Материалдар / «Мәңгілік елдің – ұлттық құндылықтары»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Мәңгілік елдің – ұлттық құндылықтары»

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға ұлттық ойындар арқылы оқушының өз ұлтының әдет –ғұрпына ,салт –дәстүріне деген қызығушылығын оятып,төл ойындар арқылы білім деңгейін көтеру,
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қараша 2018
640
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Мәңгілік елдің – ұлттық құндылықтары»

Өтілетін орны:Үлгілі ауылы, Үлгілі орта мектебі

Мерзімі: 05.01.2018жыл

Әнұран орындалады:

Мақсаты: а) Оқушыларға ұлттық ойындар арқылы оқушының өз ұлтының әдет –ғұрпына ,салт –дәстүріне деген қызығушылығын оятып,төл ойындар арқылы білім деңгейін көтеру

Көрнекі құрал-жабдықтар: белгілер, белбеу, ысқырық, қаптар,орамал, арқан.

Сайыс бағдарламасы

1. Сынып командаларының сапқа тұруы.

2. Өтетін ұлттық ойын түрлерімен таныстыру.

3. Әділқазылар алқасын сайлау.

4. Жеребе тастау

Ұлттық ойын түрлері

1. «Асық ойыны» ойыны.

2. «Бестас (шекемтас)» ойыны.

3 «Ләңгі ойыны» ойыны.

4. «Арқан тарту» ойыны

II. Ой қозғау:

Мұғалім:

- Қазақтың ұлттық ойындары туралы не білеміз?

Оқушылар:

- Қазақ халқының ұлттық ойындары:

«Асық ойнау», «Тоғызқұмалақ» , «Арқан тартысу», «Қол күрес», «Көрші» «Бес тас», «Желке тартыс» т.б.

III. Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Ұлттық ойындары көбінесе әр халықтың әлеуметтік – экономикалық жағдайларына, шаруашылық мүмкіншіліктеріне байланысты қалыптасқан. Қазақ халқының ұлттық ойындарының көбі табиғи заттармен ойнауға негізделген. Шаруашылығы мал шаруашылығына негізделгендіктен қазақ халқының ұлт ойындары да осыған икемделеді. Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар.Жастайынан баланың жүйке жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелейді. Мұндай қасиеті болмаса, адамда төзімділік, шыдамдылық та болмайды. Ондай қасиеттері болмаса, адам ойында да, өмірде де көздеген мақсатына жете бермейді. Бұл ойындардың еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін ойнайтын түрлері болған.

Оқушыларды команда бойынша сапқа тұрғызу ойын шарттарын түсіндіру

«Асық ойыны» — қазақ халқының дәстүрлі ойыны. Асық ойыны күндіз де, түнде де ойналады. Күндізгісі – мергендікке, түнгісі – ептілікке баулиды. Иіргенде түскен қалпына қарай асық – алшы, тәйке, бүк, шік деп, ал атуға арнап арнайы қорғасын құйылып жасалғаны – сақа, жақсылары – оңқы аталады. Асық ойынының мынадай түрлері бар: құмар,тәйке,омпы, алшы, хан (хан ату), қақпақыл, т.б. Мысалы, құмар ойынға 2 – 4 адам қатысады. Олардың жақсы жонылып, табаны қайралған төрт асығы болуы керек. Ойыншылар өзара келісіп жеңімпазға жүлде тағайындап алады да кезек-кезек төрт асықты иіреді. Егер иіруші: төрт бүк, не төрт шік, не төрт алшы, не төрт тәйке түсірсе, жүлденің жартысын алады, төрт асық төрт түрлі түссе, онда тігілген жүлдені түгелдей алады. Осылайша ойын жалғаса береді

«Бестас (шекемтас)» — көбiне қыздар ойнайтын ұлттық ойын. Ол ушін домалақ, ұстауга ыңғайлы бес тас, отырып ойнауга ыңғайлы тегіс жер керек. Ойын бірнеше сатыдан тұрады. 1 — «Бірлік». Ойыншы бес тасты жерге .шашады. Таңдап алынған қақпа тасты бip қолымен аспангалақтырады да, жердегі бipeyiн көтеріп қайта тосып алады. қалғандарын осылай бір-бірлеп кетереді. 2 — «Екілік». Бұл жолы екі тастан көтереді. 3 — «Үштiк». Үш тасты 6ipre 6ip рет, жеке тасты екінші рет жерден көтереді. 4 — «Төрттік». Төрт тасты бірге көтеру керек. 5 — «Алақан». Төрт тасты бір-бірлеп алақанға жинайды. 6 — «Төртбұрыш». Төрт тасты төрт жерге төртбұрыш жасап қойып, оларды тез жинап алады. 7 — «Арттан тастау». Бірліктегідей 6ip тасты жерден көтеріп алады.Қақпа тасты лақтырып, екіншісіне көтергенше, алғашқысын қолдың артынан жерге тастайды. Осылай бәрін тастан болғаннан кейін оларды түгел 6ipгe көтеру керек. Picture 3

«Ләңгі ойыны» – Ләңгіні де сол қатарға алып, қазақ баласына қайта ұсынсақ, ұлттық мәдениетіміз байи түспесе, кедейленіп қалмас. Онсыз да қымызыңа неміс, айтысыңа армян жиендік етіп жатқан уақытта өз ұлттық құндылықтарымызға аса сақ және құрметпен қараған жөн.

Ләңгі тебу барысын көрсетіп беру:

1.«Аяқ ұшы»,

2.«Қосаяқ»

3. «Қайыру»

4.«Шанжыр»

5. Теуіп беру» ойын түрлерін көрсету

сондай ақ аяқтың ішімен және сыртымен бірдей тебу

Жарыс оқушыларға көрсетіп берген соң басталып кетті

ұпай жинау амалын қамтығандықтан, жарыс көрігі бірден қызды.

«Арқан тарту» ойын ережесі Бұл ойынды ойнау үшін, алдымен бес-алты ойыншы тартқанда үзілмейтін арқан қажет. Ойыншылар екі топқа бөлініп, арқан бойына қарама-қарсы орналасады. Арқан бойына үш жерден белгі тағылады. Ортаңғы белгі орта сызықпен бір межеде болуы керек.Бастаушының белгісімен екі топ әрқайсысы өз жағына қарай арқанды тарта бастайды. Қай топ қарсыласты орта сызықтан тартып әкете алса, сол топ жеңіске жетеді.

Сайысты қорытындылап , сайыс жеңімпаздарын марапаттау

Бағалау парағы

Қатысқаны 24 бала

Әділқазылар алқасы: 1.____________________________________________________________

2.____________________________________________________________

Қорытынды. Қазақ халқының ұлттық ойындары туралы білімдерін толықтыру. Қорыта келе, біз ұлттық ойындар арқылы салауатты өмір сүруге тәрбиелеудің бірқатар мүмкіндіктерін аштық: 1. Ұлттық ойын бала денесінің дұрыс қалыптасуына мүмкіндік туғызады 2. Ұлттық ойын баланы тек денесін ширатып, денсаулықтарын жақсартып қоймайды, сонымен қатар пәндерден алған білімдерін толықтырады. 3. Ойын арқылы баланың ойлау қабілеті дамиды. 4. Ойын шыдамдылыққа, төзімділікке үйретеді, т.б Бала ойыны қоғамдық құрылыстың өзгеруіне, адамдар арасындағы әлеуметтік қарым-қатынастардың жаңаруына, мазмұны мен сипаты жағынан тиісті өзгерістерге түсіп отырады

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!