«МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ» АЗАМАТЫ
«КІШІ» ОТАНДА ҚАЛЫПТАСАДЫ
Еркінбекова Айгерім Сламбекқызы
Алматы облысы, Талдықорған
қаласы
Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын
Мұхтар Арын
атындағы № 24 «Экономика және
бизнес» арнаулы лицейі
География пәнінің мұғалімі
Еліміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті 30
елдің қатарына кіруі үрдісіндегі оқушыларымыздың функционалдық
сауаттылығын арттыруда, Отанымызға деген сүйіспеншілігін дамытуда
«Өлкетану» қолданбалы курстарының сапалы өтілуі аса маңызды болып
табылады.
«Үміт еткен көзімнің нұры-балам», - деп алаш
баласының алғашқы ұстазы Ыбырай Алтынсарин айтып кеткендей, әр
баланың қабілетін тап басып тани біліп, бұлақ көзін ашып, өзгермелі
әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмірге барынша бейімді,
сонымен қатар айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатынасын
байқатып, оны жақсартуға ықпал ете алатын, бәсекеге қабілетті жеке
тұлғаны қалыптастыру әрбір ұстаздың басты мақсаты болып
отыр.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев
«Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты
Қазақстан халқына Жолдауында ата-бабаларымыз – түркілердің
«Мәңгілік Ел» идеясын Қазақ елінің ұлттық идеясы деп жариялап[1] ,
оны «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты жаңа Жолдауында да жаңа
қырынан толықтырды [2]. Еліміздің адал азаматы ретінде бұл идеяны
үлкен жауапкершілікпен іске асырудың түпқазығы өскелең ұрпақтың
бойындағы туған жерге деген махаббаты, елжандылығы мен отаншылдық
қасиеттерін арттыруға жағдай жасау деп ойлаймын. «Дарын»
Республикалық ғылыми – практикалық орталығы 2013 жылы қараша айында
Түркістан қаласында ұйымдастырған «Туристік - өлкетану іс –
әрекеттері арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің әдістері»
атты республикалық семинарға қатысып, сертификат иелендім.
Семинарға қатысушы ретінде өлкетану курстарының жандануы,
оқушылардың туристік іс-сапарларын, өз өлкесінің ерекше қорғауға
алынған аймақтары мен табиғат ескерткіштерін, тарихи – мәдени
орындарын, ежелгі қалаларды аралап, теориялық білімін толықтыру
қажет деген пікір түйдім.
Мектеп оқушыларының
функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға
арналған ұлттық жоспар қабылданып, қосымша білім беру мәселелері
қарастырылды[12]. Сондықтан да, білім беру жүйесіндегі қолданбалы өлкетану
курсын оқытуда - белгілі бір аймақтың табиғи
ерекшеліктерін, тарихын, шаруашылығын,
аймақтың халқын және оның мәдениетін зерттей отырып, оқушылардың
бойындағы «кіші» Отанына деген сүйіспеншілігін, азаматтық
сезімдерді дамыту қажет.
Өлкетану ғылым ғана емес,
сонымен қатар қызметтің бір түрі: өлкенің табиғи және тарихи –
мәдени мұраларын сақтауға бағытталған жасампаздық еңбек және
көпшілік қауымға құнды болып табылатын жаңалықтарды анықтау және
оны насихаттау [11]. Өлкетанудың зерттеу нысаны
ретінде аймақты толығымен қарастыруға немесе жекелеген аудандарын,
тарихи орындарын бөліп қарастыруға болады.
Өлкетану – жаратылыстану және
қоғамдық пәндердің өзара түйісетін
аймағы[4]. Өзіміздің туған өлкеміз –
Жетісу аймағының табиғи – географиялық жағдайы, туристік
негіздерімен танысу, жер бедері, ресурстары, ауа- райы, өлкенің
сулары, топырағы, флорасы мен фаунасы, ерекше қорғалатын аумақтары,
өлкенің шаруашылығы, мекен ететін халықтардың шаруашылығы мен
тұрмыстық ерекшеліктерін жан – жақты зерттеп, оқып – үйрену
барысында оқушылар география, физика, биология, химия, математика,
тарих және тағы басқа да пәндерден алған білімдерін қолданып,
күнделікті өмірге бейімдей алады. Әр пәннің мазмұны мен зерттеу
әдісі әртүрлі болғанымен, олардың түйісетін жері, негізгі мағынасы
өлкені ғылыми және жан – жақты оқып – үйрену. Осы
тұста функционалдық сауаттылық тұжырымдамасына негізделген
халықаралық бағалау зерттемелерінің бірі 15 жастағы оқушылардың оқу
жетістіктерін бағалаудың халықаралық бағдарламасы (Programmer for
International Student Assessment – РІSА) болып табылады. РІSА 15
жастағы жасөспірімдердің мектепте алған білімдерін, іскерлігі мен
дағдыларын адами іс-әрекеттердің әртүрлі салаларында, сондай-ақ
тұлғааралық қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастарда өмірлік
міндеттерді шешу үшін пайдалана алу қабілеттерін
бағалайды. [12]
РІSА зерттеулері қазіргі уақытта
әлемде мектептік білім берудің тиімділігін салыстырмалы бағалаудың
әмбебап құралы ретінде қарастырылып келеді. Біздің лицейде де
бірнеше жылдың көлемінде РІSА тапсырмалары жыл сайын
оқушылардан алынып, олардың өмірге бейімділігі, алған білімдерін
тек теориялық тұрғыдан емес, практикада да іске жарата алатындығына
көзіміз жетіп келеді. РІSА шеңберіндегі тестілеу
барысында функционалдық сауаттылықтың жаратылыстану ғылымдарының
өзара байланысын түсініп, әр пәннің адам өміріндегі рөлі туралы
қорытынды жасауды талап ететін, тиімді жұмыс жасауға, әртүрлі
жаратылыстану пәндерінен түсініктемелерді таңдауға және
біріктіруге, осы түсініктерді өмірлік жағдаяттарға тікелей қолдана
алуға баулиды. Бұл ретте TIMSS зерттеулерінде Қазақстандық
оқушылар жоғары нәтижелер көрсетуде.
Еліміз үшін маңызды болып табылатын экономикалық даму мен жоғары
бәсекелестік сияқты стратегиялық міндетті шешу жағдайында ел
болашағы болатын тұлғаның ең басты функциялық сапалары белсенділік,
шығармашыл тұрғыда ойлауға және шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын
таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып
табылады. Аталған құзыреттілік дағдылар тұлғаның бойында мектеп
қабырғасында қалыптасады [3]. Өлкетану пәнін оқытуда нәтижеге бағытталған
іс-әрекетті құзыреттілік тұрғыдан жүзеге асыру – негізгі
міндет.
Мына заманда біздің оқушылардың алдына
қойылатын талаптар да күннен-күнге, жылдан-жылға өсуде.
Функционалдық сауаттылық – бұл алынған білімдер мен біліктерді
іс-жүзінде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және
теориялық мәселелерді шешуге қолдана алу
қабілеттілігі.
Оқушының функционалдық
сауаттылығын қалыптастыруда оқытудың түрлі формалары мен әдістері
арқылы жүзеге асырылады. Солардың ішіндегі ең тиімдісі
(ізденушілік) – оқушының ғылыми қоғамын ұйымдастыру. Биік танымдық
қабілет, тұрмыс-тіршіліктің сырын ұғуға талпыныс баланың ерте
жасынан туындайды. Ендеше мектепте оқушыны ізденіс жұмысына
қатыстыра отырып ғылыми мен техниканың жетістігіне сәйкес
армандарына жетуге, өз жолдарын дәл табуға ғылымға жетелеу арқылы
өздерінің қабілеттін ашуларына көмектесуіміз қажет. Оған қол
жеткізетін тиімді ізденіс жұмыс түрінің бірі – оқушылардың ғылыми
қоғамын ұйымдастыру[5].
Осы орайда өлкетану курсы бағдарламасының
аясында оқушылардың бойында түйінді құзыреттіліктерді
қалыптастыру үшін ізденіс жұмыстары
орындалады:
-
Нақты нысандар туралы ақпаратты іздеу,
жиналған ақпаратты талдап, іріктеп алу, ұйымдастыру, түрлендіру,
сақтау және ақпаратты түсіне алу біліктерін қалыптастыру мақсатында
белгілі бір географиялық нысанды зерттеуге
ұсынамын. Ақпараттық
құзыреттілік қалыптастыруда оқушы білім аймағындағы,
сонымен бірге қоршаған дүниедегі ақпараттармен жұмыс істей білу
дағдыларын қамтамасыз етеді;
-
Өлкетану курсының басты ерекшеліктерінің бірі
– оқушыларда таңдау еркіндігінің мол болуы. Осы
орайда, коммуникативтік
құзырет – бірлесіп жұмыс істеуді бағалау, адамдар
арасында сенімділік, бірін-бірі түсіну, тыңдау, сыйлау, дәстүрді
білу, жұппен, топпен жұмыс жасай алу, орындаушылардың жұмысын дұрыс
ұйымдастыру, басқару шешімдерін таба алу және қолдана білу
қабілеттері дамиды. Әсіресе, оқушылар жұптасып белгілі бір тақырып
бойынша іздену жұмыстары жемісті
орындалады[8].
-
Өлкетану курсы – терең пәнаралық байланыста
қарастырылады. Мұнда әлеуметтік жағынан тұрғындардың шаруашылығы,
олардың тарихи – мәдени ерекшеліктері де аса
маңызды. Әлеуметтік-құқықтық
құзырет - өз елінің азаматы ретінде өзінің және қоғам
мүшелерінің әлеуметтік қызметтерінің маңызын түсіну, қоғамдық
міндеттерге тұрақты қарау, мемлекет нышандарын білу, адам құқығын
жете білу, қажетті жағдайларда оларды қолдану, өзіне жауапкершілік
арту жатады.
Функционалдық сауаттылықты қалыптастыруда
жасалған жұмыстардың нәтижесінде оқушылардың бойынан төмендегідей
нәтижелі құзыреттілікті байқауға
болады:
-
оқушылардың өз бетінше талдау жасай
алуы;
-
өз қызметіне мақсат қоя
білуі;
-
жоспарлауға,
жинақтауға ,
қорытындылауға;
-
салыстыра отырып сараптауға,
дәлелдеуге;
-
сыни тұрғыдан шешім
қабылдауға ;
-
өзін-өзі
бағалауға ,
өзін-өзі
реттеуге ,
өзін-өзі
түсінуге ;
-
өз әрекетінің әлсіз және күшті жақтарын
көрсете білуге ;
-
нені меңгергенін,нені меңгермегенін
анықтауға;
-
өз білімін өзгермелі жағдайларда қолдана
білуі.
Өлкетану курсының оқушы бойындағы
құзыреттілік қасиеттерін дамытуға, ізденімпаздық пен белсенділігін
дамытуға әсері зор.
Білім беру саласындағы әлемдік
білім кеңістігіне ұмтылуға байланысты жасалынып жатқан талпыныстар
мектеп оқушыларының дербестігін, ізденімпаздығын, белсенділігі мен
шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуды талап етеді. Сондықтан
өлкетану курсының оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырып,
олардың ойлау белсенділігін дамытып, білімі мен біліктіліктерін
өмірдің жаңа жағдайында пайдалана білуге ұмтылдыруда алар орны
ерекше[9]. Осы міндеттердің жүзеге асуы
оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттерін оңтайлы ұйымдастыруға
тікелей байланысты. «Кіші» Отаны жайлы білімді
меңгерте отырып, оқушыларымның жаңаша өмір сүре алатын,
адамгершілігі жоғары, бәсекеге қабілетті, нағыз патриот тұлға болып
қалыптасатынына сенімдімін.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
-
Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жолы
– 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына
Жолдауы
-
Н.Ә.Назарбаев «Нұрлы Жол –
болашаққа бастар жол» Жолдауы
-
С.И.Глухих «Имидж
современного педагога как условие формирования профессиональной
компетентности» //Народное образование. 2012 №1
-
Мазбаев O., Асубаев Б.,
Тоқпанов Е. Туризм және өлкетану негіздері: Оқу қуралы. -
Астана: Фолиант, 2013. - 152 б.
|
-
Ш.М.Бахтыбекова «География курсы бойынша
білімгерлерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына бағыттаудың жолдары»
//Білім. Ғылыми-педагогикалық журнал 2011ж №1
-
Н.П.Стасенко «Работа с одаренными детьми в
современной школе» // Одаренный ребенок. Научно-практический
журнал. 2012 №1
-
Н.И.Постникова «Профильное обучение школьников по
индивидуальным учебным планом» //Народное образование. 2012
№1
-
Есназарова Ұ.Ә. Жалпы орта білім беретін
мектептегі өлкетану жұмыстарын ұйымдастыру. – Алматы: 2013. – 16
бет.
-
Аксакалова Г.П., Андреев Н.В. Методическое
пособие по факультативным курсам. — М.: Просвещение,
1978.-159с.
-
Есназарова У.А. Методика преподавания «Географии
Республики Казахстан».
Алматы,2002.
-
Сафуллин А.З. Географическое краеведение в
общеобразовательной школе. М.,
Просвешение.1979
-
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылы 10 шілдеде Қазақстан
халқына жолдаған «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға
ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам»