Материалдар / Мақала : А Байтұрсынұлы шығармаларындағы рухани құндылықтар

Мақала : А Байтұрсынұлы шығармаларындағы рухани құндылықтар

Материал туралы қысқаша түсінік
Ахмет Байтұрсынұлы шығармаларындағы ұлтжандылық, адамиқұндылықтар, білімге ұмтылыс, қоғамдағы адамдар бейнесі т.б. рухани құндылықтар. Оларды кейінгі ұрпаққа түсіндіріп, ұлылар еңбегңн ұлықтату
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қараша 2022
547
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

А Байтұрсынұлы шығармаларындағы рухани құндылықтар


Қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жыл уақыт өтсе де артынан қалдырып кеткен мұраларының біз үшін, соның ішінде өскелең ұрпақ үшін орны ерекше.

А.Байтұрсынұлы өз заманында ұлтымыздың намысын қайрап, халықтың санасына, жүрегіне, сезіміне әсер ету арқылы қоғамдағы залымдардың құрып жатқан торына түсіп қалмай, керісінше халықтың болашағы үшін күресуге шығармалары арқылы шақырып, білімге ұмтылу, алға қарай ілгерілеу, басқалардан кейін қалмауды насихаттап жазған шығармалары қаншама. Ақын еңбектерінің қайсысын алсақ та, оқырманын бір селт еткізбейтіні сөзсіз.

Ахмет бабамыздың «Қырық мысал» еңбегі ұлы ағартушының түбірлі, түбегейлі тәрбиелік мақсаты мен мұратынан туған өлеңді шығармалар топтамасы. Кітапқа енген қырыққа жететеін шығармасының әрқайсысын санмен белгілеп, сөзбен зерделей білді. Ақынның мысал-өлеңдер атақты орыс ақыны И.В.Крыловтан аударылған:

Орыстың тәржіме еттім мысалдарын,

Әзірге  қолдан келген осы барым.

Қанағат азға деген, жоққа сабыр,

Қомсынып, қоңырайма, құрбыларым,- дей тұрғанмен, осы қырық өлең түгелімен аударма

Бүгінгі егеменді ел жастары үшін ақынның мысал-өлеңдері үлкен тәрбие мектебі. 40 мысалының әрбірінің мазмұны терең, тәрбиелік мәні ерекше. Ол мазмұнымен ғана емес, автордың әр шығарма соңындағы түйінді сөздері.

«Қара бұлт» мысал-өлеңін қалай қорытындылай білді соған құлақ түріп көрсек:

Мен мұны арнап жаздым замандасқа,
Шаш қойған өзімменен ғамалдасқа.
Бұл сөзді сендерге айтпай, кімге айтамын,
Болады асыл таста, ақыл жаста.
Қарышта өз жұртыңа, барың болса,
өзге елдің өзінде көп бізден басқа.

Бұл жерде қара бұлттың құрғап, шөлдеп тұрған егістік алқабына жаумай, әдейі теңізге барып жауып тауға мақтануы қайырымсыздықты көрсетеді. Бұл мысал адамдарды астарлап оқырманын «Жақсылықты басыңа қыл, басыңнан асса досыңа қыл» деген идеяны білдіреді.

Ахмет Байтұрсынұлының «Егіннің бастары» мысалында тәкаппарлыққа бой бермеу, сыртына қарап бағаламау, істеген ісің халқыңа пайдасы тиетіндей болсын дегенді айтады.

Әкесі айтты баласына:
«Сұқтанба құр сорайған қарасына.
Құдайым өзгесіне дән бергенде,
Бұл бидай дәнсіз қапты арасында.
Бидайлар басы толық иіліп тұр,
Дән берген қожасына сыйынып тұр.
Басында бұл бидайдың дәні болмай,
Кекірейіп, көкке қарап, бүлініп тұр.
«Елде көп бұл бидайдай адам, - дейді,
Тәкаппар, оны халық, жаман, - дейді.
- Қалпы емес тәккапарлық данышпанның,
Тұтынба бұл мінезді, балам», - дейді. -

«Маймыл» мысалында күншілдік, мақтаншақтық, біреудің ісіне көз аларту, қырсыздықтан арылып, адал еңбек етуге шақырады.

Ойлама алғыс, абырой аламын деп
Пайдасыз құр михнат еткенменен.
Мақсұтқа ойыңа алған жете алмайсың,
Мал шашып құр далаға төккенменен.
Пайдалы істен алар абыройың
Кетпейді кейін қарай тепкенменен.
Орынды болса еткен михнатың,
Халықтың түсірерсің ілтипатын.
«Пәленше, бәрекелді, жарайды!» - деп,
Шығады сол уақытта жақсы атың.


«Емен мен Қамыс» мысалында мақтаншақ еменнің дауыл тұрғанда түп орнымен жұлынып кетуі. Алдын ала әлін білмей мақтануы, басқаларға мін айтуы адамды жирендіреді.

«Үлес»

Адам аз алдын қарап болжайтұғын.
Аңдысқан бірін бірі жаудан жаман,
Байқасам, ел белгісі - оңбайтұғын.
Бұл белгі табылып тұр біздің жұрттан,
Таласып, бір-бірінің жүзін жыртқан.
Алданып арадағы дау-шарына,
Қатерден қапері жоқ келер сырттан

Елдің азып-тозуына байланысты сарындарды Ахмет Байтұрсынов жұмбақтап, тұспалдап жеткізеді, кейде ашық, дәл айтылатын ойлар да бар: 

Қасқырдың зорлық болды еткен ісі. 

Ойлаймын оны мақтар шықпас кісі 

Нашарды талай адам талап жеп жүр 

Бөріден артық дейміз оның ісін.

Әлділердің әлсіздерге жасаған әлімжеттілігі сөз болып отыр.

«Маймыл мен көзілдірік» мысалында:

Алғанға бұл кеңесте ғибрат бар,
Маймылша іс ететін көп надандар.
Пайдалы затты орнына жұмсай алмай,
Сөгетін пайдасыз деп жоқ па адамдар?!

Ахмет Байтұрсынов ғылымның жетістігін пайдалана алмағандықтарын, өздерінің білімсіздіктерін, ебедейсіз, икемсіздіктерінен көрмей кінәні басқалардан іздейтіндерді шебер суреттеген.

Бұл мысалда автор тыңдаушылардың жетесіне қазақ «бөлінгенді бөрі жеді» деп бекер айтпағандығын, «жұмыла көтерген жүк жеңіл» болатындығын өсиет етіп айтады.

«Ат пен есек». Мысалының соңында:

Бұл сөзден қандай ғибрат алмақ керек?
Мысалы, еткен қайыр бір бәйтерек.
Қайырың біреуге еткен болып терек,
Көрерсің рақатын көлеңкелеп.

Қайырдың ең абзалы бұл дүниеде

-Біреуге қысылғанда жәрдем бермек

Кейбіреу зор бейнетке тап болады,
Кей уақыт аз бейнеттен қашамын деп.

деп аяқтайды. Мұнда не нәрсе болса да ақылға салып, ой елегінен өткізіп сабырмен істе, өткен іске өкінгенмен еш нәрсе өзгермейді деп бір ой тастаса, екіншіден біреу сенен қиналып көмек сұрағанда көмектес, ондай күй сенің басыңа түскенде тым кеш болып, «аһ» ұрарсың деп жанашырлыққа, жаныңдағы жолдасыңның жайын ұғуға шақырады.

Ақын мысалдары бүгінгі егеменді ел ұрпақтарының қоғамға залалын тигізбей, керісінше ойып тұрып өз орындарын табуға, мейірімді, қанағатшыл, досына адал, бауырына жанашыр болуға тәрбиелейтін шығармалар.

Ақын шығармаларымен жас ұрпақты оқытып-тәрбиелеп, еліне қамқор, жанашыр, ұлтын сүйетін, халқын қадірлейтін ұрпақ етіп тәрбиелеуге болатындығына сенімім мол.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ