Материалдар / Махамбет жырлары- асқақ рухтың үні
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Махамбет жырлары- асқақ рухтың үні

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп оқушыларына
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қараша 2018
1303
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Махамбет жырлары- асқақ рухтың үні

... Мына дәурен бұрқан- талқан

Ертең қайта өзгерер.

Ақындарын, сұлтандарын

Артық сыйлар кез келер.

М.Шаханов

Қазақ әдебиеті мен тарихында батылдығы мен батырлығы, өлеңі мен өнері жарасқан өр тұлға бар. Ол-Махамбет Өтемісұлы. Жырларын оқи отырып, өршілдік, қайнаған намыс пен ыза- кекті сезесің.Отанға деген сүйіспеншілік, елге деген махаббат, ерлік, елдік мәселесі жалынды жасқа ой салары сөзсіз.

«Қуатты ойдан бас құраған» Махамбет өлеңдері кеудеде намыс отын қайрап, еріксіз атқа қондырады. Оған себеп- патшалық езгі, хандық биліктің үстемдігі. Хан мен сұлтан, төре мен төлеңгіттердің жерді тартып алып, сұлтан- билерге таратып беруі, алым- салықты көбейтуі қара халықты ашындырды.

... Ханнан қырық туғанга,

Қарадан бір- ақ тусайшы,

Халықтың кегін қусайшы!- деп сарбаздарды жеңіске жігерлендіреді. Жасқануды, жасуды, тарығуды білмейтін ақынның бойында қайтпас қайсарлық, намыс оты бар. Мұның бәріне дем беруші перзенттік борыш, туған халқына деген адалдық деп ойлаймын.

Қалың қолды соңына ерткен батыр әділдік, теңдік, еркіндік үшін соңғы демі қалғанша күресті.

Иә, қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызы екі арманда өтті. Бірі-елдік арманы, екіншісі- ерлік арманы. «Еділдің бойы ен тоғай, ел қондырсам деп едім» дегендей халқына шұрайлы қоныс, теңдік алып бере алмай, арманда өтсе, ерлік арманы- жауына қару сілтей алмай, қапыда мерт болуы. Сатқындардың әрекеті Махамбеттей батырды мұратына жеткізбеді.

«Махамбет жырлары- өз заманындағы ең қанды әсерлі сөз, көпшіліктің өз үні, өз тілі, өз арман- талабы»,- дейді М.Әуезов. Өз халқы мен Отанын шексіз сүйген патриот ақын бұқара халықты ханға қарсы қарулы көтеріліске шақырды.

Қабырғасын қаусатып,

Бір-біріндеп сөксе де,

Қабағын шытпас ер керек,

Біздің бүйткен бұл іске,-

деп, өз мүддесінен халық мүддесін артық санады.

Қорыта айтқанда,

Махамбеттей батырға,

Бүкіл қазақ ғашық болса айып па?-

деп ақын ағамыз М.Шаханов жырлағандай, өткір тілді өлеңімен, ерен ерлігімен қазақты өзіне ғашық еткен ақын рухына бүгінгі ұрпақ, біздер мәңгілік ғашықпыз. Ерлігі – өшпес өнеге, жырлары- рухани азық.

Ақын арманы бүгінде түгелдей жүзеге асты. Халқымыз өз елінің қожасы атанды. ХХІ ғасыр төрінде Махамбет жырлары-егемен елдің қасиетті бойтұмары.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!