Бердібай Р. Жыр арқауы — Түркістан // Қазақ. — 2008. — № 39, 40 (396, 397). — 26 қырк. — 3 қаз.

4.Ергөбек Қ. Түркістанда Мағжанға ескерткіш керек // Түркістан. — 2011. — 24 наур. — 9-б.

5.Əбдірахманова С. Азатшыл ақын арыны // Орталық Қазақстан. — 2008. — 31 желт. — 4-б.

6.Мəшһүр-Жүсіпов Қ. Мағжанның шеберлігі // Жұлдыз. — 1991. — № 11. — 142–145-б.

7.Қаһарманұлы Ғ. Мағжан поэзиясы жайлы // Жұлдыз. — 1993. — № 6. — 177–185-б.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!