Мақала

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
Отбасылық құндылықтар мен ұлттық құндылықтарды дәріптеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ РӨЛІ

Бүгінгі күні жастар бойынан еліктеушілік қасиетін көптеп байқаймыз. Әсіресе, батыс елдеріне еліктеп сыртқы яки ішкі болмысын өзгерту арқылы қоғамдағы өзіндік тұлғалық қасиеттерің жоғалтып жататындар да жоқ емес. Осы тұста «Отбасылық құндылықтар» тәрбиеде қаншалықты маңызды? Бұл жайлы қарт-қарияларымыз не ойлайды? Ауылымыздың қариясы Ұқан атамен сұқбаттасуды жөн көрдік:

  • Ұқан ата қазіргі жастарға көңіліңіз толады ма? Олар жайында ойыңыз қандай?

  • Е-е балам, әрине көңілім толады. Еліміз күннен-күнге өркендеп, өсіп, гүлдеп келеді. Мұның барлығы айбынды жастарымыздың еңбегі, қажырлы да қайраттылығы емес пе? Жасыратыны жоқ, кейде қоғамдық көліктерде(автобус траллейбус т.б) орын бермей өзіңмен сөз таластыратындары да бар. Десе де, бес саусақ бірдей емес. Кейбірі сақалымды сыйлап құрмет көрсеткенде оларға қарап бір марқайып қаласың! Көңіліміз жас балаша қуанып, міне, нағыз қазақы тәрбиеміз деп іштей мақтан сезімі пайда болады.

  • Атай, ал жастар арасындағы қазіргі белең алып отырған «еліктеушілік» қасиетін қалай бағалайсыз?

  • Еліктеушіліек.....Еліктеушілік- өте жаман қасиет. Біреуге ұқсап бағамын, дәл сондай көркем мінезді, жүйрік ойлы, мықты боламын деп жүріп өзіңді қалай жоғалтып алғаныңды байқамай да қаласың! Ұлы дана- Абай айтпақшы: «Жас бала анадан екі түрлі мінезбен туады...». Ал, дәл осы мінезіңді түзеу, дұрыс жолмен саралау пенденің өз санасында қалыптасуы керек. Қалыптастыру арқылы әркім өзінің болмыс иесі атанады.Әрине,жастарымыз кешегі Абылай мен Мәшһүрге еліктеп жатса оның несі жаман? Дәл сондай дана да, дара болып тарих сахнасына ізің мәңгілікке қалдырса оның еш әбестігі болмас. Ал белгілі тұлғанын бейнесін мен де қайталаймын деп пәлсапаланудың тіпті қажеті жоқ. Адам әрбір тұлғадан, оқиғадан, бастамадан өзіңе қажетін ғана ала білуі тиіс. Міне дәл сол кезде мұндай еліктеушілік қасиеті пайда болмайды. Осы орайда Ұлы Абайдың сөзі еріксіз еске тағы түседі:«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»

  • Бұл қасиеттің туындауына не себеп болды деп ойлайсыз?

  • Кей уақытта заман талабы осындай деп барлығың заманға итеріп жатамыз. Өзіміз сүттен ақ, судан таза боламыз. Бірақ, бұған ата-ананың үйдегі тәрбиесі де әсер етеді. Тәрбиенің дұрыс берілуі. Отбасы тәрбиесінде ұлттық құндылықтардың дәріптелуі. Ақты –ақ, қараны- қара деп балаға жол сілтеу. Міне, осы қасиеттер қамтылса бәлкім бұл еліктеушілікте ,сірә, болмас па еді.

  • Қазіргі таңда өз шаңырағыңызда ұлттық құндылықтарды отбасы тәрбиесімен қалай ұштастырасыз?

  • Бүгінде немерелірімді осы үрдіс бойынша тәрбиелеудемін. Ұл балам Назарбайды ат жалынын тартуға, атқа мінуге баулып, халқыңа қалаулы, еліне елеулі азамат ретінде бағыт-бағдар берудемін. Ал қыз бала тәрбиесімен көбіне әжесі айналысады. «Қызға қырық үйден тиым» деген ата-баба салты бойынша бұрымын кеспеуге, үлкеннің алдын орап сөйлемеуге, беймезгіл уақытта тысқа шықпауға тәрбиелейміз. Адамзаттың асыл тәжі: Әл-Фараби бабамыз айтқандай: «Тәрбиесіз берілген білім- адамзаттың қас жауы» . Ұлттық тәрбиенің қай ғасыр да болмасын қоғамнан алар орны зор.Келешек ұрпақты намысшыл, ойшыл, түп-санасы қалыптасқан ұлт жанашыры ретінде қалыптастыру ата-ана қолыңда. Ата-ана жас ағаштың діңгегін қалай баптаса жемісің де солай беретінін ұмытпағанымыз жөн!...

  • Сұқбатыңыз үшін рақмет!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.03.2024
174
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі